Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘПТ лекция тезистері.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
751.62 Кб
Скачать

4.Бақылау сұрақтары:

1.Төменгі,орта,үлкен жасөспірім жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу.

2.І-ІҮ сынып оқушыларына патриоттық сезімнің қалыптасуы.

3.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесіне отбасының тигізетін рөлі

4.Кіші мектеп жасында патриоттық сипаттағы ойындық іс-әрекеттердің маңызы

5. Ойын әрекетінде қаһармандық жағдайлардың әсері

Лекциялық сабақ №13,14

Тақырыбы Халықтың әскери және еңбек дәстүрлері бойынша жастарды тәрбиелеу»

Жоспары:

1.Ұрыстық және еңбек дәстүрлерінің мәні және оның тәрбиелік маңызы.

Сабақтың мақсаты: Халықтың әскери және еңбек дәстүрлері бойынша жастарды тәрбиелеу туралы. Қысқаша мәтіні: Халықтың әскери және еңбек дәстүрлері бойынша жастарды тәрбиелеу туралы.

1.Ұрыстық және еңбек дәстүрлерінің мәні және оның тәрбиелік маңызы.

Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. “Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:

“Туған жерге туың тік”.

“Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне”.

“Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас” (1) т.б. болып кете береді.

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.

Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.

Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.

Төле Би:

“Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол”.

Майқы Би:

“Бірлік түбі береке,

Береке түбі мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ойлаңдар”.

Қазыбек Би:

“Алтын ұяң-атаң қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат”.

Әйтеке Би:

“Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,

Біз үш жүз керіспейік, келісейік”.(2) Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады.

Немесе қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен. (3) Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады

Осыған қоса бабаларымыз, ел қорғаған азаматтарымыз: Бәйдібек баба, Қойгельді, Сыпатай, Сәмен, Рысбек, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Туғанбай, Тұрлығул т.б. істеген ерліктері бүгінгі қазақстандық патриотизмге негіз бола алады.

1941-1945 жылдардағы соғыста 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысып, соның жартысынан көбі елге ормалды. Сол соғыста мерт болды.

1941 жылы соғыстың алдыңғы шебі Брест қамалын қорғауда ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Г.Жұматов, Ш.Чултуров, Қ.Иманқұлов, Е.А.Качан, Ш.Сулейменов, М.Ниязов, Т.Сатыбалдин, Н.Сыдықов т.б.

Мәскеу түбіндегі Волокалам тас жол бойында ерлікпен күрескен В. Панфилов, Бауыржан Момышұлы басқарған 316-ыншы атқыштар дивизиясы, оның ішінде 28 батырлардың ерлік тарихы ерекше ел аузында аңызға айналды. (4)

1941-1945 жылғы соғыста 500 дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атанды. Батырлар санынан Қазақстан Одақтағы халықтар арасында ұшінші орында.

Солардың ішінде Кеңестер Одағының екі рет батыр атағын алғандар: Т.Бильгельдинов, И.Павлов, С.Луганский, Л.Беда. Батырларымыз М.Ғабдуллин, М.Бөкенбаев, С.Баймағамбетов, С.Шәкіров. Батырлықпен көзге түсіп, бірақ кезінде батыр ала алмаған жамбылдықтар Ы.Сүлейменов, А.Сухамбаев. Қазақстандық партизандар: Г.Омаров, С.Төлешов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, М.Мұқанов. Қыздарымыз Ә.Молдағұлова, М.Мәметоваларда ерліктің арқасында Кеңестер Одағының батыр атағын алғандар (4). Осылардың ерліктері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі екені айқын.

Қазақстандықтардың Отан соғысындағы ерліктері туралы белгілі ғалым-тарихшы-академик М.Қозыбаев кезінде еңбек жазып, сұрапыл соғыс жауынгерлерінің ерліктерін дүниежүзіне паш еткен. (5)

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің ән-ұранын, туын, ұлттық белгісін, ұлттық валютасын шығарып алға қадам басу керек болды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Бұл кезеңде “кеңестік патриотизм мен интернационализмді немен ауыстыру керек?”, деген сұрақ тұрды.

Осыған орай кейбір азаматтардың арасында: “Бізге тек ұлттық тәрбие, қазақтың ұлтжандылығы керек” деген сыңай танытты. Біз мұны бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санамаймыз. Себебі көп ұлтты мемлекетте басқа ұлт өкілдерін де сыйлауымыз керек. Оларда да ұлттық намыс бар. Сондықтан Қазақстан халқы татулықта, ауызбірлікте бірге еңбектеніп, оқып білім алу қажет. Ол үшін осындай мемлекеттің мемлекеттік, ұлттық идеологиясы болу керек. Соны қалыптастыру қажет. Оған қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ортақ істерінің маңызын насихаттау. Соған мұрындық болатын көп ұлтты мемлекеттің ортақ істерінің бірі 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының 60-жылдығын тойлау сияқты іс-шаралар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.

Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз” (.273)

Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: “Біз қайдан шықтық?, Біз кімміз?”, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?”,“Сол дәуірде не жоғалттық?”, “Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен , жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз?” т.б. сұрақтарға жауапты осы институт қабырғасында дәріс беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде жауаптар беру керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.

Осы сұрақтарға жауап беру үшін қатарлары сиреп бара жатқан тарихтың тірі куәгерлерімен кездесіп, солардан дәріс алу баршамыздың міндетіміз. Мәселен, ортамызда жүрген, кешегі Отан соғысын бастан аяқ атқарған, Даңқ орденінің иегері, ұстаз-профессор Шәбден Әділұлы. Немесе қаламыздың белгілі азаматы, екі дүркін Даңқ ордендерімен марапатталған Сраил Керімбаев, Отан соғысының ардагері, тарих ғылымының докторы, профессор Көкіш Рыспаев т.б. соғыс ардагерлерімен кездесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап іздеу жалапы болашақ ұстаздардың міндеті.

Тарихты кітаптан оқу өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі.

Жеңістің 60 жылдығына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі соғыс ардагерлері де өмірден өтеді. Біз осылардың куәсіміз. Соғыс ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады?

Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде.

Кешегі сұрапыл соғыста опат болғандарды есте сақтау үшін Жамбыл облысынан соғыстан қайтпағандарға арнап “Боздақтар” (7) кітабын шығарды. Мұның да патриоттық, ұлтаралық татулыққа мәні бар. Себебі онда осы облыстан соғысқа аттанып елеге оралмаған 112 мыңдай 18 ұлт өкілдерінің өмірбаяны берілген.

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ “Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- Президент.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан.Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.

Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.

Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.

“Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең” Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс.

Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.

Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде былай деген:

“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадымына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті, болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.

Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гумнаитарлық пәндердің мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы

2. Ұлттық тағылым.

3. Қазақстандық патриоттық тәрбие.

4. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі.

5. Жалпы ұлттық тәрбие

6. Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүрі

7. Қазақстандық патриотизм

Лекциялық сабақ №15.

Тақырыбы:" Ұрпақтар сабақтастығы концепциясының мазмұны."

Жоспары:

1.Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогрестік жағдайы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

Қысқаша мәтіні: Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

1.Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогрестік жағдайы.

Қазіргі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің мынадай негізгі бағыттарына ықпал етуі қажет.

Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа идеологиясын жасау.

Республика азаматтарының осы жаңа идеологияны терең түсініп, меңгеруі. Қазақстан Республикасын Өз Отаны деп түсінуі.

Қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік және мемлекеттік құрылымдар тарапынан патриоттық тәрбиеге байланысты жұмыстардың нәтижелілігін тексеру және жүйелі түрде жоспарлап отыру.

Республика бойынша біртұтас халықтық-шаруашылық кешен жасау, Қазақстандағы ұлттық қоғамдастықтар арсындағы өзара байланысты жетілдіру.

Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар, партиялар, мемлекеттік құрылымдар, электрондық техника, баспаның рөлін дамыту.

Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

Азаматтардың Қазақстан Респуликасының экономикалық, мәдени және әскери күшін нығайту, оның мүдделерін қорғау тәрізді патриоттық парыз сезіміне жауапкершілігін калыптастыру.

Елдің барлық азаматтарын ұлтшылдыққа, шовинистікке, экстремизм мен сепаратизмге төзбестік рухта тәрбиелеу.

Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызды рөл атқарады. Оған дәлел ретінде Н.С.Сарсенбаевтің сөзін келтіруге болады: "ұлттық дәстүрлер дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлері не құндылық көзқарасын көрсететін тұрақты, қайталанып тұратын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін бұқаралық нормалар, принциптер, қызметтер, сезімдер, идеялар түрінде берілген қоғамдық қатынастардың өмір сүруінің арнайы формалары".

Кәдімгі жанұяны мысалға алайық. Әрбір ұлттың өз дәстүрі бар. Бұл жанұяға нәресте келді делік. Осы жанұя баланың жастайынан бастап барлық дәстүрлерді сақтап, орындап жүрсе онда бұл баланың бойында ерекше бір сезім қалыптаса бастайды.

Ол істеліп жатқан дәстүрлерге үйреніп, олардың ата тегінен бастап келе жатқанын сезінеді. Сөйтіп, оның бойына ата-бабасынан келе жатқан ұлттық дәстүрлер қалыптасып, ол оны келешекте келер ұрпаққа жеткізетін болады.

Әрбір халықты өзінің тарихы, мәдениеті мен тілінің дамуына тікелей байланысты туған өлкесіне деген үлкен махаббат пен қимастық сезім бар.

Тарихты халық жасайды. Тарих қоғамның даму заңдылықтары негізінде жасалады, оны кері жүргізуге болмайды. Егер қандай да бір елдің экономикасы нашар болса, онда бұл елдің азаматтары барлық өзгерістерге, жаңалықтарға немқұрайлы болады. Себебі әрбір адам тек өз қамын ойлай бастайды. Бірақ біздің пайымдауымызша, ұйымшылдық жоқ жерде нәтиже де, прогресс те, нақты шешім де жоқ.

Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі - ерлік. Ерлік жасаған адам сөзсіз патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл сөзге, ұғымға тоқталмас бұрын біз "ер" сөзіне түсінік беруге тырысайық. В.Дальдың түсіндірме сөздігінде "Ер" деген сөз "ержүрек, жауынгер, күрескер, батыр, ғажайып-жауынгер, жалпы соғыста да, бейбіт өмірде де жәрдемші деп түсіндіріледі".

КСРО Ғылым академиясының қазіргі орыс әдеби сөздігі "ер" сөзін былайша түсіндіреді: "Ерлік жасайтын адам, соғыста батылдығымен ерекшеленген жауынгер, батырлық - батырға тән-айбынды. Ерлік - батырлық жасауға даяр болу, батылдық, табандылық, жанкештілік ".

Ерлік деген ұғымға тоқталмас бұрын біз осы сөздің түбірі болып келетін "ер" сөзіне әр түрлі мағынасын бердік, бірақ бәрінің негізінде ержүректік, батылдық, табандылық деген ұғым жатыр.

Сонымен, "ер" деген сөзбен осы түбірден жасалатын басқа да сөздер мен анықтамалар патриотизмнің төмендегідей категорияларымен санадан тыс-ақ үйлесе қолданылады: ержүрек, батылдық, жасампаздық, шешімділік, табандылық, шыдамдылық, берілгендік.

Ғылыми әдебиетте бұл құбылыс жеткілікті зерттелген. Біз қарастырып отырған әлеуметтік - психологиялық феноменге мынадай анықтама берілген: "Ерлік дегеніміз - халықтың, топтың, жеке адамдардың прогрессивті қоғам үшін күресіндегі жанкештілігі, табандылығы, жаужүректігі".

Белгілі ғалым Қ.Жарықбаев "Бауыржан Момышұлы" атты еңбегінде былай дейді: "Адам бойындағы бүкіл жақсы - жаман қасиетте алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік, қорқақтық пен қоян жүректіліктің нағыз сынға түсер жері осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. Тек ұрыста ғана, - дейді Бауыржан Момышұлы, - адамның барлық қасиеті сынға түседі..." . "Бауыржан Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға аса назар аударып, әр түрлі этностар қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, украин, беларусь, орыс, т.б. бойындағы жақсы қасиеттерді көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуте үнемі зор мән беріп отырады" - деп ерліктің мағынасына терең талдау жасайды. "Психология" атты еңбегінде автор: "Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатқа шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдік рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет" - деп, ерлік ұғымына терең анықтама берген.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі бағыттар.

2.Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі .

3.Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызы.

4.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар.

5.Қазақстандық патриоттық сезімнің мақсаты

Лекциялық сабақ №16

Тақырыбы:"Бастапқы әскери дайындық және басқа сабақтарда оқушы жастарға әскери патриоттық тәрбие беру"

Жоспары:

1.Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.

Сабақтың мақсаты: Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,көзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.

Қысқаша мәтіні: Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығын т.б. қалыптастыру жолдары.

1.Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.

Жастарды еліміздің тәуелсіздігін қорғауға дайындау жүйесін құруда, оның тиімділігін арттыруда Отан қорғаушылардың дайындықтарының табиғатын ашып көрсететін, жеке тұлғаның күрделі қасиеті мен әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын білу ерекше маңызға ие.

Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығы бөлініп көрінеді. Сонымен бірге Отанды қорғауға дайындық туралы түсініктер осы күрделі сапаның, оның бүтіндік табиғатын толық ашып бере алмайды. Соңғысы өз өміріне қауіп төнсе де Отан қорғауға дайындықты дамытуды, кейбір жекелеген мінездің жағымды белгілерін қалыптастырумен алмастыруға болмайды. Сондықган бүтіндей оқу-тәрбие процесін құру үшін Отанды қорғауға дайындықты қамтамасыз етуді қалыптастыратын түсініктерді толығымен білу қажет. Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырушыларға осыған байланысты жалпы педагогика, психология, сонымен қатар әскери педагогика, психология саласының білімдерін білудің үлкен маңызы бар, яғни Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері болып табылады, оған мынадай касиеттер кіреді: көзқарастар, әсерленушілік, қандай қиын жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.

Бұл қасиетердің барлығы өздігінен өмір сүрмейді, олар бір-бірімен іштей байланысты және өздерінің бірлігімен адамның ең бір басты қасиеті болып есептелетін Отанды қорғауға дайындықтың тұтас құрылымын анықтайды.

Осыған байланысты әскери іске дайындық көрсеткішін мынадай екі топқа: жалпы және арнайы деп бөлген жөн.

Жалпы талаптар - бұлар интегративті белгілер, олар жалпы алғанда Отанды қорғауға дайындықтың қалыптасқандығын анықтайды.

Оларға мыналар жатады:

- Отанды қорғауға деген тұрақты сенім, өздерінің өмірлік жоспарларында отанды қорғауға деген патриоттык және интернационалдық міндетін терең сезінуі;

- Еліміздің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына және олардың Қазақстан Қарулы Күштері мен еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайлау жолында істеген іс-шараларына деген сенім;

- Қазақстан Қарулы Күштер қатарында өз міндетін атқарғанда кездесетін моральдық және денеге түсетін ауыртпалықты қажырлылықпен көтеруге өз бетінше дайындалуы, еліміздің тәуелсіздігіне қол сұққан кез-келген агрессорға қарулы тойтарыс беру, Отанды қорғауға дайындықтағы саналы әлеуметтік жауапкершілік, әскери жарғылар мен басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындауға қабілеттілік, оларды Отанның берген бұйрығы деп қабылдау, өзінің тәртібін өз бетінше өзі реттеу;

- әскери тәртіптің талаптары мен ережелерін қандай жағжайда болмасын орындауға дайындық, оның ішінде стресс, қауіпті жағдайларда т.б. төтенше жағдайларда батыл әрекеттер мен істер істеуге дайындығы;

- әскери-патриоттық тәрбие қызметіндегі практикалық және іштей саналы түрде ұғынған тәжірибесінің әртүрлі формаларының бар болуы;

Арнайы талаптар: Отан қорғауға дайындықтын кейбір жақтары мен компоненттеріне қатысты. Олар, сонымен қатар маңыздылығы жағынан біртекті емес және бірнеше топқа бөлінеді.

Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар:

- Оқушылар соғыстың тұтану қаупін тойтарушы факторы біздің Отанымыздың әскери құдіреті екендігіне, оның әрбір адамның еңбегімен жасалатынында және өзінің одан әрі дамуына терең білімнің, бейімділіктің және шығармашылық қабілеттің, жоғары еңбекқорлықтың және ұйымшылдықтың, тәртіптіліктің талап етілетінін сезінуі тиіс;

- Қазақстан халқының еңбектегі ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлерін сезімталдықпен қабылдау;

- оқушылардың Отан алдыңдағы азаматтық және әскери міндетін орындауға өз бетімен дайындалуын реттейтін жинақтап қорытылған мақсаттарының болуы;

- әлеуметтік сезімнің болуы (патриоттық интернационалистік парыз, жауына деген өшпенділік, отанды қорғауға деген жеке жауапкершілік, жоғары қарғылық), "патриот", "Отан", "әскери міндеті", "жаужүрістік", "батырлық", "қаһармандық" сияқты базистік түсініктер мен категориялардың мазмұнын терең меңгеру.

Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Танымдық психологиялық процестердің жоғары дәрежеде дамуы қалай болса солай есте сақтау, ойлау жылдамдығы, жігерлік қасиеті (табандылық, батылдық, ерлік сезімнің тұрақтылығы, мақсаттылық, орындаушылық, қауіп-қатерге баруға саналы дайындығы және сүйетін Отаны үшін өзін құрбан қылуға дайындығы), сезімдік қасиеттер Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпенділік т.б., әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (ұжымшылдық, жолдастық, өзара жәрдем).

Әскери-техникалық дайындыққа қойылатын арнайы талаптар:

  • Қарулы күрестегі адам мен әскери техниканың қатысатын, ғылыми-техникалық революцияның мәнін және оның әскери доктринасының жаратылыстанулық-ғылыми негізін, жаңа техниканың адамға қоятын талаптарын білу;

  • алғашқы әскери дайындықтың азаматтық қорғаныстың ептіліктері мен дағдыларынан хабарының болуы (тактикалық, ату дайындығынан, саптық даярлықтан, әскери топографиядан);

  • Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы туралы бөлімнің (тарихы, әскерлердің жарғылары), техника мен қаруға деген қызығушылығы, олардың жоғары мүмкіндігіне деген берік сенім, нақты әскери мамандықты игеруге қажетті әскери-техникалық дағдылар мен ептіліктерінің бар болуы; аталған білімдер, дағдылар мен ептіліктерді әскери қызметтің басқа бір түрінде ауыстырып қолдану мүмкіндігі;

  • нақты әскери қолданбады қызметтегі әрекет өрісінен тәжрибесінің болуы (автомобильді, тракторды, мотоциклді жүргізу, мылтық ата білу, парашютпен секіру т.б.), әскери техника мен қаруды, жауынгерлік тапсырманы шешу үшін барынша жұмылдыра білуі.

  • Әскери-техникалық іс-әрекет жағдайларында жалпы техникалық ептіліктер мен дағдыларды ауыстырып қолдана білу қабілеті.

Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Жалпы дене дайындығы сапасын, күшін, жылдамдығын, ептілігін және шыдамдылығын Отан қорғаумен байланысты қызметтерді орындауға қажетті дамыту;

- арнайы дене жағынан даму саласының болуы: тербілеске, тау ауруларына тұрақтылық, ыстық климат жағдайында және су ішуге шектеу қойылған режимдегі іс-әрекеттерге тұрақтылық, типовентиляция (қозғалыс үйлесімдігін сақтауға әсер ететін салалар, шамадан артық жиіленген дем алыс кезіндегі психикалық процестердің өнімділігі) арнайы жабдықтармен әрекет етуге дайын болу т.б.;

-Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасқанын көрсететін жоғарыда ұсынылған көрсеткіштер әскери-патриоттық тәрбие өрісінде және оларды іске асыру құралын іздестіруде ғылыми мақсат қоюдың негізі ретінде қызмет атқарады. Соның ішінде кейбір белгілерінің болуы немесе болмауы Отанды қорғауға дайындықгың қалыптасқандығын түпкілікті куәландыра алмайды.

Жоғарыда айтылғандар әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тәрбие жұмысы берілген бағытының көп жақтылығына және күрделілігіне байланысты. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты, өзіне тәрбие процесінің негізгі бағыттарын жинақтайтын сияқты болып көрінеді.

Тәрбиенің нақты мақсатын анықтау үшін, мұғалім өзінің қарастырып отырған мақсатын өзі оқу тәрбие жұмысын жүргізетін сыныптардағы оқушылардың жас өзгершілігі мен арақатынасын анықтау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]