Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘПТ лекция тезистері.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
751.62 Кб
Скачать

4.Бақылау сұрақтары:

1.Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар.

2.Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар.

3.Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

4.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.

5.Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы.

6.Тәрбиенің нақты мақсатын анықтау

7.Отанды қорғауға дайындық құрылымы

Лекциялық сабақ №17

Тақырыбы: «Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі».

Жоспары:

1.Оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі

Қысқаша мәтіні: Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін ашып көрсетеді.

1.Оқыту әдістемесі

Тәжірибенің көрсеткеніндей қорғаныс-көпшілік және әскери-патриоттық тәрбие жұмысындағы жетістік бәрінен бұрын оның жоғары идеялық-саяси ойына және өткізілген іс-шаралардың қоғамдық пайдалы бағыттылығына байланысты. Сонымен қатар қорғаныс-көпшілік жұмысының барынша тиімді формалары мен әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы өте зор. Көпшілік-қорғаныс айлары мен апталары, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскер мен флоттың сарбаздарымен кездесу, тақырыптық кештер, оқырмандар конференциясы, болашақ сарбаздардың кинофестивалдері мен кинолекторийлерін өткізу өмірде сыналған және практикалық қолданыста өзін ақтаған іс-шараларға жатады.

Мектеп және кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары жастардың Республикалық бағдарламасы бойынша Қазақстан халқының революциялық, еңбек және даңқ орындарына жорық жасайды. Олар әскери-спорттық "Алау" және "Ұлан" ойындарын ұйымдастырып өткізуге өз үлестерін қосады. Оқу орынның педагогикалық ұжымдарының белсене қатысуы арқасында жорық және әскери-спорттық ойындар тек қана көпшілік-қорғаныс және әскери-патриоттық тәрбиенің ықпалды формасы ғана емес, сонымен қатар әскери және әскери-техникалық білім және жастардың дене жағынан шынығу, бозбалаларды әскери міндетін өтеуге дайындық мектебі.

Мұғалімдер, жастар ұйымы, оқу орнының ДОСААФ комитеті оқушы-жастардың атыс тирлерін салуға және жабдықтауға, кедергілі жолды және басқа да қарапайым спорт құрылыстарына тартады, жасұландарға әскери-техникалық мамандықтарды меңгеруте жағдай жасайды. Қорғаныс-көпшілік жұмыстарының негізгі міндеттерінің біріне оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәні сабағынан алған білімдері мен дағдыларын кеңейту және тереңдету жатады.

І.Алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие бойынша сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.

Қоғамдық ұйымдар педагогикалық ұйымның және әскери жетекшінің ұйымдастыруымен алғашқы әскери дайындықтың арнайы оқу бағдарламасынан тыс өткізілген әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстары мен іс-шараларын сабақтан тыс тәрбие жұмысы дейміз.

Сабақтан тыс тәрбиелік жұмыс барысында жастар әскери біліммен дағдыларды алғашқы әскери дайындық саяхат, жорық, окушылар конференциялары — бұқаралық жиындар түріне жатады. Кез келген бұқаралық іс-шаралардың оқу-тәрбиелік міндеттері мен мақсаттары айқын анық болу керек. Сабақтан тыс үйірмелер әскери, әскери-тарихи, әскери-техникалық, әскери-спорттық секцияларына қатысып жүрген 10-20 адамнан тұрады. Үйірмелер мен секциялардың жұмыс бағдарламасы жастардың Отан қорғаудағы міндеттері мен мақсаттарына, оларды қызықтыру ескеріліп жасалынады. Сабақтан тыс дара жұмыстар әр-бір окушының ерекшілігі мен қабілеттілігіне, қандай іске бейімділігі ескеріліп жүргізіледі. Алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы сабақтан тыс жұмыстарының соншалық көп түрінің ішінде оқу-тәрбие және әскери жетекшінің ұйымдастыру жұмыстарына бағытталған түрлері өте көп таралуға ие болды. Олар:

• жоғары сынып окушыларының әскери, әскери-тарихи және әскери-техникалық үйірлерімен ұйымдастыру мен басқаруы; әскери іс негіздерінен факультатив өткізу;

• алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие тақырыбына окулық және хроникалық фильм көрсету;

• әскери жетекшінің взвод және бөлімше командирлерімен сабақ өткізу; алғашқы әскери дайындық бойынша дара және топпен қосымша сабақ өткізу, жастарға мамандық тандау, сол сияқты жоғары әскери орындарына оқуға түсуге бағыт-бағдар беру;

• әскери және әскери-патриоттық тәрбие тақырыптарына кештер, оқушылар конференциясын, түрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырып өткізу;

• әскери бөлімдерге әскер өмірімен, әскери техника, қарулармен танысу мақсатында окушыларға саяхат ұйымдастырып өткізу;

• бастапқы әскери дайындық бойынша олимпиада ұйымдастырып дайындау; оқушыларға соғыс, еңбек даңқы бар орындарға жорық ұйымдастыру.

Мен туған елімді сүйемін!

Дайындық кезеңі: Іс-шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.

Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.

Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет

Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.

Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.

Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4-6 адамнан болуы керек.

Жүргізуші :

Туған жердің қандай жақсы күзі де,

Туған жердің қандай жақсы қысы да!

Туған жердің қандай жақсы көктемі!

Туған жердің қандай жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің күні де,

Жақсы екен туған жердің түні де!

Жақсы екен туған жердің суы да,

Еш жаманын таба алмайсың осында!

Сәлеметсіңдерме, балалар! Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.

Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Бүгін «Мен туған елімді сүйемін!» атты саяхат-ойынын өткіземіз.

Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ көмекке келеді.

(Бекеттердің аты жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы екі команда мүшелерін таныстырады.)

Енді екі топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып, тапсырмаларды орындайсыңдар.

Бекеттің нөмірін бір топ алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ конвертпен алады. Осы тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады. Екі топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған жағдайда, көрермендер көмекке келеді.

Бірінші «Тарих» бекеті

  1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)

  3. Қазақстанның елордасы? (Астана)

  4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

  5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

Тапсырма

Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан үзінді, өлең айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б.

Жүргізуші: Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін.Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр, көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін.

Екінші «Тау мен дала» бекеті

1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан?

(Шығыс Қазақстан облысы)

2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)

3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)

4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,

Басқан, Сарқант)

5. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)

Тапсырма: Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең орындап беру.

Үшінші « Әдебиет» бекеті

  1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)

  2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақа, Асанқайғы, Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)

  3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:

Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл

Отан ...оттан да ыстық

Ел іші –.... алтын бесік

Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы

Туған жерге...туың тік

Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.

  1. Жұмбақтарды шешу:

Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде

(Құман)

Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы,

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.

(Самауыр)

Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр

(Уыз)

Басы құдық,

Сабы сырық.

(Ожау)

Ыдыс –аяқ бөлмесі,

Тазалықтың көрмесі.

(Әбдіра)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

Тапсырма

Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

  • қазы (Алдар көсе мен Шығайбай)

  • домбыра (Ақсақ құлан)

  • сақа (алтын сақа)

Төртінші «Ән-күй» бекеті

  1. Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев,

Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)

  1. Қазақ халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет,

Ықылас, Дина).

  1. Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем,

Бір бала, Бесік жыры....)

  1. Қазіргі кезде халық әндерін қай әртістер орындайды?

(Б.Төлегенова, ....)

5. Қазақ халқының халық әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

Тапсырма

Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар.

  • Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай

  • Әй-әй, бөпем,

Кейін қалған елімді

Көрер ме екем!

  • Угай-ай,

Ән салшы-ай ,

бір бала-ай.

Қос етек, бұраң бел,

Қуалай соғар қоңыр жел.

Бесінші «Салт –дәстүр» бекеті

1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза

айт, Рамазан айт, Наурыз )

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)

  2. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)

  3. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)

  4. Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

Тапсырма:

Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.

  • Ораза тұту (Рамазан айы)

  • Намаз оқу( Ислам дінінің бес тірегінің бірі)

  • Ораза айт(жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу)

Алтыншы «География» бекеті

Қазақстанның көршілерін атаңдар? (Ресей, Қытай, Қырғызстан...)

  1. Қазақстандағы өзендердің аттарын атаңдар (Ертіс, Есіл, Іле.....)

3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)

4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

5. Қазақстанад қандай теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ....)

Тапсырма

Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар

1. МАТЫАЛ (Алматы)

2. АНАТСА (Астана)

3.ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)

4.ЕКТНМЫШ (Шымкент)

5.НЕСӨМЕК (Өскемен)

Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

Жүргізуші:

Тілдесіп көкпен тауларың,

Жайқалды жасыл орманың.

Алатау, Қаратауларым,

Елдікті бізге мұра етіп,

Ерліктің күйін толғадың.

Салтанат пенен сән құрған,

Елім бар бүгін жаңғырған.

Бақытым-атамекенім,

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан қырдан.

Берекелі елмін, құтты елмін,

Атты азат таңым-күткен күн.

Қазақстаным мекені-

Ынтымақ пенен достықтың,

Кеңдік пен кемелдіктердің.

Даламды бабам мұра еткен,

Жайқалтар соны түлек мен.

Қалалар жайып қанатын,

Ауылымды арай, нұр өпкен.

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен!

(Б.Үсенбаев. «Республикам менің»)

Ал енді осымен біздің саяхат – ойынымыз аяқталады. (жеңген команданың мүшелерін ортаға шығарып марапаттайды).

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық ұйымдар.

2. Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау.

3. Қазақтың әйгілі үш биі.

4. Қазақ халқының атақты үш батыры.

5. Қазақстанның елордасы.

6. Қазақстандық патриоттық тәрбие.

7. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі.

Лекциялық сабақ №18

Тақырыбы: «Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру»

Жоспары: 1.Оқушы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде түрлі үлгілерде пайдалану.

Сабақтың мақсаты: Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді сыныптан тыс уақыттардағы қалыптастыру жолдары.

Қысқаша мәтіні: Оқушы-жастарды сыныптан тыс уақыттағы Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыруға оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді.

Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Сабақтан тыс уақыттағы әскери-патриоттық тәрбиенің, соның ішінде оқушылардың тұратын жері бойынша жұмысына басқаруды іс жүзіне асырады; балалардың қоғамдық ұйымдарына бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізуіне әдістемелік көмек көрсетеді және оларға шефтік көмек көрсету үшін, жауынгерлерді базалық кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, белсенділерін, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдарды тартуға көмектеседі; жастар ұйымының әскери-спорттық "Үлан" және "Алау" ойындарының кеңесшілерінің кеңесіне басшылық жасайды; мектептің жас ұландары мен басқа да әскери-патриоттық бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады; сынып жетекшілерінің әскери-патриоттық тәрбие жұмысының жоспарлауын тексеріп, талдау жасайды және іс жүзіне асырады; олардың жұмысынң тұтас мақсаттылығын және сабақтастығын қамтамасыз ету кери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға әдістемелік көмек береді; мектептің әскери-патриоттық мектептен тыс мекемелер және ұйымдармен үйлесімділігін іс жүзіне асырады, сыныптан тыс жұмыстарға бақылау жасайды ге, балардың қоғамдық ұйымдар және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен қарым-қатынасын орнатуға қол жеткізеді. Сынып жетекшілеріне әс және оларды жетілдіруге байланысты өз ойын енгізеді.

Сынып жетекшісі: Сынып жұмысының мақсаты әскери-патриоттық іс-әрекетіне басшылық жасайды; мектептен тыс мекемелердің оқушыларда Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыруға оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді. Оқушыларда әскери-патриоттық сананың дамуына және Отанды қорғауға қажетті дағдылар мен ептіліктердің қалыптасуына жүйелі түрде психологиялық-педагогикалық қадағалау жасайды.

Әскери-патриоттық тәрбие процесіне түзетулер енгізеді, осы жұмысқа тәрбиешілерді тартады.

Мұғалімдер:

  • оқу тәрбие жұмысының әскери-патриоттық бағыттылығын және өз пәнінің құралдарының көмегімеи болашақ Отан қорғаушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруды қамтамасыз етеді; әскери-патриоттық тәрбие аспектілерін сабақтың тәрбиелік мақсатына жүйелі түрде енгізіп отырады, нақты фактіге негізделген материалдарды іріктеп алады және сонымен қатар, оларды оқушыларға жеткізудің белседісін таңдайды;

  • әскери-патриоттық тәрбие бойынша профильді белседілерді, бірлестіктерді, тәрбиелеуге және дайындауға, жасұландар мектебін және басқа да әскери-патриоттық жұмыстарға қатысады;

  • оқушылардың алғашқы ерікті қоғам ұйымдарына педагогикалық басшылық жасайды (табиғатты қорғау, мәдениет ескерткіштерін қорғау, ДОСААФ т.б.);

  • оқушыларды әскери-патриоттық тәрбие үшін үйірме сабақтарын пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыныптан тыс уақыттағы оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі.

2. Сынып жетекшісінің жұмысы.

3.Мұғалімдердің жұмысы.

4. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.

5."Қалқан" және "Ұлан" ойындарының мақсаты.

Лекциялық сабақ №19,20

Тақырыбы: «Оқушы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде түрлі үлгілерде пайдалану»

Жоспары:

1.Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.

Сабақтың мақсаты: Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.

Қысқаша мәтіні: Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу туралы.

1.Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.

Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасының бірі қазақ халқының революциялық әскери еңбектің даңқты жерлеріне бүкіл қоғамдық саяхаттарға қатысу. Бүгінгі күні бүкіл қоғамдық саяхат негізінде өткізілетін әртүрлі мерекелер көп, оған 8-10 миллионда қатысады. Соның ішінде елеулі санды мектеп оқушылары алады. Олар өздерінің жетекшілерімен революция ардагерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерінің басшылығымен ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай ізденіс жұмыстарына аты белгісіз мыңдаған сарбаздардың бейіттеріне бару, мүгедектермен, соғыс ардагерлерімен, азаматтары соғыста қайтыс болған жанұяларға барып көмектесу жатады. Қазіргі кезде осындай саяхатшы ізденушілердің күшімен көптеген әскери бөлімдер мен қолөнерлер, даңқты бөлмелер мен мұражайлар, ескерткіштер және мемориалды белгілер кұрылған. Мұндай көпшілік саяхат істерінің мақсаты біздің қазақ халқымыздың тарихи дәстүрлерді оқып үйрену, сақтау және меңгеру. Сондай-ақ мұндай батырлық дәстүрлерді окуда еңбекте және әскери қызметте жалғастыру және дамыту. Қазіргі кезде барлық мектептерде еліміздің кәсіптік-техникалық мектептерінде үлкен ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Оны ұйымдастыруға соғыс және еңбек ардагерлері, Қарулы Күштер ардагерлері, оқытушылар, запастағы сарбаздар қатысады. Жұмыс саяхат кеңесі кұрған, саяхатқа катысушылардың жиналысында бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Ізденіс жұмысының жоспары әртүрлі формада құрылады. Мысалы: саяхат өткізу, туған елдің тарихын оқып үйрену, мұражайлар құру, белгісіз батырлар атын табу. Іденіс жұмысынан жиналған материалдар жастарды революциялық әскери және батырлығына тәрбиелеу үшін қажет. Көптеген тәжірибелер бойынша, егер саяхатқа қатысушылар саяхаттың тақырыбына байланысты алдын ала әдебиеттерді оқып үйренген жағдайда, өзін рухани және дене жағынан саяхатқа дайындаған жағдайда, оның тәрбиелік мәні нәтижелі болады. Саяхатшы жетекшісі, әдетте мұғалімдер, тәрбиешілер, әскери жетекшілер бола алады. Дегенмен барлық жағдайда жетекшіні және оның орынбасарын мектеп директары, немесе кәсіби-техникалық училищенің директоры сайлайды. Педагогикалық кеңесте саяхат жетекшісінің жоспары, бағыты бекітіледі және саяхатқа қатысушылардың дайындығын тексереді. Саяхаттар жаяу, автокөліктік, темір жолдық, су транспорты, шаңғы, велосипед формасында болуы мүмкін. Саяхаттың қай түрі болмасын оның жетекшісімен мүшелері ұқыпты, зерек болуы керек. Қауіпсіздік техника ережерін сақтау қажет. Ең бірінші кезекте саяхат мүшелерінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Тәртіптілік қауыпсіздіктің ең негізгі шарты. Саяхатшылардың барлық мүшелері жол жүру ережелерін біліп, оны мүқият орындауы қажет. Саяхатта тоқтау кезінде от жағуға, алауға дұрыс қарау қажет. Тек рұқсат етілген жерлерде от жағып, өшіруді ұмытпау қажет. Мысалы, жылдың суық мезгілдерінде суытықтың алдын алу, үсіп қалған жағдайда оған алғашқы көмек көрсету. Мысалы, ылғал сулы киім, қысатын яақ киім тез үсітеді. Саяхатқа қатысушылар оқ дәрілердің түрін жинауға болмайды. Ұлы Отан соғысында шайқастан қалып қойған оқ дәрілерді, ережеге сәйкес қолданбаған жағдайда, жарылыс, ауыр жарақат, адамдардың өлімін тудыруы мүмкін.

Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары, қол жазбалар, әскери газеттер, плакаттар, ардагерлердің жеке заттарын жинайды, ардагерлермен әңгіме жүргізуды, күнделіктер жазады, бейне және суретке түсіру жүргізіледі. Жиналған материалдар бойынша қабырға газеттері шығады, көрмелер, тақырыптық кештер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, материалдар мектеп музейлеріне қойылады.

Мектеп оқушыларының саяхаттарының бағыты: "Ардагерлердің ескерткіштік орындары", "Ұлы төңкеріс жолы", "Ешкімде ұмытпайды, ешнәрсе де ұмытылмайды", "Достық жолымен", ескеткіш қалар бойынша болуы мүмкін. Қазіргі кезде Республикамызда көптеген мұражайлар, экспонаттар, аумақгық мұражайлар бар. Олар еліміздің соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерінің ісімен, жетістіктерін бүкіл қазақ халқына, әлемге паш етеді. Қалалық және аудандық комиссариаттардағы соғыс ардагерлердің, соғыстағы еңбек ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан жанұя мүшелерінің тізімдерін нақтылап алады. Соның негізінде көмекшілер тобын құрады. Оқушылардың творчестволық бірлестігі кино, фото студиялар, әдеби-драмалық үйірмелер құрады. Олар қолжазбалар жөнінде сурет көрмелер ұйымдастырады. Оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министіріндегі орталық архивтерге жібереді, жас суретшілер, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерімен голерея құрып отырып, үлкен творчестволық еңбектерін көрсете алады. Оқу орындарында, ДОСААФ ұйымдарында, техникалық үйірмелер үйінде, оқушылар сарайында және жас техниктер станциясында, соғыс кезінде және соғыс алдындағы жылдарда әскери техникамен, қару жарақты құруға қатынасқан өндірушілермен, конструкторлармен, инженерлермен кездесу ұйымдастырып әңгімелеседі. Сондай-ақ, спорттың әскери-техникалық түрлері бойынша конкурстар мен жарыстар ұйымдастырады. "Летопись" (көмекшілер) мүшелері "Ана құрметі" атты атты операция құра алады, оның мақсаты соғысқа және еңбекке қатысқан әйел аналардың батырлықтары туралы, Отан қорғау соғыстарындағы ұл, қыздары тәрбиелеген әйел-аналар туралы, ұл-қыздары Отан соғысында қайтыс болған аналары туралы ізденіс жұмыстарын жүргізу. "Летопись" материалдарының қазіргі күнде құндылығы жоғары. Бұл болашақ ұрпақты әскери-патриоттық сапарларға тәрбиелейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыныптан тыс уақыттағы оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі.

2. Саяхатшы жетекшілері

3. Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары

4. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.

5. Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасы.

Лекциялық сабақ №21

Тақырыбы: «Соғыс еңбек ардагерлерімен кездесулер, тақырыптық кештер,қоғамдық-саяси оқылымдар мен ақпараттарды ұйымдастыру және өткізу».

Жоспары:

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу.

Сабақтың мақсаты: Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы.

Қысқаша мәтіні: Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы.

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу.

Әскери жетекші АӘД бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру

Үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланыста бола алады.

Әскери – патриоттық тәрбиенің нәтижесы алдын ала қойылған мақсат пен тапсырмаларды сәйкс айқын қортындыға жетуімен бекітіледі.

Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екні анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери- патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.

Нақты – тарихи қағида, әскери патриоттық жұмыс жастарды тәрбиелеуде ерлік тарихымен , Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тамаша дәстүрімен тығыз байланыста үйлесін тауып жатады.Тарихты тұрмаламай нақты тарихи мәліметтермен оқыту ерекше маңызды саналады. Отан сүйгіштік сезім мен жасөспірімдердің мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік , өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу , олардың сенімін жеңіп алу , ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірімдер мектеп бітіргенен соң әскери форма киетінін ескерсек. Осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйінспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.

Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларғаӘскери патриоттықтәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби- техникалық мектептер мен мұғалымдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әкери патриоттың тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық.

Әскер және әскери – теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстырылып қалыптастырылады. Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің , кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады.

Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған. Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызуғышылық танытады.Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте отан қорғауда ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әректтерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық байланысын көрсете отырып жеткізу қажет. Бұған оқушылардың ұшақ және тікұшақ, корабль, су асты қайығы, пушкалармен мен жаяу әскердің шабылуы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады. Бүндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс.

Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті. Мұның мәнісі- тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз.Яғни таптық идеяны ту етіп ұстаған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.

Біріншіден, ұлттық дәстүрлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.

Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесінде тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық психология сипаттарын нығайтады.

Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлтық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Төртіншіден, қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжірбиесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретудің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер ртіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп, дағды мен машық түрінде берілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.

Адам тәрбиесінде салт- дәстүрлердің алатын орны маңызды болуының басты шарты- бұл салт дәстүрлердің рухани- парасат құндылықтары тұрғысынан ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, дамып келе жатқандығында. Айта кету керек , салттар мен дәстүрлер бірімен – бірі тығыз байланыста. Тіпті, оларды ажыратып алудың өзі қиын.

Салттар дегеніміз- тарихи кезкңдерде қалыптасқан, адамдардың қоғамдық қатынастарының, тіршілігі мен тұрмысының белгілі бір дәрежеде сипаты бар нормалары.Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, жалғасып отырады.

Анықтама түрінде пайымдайтын болсақ: Дәстүрлер дегеніміз тұрақты қайталанып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын, көпке тән нормалар, идеялар, принциптер, іс- әрекеттер, сезімдер түрінде қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекше көрінісі. Ол ар материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлеріне адамдардың құндылықтар ретінде қарауын анықтайды.

Басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда, дәстүрлер мына ерекшеліктермен оқшауланады: Іс- әрекеттер , идеялар мен сезімдер жалпыға ортақ, бұлжымайтын, қасиетті түсінікке ие болса ғана дәстүр болып танылады.Дәстүрлік нормалар, іс- әрекеттер, идеялар, көзқарастар, сезімдер белгілі дәрежеде халықтың әлеументтік, идеялық, рухани тәжірбиесін бейнелейді. Олар нақты бір материалдық және рухани мәдениетке байланысты түрде көрінеді.

Қоғамдық қатынастардың түрлері бола тұра дәстүрлер халық тіршілігінің материалдық, мінез- құлықтық, идеологиялық және рухани өмірінің көрінісі болып табылады. Дәстүрлер, әдетте заттық- салттық іс- әрекеттен көрінеді.Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлер тек қана әлеументтік- психологиялық құбылыс ретінде танылып келеді.Патриотизмді қалыптастырудың және дамытудың жолдарының бірі жеке адамның санасында ұлттық сезімді бірікткру болып табылады. Әлбетте, адам қоғамнан тыс адам болмайды ғой. Әрбір адам белгілі бір ұлттың немесе белгілі бір ұлттың өкілі ретінде көрінеді. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы.Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді.Негізі ұлттық сезім- рухани құбылыс.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады.Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз,- ең алдымен қазақ халқына сүйінспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтырын бойына сіңіру болып табылады. Тереңдірек пайымдасақ, мұның өз ұлттардың ұласуына бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы қазақ патриотизмін күшейте түседі.Халық зердесінде өткен замандардың өшіп қалған материалдық, рухани мәдениетін, озық дәстүрлерін жаңғырту, оның ішінде ұлттық спорттың бүкіл байлығы мен қазынасын қалпына келтіру арқылы патриоттық сезім жаңа сипат алады.

Заты, патриоттық сезім қанмен берілмейді, нақты тарихи жағдайларда ұзақ уақыт бойы қалыптасыды.

Ұлтшыл- жікшілердің көп алдындағы көпірме ұрандарын қолдап, өзінің бақай есебін күйттейтіндер, әсте, патриот емес.

Туған елінің күш қуатын,беделін артыруға бір мысқалда пайда қоспастан, елдестерінің игілігіне немқұрайлы қарап, Отанға берілгендігін және оны сүйетіндігін дабыра етіп, ант- су ішетіндер патриот емес.

Күні кеше ғана біз Отан үшін отқа түсіп, туған жердің әр сүйемі үшін жанын пида еткендерді патриот деп, қоғам үшін, мемлекетүшін аянбай жұмыс істегендерді патриот деп санағамыз.Олардың әрқайсысын: кәсібіне, ұлтына, ақ- қарасына, көзінің қиығына қарамастан бәрін патрит дедік, оларды мақтан тұтық, мақтадық. Ал, қазір не болып жатыр, әркім өзінің ата бабасына батыр тауып тегін дәріптеп жатыр. Ең бастысы өз ұлтына даңқты адам іздеп, солардың атақтарын аспандатып, есімін жаңғырту болуда. Міне, қандай патриот бас көтеріп келеді. Адамдар өміріндегі мінез- құлық, өзін-өзі ұстау тәртібі, рәсімдер мен салттар, көпке ортақ қағидалар көп жағдайда психологиялық деңгейде ғана көрінеді. Әлеументтік топтың ортасында жеке адам дәстүрлер мен қағидалардың құлы бола тындығы жалған емес. Бұл арада қоғамдық пікір деп аталатын тылсым адамды басымырақ билейді.Қоғамдық пікір адамдардың қимыл-әрекеттерінің әдетін қалыптастырады. Осылайша ұлттық дағдылы, дәстүрлі мінез ретінде, ал, ұлттық түсініктен тыс жатқандары тосын тіпті жат болып көрінеді.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны:

Біріншіден, оған қайталатындық, берілетіндік, тиянақтылық және бұқаралық сияқты дәстүр белгілері тән. Яғни патриоттық тәрбиеде ұлттық спорт басқа да өнегелі ұлттық дәстүр сияқты қызмет атқарады;

Екіншіден, ұлттық спорт ерекше дәстүрлер мен салттардың (рәсімдердің) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бойына сіңірген.

Ұлттық спортпен айналысу жеке адамның, ұжымның санасында ұлттық психологияны қалыптастыру, демек, олардың белгілі бір халықтың бөлшегі екендігін, түп-тамыры сол халықта, сол Отанда жатқандығын сезіну деген сөз.

Басқа ұлттар сияқты қазақтың ұлттық спортының негізгі белгілерінің бірі – ұ

рпақтан-ұрпаққа ауысып қайталанып отыратындығында. Тегі, қайталанушылық барлық материалдық және рухани құбылыстарға тән Даму үстінде, бір сападан екінші сапаға, ескіден жаңаға ауысып отыру жағдйында шеңбер бойынша айналу немесе өткенді шексіз қайталау емес, алдыңғы кезеңнің кейбір сәттерін қайталау құбылысы жүріп жатады.

Осылайша қайталанып келе жатқан қазақтың ұлттық спорты қазақ халқының әлеуметтік және парасат тәжірибесін сақтай, жеке адам бойында ұлттық психологияны нығайта отырып, қайталанып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.Ұлттық спорт халықтың өткен тижірибесін жаңғырта қайталайды. Яғни, әрбір дәуір, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрге өзінің жаңалығын қосады.кейінгі кезге дейін ұлттың өткенін сақтауға құштарлық керітартпа үрдіс ретінде теріс бағаланып, ұлттық саясатқа елеулі залал келтірді.

Ұлттық спорт дәстүр тұрғысында қайталана, қорытылып отырады. Және де негізгі арнамен қосалқы белгілер де ілесіп келе беруі мүмкін. Бірақ қосалқы белгілер уақыт өткен сайыцн шетке шығып, негізгі арна байып, құнарланып, өсіп отырады.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың екінші бір маңызды белгісі – оның берілетіндігінде, яғни бір адамнан екіші адамға, бір ұжымнан екінші ұжымға, ұрпақтан-ұрпаққа берілу қажеттігі мен қабілетінде. Осылайша ұлттық спорт өз бойындағы бүкіл қадір-қасиетін, оның ішінде әрине, ұлттық белгілер жиынтығын алмасып отырады.

Дәстүр ретіндегі даму барысында ұлттық спорт мұрагерлік диалектикасына, терістеуді терістеу заңына бағынады. Бұл арада халықтың өткендегісінің бәрін керітартпа ретінде теріске шығару емес, өткеннің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау ретінде терістеу туралы айтып отырмыз.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызын оның ұзақ уақыт сақталып келе жатқан ұлттық дағдыларды, ережелерді, рәсімдерді, идеялар мен сезімдерді бере алатындығымен дәйектейміз. Ұлттық спорттың ескі мен жаңаны, өткендегі мен бүгінгіні ұштастырып отыратын қасиеті бар. Міне, сондықтан да ол халық мұрасын өшірмей сақтайдың баға жетпес жолдарының бірі. Ал. Енді мұрасыз қоғамдық сананың бірде-бір түрі, бірде-бір мәдениет немесе тұрмыс салты болмайтындығы да мәлім.

Қоғамдық сана, ұлттық мәдениет пене тұрмыс объективті болмыс жағдайында дамыйды жәнге дәстүр ретінде сақталып қалған халықтың тіршілік тәжірибесімен тікелей байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы

2.Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны

3.Соғыс ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жоладары

4.Еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жоладары

5.Ұлттық сезім дегеніміз

6.Қоғамдық қатынастардың түрлері

7. Дәстүрлер дегеніміз.

Лекциялық сабақ №23

Тақырыбы: «Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын өткізу үдерісінде оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру».

Жоспары:

1.Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын жопарлау және өткізу.

Сабақтың мақсаты: Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері түсіндіру.

Қысқаша мәтіні: Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.

1.Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын жопарлау және өткізу.

1. Ядролық, химиялық, биологиялық зақымданудың қысқаша сипаттамасы.

2. Жаппай зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқада шұғыл жұмыстары.

3. АЭС-тағы апат кезіндегі тұрғындардың өзін ұстауы.

Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады.

Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін.

Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады.

Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады.

Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру командалары т.б.

Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық квартираларды, парктерді, скверлерді химиялық тұнбалар тұрып қалып ластап, улайтындығын қатты ескеру қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, өңдеу жұмыстарымен айналысады.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстарға жататындар: бактериаларды барлау және бактериялар бар нәрселерді индикациялау; бастықтың рұқсатымен каратин режимін жүргізу немесе обсервациялау; санитарлық сараптама өткізіп, зақымданған азық-түліктерді бақылауға алу; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық емдеуді ұйымдастыру; эвакуациялау, ветеринар-санитарлар жиындарын, түсініктемелер жұмыстарын жүргізу.

Құтқару жұмыстары жүріп жатқанда ауру және ауруы бар сезікті адамдарды тексеріп, қажеттілік болса оқшаулау қажет, оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіліп, емханаға жіберілуі керек. Мекемелерді, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізіп, киімдерді дезинфекциялау жұмыстары жасалады. Карантин болған зоналарда қатаң бақылаулар қойылып, халыққа қойылған режимдерді сақтауларын, басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстарының жүргізілуінің соңы деп, соңғы ауру анықталып уақыи өткеннен кейін, аурудың инкубациялық даму мерзімінің ең ақырғы сатысына тең болғанын айтады.

2.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады.

Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін.

Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады.

Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады.

Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру командалары т.б.

Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық квартираларды, парктерді, скверлерді химиялық тұнбалар тұрып қалып ластап, улайтындығын қатты ескеру қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, өңдеу жұмыстарымен айналысады.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстарға жататындар: бактериаларды барлау және бактериялар бар нәрселерді индикациялау; бастықтың рұқсатымен каратин режимін жүргізу немесе обсервациялау; санитарлық сараптама өткізіп, зақымданған азық-түліктерді бақылауға алу; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық емдеуді ұйымдастыру; эвакуациялау, ветеринар-санитарлар жиындарын, түсініктемелер жұмыстарын жүргізу.

Құтқару жұмыстары жүріп жатқанда ауру және ауруы бар сезікті адамдарды тексеріп, қажеттілік болса оқшаулау қажет, оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіліп, емханаға жіберілуі керек. Мекемелерді, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізіп, киімдерді дезинфекциялау жұмыстары жасалады. Карантин болған зоналарда қатаң бақылаулар қойылып, халыққа қойылған режимдерді сақтауларын, басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстарының жүргізілуінің соңы деп, соңғы ауру анықталып уақыи өткеннен кейін, аурудың инкубациялық даму мерзімінің ең ақырғы сатысына тең болғанын айтады.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

3.Қорғану жолдары.

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады.

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді. Және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі – 4 кал/см;

2-ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі – 7,5-12 кал/см (тері сыдырылады);

4-ші дәрежелі – 12 кал/см-ден жоғары (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).

Жарықты сәулененуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см ауада, 00С – температурада қысымы сынап бағансымен 760 мм болғанда – 2,08 млд. пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды (еш зиянсыз).

Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі.

Оның 3 зонасы: 1) қауіпті зонасы;

2) күшті ластанған зонасы;

3) аздау ластанған зонасы.

Ластау (ластану) мөлшеріне байланысты:

  • жарылыс түрінен (бомбаның);

  • оның күшінен (неше мегатонна);

  • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

  • эпицентрдің қашықтығынан;

  • жарылыс кезіндегі ауа райынан;

  • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық далы т.с.).

Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы, 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді -100 % деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн. ТЖ –ды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабулетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында тсоғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық обектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принциптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР-ның Үкіметі ресми белгілеген ережелер.

Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:

- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;

- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;

- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

- көшіру шараларын даярлау;

- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын күштерімен ерекшеленеді.

Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің жаңа құралдарының пайда болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы жоюға болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып тұр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін.

Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектілерде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілуі қажет.

4. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.

Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі Төтенше жағдай сипатына, сондай-ақ, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Соғыс уақыты жағдайында, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:

- қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

- АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру.

Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолық жерлерде халықты, негізінен, радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген адамдарды да қорғау ескеріледі.

Сөйтіп, соғыс қимылдары кезінде тұрғындар мен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандайда бір елді мекеннің қазіргі заманғы қырып-жою құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанғн шабуыл сипатына байланысты анықталады.

Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуі тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерді, халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуы тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезіндегі өткізілетін шаралардың сипаты мен көлемі әртүрлі аймақтарға тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал апаттарға байланысты.

Жер сілкіну қауіпі бар аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық залалды азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады.

Су басу, тасқын аймағына орналасқан халық үшін зілзала болатындығын алдын ала ескертудің маңызы өте зор және оның ықтимал зардабына байланысты.

Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал апат қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті апатты болдырмау және ол пайда болған кездегі залалды азайтуға байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері.

2.Соғыс уақытындағы қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы

көзқарас.

3.Бейбіт уақыттағы қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы

көзқарас.

4.Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

Лекциялық сабақ №24

Тақырыбы: «Оқу орында жаппай қорғаныс әдісін және түрлі формаларды пайдалану».

Жоспары:

1.«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Сабақтың мақсаты.«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Қысқаша мәтіні: .«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Оқу орында жаппай қорғаныс әдісін және түрлі формаларды пайдалану

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қасысы барынша сәйкес келетіндігіне мән ьере отыра, халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, дәрігерлік қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап, іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру – шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар мен шаруашылық объектілеріне панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қалалар мен селолық жерлерді радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылды.

ә) Көшіру шаралары.

Төтенше жағдайда болсын, заманғы зақымдау құралдарын қолдануда тұрғындарды қорғау мақсатында көшіру шараларын дер кезінде жүргізудің маңызы өте зор.

б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау:

- радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21);

- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24);

- залалсыздандыруда осы құралдарды әзірлікте ұстау;

- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау;

- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру;

- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеу;

- жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азыұ-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану;

- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.

в) Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

  • санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;

  • халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйрету;

  • халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;

  • объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

  • санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

г) Өрттен қорғау шаралары.

Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мқсатында жүргізілектін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

  • ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болдап, анықтау;

  • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шраларын жүргізу;

  • өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын қамтамасыз ету;

  • өрттің көлемі мен мөлшерін бағалау мен оны бақылауға алу;

  • өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;

  • өрттің алдын алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.

Сонымен, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас ғана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздндырады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

2. Инженерлік шралар.

3. Көшіру шаралары.

4. Радиациядан қорғау шаралары.

5. Химиядан қорғау шаралары.

6. Медициналық шралар.

7. Өрттен қорғау шаралары.

Лекциялық сабақ №25,26

Тақырыбы: «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру ісінің міндеттері мен мәселелері және оның тиімді жолдарын іздеу».

Жоспары:

1.Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Сабақтың мақсаты Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Қысқаша мәтіні: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.

Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.

Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде патриотизм, әскери патриотизм, ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).

Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.

Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азаматтар және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе болып отыр.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.

Белгілі ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың айтуынша қазақстандық патриотизмнің бастауында қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің белгісі болған үш ірі тарихи оқиға тұр:

Отырар шайқасы. Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай күрес қазақ халқының зор рухани күшін әлемге танытты.

Еркіндік пен ұлттық мемлекетілікті сақтап қалу үшін болған бір жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру қазақ жерінде болып, әлемге өлмеген ұлттық рухты паш етті.

Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.

Сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық жайларды толығынан қамту мүмкін емес. Сондықтан, біздің ойымызша, міндетті түрде қосымша іс-шаралар жүргізу керек. Мысалға, сыныптан тыс жұмыс. Біз сыныптан тыс жұмысты оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Оның мазмұны жан-жақты болуға тиіс. Ол оқушылардың мүдделік жағынан бірігуіне әсер етіп, олардың шығармашылық талабын және өзіндік тәуелсіздігін арттырып, жалпы мектеп ұжымын біріктіре отырып, жолдастық қатынастарды бекітіп, жеке тұлғаның және қоғамның мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс. Біз неге жоғарғы сынып оқушыларын алып отырмыз. Себебі Г.В.Мизиковскийдің пікірінше: "Бозбалалар мен қыздарды 15-17 жаста дүние танымның және өмірге бағытталуының негізі қаланады, олар өмірде өзінің орнын табуды белсенді іздестіреді, олардың таным үрдісі белсенді жүреді" екен. Отан туралы оның әлемдік тарихи үрдістегі орны, жолы туралы қөзқарасы тереңдей түседі.

Жастар өз елінің тарихын зерделей отырып, өз бойларынде келесі қасиеттерді қалыптастырады: көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінң тарихтағы орнын бағалау;

халықтар тағдырының ортақтығына, әдет ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару;

ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды бойына сіңіру.

Сонымен қатар жастады отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық - ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.

Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тб. Осыған сәйкес біз ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнін ашып көрсеттік (сурет 2).

Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады? Білім беру мекемелері қазіргі заман талаптарына сай, кәсіби дайындығы жоғары маманды дайындап қана қоймай, рухани-адамгершілігі жоғары мамандарды дайындау қажет. Оқу орындарының түлектері біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, патриот – азамат ретінде де қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы  белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің  асыл арналары.

Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.

Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.

Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің  асыл арналары.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандық патриотизмнің ерекшеліктері

2.Ұлттық патриотизмнің ерекшеліктері

3.Қазақстандық патриотизмнің мәні

4.Ұлттық менталитет туралы білімі

5.Қазақстандық патриотизмнің негізі

6.Тәрбиенің негізі.

7.Тәрбиенің құралдары

8.Тәрбиенің мақсаты.

9.Тәрбиенің міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері.

Лекциялық сабақ №27,28

Тақырыбы: «Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтарында жетілдіру мәселелері».

Жоспары:

1.Оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

Қысқаша мәтіні: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

Әскери патриоттық тәрбие жастардың әскери іске деген қызығушылығын арттыруға, әскери мамандықтарды игеруге және оларды Қазақстан Қарулы Күштері қатарында азаматтық борышын өтеуге дайындауға бағытталған. Әскери-патриоттық тәрбиенің өзегіне Отан қорғаушы жастарда моралъдық-саяси және психологиялық сапаны қалыптастыру жатады. Отан қорғаушы жастарға қажетті моральдық-саяси және психологиялык сапаны қалыптастыруға салыстармалы түрде бір-бірінен дербес және сонымен қоса бір-бірімен тығыз байланыстағы 2-элемент моральдық-саяси .және психологиялық дайындық кіреді. Саяси-моральдық және психологиялық дайындықтың біртұтас процесінде саяси-моральдық шынығу маңызды орынға ие болады. Бұл жастардың бойында Отанды қорғаудың саяси-моральдық сапасын қалыптастырады, бұдан қоғамдық және мемлекеттің құрылымның саясатпен байланысы, саяси идеялық, өнегелік көзқарастар мен сенімдер өз Отанын қолына қару алып қорғауға дайындығы, патриоттығы, интернационалдығы, саяси қырағилығы өз елін қарулы соғыста қорғауға ішкі дайындығы көрінеді. Жоғарғы саяси-моральдық сапалықтың негізінде жастардың өз Отанын қорғауға деген психологиялық дайындығы іске асады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің келесі бағытына әскери патриоттық тәрбиені жүргізу барысында оқушыларда жауапкерлік, өжеттілік қалыптасатын әскери-техникалық дайындық және соның құрамына кіретін әскери білім, жауынгерлік шеберлік, тәртіптілік және ұйымшылдық, Әскери және Теңіз-Флотының жолдастығы әскери ант, әскери жарғы, бұйрықтар мен жарлықтарды командирлер мен басшылардың талаптарын мүлтіксіз орындау, және т.б. жатады. Бұл жерде жастарды алғашқы әскери даярлау және көпшілік-қорғаныс жұмыстары үлкен рөл атқарады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің үшінші бағытына жастарды дене жағынан тәрбиелеу жатады. Оның мақсатына жастарда дене жағынан шыдамдылықты, күнделікті өмірде және әскери қызметте, сонымен қатар соғыс жағдайында аса зор дене күшін қажет ететін еңбекті қажырлылыкден көтеруге қабілеттілікті қалыптастыру жатады.

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель. Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері - адамгершілік, т.б. дәстүрлері Аристотель : «Адамның қалыптасуына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиеттер» - деп қарастырады.

Цицеронның пайымдауынша, Отан деген ұғымға ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен байланысты бар адамдар бірлестігі және мемлекет кіреді.

Патриотизм туралы идеялары кезінде өздерінің шағармаларында екінші Аристотель атанған Әбу-Насыр ә-Фараби, Махмуд Қашқари, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Доспанбет жырау Аймауытұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын – Махамбет өз өлеңдерінде шаруалар көтерілісіне, әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білген. Ол өзінің жалынды өлеңдерімен халықты озбырлыққа қарсы күресуге шақырады.

ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай-талай заман тақыметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Мәселен, академик М.Қ.Қозыбай дерегі бойынша қазақ жерінде XVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер болған. Осының өзі ата-бабаларымызыдыңе елге деген, туып өскен жерге деген патриоттық сезімдерінің шынайы үлгілері бола алады.

Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.

Отан сүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі қоғамынан қалған тарихи-рухани мұралардағы басты мәселе – қоғамның жағдайы адамның өзіне байланысты қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды...» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен.

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ “Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- Президент.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.

Бақылау сұрақтары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің үшінші бағытына жастарды дене жағынан тәрбиелеу

2.Әскери-патриоттық тәрбиенің келесі бағытына әскери патриоттық тәрбиені жүргізу

3.Отан сүйгіштік сезімі

4.Отанын қолына қару алып қорғауға дайындығы,

5. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

6.Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы.

7. Отанын қорғауға деген психологиялық дайындығы.

Лекциялық сабақ №29,30

Тақырыбы: «Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтарында жетілдіру мәселелері».

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу туралы.

Қысқаша мәтіні: Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу туралы.

1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу.

Әскери доктринаның бұл бөлімінде:

  • Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындығы саясаты баяндалады;

  • Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер айқындалады;

  • Мемлекеттік әскери қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі міндеттер тұжырымдалады;

  • Әскери қауіпсіздікті қамтамсыз етуге басшылық жасаудың мәні ашып көрсетіледі.

Құжатта атап көрсетілгендей, қазіргі заманғы геосаяси жағдай блоктар тайталасы аяқталып, халықаралық қарым-қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуына орай әлемдік қоғамдастықта болған принцпті өзгерістермен сипатталады.

Дүние жүзілік соғыс ашу және жаппай қырып жоятын қарудың ядролық та, басқа да түрлерін қолдану қатері төмендеді. Көп жақта әлемнің қалыптасу үрдісі дәйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді.

Сонымен бірге әлемде болып жатқан орасан зор өзгерістерге кейбір күрделі және қарама-қайшы үрдістер тән: бір жағынан, - әлемдік қоғамдастық Ынтымақтастықты кеңейту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, жанталаса қарулану және ядролық қарудың таралуын шектеу жөнінде нақты шаралар қолдануда; екінші жағынан, -қауіпсіздіктің жаңа тәуекелдері мен қатерлері пайда болуда, олардың ішінде әр түрлі әскери қақтығыстардың туындау мүмкіндігінің артуы, экстремизмнің, халықаралық терроризмнің, ұйымдасқан қылмыстың таралуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы мейлінше қауіпті болып табылады.

Осы жағдайда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясат мынадай көзқарастарға негізделеді:

  • мемлекетаралық және ішкі қайшылықтарда шешу құралы ретіндегі қандай да болмасын қақтығысқа жол бермеуге болмайды;

  • Қазақстан Республикасының өзіне және өзінің одақтастарына қарсы агрессия жасалған жағдайда қарулы қорғануға, жеке және ұжымдық қорғанысқа құқығы бар.

Әскери доктринада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мынадай негізгі принциптерге негізделетіндігі атап көрсетілген:

  • басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекарасының мызғымастығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі істеріне қол сұқпау;

  • өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара түсіністік негізінде барлық елдермен достық қарым қатынаста болу;

  • басқа елдердің қауіпсіздігі және жалпыға ортақ қауіпсіздікке залал тигізбей Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • аймақта сенім шаралары мен әскери саладығы ашықтықты нығайту;

  • халықаралық дау-дамайды бейбіт реттеу;

  • Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды халықаралық құқыққа және ұлттық заңдарға сәйкес қолдану;

  • Халықаралық міндеттемелерді сақтау және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын шарттардың мақсатқа қол жеткізуіне жәрдемдесу;

  • Әскери қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілік қолдау мен қалпына келтіруге бағытталған пәрменді ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысу;

  • Республика Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының құрылысын “Қазақстан-2030 жылға дейін даму стратегиясы” саяси бағытына сәйкестендіру;

  • Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық келісімдерін бекітуге жан-жақты жәрдемдесу;

  • Қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери және қос қолданысты технологиялармен сауда жасаудың халықаралық нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттің пәрмені әскери ұйымдастырылуына сүйене отырып, өз қарамағындағы күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі жиынтығымен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы елдің әскери қауіпсіздігіне қатерлердің алдын алудың, тұмшалаудың және саяси-дипломатиялық және бсқа да әскери емес құралдарына ден қояды.

Елді қарулы қорғауды Қазақстан Республикасының қарулы Күштері басқа да әскерлері мен әскери емес құралымдары жүзеге асырады.

Агрессия жасалған жағдайдағы ел қорғанысы Қазақстан Республикасының қарулы қорғауды, мемлекеттің күллі әскери және экономикалық потенциалын жұмылдыруды, азаматтық және аумақтық қорғанысты жүзеге асыруды, одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлескен іс-қимылдарды көздейді.

Қазақстан Республикасы әскери қақтығыстардың алдын алу, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде:

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде;

  • Аймақтық деңгейде – Орта Азия мемлекеттерімен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдермен, сондай-ақ “Шанхай бестігі” шеңберінде;

  • Ғаламдық ауқымда – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер халықаралық құқық нормалары негізінде ынтымақтасады.

Құжатта Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің негізгі қауіп-қатерінің сипаттамасы берілген.

Орта мерзімді кезеңдегі негізгі қауіп-қатерлер ретінде мыналар қарастырылады:

  • республика шекарасына тікелей, таяу жерде болып жатқан және ықтимал әскери қақтығыс ошақтары;

  • республика аумағында бандалық құрылымдарының, экстремистердің, халықаралық терроршылардың ену мүмкіндігі;

  • жекелеген елдердің әскери қуатын сандық та сапалық жағынан шектен тыс арттыру нәтижесінде аймақтық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі;

  • жаппай қырып-жоятын қарудың, оны жеткізу құрлдарының және қазіргі заманғы әскери технологиялардың Азия аймағында таралу қаупі және олардың терроршыл топтардың қолына түсу мүмкіндігі.

Әскери қауіпсіздікті ішкі қауіп-қатерлері мыналар болып табылады:

  • елдің әскери өндірістік потенциалының жеткілікті дамымауы, Қарулы Күштерді техникалық жарақтандыру, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді ұйымдастыру мәселерінде басқа мемлекеттерге тәуелділік;

  • заңсыз қарулы құрылымдардың, терроршыл топтар мен бандалық құрылымдардың мемлекеттік немесе әскери объектілерге шабуылдауды;

  • қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар және басқа да құралдардың заңсыз таралуы;

  • Қазақстан Республикасының аумағында террорлық актілер мен диверсияларды жүзеге асыру үшін қарулы құрылымдар құру;

  • Мемлекет ішінде экстремизм мен сепартизмнің таралуы.

Әскери доктринада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет қызметінің аса маңызды бағыты болып табылатындығы атап көрсетілген.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты – елдің аумағын, егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет мынадай міндеттерді шешеді:

бейбіт кезеңде:

  • әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біріңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тетігін жетілдіру;

  • қорғаныс әлеуетін неғұрлым ықтимал соғыс қатеріне сайма-сай және елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін деңгейде ұстау;

  • Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды олардың сыртқы және ішкі қатерлердің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарға әзірлігін арттыру мақсатында жан-жақты қамтамасыз ету және сапалық тұрғыда жетілдіру;

  • Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және басқа да өмірлік маңызды мүдделеріне қол сұғушылық және арандату әрекеттерін анықтап, жолын кесу;

  • Елдің мемлекеттік органдарын, ұйымдары мен халқын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндгі міндеттерді шешуге, азаматтық және аумақтық қорғанысқа қатысуға жан-жақты дайындау;

  • Экономиканың жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;

  • Әскери инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;

  • Әскери қызметтің беделін арттыру, әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндеге мемлекеттік шаралар кешенін жүзеге асыру;

  • Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ел азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға моральдық-психологиялық әзірлігін қалыптастыру.

  • Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігіне, сондай-ақ іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

қатерлі кезеңде және әскери қақтығыс басталғанда:

  • әзірленіп жатқан қарулы шабуылды немесе жағдайдың қатерлі дамуын уақытында ашу және оларды тұмшалау жөнінде шаралар қолдану;

  • соғыс жағдайын уақытында жариялау, елде немесе оның жекелеген аудандарында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу;

Қарулы Күштерді стратегиялық орналастыруды жүргізу;

  • мемлекеттік органдардың агрессияға, қарулы қақтығысқа тойтарыс беру мен оның жолын кесуді ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру;

  • соғыс уақытының нормативтік құқықтық актілерін қолданысқа дереу енгізу, соғыс қимылдарын даярлау мен жүргізу жөнінде шешім қабылдау және іске асыру;

  • ел экономикасын, көлік пен коммуникацияларды соғыс уақыты жағдайында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;

  • азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

  • мемлекет қарамағында бар күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі жиынтығымен сыртқы агрессияға тікелей тойтарыс беру немесе қарулы қақтығысты тұмшалау.

Доктрина мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылық жасаудың тәртібі мен мемлекеттік органдардың міндеттерін айқындайды.

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкметі және басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының негізінде жүзеге асырады.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жағдайында ұстауға, оларды жан-жақты қамтамасыз етуге, экономиканы, аумақты және халықты, елді қорғау мен қорғанысқа әзірлеуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

Әскер доктринаға сәйкес әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау:

  • Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды әзірлеуді, әскерлердің жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының талап етілетін деңгейін ұстауды;

  • Қазақстар Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуді, азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын дайындау мен жүзеге асыруды;

  • Әскери-техникалық саясатты, қару-жарақ пен әскери-техниканы, әскери ғылымды дамыту бағдарламаларын іске асыруды;

  • Экономиканы, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды соғыс уақытындак жұмыс істеуге жұмылдыру даярлығының іс-шараларын жүзеге асыруды;

  • Елдің халқы мен инфрақұрылымын қорғанысқа әзірлеуді;

  • Мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінде материалдық құралдар қорын жасауды;

  • Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке әзірлеуді, соғыс уақытында жұмылдырылушы адам ресурстарын жинақтауды;

  • Мемлекеттік органдардың қызметін, соғыс уақытындағы іс-әрекетті үйлестіруді;

  • Бейбіт кезеңдегі әскери қызметке байланысты айналадағы ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;

  • Қарулы Күштерді, басқа да әскелер мен әскери құрылымдарды мемлекеттік инспекциялауды көздейді.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы басқарады.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың, қоғамның және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шешімдерін әзірлеуді жүзеге асыратын, қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қорғаныс қаблеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге, қарамағындағы атқарушы билік органдарының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруға; ел экономикасының жұмылдырушылық даярлығына, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға, оларды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуге, қорғаныс мақсатында ел аумағын жедел жабдықтауға; азаматтық және аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға жауапты.

Басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құқықтарының, міндеттері мен өкілеттерінің шеңберінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды ұйымдастырады және толық жауапты болады.

Бейбіт кезеңде қарулы қүштерге басшылық Қазақстан Республикасының Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ел қорғанысына, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру мен дамыту тұжырымдамаларын әзірлеуге байланысты міндеттерді шешеді, мемлекетте біріңғай әскери-техникалық саясат жүргізеді, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы мен қорғаныс мұқтажына қажет қаржы жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және елдің қорғаныс мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы мемлекет Қарулы Күштерінің бейбіт және соғыс кезеңіндегі басты басқару органы бола отырып, қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды құру және дамыту, олардың жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жөніндегі жоспарлардың әзірленуін үйлестіреді, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қолданылуы мен өзара іс-қимылын жедел – стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мақсатында ел аумағын жедел жабдықтаудың жоспарын әзірлейді.

Басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға тікелеей басшылық жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті қолбасшылар (бастықтар) жүзеге асырады.

Қатерлі кезең мен соғыс уақытында мемлекеттік әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылық жасау, соғыс кезеңіндегі мемлекеттік және басқару органдарын құру мен олардың жұмыс жасауы Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасын қарулы қорғаудың және қорғанысының әскери негіздері.

а) Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты, негізгі белгілері.

ә) Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қолданудың негіздері.

б) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының мақсаты, құрамы мен міндеттері.

в) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары құрылысының негізгі бағыттары.

1.Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін, әскери-экономикалық қамтамасыз етудің негіздері.

а) Әскери қауіпсіздікті әскери – экономикалық қамтамасыз етудің мақсаты, принциптері мен бағыттары.

ә) Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының бағыттары.

  1. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы әлемдік қоғамдастық күш-жігерінің нәтижесінде ірі ауқымды соғыстар ашу қатерін төмендетуге қол жеткізгенін, алайда саяси және өзге де келіспеушіліктер мен қайшылықтарды шешудің құралы ретінде әскери қақатығыстардың толық бас тарту кепілдіктерінің қалыптаспағанын ескереді.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты олардың әскери-саяси мақсатымен, қолданылатын қару түрлерімен, ауқымымен айқындалады.

Құжатта қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың негізгі белгілері атап көрсетілген:

  • таралу кеңістігінің үнемі ұлғайып отыруы, ұлтаралық, әскери іс-қимылдың түйісусіз және дәстүрлі емес нысандары мен тәсілдерін пайдалану, алыс қашықтықтан алдын ала ату арқылы жою және электрондық жаныштау, майдан мен тыл арасындағы айырмашылықтардың азаюы;

  • соғысқа жүйесіз, кейде тіпті заңсыз қарулы құрылымдардың қатысуы;

  • қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы жоғары тиімді жүйелерінің қолданылуы;

  • жанама стратегиялық іс-қимылдардың кеңінен қолданылуы (саяси және психологиялық қысым көрсету, экономикалық санкциялар, ақпараттық күрес,көлік коммуникацияларын шектеу, күш көрсету және т.б.);

  • мемлекеттік және әскери басқару жүйесіне іріткі салу;

  • әскерлер мен қаруды басқару жүйелерін қатардан шығару;

  • негізінен энергетика кәсіпорындарын, қауіпті өндірістерді, коммуникацияларды, инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жою.

Бұдан әрі құжатта әскери қақтығыстардың (қақтығыстар) ауқымды, қарқыны, ұзақтығы және басқа да белгілері бойынша ерекшеленуі мүмкін екендігі атап көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы тартылуы мүмкін әскери қақтығыстардың үш түрі болжанып отыр:

Интенсивтілігі жоғары қақтығыс- әскери және экономикалық жағынан қуатты мемлекеттердің (мемлекеттер одағының қатысуымен болатын әскери қақтығыс).

Ядролық мемлекеттер араласқан қақтығыста ядролық қару қолдану қатері үнемі сақталады. Оның ядролық соғысқа ұласуы, тіпті шектеулі ядролық соққылар берілсе де, сансыз адам құрбандықтарына, экономикалық және мәдени орталықтардың күйреуіне, орасан зор аумақтық ластануына ұшыратуы мүмкін. Мұның өзі аймақтағы елдердің көпшілігінде экологиялық апатқа ұрындырады.

Интенсивтілігі орташа қақтығыс- қуатты экономикалық және әскери әлеуеті жоқ елдер арсындағы соғыс.

Интенсивтілігі орташа қақтығыстағы соғыс қимылдары тайталасушы тараптардың шектелуі күштер мен құралдарды қолдануымен, дәлдігі жоғары қару, радиоэлектрондық күрес құралдары мен басқа да қазіргі заманғы қару-жарақ түрлері және әскери техника белсенді түрде қолданылатын аумағы шектеулі ұрыс қимылдарымен тартысушы мемлекеттердің аумағында жүргізілуімен және олардың күллі аумағында әскерлерге, тыл, экономика және коммуникация объектілеріне зардабын тигізумен сипатталады.

Интенсивтілігі төмен қақтығыс - әр алуан қайшылықтарды, соғыс жағдайына көшпей-ақ, қарулы күрес құралдарымен шешу әрекеттері нәтижесінде туындаған қарулы қақтығыс.

Әдетте, мұндай қақтығыстар шекара іргесіндегі қарулы қақтығыстардың, сырттан қарулы құрылымдар мен топтардың енуінің, ел ішінде заңсыз қарулы құрылымдардың пайда болуының, терроршыл ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде туындайды.

Интенсивтілігі төмен қақтығыс- тайталасушы тараптардың әр текті күштер мен құралдары (шектеулі әскер контингенттерін, жүйесіз және басқа да құрылымдарды) қолдануымен, диверсиялық және террорлық іс-қимылдар жүргізуімен, қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника түрлерін кеңінен пайдалануға әзірлігімен сипатталады.

Мұндай қақтығыстар, әдетте, шапшаң, шектеулі сипатта болады. Қазіргі жағдайда мұндай сипаттағы қақтығыстардың туындауы неғұрлым ықтимал болып табылады.

  1. Әскери доктринаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары соғыс қатерін тұмшалау жөніндегі міндеттерді орындауға үнемі дайын тұруға тиіс.

Қазақстан Республикасына қарсы интенсивтігі төмен қақтығыстың ішкі саяси тұрақсыздану, мемлекеттік органдардың қызметіне іріткі салу, шиеленіс ошақтарын туғызу, ұлтаралық, діни алауыздықтарға арандату, мемлекетті саяси көнбестікке итермелеу, экстремистік идеялар тарату мақсатында тұтандырылуы мүмкін.

Интенсивтілігі төмен қақтығыс туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының мақсаты – шиеленіс ошағының кең ауқымды соғыс қимылдарына ұласып кетуіне жол бермеу, жанжал түйінін мемлекет үшін мейлінше төмен залалмен шешу.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары интенсивтілігі төмен қақтығыстарда, әдетте, оларды бейбіт құралдармен реттеуге жағдай туғызу мақсатында шиеленіс ошағын тұмшалау және соғыс қимылдарын мүмкіндігінше бастапқы кезінде тоқтату үшін қолданылатын болады.

Осы міндетті орындау үшін Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік әзірліктегі құрамалары мен бөлімдері тартылады. Қажеттілігіне орай олар Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерімен және құралымдарымен күшейтілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда әскерлер тобына басшылықты біртұтас (жалпы әскерлік) қолбасшылық жүзеге асырады.

Шекарадағы жанжал, әдетте, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің күштері мен құралдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамаларымен және бөлімдерімен өзара іс-қимылы арқылы шешіледі.

Сыртқы күштер Қазақстан республикасының ішкі ісіне қол сұғу үшін сылтау ретінде тұтандырар ішкі қаруды қақтығыстың туындау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай қақтығысты тұмшалап, ауыздықтау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қолдану Қазақстан Республикасының Конституциясына қатаң сәйкес жағдайда заңдылық пен құқық тәртібін қалпына келтіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халыққа қажетті көмек көрсету және жанжалды бейбіт жолмен шешуге жағдай туғызу мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасына қарсы интенсивтілігі орташа қақтығыстың экономикалық және қорғаныс әулетіне нұқсан келтіру, белгілі бір аумақты басып алу немесе мемлекетті елеулі саяси, аумақтық, экономикалық және басқа да көнбістікке мәжбүрлеу мақсатында тұтандырылуы мүмкін.

Мұндай қақтығыс мемлекет үшін қауіп туғызуы мүмкін, оның экономикалық және әскери әлеуетіне елеулі залал келтіреді.

Қазақстан Республикасы интенсивтілігі орташа қақтығыста ұмтылар мақсаты – агрессияға, бұл ретте одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесе отырып батыл тойтарыс беру, соғыс қимылдарының ауданын тұмшалау және орын алған қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеу, жөнінде шаралар қолдану болмақ.

Интенсивтілігі орташа қақтығысқа қатысу Қазақстан Республикасының барша аумағында немесе оның жекелеген облыстарына соғыс жағдайын енгізуді және ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялауды, мемлекеттің күллі қорғаныс және әскери-экономикалық әлеуетін немесе оның елеулі бөлігін пайдалануды қажет етуі мүмкін.

Интенсивтілігі орташа қақтығыстағы соғыс қимылдары, олардың ауқымының кеңеюі мен қатысушы мемлекеттер санының өсуіне, елеулі әскер (күштер) топтарының қосымша тартылуына қарай, өзінің сипаты мен мазмұны жағынан, интенсивтілігі жоғары қақтығысқа тән соғыс қимылдарына жуықтауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының интенсивтілігі орташа қақтығыстағы мақсаты мен міндеттеріне Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, жекелеген жағдайларда жүйесіз құралымдардың да, ал қажет болған жағдайда одақтас мемлекеттердің біріккен әскер (күштері) топтарының операциялар мен ұрыс қимылдарын дәйекті түрде жүргізуі арқылы қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасы мен Қарулы Күштері интенсивтілігі орташа қақтығыста соғыс қимылдарын жеткізуге дайын болуға, тұтқиылдан шабуыл жасауды болдырмауға тиіс, қатер төндіріліп отырған кезеңді агрессияға тойтарыс беруге әзірлену, қарулы Күштер мен одақтас мемлекеттердің біріккен әскер топтарын (күштерін) стратегиялық өрістеуді жүзеге асыруға жағдай жасау, елдің экономикалық кешенін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына уақытылы көшіру, мемлекеттік шекараны жабу, маңызды мемлекеттік және әскери объектілерді қорғауды күшейту, психологиялық күрес күштері мен құралдарын кеңінен қолдану, қарсыластың халыққа және әскердің жеке құрамына ақпараттық-психологиялық әсеріне қарсы іс-қимыл жасау үшін мақсатты пайдалануға тиіс.

Қазақстан Республикасына қарсы интенсивтілігі жоғары қақтығыс елдегі саяси билікті ауыстыру, мемлекеттік және әскери басқару жүйесіне іріткі салу, аумақтың елеулі бөлігін тартып алу, мемлекеттің қорғаныс әлеуетін толық жойып жіберу тәрізді түбегейлі әскери-саяси мақсаттармен тұтандырылуы мүмкін.

Интенсивтілі жоғары қақтығысқа қатысу Қазақстан Республикасының күллі адам және материалдық ресурстарын жаппай жұмылдыруды талап етеді.Қазақстан Республикасының мақсаты өзіне қарсы интенсивтілігі жоғары қақтығыс тұтындырудың алдын алудың саяси-құқықтық, ұйымдық-техникалық және өзге де халықаралық кепілдіктердің пәрменді жүйесін белсенді іздестіру және жасау болып табылады.Орта мерзімді болашақта Қазақстан Республикасы тартылатын мұндай қақтығыстың туындауы екіталай, мұның өзі көрші мемлекеттермен берік достық қарым-қатынастар орнықтыра отырып, сындарлы сыртқы саясат жүргізуге және Қазақстан Республикасына қарсы тікелей әскери агрессия қатерінің жоқтығына байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2.Әскери доктринада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.

3.Қазақстан Республикасы интенсивтілігі орташа қақтығыста ұмтылар мақсаты.

4.Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың негізгі белгілері.

5. Қазақстан Республикасын қарулы қорғаудың және қорғанысының әскери негіздері.

6.Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының бағыттары.

7.Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін, әскери-экономикалық қамтамасыз етудің негіздері.

Негізгі әдебиеттер:

1 Г.В.Средина Москва, «Просвещение» 2001г. Основы военно-патриотического воспитания.

2. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию. (под. ред. Ф.Е.Штыкало). Москва, «Просвещение» 2000г.

3. Адамбаев Е. Шешендік сөздер. 2004.

4. Қазақстан тарихы. А., Рауан, 2007

5. Кекілбаев А. Новое поколение. 5 ноября 1996г.

6. Қозыбаев М. 1986. Желтоқсан дақпырт және шындық. Егемен Қазақстан. 5 желтоқсан 1996.

7. Б Момышұлы. Психология войны. А., 2000

8. Сарсенбаев Н.С. Обычаи, традиции и общественная жизнь. А., 2002.

9. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. М., Просвещение. 2005.

10. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010

Қосымша әдебиеттер:

1.Алғашқы әскери дайындық. Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал.

2.Тасболатов А.Б. Бастауыш әскери дайындық. Алматы. 2000.

3. Т.Қарғабаев Гарнизондық қызметті ұйымдастыру., Түркістан, 2007.

4. Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007.

5. ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.Алматы 2007

81

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]