- •Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
- •Обьектінің сипаттамасы
- •Маркетинг жоспары
- •2 Сурет. 2011-2015 жылдар аралығындағы 5 – 30 жасқа дейінгі
- •2 Кесте.
- •Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
- •Қаржылық жоспар
- •3 Кесте.
- •4 Кесте.
- •Тәуекелді бағалау
- •Инвестициялардың қаржы- экономикалық негіздемесі
- •3 Сурет. – Есептік кезеңдегі жоба бойынша ақша ағымы
- •Қорытынды
Тәуекелді бағалау
Айтып отырылған бизнесте тәуекелділіктің түрлері келесідей:
Би үйрету мектебі бизнесінің дамуы мен жетістігі үйретушілердің (мұғалімдердің) кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты;
Би үйрету мектебінің орналасуы жерінің (тұтынушылардың тығыз орналасуы) қолайлығына байланысты.
Инвестициялардың қаржы- экономикалық негіздемесі
Жобаны іске асыру үшін 350 895 тенге мөлшерінде қаржы салымы қажет. Қаржы несиеге алынады. Несие мерзімі 12 ай. Несие пайызы – 17% жылына.
Жүргізілген алдын ала есептеулер бойынша кәсіпорын өзінің қызметінің 4-ші айында шығынсыз нүктеге (өзін-өзі ақтау) жетеді. Бұл кезеңде бірінші пайда көлемі 18 285 теңгені құрайды.
3 Сурет. – Есептік кезеңдегі жоба бойынша ақша ағымы
(есептік кезең 12 ай)
Жобаның алғашқы 3 айында кәсіпорын пайда әкелмейді. Бұл жағдай осы кезеңде негізгі капитал салымдарының (бизнеске ақша салу) болуымен түсіндіріледі. Үшінші айдың соңында ғана кәсіпорын бірінші пайда әкеледі. Пайданың мөлшері 18 285 теңгені құрайды.
Жоба бойынша есептік кезеңде жалпы шығындар 3 157 080 теңгені құрайды. Жоба бойынша жалпы пайда 652 920 теңгені құрайды.
Кәсіпорын ақша ағымының есебі «Қаржы жоспары» кестесінде ұсынылған. 6-шы кесте.
Қорытынды
Бизнестің бұл түрі (би үйрету мектебі) табысты әрі болашағы бар екенін жүргізілген есептеулер мен талдаулар көрсетіп отыр. Бұл істің ең басты шарты шеберлігі жоғары мұғалімдердің болуы мен би үйрету мектебінің клиенттер үшін қолайлы жерде (үйлеріне, жұмыс орындарына жақын) орналасуы.
Би үйрету мектебін ашу жоба басшысынан білімі мен күш-ерік жігерін салуын талап етеді. Сонымен қатар, құжаттарды дұрыс тіркеуді және әр түрлі маркетингтік амалдарды қолдануды қажет етеді.
Бұл іс экономикаға, қоғамға және кәсіпкерге пайда әкеледі, сонымен қатар жобаның әлеуметтік маңызы бар.
