Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нар_экон_КР-.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.07 Кб
Скачать

Ф-П-09/12.4

  1. Кәсіпорын – бұл:

  1. Өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін заңды тұлға;

  2. Өндірістің белгілі бір құралдарының жиынтығы;

  3. Өндіріс факторларының сәйкестілігі;

  4. Делдалдық қызмет.

  1. Коммерциялық ұйымдарға қатысы жоқ:

  1. Тұтыну кооперативтері;

  2. Шаруашылық серіктестіктер;

  3. Өндірістік кооперативтер;

  4. Акционерлік қоғам;

  1. Коммерциялық кәсіпорындардың негізі мақсаты:

  1. пайда табу;

  2. бекітілген тапсырмаларды орындау;

  3. қандай да бір тауарлар нарығында берік айқындамаларға ие болу

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Шаруашылық субъектісінің мүліктік жауапкершілігі бойынша кәсіпорын:

  1. Әр түрлі міндеттемелер бойынша өз мүліктерімен жауапкершілікте болады;

  2. Белгілі бір мақсаттарда пайдаланылатын меншікті мүлігі бар;

  3. Әр түрлі мәмілелер мен іс әрекеттерді дербес жүзеге асырады.

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Шаруашылық субъектілері еңбек заттарына әсер ету сипаты бойынша бөлінеді:

  1. Өңдеуші және өндіруші кәсіпорындар;

  2. Материалдық және материалдық емес өндіріс кәсіпорындары;

  3. Біркелкі, сериялық, жаппай өндіріс.

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Кәсіпорындар өндіріс түрі бойынша былай бөлінеді:

  1. Сериялық, жаппай және біркелкі өндіріс кәсіпорындары;

  2. Ірі, орташа, шағын, кәсіпорын монополистер;

  3. Жұмыстың үздікті және үздіксіз режимді кәсіпорындары.

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Кәсіпорындар экономикалық мақсаты бойынша былай бөлінеді:

  1. Өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын өндіретін кәсіпорындар;

  2. Өңдеуші және өндіруші кәсіпорындар;

  3. Материалдық және материалдық емес өндіріс кәсіпорындары;

  4. Өзгермелі және тұрақты кәсіпорын.

  1. Заңды тұлғалар өзінің қызметінің мақсаты бойынша былай бөлінеді:

  1. Коммерциялық және коммерциялық емес;

  2. Міндетті құықтары бар;

  3. Міндетті құықтары жоқ.

  4. Жеке және мемлекеттік.

  1. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметінің нысаны бойынша былай бөлінеді:

  1. Шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер және мемлекеттік кәсіпорындар;

  2. Коммерциялық және коммерциялық емес;

  3. Міндетті құықтары бар және жоқ.

  4. Өндірістік және өндірістік емес

  1. Бәсеке, бұл -:

  1. Нарықта бірдей тауар өндірушілердің экономикалық жарысы;

  2. Нарықта әр түрлі тауар өндірушілердің экономикалық жарысы;

  3. Бақылау құралы;

  4. Өндірістің кеңейтілуі және өнім бағасының түсуі.

  1. Тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіруге, жұмыс орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсынуға бағытталған қызмет, бұл -:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік;

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік;

  3. Қаржылық кәсіпкерлік;

  4. Консультативтік кәсіпкерлігі.

  1. Сізде валюта айырбастау орны бар, сіз кәсіпкерлік қызметінің қай түрімен айналысасыз?

  1. Қаржылық;

  2. Өндірістік,

  3. Коммерциялық;

  4. Консультативтік.

  1. Акционердің өзіне тиеслі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі:

  1. Дивиденд;

  2. Пайдалылық;

  3. Опцион;

  4. Акциялар.

  1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға:

  1. Акционерлік қоғам;

  2. Шаруашылық серіктестік;

  3. Өндірістік кооператив;

  4. Сенім серіктестігі.

  1. Дайындауға, өңдеу және жинауға қатысты:

  1. Негізгі цехтар;

  2. Көмекші цехтар;

  3. Ұқсас цехтар;

  4. Қосалқы цехтар.

  1. Сериялық өндіріс былайша сипатталады:

  1. Өнімнің қатаң бекітілген аз номенклатурасының көп мөлшерде шығарылуы;

  2. Айтарлықтай мөлшерде дайындалатын қайталанбалы өнімнің салыстырмалы тұрақтылыығының жоғары болуы;

  3. Жиі қайталанбайтын өнімнің көп номенклатурамен шығарылуы.

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Статистикалық, әлеуметтік, экономикалық және басқа зерттеулер негізінде болашақта оқиғалар мен құбылыстардың ықтимал дамуының ғылыми негізделуі – бұл:

  1. Болжау;

  2. Жоспарлау;

  3. Бизнес-жоспар;

  4. Жоспарлау әдісі.

  1. Кәсіпорынды жоспарлау процесінде басшылыққа алынатын негізгі теориялық ережелер:

  1. Жоспарлау қағидасы;

  2. Жоспарлау әдісі;

  3. Жоспарлау әдісі түрлері;

  4. Жоспарлау мәні.

  1. Кәсіпорынды ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар дайындалуы керектігін білдіретін жоспарлау қағидасы:

  1. Жоспарлау үздіксіздігі;

  2. Ғылымилығы;

  3. Кәсіпорынның барлық ресурстарының пайдалану ұтымдылығы;

  4. Алдыңғы қатарлы буындар қағидасы және оларды жүзеге асыру алғышарты.

  1. Бизнес-жоспардың басты мақсаты, бұл-

  1. Пайда табу;

  2. Өнімнің жоспарланған көлемін шығару;

  3. Кәсіпкерлік қызметті кеңейту;

  1. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Бизнес-жоспардың сіз өз ісіңізді кіммен ұйымдастырғалы жатқаныңыз және оны ұдайы жемісті қызмет етуін қалай жоспарлайтыныңыз туралы сөз болатын тарауы:

  1. Ұйымдастырушылық жоспар;

  2. Өндіріс жоспары;

  3. Маркетинг жоспары;

  4. Қаржылық жоспар.

  1. Бизнес- жоспардың негізгі тарауы:

  1. Түйіндемені (резюме) жаллпылау, бизнес-жоспардың негізгі өлшемдері мен көрсеткіштері;

  2. Кәсіпкерлік мәміленің мақсаттары мен міндеттері және оның тиімділігі;

  3. Қаржылық жоспар;

  4. Әрекет жоспары және ұйымдастырушылық шаралар.

  1. Кәсіпорын болашағын көре білу, оның экономикадағы және елдің қоғамдық-экономикалық құрылымындағы орны және рөлі, сонымен қатар осы жаңа жағдайдың негізгі жолдарымен қол жеткізу құралдарын анықтау:

  1. Стратегиялық жоспарлау;

  2. Тактикалық жоспарлау;

  3. Маркетингтік жоспарлау;

  4. Ұзақ мерзімді жоспарлау;

  1. 1 жылдан 3 жылға дейінгі кезеңге даму жоспары, бұл- :

  1. Қысқа мерзімді жоспарлау;

  2. Стратегиялық жоспарлау;

  3. Ұзақ мерзімді жоспарлау;

  4. Орта мерзімді жоспарлау;

  1. Алдағы 3-5 жылға даму жоспары, бұл-:

  1. Орта мерзімді жоспарлау;

  2. Стратегиалық жоспарлау;

  3. Ұзақ мерзімді жоспарлау;

  4. Қысқа мерзімді жоспарлау;

  1. Негізгі қорлар амортизациясы, бұл-:

  1. Негізгі қорлардың құнын өндірілетін өнімнің өзіндік құнына жатқызу процесі;

  2. Негізгі қорлардың тозуы;

  3. Негізгі қорларды қалпына келтіру;

  4. Негізгі қорларды ұстау шығындары;

  1. Негізгі қорларды (цех, корпус) сатып алу құру нәтижесінде оларды кәсіпорынның балансына тіркеген кезде олар былай бағаланады:

  1. Толық бастапқы құны бойынша;

  2. Қалпына келтіру құны бойынша;

  3. Қалдық құны бойынша;

  4. Аралас құны бойынша.

  1. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейі нені сипаттайды?

  1. Қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы;

  2. Рентабельділік, пайда;

  3. Ауыстыру коэффициенті;

  4. Жұмысшылар еңбегінің өнімділігі;

  1. Айналым қорлары, бұл-:

  1. Еңбек заттары;

  2. Техника;

  3. Еңбек құралдары;

  4. Өндіріс құралдары;

  1. Кәсіпорынның өндірістік құралдары құрамына материалдық-заттай элементтер кіріеді:

  1. Станок, агрегаттар, жасақтар, ыдыс, сөрелер;

  2. Шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары;

  3. Дайын өнім, кассадағы ақша қаражаттары;

  4. Кәсіпорын пайдасы, жабдықтаушыларға қарыз;

  1. Айналым қорларының неше айналым сатысы бар?

  1. 3

  2. 2

  3. 5

  4. 4

  1. Есепті кезеңге айналым қорларының айналымдығы қалай анықталады?

  1. Каө / ОҚ

  2. Ка=ОҚ / Сө

  3. Кж=ОҚ / Сө

  4. T=Cкүн / Ка

  1. Айналым қорларына жататындар:

  1. Дайын өнім;

  2. Аяқталмаған өндіріс;

  3. Болашақ кезең шығындары;

  4. Өндірістік қорлар;

  1. Қаржыландыру үшін инвестицялық жолбалардың таңдау критерийі болып не табылады?

  1. Таза дисконттық табыс (ТДТ)

  2. Күрделі салымдардың ең аз көлемі;

  3. Жобамен байланысты барлық шығындардың ең қысқа мерзімі;

  4. Дисконтталған соманың инвестиция көлеміне қатынасы ретінде табыстылық индексі;

  1. Жаңа құрылыс салу, техникамен қайта жарақтандыру, жаңарту, негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды кеңейтуге бағытталған күрделі салым құрылымы:

  1. Ұдайы өндірістік құрылым;

  2. Салалық құрылым;

  3. Технологиялық құрылым;

  4. Түрлік құрылым;

  1. Инвестициялар өндірісте мынаны білдіреді:

  1. Машиналар мен жабдықтар алу шығындары;

  2. Өндіріске ағымдағы шығындар;

  3. Кәсіпорынның өнім өндіруі және оның сату шығындары;

  4. Шикізатпен материалдар алу шығындары;

  1. Егер табыстылық индекісі бірден кем болса, онда жобаны:

  1. Бас тарту керек;

  2. Қабылдау;

  3. Жабу мерзіміне байланысты;

  4. Бұл мәліметтер қабылдау немесе бас тарту үшін жеткіліксіз;

  1. Тұрақты уақыт аралығында салымшышыға белгілі бір табыс әкелетін инвестициялар түрі қалай аталады?

  1. Аннуитет

  2. Нақты

  3. Қаржы

  4. Венчурлі

  1. Тәуекелді жұмсалымдарға арналған инвестиция:

  1. Венчурлік;

  2. Аннуитет;

  3. Қаржы;

  4. Нақты;

  1. Сандық және сапалық сипатта алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өндірістік бағдарлама өлшегіштері:

  1. Заттай;

  2. Еңбек;

  3. Жиынтық;

  4. Тауарлық;

  1. Өнімнің көлемі: метр, дана, кг, литр, шаршы м, гектармен өлшенсе бұл өлшегіш түрі қалай аталады?

  1. Заттай өлшегіш;

  2. Еңбек өлшегіш;

  3. Құндық өлшегіш;

  4. Нормативті өлшегіш;

  1. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өлшеу бірілігі:

  1. Заттай көріністе өнім өндірісі жоспарланатын бірліктер;

  2. Құндық;

  3. Еңбек;

  4. Заттай;

  1. Өндірістік қуаттылық былайша анықталады:

  1. Алдыңғы қатарлы өндірістік цехтар қуаттылығымен;

  2. Негізгі цех қуаттылығымен;

  3. Көмекші цехтар қуаттылығымен;

  4. Барлық жауаптары дұрыс.

  1. Кәсіпорынның озық құралдармен технологияларды қолданып жоспарлы кезеңде өнімді шығарудың барынша мүмкіншілігі дегеніміз не?

  1. Кәсіпорынның қуаттылығы;

  2. Кәсіпорынның бағдарламасы;

  3. Еңбек өнімділігі;

  4. Жоспар;

  1. Кесімді жалақы , бұл -

  1. Өнім және жұмыс бірлігіне жалақы мөлшері;

  2. Уақыт бірлігіне жалақы мөлшері;

  3. Орташа тарифтік коэффициент;

  4. Кәсіпорын, цех және агригаттарды игеру шығындары;

  1. Уақыт бірлігіне жұмысшының жалақы мөлшерін... анықтайды

  1. Тарифтік мөлшерлеме;

  2. Тарифтік тор;

  3. Тарифтік жүйе;

  4. Тарифтік коэффициент;

  1. Бекітілген тарифтік мөлшерлемелер бойынша нақты орындалған уақыттқа есептелетін жалақы:

  1. Жай мерзімді;

  2. Кесімді;

  3. Мерзімді сыйақылық;

  4. Аккордты;

  1. Кәсіпорында тұрақты жұмысқа, мезгілдік бір күнге уақытша жұмысқа қабылданған жұмысшылар тізімі қалай аталады:

  1. Тізімдік;

  2. Орта тізімдік;

  3. Келу тізімі;

  4. Қабылдау көлемі;

  1. Айдың әрбір күнтізбелік күніне жұмысшылар санын қосып есептік айдың күндер санына бөлу арқылы анықталатын тізім қалай аталады?

  1. Орта тізімдік;

  2. Тізімдік;

  3. Келу құрамы;

  4. Қабылдау көлемі;

  1. Тізімде тұрған кәсіпорын жұмысшыларының қаншасы жұмысқа келгенін анықтауға арналған тізім қалай аталады:

  1. Келу құрамы;

  2. Орта тізімдік;

  3. Тізімдік;

  4. Қабылдау көлемі;

  1. Материалдық өндірісте еңбек шығындарының тиімділігін өндірілген өнім мөлшерін көрсететін көрсеткіш қалай аталады?

  1. Еңбек өнімділігі;

  2. Еңбекті нормалау;

  3. Еңбек сыйымдылығы;

  4. Еңбек қуаттылығы;

  1. Өнім бірлігіне жұмыс уақытының шығындылығы дегеніміз:-...

  1. Еңбек сыйымдылығы;

  2. Еңбекті нормалау;

  3. Еңбек өнімділігі;

  4. Еңбек қуаттылығы;

  1. Жұмысшылардың әр түрлі топтары жалақыларының дифференциациясы мен реттелуі жүзеге асырылатын мемлекеттік нормативтер жиынтығы қалай аталады?

  1. Тарифтік жүйе;

  2. Тарифтік емес жүйе;

  3. Тарифтік мөлшерлеме;

  4. Тарифтік тор;

  1. Өндіріс көлемі артқан кезде өнім бірлігінің өзіндік құны...

  1. Төмендейді;

  2. Артады;

  3. Өзгеріссіз қалады;

  4. Дұрыс жаубы жоқ;

  1. Орташа жалақының өсу қарқынының еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан артуы кезінде өнімнің өзіндік құны...

  1. Жоғарылайды;

  2. Төмендейді;

  3. Өзгеріссіз қалады;

  4. Дұрыс жауабы жоқ;

  1. Өндірілетін өнімнің көлемімен байланыссыз шығындар:

  1. Тұрақты;

  2. Жанама;

  3. Ауыспалы;

  4. Баламалы;

  1. Өндірілетін өнімнің көлемімен байланысты шығындар: