Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.87 Mб
Скачать

1 Зертханалық жұмыс Конструкторлық құжаттарды безендіру ережелерін тағайындаған

мемлекеттік стандарттарды оқып меңгеру

(4 сағ)

Зертханалық жұмыстың мақсаты: стандарттардың классификация-сымен танысып, пішім, масштаб, сызықтар, негізгі жазу, сызба қаріптері және сызбаға өлшемдер түсіру туралы мемлекеттік стандарттарды оқып меңгеру.

1.1 Стандарттардың классификациясымен танысу

Стандарттарды халықаралық, мемлекеттік және мекемелік деп ажыратады. Халықаралық стандарттың мысалдары: МС ИСО 9001: 2008 ‒ Сапа менеджментінің жүйесі; МС ИСО 14001: 2004 Экология менеджментінің жүйесі; МС ИСО 18001: 2007 ‒ Денсаулық және қауіпсіздік менеджментінің жүйесі. Мекемелік стандарттардың мысалдары: СТ РГП 39114145-у-010: 2008 ‒ Оқу-әдістемелік мәтіндік және графикалық құжаттардың мазмұны мен безендірулеріне қойылатын жалпы талаптар; Ф ҚазҰТУ 704-05-08 Оқытушылардың жеке жоспары; Ф ҚазҰТУ 705-02-08 Студенттердің сабаққа қатысу журналы.

Мемлекеттік стандартты белгілеудің мысалы:

Қазірдің өзінде бекітілген мемлекеттік стандарттардың 30-дан астам сыныбы бар. 2-сыныпқа конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) жататын стандарттар енген. 3-сыныпқа технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесін (ТҚБЖ) анықтайтын, ал 14-сыныпқа өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесіне (ӨТДБЖ) қатысты стандарттар енген. 21-сыныпқа құрылысты жобалау құжаттарының жүйесін (ҚЖҚЖ) анықтайтын стандарттар кіреді. Компьютерлік графика пәнінде КҚБЖ-ға қатысты стандарттар ғана қарастырылады. Әрбір сынып 10 топтан тұрады: 0 топқа жалпы жағдайларды, 1 топқа негізгі жағдайларды, 2 топқа бұйымдарды бел-гілеуді, 3 топқа сызбаны орындаудағы негізгі ережелерді, 4 топқа машина-жасау бұйымдарының сызбаларын салу ережелерін қарастыратын стандарттар енген. Бір топтағы стандарттар 100-ден аспайды.

4

1.2 Пішімдер (мест 2.301-68)

Пішім деп сызба салынатын қағаздың өлшемдерін айтады. Негізгі

пішімдер:

Белгіленулері

А4

А3

А2

А1

А0

Қабырғаларының

ұзындықтары, мм

Керек болған жағдайда

А5(

) және қысқа қабырғасын еселеу

арқылы алынатын қосымша пішімдерді де пайдалануға болады. Қосымша пішімдердің мысалдары А4х3( ); А0х2( ).

1.3 Масштабтар (мест 2. 302-68)

Масштаб деп бұйымның сызбадағы өлшемі мен натурал (сызбада көрсетілген) өлшемінің қатынасын айтады.

Кішірейту масштабтары:

Натурал масштаб:

Үлкейту масштабтары:

1-жаттығу. Сызбаның масштабын анықтап, Х әрпімен белгіленген өлшемнің сан мәнін табыңыз (1-қосымша).

5