- •1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.
- •1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
- •1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
4.Бақылау сұрақтары:
1.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі бағыттар.
2.Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі .
3.Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызы.
4.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар.
5.Қазақстандық патриоттық сезімнің мақсаты
Лекциялық сабақ №9.
Тақырыбы: «Мемлекеттің бірізділгі: жаңа моделдің инвариантары»
Жоспары:
1.Мемлекеттің бірізділігі: жетістік жолдары
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің бірізділігі: жетістік жолдары мен мәнін ашып жеткізу.
Қысқаша мәтіні: Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалардың еліміздің жастарына сезіндіруді көрсете жеткізе білу туралы .
1.Мемлекеттің бірізділігі: жетістік жолдары
Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалар да дәлелдейді. Солардың ішіндегі ұмытылмас тарихи оқиға - Ұлы Отан соғысы. 1943 жылы шыққан "Правда" газетінің алдыңғы беттерінде былай деп жазылған: "Қазақтар майдан даласында өте тамаша соғысады, майдан үшін олардың әкелері, аналары мен әйелдері аянбай, ерінбей еңбек етуде". Ал ағылшын жазушысы Александр Верттің "Ресей 1941-1945 жылдардағы соғыста" деген кітабында: "Қызыл Армияның кейбір ең қайсар солдаттары қазақтар болды, бүкіл соғыс бойында өзін тек жақсы жақтан көрсеткен солдаттар - қазақтар болды, ал Сталинград майданында ең үздік солдаттар ішінде Орта Азия халықтарының өкілдері - қырғыздар, қазақтар, өзбектер, башқұрттар" - деп жазылған. Оған біздің батырларымыз Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаевтың, Бауыржан Момышұлының ерліктері дәлел бола алады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да бұл тұрғыдан көп жайтты аңғартқандай. Қазақ жастарының ұлттық намысының, туған елге деген сүйіспеншілігінің жоғары екендіғін Елбасы Н.Ә.Назарбаев былайша атап көрсстті: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтін өз халқының атынан ашық мәлімдеді». Ал Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаевтің тұжырымы бойынша: «Желтоқсан оқиғасы дауыл алдындағы тыныштықтың астан-кестеңін шығарды. Сырттай қарағанда мызғымастай көрінетін коммунистік идеологияның сенімнен біржола айырылуын тездетіп берді. Осы орайда, қозғалысты біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға /ұлттық өзін-өзі тану сезімінің оянуы/ ретінде, екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі /одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген/ оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар /социалистік лагерьдің күйреунің басталуы/ аса көп сипаты әлеуметтік сілкініс аты шулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес».
Академик М.Қозыбай өзінің мақаласында батыс социалистерінің бірі Э.Гилденстің төмендегі сөздерін келтіреді: "Жастардың желтоқсандық бас көтеруінде жалпы мақсат қандай айқын көрінсе, ұжымдық сипатты, бұқаралық стихияның әуенімен кетіп, шектен шыға, ауажайылушылықтың да орын алғаны сондай айқын. Яғни, желтоқсан демократиялық, ұлт азаттық козғалыстың жарқын бастамасы".
Осы айтылған ойларды түйіндей отырып, біз «Патриотизм дегеніміз-қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және таптық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі» - деп ойлаймыз.
Патриоттық сезім белгілі бір жағдайларға байланысты байқалады. Ол жағдайлар адамдардың, халықтардың әлуметтік, экономикалық тұрмыс жағдайлары да болуы мүмкін.
Патриотизм гректің partis - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Кейінірек ол Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіріп, жиынтық ұғымға ұласқан.
Патриоттық идея - отаншылдық сезім адамға туа біткен қасиет емес. Ол жүре түзілетін, адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасқан психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік - қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінін қуаттап, қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
"Патриотизм" деген ұғымға бүгінгі ғылыми еңбектерде, белгілі бір түсіндірме сөздіктерде, әдістемелік құралдарда бірқатар түсінік-анықтамалар берілген. Мысалы:
"Социалистік қоғам азаматының патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақтастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады".
"... патриотизм - өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік ... Пролетарлық интернационализммен берік байланысқан".
"... патриотизм ... /грек тілінен аударғанда Отан/ -әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты, бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан-Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принціпі".
"Социалистік патриотизмге өзінің социалистік Отанына, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне деген шексіз сүйіспеншілік, социализм жеңістеріне деген мақтаныш, өз мемлекетінің экономикалық және саяси куатын арттыруға бағытталған әлеуметтік белсенділік, Отанын, оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тәк".
"Патриотизм ұғымының мазмұнына Отанға, туып өскен жерге деген суйіспеншілік, халықтың тарихи жеңістеріне деген мақтаныш сезім кіреді".
Әрине, осы мысал ретінде келтірілген түсініктемелердің әрқайсысының белгілі бір мәні, мағынасы бар. Сондықтан да біреуі дұрыс, екіншісі қате деп айтуға болмайды. Түсініктердің бәрін де қолдаймыз, олар идеяның мән-мағынасын толық ашып көрсетеді. Біз осы түсініктерді қолдай отырып, өз түсінігімізді беруге тырыстық.
Біздің көзқарасымыз бойынша, «Патриотизм» дегеніміз - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихи ортада қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.
Әрбір халық өз Отанының, яғни, өзі туған, өзі өскен, өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси, мәдени ортаның әлуметтік және мәдени дамуына мүдделі, әрбір халықтың Отанын, туған тілін, мәдениетін жат елдік басқыншылардан қорғауға байланысты белгілі бір ортақ мүддесі болады.
Патриоттық сезім ұрпақтан ұрпаққа дамып, нығайып жетіліп отырады. Себебі өсіп келе жатқан ұрпақ ата-бабаларының жасаған ерліктерінен, тарихта қалдырған жеңістерінен үлгі алады. Егер ол атаның емес, елдің баласы болса, онда ол ата дәстүрін ту етіп алға, жақсылыққа, елдің барлық тұрғыдан дамуына атсалысады. Бірақ әрине бір адам ештеңе де істей алмайды, әйтседе ұйымшылдық керек. Ұйымшылдық бар жерде нәтиже де бар, нақты сұраққа жауап та табылады.
Патриотизм өз халқының шығармашылық күші мен болашағына деген сенімсіздікпен қатар өмір сүре алмайды. Егер біз өсіп келе жатқан ұрпақ келешекте болатын жақсылыққа сенімсіздікпен қарасақ, тек шет елдердің мәдениетіне қызықсақ, оларға еліктесек, онда қандай жарқын келешек туралы сөз қозғауға болады.
Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын тікелей сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».
Біздің ойымызша, патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі - онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі. Адам өз халқымен қан жағынан да, не шыққан тегі, қоршаған орта, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез құлқы, психологиялық және этникалық ерекшіліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да, әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшіліктерімен де байланысты болады. Мұның бәрін міндетті түрде есепке алу керек және оларды жастарға күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік үғымының жалпы арнасына бағыттап отыру керек.
Егер кімде-кім өз халқына, оның болашағына сенбесе, ол өз тағдыры үшін де үйренеледі, тек өз қамын ойласа, тек қара басының қамын қызғыштай қорғаған ол Отанының, халқының патриоты, халқының ұлы, батыры бола алмайды.
Қазір Отанға деген сүйіспеншілік қандай дәрежеде қалыптасқан? Өйткені, әміршіл-әкімшілік социализм жоғалған соң, адамдар санасына пайда болған вакуумды ұлтшыл-патриоттық, ұлы мемлекеттік сана-сезімнің, сепаратизмнің идеялары толтырмақ. Тек соңғы жылдары ғана "Қазақстандық патриотизм" ұғымына терең мән берілуде. Отанға деген сүйіспеншілік әркімде болуы керк. Орта жүздің биі Қазыбек би айтқанда:
"Алтың ұяң - Отан қымбат,
Туып өскен жерің қымбат.
Кіндік кескен елің қымбат,
Ар менен ұят қымбат".
Қазақстандық патриотизм халқының құрамдас бөлігі ретінде берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Патриотизмді шовинизм мен ұлтшылдықпен салыстыруға болмайды. Олар қарама-қарсы мағынада десек те болады. Себебі, патрмотизм ол басқа халықтарға деген құрмет сезіміне, бүкіл адамзат туралы адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншілікке үлгі бола алады.
Біздің ойымызша, алдымен мемлекеттің негізін құрайтын ұлттық бірлестік жүзеге асқан жағдайда ғана толыққанды ұлттық патриотизм болуы мүмкін. Ұлттың әр түрлі қарама-қарсы топтарға жіктеліп, бөлінуі толыққанды патриотизм тудыра алмайды және бұл Отанның өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін. Нақтылай түссек, сөз қазақтар арасында рулық бөлшектену мен ор алуан платформалар арасындағы жіктелуді жою туралы болып отыр.
Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші - ұлттық-этникалық, екінші - жалпы адамзаттық және үшінші- әлеуметтік-топтық. Ұлттық-этникалық дегеніміз - ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілік. Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекетте осында тұратын ұлттардың жалпы республикалық және ұлттың айырықша мүдделері үйлесім табуы қажет. Сондықтан қазақстандық патриотизм туралы айтқанда республикада тұратын ұлттар- қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, қырғыз, ағылшын, татар т.б. ұлттар патриотизмі туралы да айтқан абзал. Қазақстанда тұратын орыс ұлты өз мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншіліктен басқа Қазақстанға да өз Отаны ретінде сүйіспеншілік қалыптасады, қазақстандық ұлттық намыс пайда болады. Бұның бәрі жаңа процестердің бастамасы. Қазақстандық патриотизм ерекшіліктері қалыптасу үшін ресиубликадағы халықтардың ұлттық келісім мен достығы нығая түсуі үшін тарихи уақыт керек.
Патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударыла бастауы бірқатар себептерге, ең алдымен КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Отанды қорғау мен дамыту мәселесінің қиындай және тереңдей түсуіне, Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуына байланысты.
Отанның адамдар санасындағы бейнесі тек қана тікелей емес, шағын ортаға, жеке адамның сайлау белседілігіне, бұқаралық ақпарат құралдарын, ауызша және жазбаша сөзді пайдаланатын саяси-тәрбиелік, идеологиялық жүйеге байланысты көрінеді. Сондықтан патриоттық сананың белсенділігі, оның үнемі жанданып тұратын функциясы көп жағдайда қазақстандық патриоттық тәрбиеге байланысты.
Қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамның, әлеуметтік, ұлттық топтардың патриоттық қызметке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын моральдык-саяси, кәсіби және дене күші қасиеттерін қалыптастыру.
Патриоттық әрекет деген отанның, жеке адамның, әлеуметтің, ұлттық топтардың дамуына және әлеуметтік жағымды себептерге негізделген кез-келген қызмет түрлері.
Патриоттық тәрбие үрдісінде өз Отанына деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, мемлекеттің экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси, әскери және спорттық потенциалын дамытуға ұмтылу, оны идеологиялық, саяси, тіпті қажет болса, әскери жағдайда корғауға дайын болу қажеттері қалыптасады.
Адам меңгерген әлеуметтік және ұлттық құндылықтар рухани мықтылықтың, батылдық пен ерліктің көзі болып табылады. Отан алдындағы парызды орындау жолындағы қиындықтарды жеңуге жәрдем десетін қасиеттер мен ерекшіліктерге айналады. Қазақстандық патриотизм қазақ ұлтының республикадағы басқа ұлттармен өзара катынасы негізіндегі нақты принциптер бойынша қалыптасады.
Бақылау сұрақтары:
1.Патриоттық идеялар.
2.Патриоттық сезімді қалыптастыратын әрекеттер.
3.Қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
4.Патриоттық сезімнің мақсаты
5.Патриоттизм деген сөзге түсініктеме.
Лекциялық сабақ №10
Тақырыбы: «Жалпы білім беру мектептерінде әскери-патриоттық жұмыстың ұйымдастыру»
Жоспары:
1.Жастардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,көзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.
Қысқаша мәтіні: Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығын т.б. қалыптастыру жолдары.
1.Жастардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу.
Біздің мемлекетіміздің ең маңызды қызметінің бірі жастар мен оқушыларды әскери – патриоттыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі меңгеруіне төтенше жағдайларда қорғаныс әдістерінің жабдықтарыншебер меңгерулері қажет.
1996 жылы 1 қара шада Қазақстан Республикасы үкіметінің жалпы білім беретін мектептер мен арнайы арнайы орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты енгізу туралы қаулысы қабылданған.
Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы үкіметі , министріліктер және мемлекеттік комиттер, жергілікті атқарушы органдар басшылық жасайды.
Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін , мемлекетік қорғаныс негіздерін жастарға оқып – ұйрету мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы қарулы күштері жарғысында әкери ант берудің негізгі талаптарын,Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметтегі құрметті міндеттерінің маңызын, оның ерекшеліктері мен қырларын, Қ азақстан Республикасы Қарулы күштерінің міндеттерін түсіндіру. Әскери бөлімдегі әскери техникалар, қарулармен және оның орналасуы жеке құрамның өмірімен байланысты. Әскери білімге қажетті төтенше жағдайларда адам өмірін қауіпсіздендіру негіздерін меңгеру.
Әскери патриоттылыққа тәрбиелеудегі ең басты мақсат, жастарды өзінің халқына деген адалдыққа, көз жеткізе тәрбиелеуге, олардағы ұлт аралық сезім рухына, өз отанын қолына қару алып қажырлық пен білгірлік көрсете қорғауға үнемі дайын болуға, өзінің азаматтық борышын адал орындауға жан – жақты дамыта тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие жастарға әскери іске қызуғышылыққа, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбиенің өзегі отан қорғаушы жас адамдардың адамгершілік- саяси және псиологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды.
Республика азаматының міндеттерін ең қиын жағдайларда, сондай ақ бейбіт немесе әскери уақытталайықты орындайтын, әскери қызметтің барлық ауыртпалығын табандылықпен өткеруге дайын.Отанының сенімді патриоттарын тәрбиелеу қажет.
Келесі әскери – патриоттық тәрбие бағыты- оқушылардың жауынгекрлік сапасын реттейтінәскери техникалық даярлық, оның құрамына кіретіндер:
Әскери білім.
Жауынгерлік шеберлік
Тәртіптік және ұйымдастыру
Әскери және флоттық серіктестік :
Командирлер мен басшылылардың бұйрықтарымен өкімдерін, жарғылары мен әскери анттың талаптарын мүлтіксіз орындау.
Әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеудің үшінші бағыты, жастардың дене шынықтыруы. Ол жауынгерлік жағдайында, сондай – ақ күнделікті әскери қызметте шыдамдылық , ауыр дене жүктемелерін өткеруге қалыптасуына көмек жасайды.
Дене шынықтыру тек қана сергектік пен сенімді көзқарас ғана емес , бұл бос уақытты дұрыс қолдана білуді ұйымдастыру, Отан қорғауға және еңбек етуге дайын болуға маңызды әсер етуі болып саналады.Жастарды әскери қызметке денесін шынықтырып дайындау ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жас адамның дене дамуы , оның денсаулығынын жағдайы осы құрметті де, жауапты ауыр міндеттерді атқаруына өте үлкен маңыз береді.
Жастарға әскери- патриоттық тәрбие беруде ажырамас құрамды бөлігі болып бұқаралық қорғаныс және спорт жұмыстарын өткізу саналады. Бұл жұмыс біздің мемлекетімізді қорғау үшін қажетті, әскери білім мен дағдыларды меңгеруіне, жастардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыру жұйесіне мемлекеттік және қоғамдықұйымдардың шаралары кіреді.Жақсы қойылған бұқаралық қорғаныс жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстарды, тек сабақта алған білімі, дағдысы мен шеберлігін тәжірбие жүзіндеқолданып бекітуге ғана емес , сонымен қатар оқушылардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Әскери жетекші АӘД бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру
Үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланыста бола алады.
Әскери – патриоттық тәрбиенің нәтижесы алдын ала қойылған мақсат пен тапсырмаларды сәйкс айқын қортындыға жетуымен бекітіледі.
Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екні анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери- патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.
Нақты – тарихи қағида, әскери патриоттық жұмыс жастарды тәрбиелеуде ерлік тарихымен , Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тамаша дәстүрімен тығыз байланыста үйлесін тауып жатады.Тарихты тұрмаламай нақты тарихи мәліметтермен оқыту ерекше маңызды саналады. Отан сүйгіштік сезім мен жасөспірімдердің мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік , өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу , олардың сенімін жеңіп алу , ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірімдер мектеп бітіргенен соң әскери форма киетінін ескерсек. Осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйінспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.
Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларғаӘскери патриоттықтәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби- техникалық мектептер мен мұғалымдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әкери патриоттың тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық.
Әскер және әскери – теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстырылып қалыптастырылады. Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің , кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады.
Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған. Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызуғышылық танытады.Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте отан қорғауда ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әректтерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық байланысын көрсете отырып жеткізу қажет. Бұған оқушылардың ұшақ және тікұшақ, корабль, су асты қайығы, пушкалармен мен жаяу әскердің шабылуы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады. Бүндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс.
Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті. Мұның мәнісі- тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз.Яғни таптық идеяны ту етіп ұстаған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.
Біріншіден, ұлттық дәстүрлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.
Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесінде тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық психология сипаттарын нығайтады.
Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлтық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Төртіншіден, қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжірбиесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретудің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер ртіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп, дағды мен машық түрінде берілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.
Адам тәрбиесінде салт- дәстүрлердің алатын орны маңызды болуының басты шарты- бұл салт дәстүрлердің рухани- парасат құндылықтары тұрғысынан ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, дамып келе жатқандығында. Айта кету керек , салттар мен дәстүрлер бірімен – бірі тығыз байланыста. Тіпті, оларды ажыратып алудың өзі қиын.
Салттар дегеніміз- тарихи кезкңдерде қалыптасқан, адамдардың қоғамдық қатынастарының, тіршілігі мен тұрмысының белгілі бір дәрежеде сипаты бар нормалары.Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, жалғасып отырады.
Анықтама түрінде пайымдайтын болсақ: Дәстүрлер дегеніміз тұрақты қайталанып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын, көпке тән нормалар, идеялар, принциптер, іс- әрекеттер, сезімдер түрінде қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекше көрінісі. Ол ар материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлеріне адамдардың құндылықтар ретінде қарауын анықтайды.
Басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда, дәстүрлер мына ерекшеліктермен оқшауланады: Іс- әрекеттер , идеялар мен сезімдер жалпыға ортақ, бұлжымайтын, қасиетті түсінікке ие болса ғана дәстүр болып танылады.Дәстүрлік нормалар, іс- әрекеттер, идеялар, көзқарастар, сезімдер белгілі дәрежеде халықтың әлеументтік, идеялық, рухани тәжірбиесін бейнелейді. Олар нақты бір материалдық және рухани мәдениетке байланысты түрде көрінеді.
Қоғамдық қатынастардың түрлері бола тұра дәстүрлер халық тіршілігінің материалдық, мінез- құлықтық, идеологиялық және рухани өмірінің көрінісі болып табылады. Дәстүрлер, әдетте заттық- салттық іс- әрекеттен көрінеді.Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлер тек қана әлеументтік- психологиялық құбылыс ретінде танылып келеді.Патриотизмді қалыптастырудың және дамытудың жолдарының бірі жеке адамның санасында ұлттық сезімді бірікткру болып табылады. Әлбетте, адам қоғамнан тыс адам болмайды ғой. Әрбір адам белгілі бір ұлттың немесе белгілі бір ұлттың өкілі ретінде көрінеді. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы.Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді.Негізі ұлттық сезім- рухани құбылыс.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады.Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз,- ең алдымен қазақ халқына сүйінспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтырын бойына сіңіру болып табылады. Тереңдірек пайымдасақ, мұның өз ұлттардың ұласуына бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы қазақ патриотизмін күшейте түседі.Халық зердесінде өткен замандардың өшіп қалған материалдық, рухани мәдениетін, озық дәстүрлерін жаңғырту, оның ішінде ұлттық спорттың бүкіл байлығы мен қазынасын қалпына келтіру арқылы патриоттық сезім жаңа сипат алады.
Заты, патриоттық сезім қанмен берілмейді, нақты тарихи жағдайларда ұзақ уақыт бойы қалыптасыды.
Ұлтшыл- жікшілердің көп алдындағы көпірме ұрандарын қолдап, өзінің бақай есебін күйттейтіндер, әсте, патриот емес.
Туған елінің күш қуатын,беделін артыруға бір мысқалда пайда қоспастан, елдестерінің игілігіне немқұрайлы қарап, Отанға берілгендігін және оны сүйетіндігін дабыра етіп, ант- су ішетіндер патриот емес.
Күні кеше ғана біз Отан үшін отқа түсіп, туған жердің әр сүйемі үшін жанын пида еткендерді патриот деп, қоғам үшін, мемлекетүшін аянбай жұмыс істегендерді патриот деп санағамыз.Олардың әрқайсысын: кәсібіне, ұлтына, ақ- қарасына, көзінің қиығына қарамастан бәрін патрит дедік, оларды мақтан тұтық, мақтадық. Ал, қазір не болып жатыр, әркім өзінің ата бабасына батыр тауып тегін дәріптеп жатыр. Ең бастысы өз ұлтына даңқты адам іздеп, солардың атақтарын аспандатып, есімін жаңғырту болуда. Міне, қандай патриот бас көтеріп келеді. Адамдар өміріндегі мінез- құлық, өзін-өзі ұстау тәртібі, рәсімдер мен салттар, көпке ортақ қағидалар көп жағдайда психологиялық деңгейде ғана көрінеді. Әлеументтік топтың ортасында жеке адам дәстүрлер мен қағидалардың құлы бола тындығы жалған емес. Бұл арада қоғамдық пікір деп аталатын тылсым адамды басымырақ билейді.Қоғамдық пікір адамдардың қимыл-әрекеттерінің әдетін қалыптастырады. Осылайша ұлттық дағдылы, дәстүрлі мінез ретінде, ал, ұлттық түсініктен тыс жатқандары тосын тіпті жат болып көрінеді.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны:
Біріншіден, оған қайталатындық, берілетіндік, тиянақтылық және бұқаралық сияқты дәстүр белгілері тән. Яғни патриоттық тәрбиеде ұлттық спорт басқа да өнегелі ұлттық дәстүр сияқты қызмет атқарады;
Екішіден, ұлттық спорт ерекше дәстүрлер мен салттардың (рәсімдердің) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бойына сіңірген.
Ұлттық спортпен айналысу жеке адамның, ұжымның санасында ұлттық психологияны қалыптастыру, демек, олардың белгілі бір халықтың бөлшегі екендігін, түп-тамыры сол халықта, сол Отанда жатқандығын сезіну деген сөз.
Басқа ұлттар сияқты қазақтың ұлттық спортының негізгі белгілерінің бірі – ұ
рпақтан-ұрпаққа ауысып қайталанып отыратындығында. Тегі, қайталанушылық барлық материалдық және рухани құбылыстарға тән Даму үстінде, бір сападан екінші сапаға, ескіден жаңаға ауысып отыру жағдйында шеңбер бойынша айналу немесе өткенді шексіз қайталау емес, алдыңғы кезеңнің кейбір сәттерін қайталау құбылысы жүріп жатады.
Осылайша қайталанып келе жатқан қазақтың ұлттық спорты қазақ халқының әлеуметтік және парасат тәжірибесін сақтай, жеке адам бойында ұлттық психологияны нығайта отырып, қайталанып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.Ұлттық спорт халықтың өткен тижірибесін жаңғырта қайталайды. Яғни, әрбір дәуір, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрге өзінің жаңалығын қосады.кейінгі кезге дейін ұлттың өткенін сақтауға құштарлық керітартпа үрдіс ретінде теріс бағаланып, ұлттық саясатқа елеулі залал келтірді.
Ұлттық спорт дәстүр тұрғысында қайталана, қорытылып отырады. Және де негізгі арнамен қосалқы белгілер де ілесіп келе беруі мүмкін. Бірақ қосалқы белгілер уақыт өткен сайыцн шетке шығып, негізгі арна байып, құнарланып, өсіп отырады.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың екінші бір маңызды белгісі – оның берілетіндігінде, яғни бір адамнан екіші адамға, бір ұжымнан екінші ұжымға, ұрпақтан-ұрпаққа берілу қажеттігі мен қабілетінде. Осылайша ұлттық спорт өз бойындағы бүкіл қадір-қасиетін, оның ішінде әрине, ұлттық белгілер жиынтығын алмасып отырады.
Дәстүр ретіндегі даму барысында ұлттық спорт мұрагерлік диалектикасына, терістеуді терістеу заңына бағынады. Бұл арада халықтың өткендегісінің бәрін керітартпа ретінде теріске шығару емес, өткеннің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау ретінде терістеу туралы айтып отырмыз.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызын оның ұзақ уақыт сақталып келе жатқан ұлттық дағдыларды, ережелерді, рәсімдерді, идеялар мен сезімдерді бере алатындығымен дәйектейміз. Ұлттық спорттың ескі мен жаңаны, өткендегі мен бүгінгіні ұштастырып отыратын қасиеті бар. Міне, сондықтан да ол халық мұрасын өшірмей сақтайдың баға жетпес жолдарының бірі. Ал. Енді мұрасыз қоғамдық сананың бірде-бір түрі, бірде-бір мәдениет немесе тұрмыс салты болмайтындығы да мәлім.
Қоғамдық сана, ұлттық мәдениет пене тұрмыс объективті болмыс жағдайында дамиды жәнге дәстүр ретінде сақталып қалған халықтың тіршілік тәжірибесімен тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар.
2. Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар.
3. Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:
4. Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.
5. Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы.
Лекциялық сабақ №11
Тақырыбы: «Жалпы білім беру мектептерінде әскери-патриоттық жұмыстың ұйымдастыру»
Жоспары:
1.Жастардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,көзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.
Қысқаша мәтіні: Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығын т.б. қалыптастыру жолдары.
1.Жастардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу.
Біздің мемлекетіміздің ең маңызды қызметінің бірі жастар мен оқушыларды әскери – патриоттыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі меңгеруіне төтенше жағдайларда қорғаныс әдістерінің жабдықтарыншебер меңгерулері қажет.
1996 жылы 1 қарашада Қазақстан Республикасы үкіметінің жалпы білім беретін мектептер мен арнайы арнайы орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты енгізу туралы қаулысы қабылданған.
Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы үкіметі , министріліктер және мемлекеттік комиттер, жергілікті атқарушы органдар басшылық жасайды.
Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін , мемлекетік қорғаныс негіздерін жастарға оқып – ұйрету мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы қарулы күштері жарғысында әкери ант берудің негізгі талаптарын , Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметтегі құрметті міндеттерінің маңызын, оның ерекшеліктері мен қырларын, Қ азақстан Республикасы Қарулы күштерінің міндеттерін түсіндіру. Әскери бөлімдегі әскери техникалар, қарулармен және оның орналасуы жеке құрамның өмірімен байланысты. Әскери білімге қажетті төтенше жағдайларда адам өмірін қауіпсіздендіру негіздерін меңгеру.
Әскери патриоттылыққа тәрбиелеудегі ең басты мақсат, жастарды өзінің халқына деген адалдыққа, көз жеткізе тәрбиелеуге, олардағы ұлт аралық сезім рухына, өз отанын қолына қару алып қажырлық пен білгірлік көрсете қорғауға үнемі дайын болуға, өзінің азаматтық борышын адал орындауға жан – жақты дамыта тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие жастарға әскери іске қызуғышылыққа, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбиенің өзегі отан қорғаушы жас адамдардың адамгершілік- саяси және псиологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды.
Республика азаматының міндеттерін ең қиын жағдайларда, сондай ақ бейбіт немесе әскери уақытталайықты орындайтын, әскери қызметтің барлық ауыртпалығын табандылықпен өткеруге дайын.Отанының сенімді патриоттарын тәрбиелеу қажет.
Келесі әскери – патриоттық тәрбие бағыты- оқушылардың жауынгекрлік сапасын реттейтінәскери техникалық даярлық, оның құрамына кіретіндер:
Әскери білім.
Жауынгерлік шеберлік
Тәртіптік және ұйымдастыру
Әскери және флоттық серіктестік :
Командирлер мен басшылылардың бұйрықтарымен өкімдерін, жарғылары мен әскери анттың талаптарын мүлтіксіз орындау.
Әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеудің үшінші бағыты, жастардың дене шынықтыруы. Ол жауынгерлік жағдайында, сондай – ақ күнделікті әскери қызметте шыдамдылық , ауыр дене жүктемелерін өткеруге қалыптасуына көмек жасайды.
Дене шынықтыру тек қана сергектік пен сенімді көзқарас ғана емес , бұл бос уақытты дұрыс қолдана білуді ұйымдастыру, Отан қорғауға және еңбек етуге дайын болуға маңызды әсер етуі болып саналады.Жастарды әскери қызметке денесін шынықтырып дайындау ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жас адамның дене дамуы , оның денсаулығынын жағдайы осы құрметті де, жауапты ауыр міндеттерді атқаруына өте үлкен маңыз береді.
Жастарға әскери- патриоттық тәрбие беруде ажырамас құрамды бөлігі болып бұқаралық қорғаныс және спорт жұмыстарын өткізу саналады. Бұл жұмыс біздің мемлекетімізді қорғау үшін қажетті, әскери білім мен дағдыларды меңгеруіне, жастардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыру жұйесіне мемлекеттік және қоғамдықұйымдардың шаралары кіреді.Жақсы қойылған бұқаралық қорғаныс жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстарды, тек сабақта алған білімі, дағдысы мен шеберлігін тәжірбие жүзіндеқолданып бекітуге ғана емес , сонымен қатар оқушылардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Әскери жетекші АӘД бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру
Үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланыста бола алады.
Әскери – патриоттық тәрбиенің нәтижесы алдын ала қойылған мақсат пен тапсырмаларды сәйкс айқын қортындыға жетуымен бекітіледі.
Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екні анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери- патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.
Нақты – тарихи қағида, әскери патриоттық жұмыс жастарды тәрбиелеуде ерлік тарихымен , Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тамаша дәстүрімен тығыз байланыста үйлесін тауып жатады.Тарихты тұрмаламай нақты тарихи мәліметтермен оқыту ерекше маңызды саналады. Отан сүйгіштік сезім мен жасөспірімдердің мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік , өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу , олардың сенімін жеңіп алу , ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірімдер мектеп бітіргенен соң әскери форма киетінін ескерсек. Осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйінспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.
Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларғаӘскери патриоттықтәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби- техникалық мектептер мен мұғалымдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әкери патриоттың тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық.
Әскер және әскери – теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстырылып қалыптастырылады. Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің , кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады.
Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған. Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызуғышылық танытады.Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте отан қорғауда ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әректтерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық байланысын көрсете отырып жеткізу қажет. Бұған оқушылардың ұшақ және тікұшақ, корабль, су асты қайығы, пушкалармен мен жаяу әскердің шабылуы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады. Бүндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс.
Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті. Мұның мәнісі- тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз.Яғни таптық идеяны ту етіп ұстаған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.
Біріншіден, ұлттық дәстүрлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.
Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесінде тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық психология сипаттарын нығайтады.
Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлтық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Төртіншіден, қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжірбиесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретудің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер ртіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп, дағды мен машық түрінде берілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.
Адам тәрбиесінде салт- дәстүрлердің алатын орны маңызды болуының басты шарты- бұл салт дәстүрлердің рухани- парасат құндылықтары тұрғысынан ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, дамып келе жатқандығында. Айта кету керек , салттар мен дәстүрлер бірімен – бірі тығыз байланыста. Тіпті, оларды ажыратып алудың өзі қиын.
Салттар дегеніміз- тарихи кезкңдерде қалыптасқан, адамдардың қоғамдық қатынастарының, тіршілігі мен тұрмысының белгілі бір дәрежеде сипаты бар нормалары.Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, жалғасып отырады.
Анықтама түрінде пайымдайтын болсақ: Дәстүрлер дегеніміз тұрақты қайталанып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын, көпке тән нормалар, идеялар, принциптер, іс- әрекеттер, сезімдер түрінде қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекше көрінісі. Ол ар материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлеріне адамдардың құндылықтар ретінде қарауын анықтайды.
Басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда, дәстүрлер мына ерекшеліктермен оқшауланады: Іс- әрекеттер , идеялар мен сезімдер жалпыға ортақ, бұлжымайтын, қасиетті түсінікке ие болса ғана дәстүр болып танылады.Дәстүрлік нормалар, іс- әрекеттер, идеялар, көзқарастар, сезімдер белгілі дәрежеде халықтың әлеументтік, идеялық, рухани тәжірбиесін бейнелейді. Олар нақты бір материалдық және рухани мәдениетке байланысты түрде көрінеді.
Қоғамдық қатынастардың түрлері бола тұра дәстүрлер халық тіршілігінің материалдық, мінез- құлықтық, идеологиялық және рухани өмірінің көрінісі болып табылады. Дәстүрлер, әдетте заттық- салттық іс- әрекеттен көрінеді.Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлер тек қана әлеументтік- психологиялық құбылыс ретінде танылып келеді.Патриотизмді қалыптастырудың және дамытудың жолдарының бірі жеке адамның санасында ұлттық сезімді бірікткру болып табылады. Әлбетте, адам қоғамнан тыс адам болмайды ғой. Әрбір адам белгілі бір ұлттың немесе белгілі бір ұлттың өкілі ретінде көрінеді. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы.Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді.Негізі ұлттық сезім- рухани құбылыс.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады.Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз,- ең алдымен қазақ халқына сүйінспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтырын бойына сіңіру болып табылады. Тереңдірек пайымдасақ, мұның өз ұлттардың ұласуына бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы қазақ патриотизмін күшейте түседі.Халық зердесінде өткен замандардың өшіп қалған материалдық, рухани мәдениетін, озық дәстүрлерін жаңғырту, оның ішінде ұлттық спорттың бүкіл байлығы мен қазынасын қалпына келтіру арқылы патриоттық сезім жаңа сипат алады.
Заты, патриоттық сезім қанмен берілмейді, нақты тарихи жағдайларда ұзақ уақыт бойы қалыптасыды.
Ұлтшыл- жікшілердің көп алдындағы көпірме ұрандарын қолдап, өзінің бақай есебін күйттейтіндер, әсте, патриот емес.
Туған елінің күш қуатын,беделін артыруға бір мысқалда пайда қоспастан, елдестерінің игілігіне немқұрайлы қарап, Отанға берілгендігін және оны сүйетіндігін дабыра етіп, ант- су ішетіндер патриот емес.
Күні кеше ғана біз Отан үшін отқа түсіп, туған жердің әр сүйемі үшін жанын пида еткендерді патриот деп, қоғам үшін, мемлекетүшін аянбай жұмыс істегендерді патриот деп санағамыз.Олардың әрқайсысын: кәсібіне, ұлтына, ақ- қарасына, көзінің қиығына қарамастан бәрін патрит дедік, оларды мақтан тұтық, мақтадық. Ал, қазір не болып жатыр, әркім өзінің ата бабасына батыр тауып тегін дәріптеп жатыр. Ең бастысы өз ұлтына даңқты адам іздеп, солардың атақтарын аспандатып, есімін жаңғырту болуда. Міне, қандай патриот бас көтеріп келеді. Адамдар өміріндегі мінез- құлық, өзін-өзі ұстау тәртібі, рәсімдер мен салттар, көпке ортақ қағидалар көп жағдайда психологиялық деңгейде ғана көрінеді. Әлеументтік топтың ортасында жеке адам дәстүрлер мен қағидалардың құлы бола тындығы жалған емес. Бұл арада қоғамдық пікір деп аталатын тылсым адамды басымырақ билейді.Қоғамдық пікір адамдардың қимыл-әрекеттерінің әдетін қалыптастырады. Осылайша ұлттық дағдылы, дәстүрлі мінез ретінде, ал, ұлттық түсініктен тыс жатқандары тосын тіпті жат болып көрінеді. Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны:
Біріншіден, оған қайталатындық, берілетіндік, тиянақтылық және бұқаралық сияқты дәстүр белгілері тән. Яғни патриоттық тәрбиеде ұлттық спорт басқа да өнегелі ұлттық дәстүр сияқты қызмет атқарады;
Екішіден, ұлттық спорт ерекше дәстүрлер мен салттардың (рәсімдердің) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бойына сіңірген.
Ұлттық спортпен айналысу жеке адамның, ұжымның санасында ұлттық психологияны қалыптастыру, демек, олардың белгілі бір халықтың бөлшегі екендігін, түп-тамыры сол халықта, сол Отанда жатқандығын сезіну деген сөз.
Басқа ұлттар сияқты қазақтың ұлттық спортының негізгі белгілерінің бірі – ұ
рпақтан-ұрпаққа ауысып қайталанып отыратындығында. Тегі, қайталанушылық барлық материалдық және рухани құбылыстарға тән Даму үстінде, бір сападан екінші сапаға, ескіден жаңаға ауысып отыру жағдйында шеңбер бойынша айналу немесе өткенді шексіз қайталау емес, алдыңғы кезеңнің кейбір сәттерін қайталау құбылысы жүріп жатады.
Осылайша қайталанып келе жатқан қазақтың ұлттық спорты қазақ халқының әлеуметтік және парасат тәжірибесін сақтай, жеке адам бойында ұлттық психологияны нығайта отырып, қайталанып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.Ұлттық спорт халықтың өткен тижірибесін жаңғырта қайталайды. Яғни, әрбір дәуір, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрге өзінің жаңалығын қосады.кейінгі кезге дейін ұлттың өткенін сақтауға құштарлық керітартпа үрдіс ретінде теріс бағаланып, ұлттық саясатқа елеулі залал келтірді.
Ұлттық спорт дәстүр тұрғысында қайталана, қорытылып отырады. Және де негізгі арнамен қосалқы белгілер де ілесіп келе беруі мүмкін. Бірақ қосалқы белгілер уақыт өткен сайыцн шетке шығып, негізгі арна байып, құнарланып, өсіп отырады.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың екінші бір маңызды белгісі – оның берілетіндігінде, яғни бір адамнан екіші адамға, бір ұжымнан екінші ұжымға, ұрпақтан-ұрпаққа берілу қажеттігі мен қабілетінде. Осылайша ұлттық спорт өз бойындағы бүкіл қадір-қасиетін, оның ішінде әрине, ұлттық белгілер жиынтығын алмасып отырады.
Дәстүр ретіндегі даму барысында ұлттық спорт мұрагерлік диалектикасына, терістеуді терістеу заңына бағынады. Бұл арада халықтың өткендегісінің бәрін керітартпа ретінде теріске шығару емес, өткеннің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау ретінде терістеу туралы айтып отырмыз.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызын оның ұзақ уақыт сақталып келе жатқан ұлттық дағдыларды, ережелерді, рәсімдерді, идеялар мен сезімдерді бере алатындығымен дәйектейміз. Ұлттық спорттың ескі мен жаңаны, өткендегі мен бүгінгіні ұштастырып отыратын қасиеті бар. Міне, сондықтан да ол халық мұрасын өшірмей сақтайдың баға жетпес жолдарының бірі. Ал. Енді мұрасыз қоғамдық сананың бірде-бір түрі, бірде-бір мәдениет немесе тұрмыс салты болмайтындығы да мәлім.
Қоғамдық сана, ұлттық мәдениет пене тұрмыс объективті болмыс жағдайында дамиды жәнге дәстүр ретінде сақталып қалған халықтың тіршілік тәжірибесімен тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар.
2. Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар.
3. Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:
4. Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.
5. Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы.
6. Жосапарлы әскери-патриоттық шараларға басшылық ету.
7. Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызы
Лекциялық сабақ №12
Тақырыбы:«Төменгі,орта,үлкен жасөспірім жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу.»
Жоспары:
1.Жосапарлы әскери-патриоттық шараларға басшылық ету.
Сабақтың мақсаты: Төменгі,орта,үлкен жасөспірім жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қалыптастыру баулу және бейімдеу.
Қысқаша мәтіні: Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпақтарын Отан қорғауға дайындау адамның өмір бойынша іске асыратын ұзақ процесін қалыптастыру.
1.Төменгі,орта,үлкен жасөспірім жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпақтарын Отан қорғауға дайындау адамның өмір бойынша іске асыратын ұзақ процесі. Мұғалімдер, тіпті кейде мектеп және кәсіптік техникалық училище басшылары жас ерекшіліктері әр түрлі оқушылардың, әскери-патриоттық тәрбиесінің ерекшілігін анықтауда қиындықтарға тап болады. Осыған байланысты біз әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын оқушылардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, яғни өзіндік ерекшіліктерімен Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру мақсаттарын ашып көрсетуге талпыныс жасамақпыз.
І-ІҮ сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі.
Бастауыш сынып оқушыларында Отанды қорғауға дайындықгың қалыптасу процесі, олардың әзірге шектеулі өмір тәжрибесімен, алған білімнің көлемі мен сипатына, оку және тәрбие жұмысының жалпы міндетін ескере отырып құрылады. Оның бұл кезендегі тиімділігі бәрінен бұрын оқудың жалпы білім берудегі міндетін орындаумен тығыз байланысты. Мысалы, бұл жаста республика әскерінің сарбаздарына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі республика әскерлері мен әскери теңіз флоты туралы білімінің жауынгерлердің ерлігімен Қарулы Күштерінің жауынгерлік болашағының негізіңде қалыптасады.
Бастауыш сыныптардың окушылары нақты материалдар арқылы "Отан", "Қазақстан Республикасы", "Ұлы Отан соғысы", "бейбітшілік ", "еңбек", "Қазақстан Армиясы", "Әскери-Теңіз-Флоты" деген түсініктерді түсіне бастайды. Бағдарламада қарастырылған Отан қорғау жөніндегі барлық мәліметтер мен тарихи фактілер барлық оку пәндерінің мазмұны арқылы өсетін Отан тақырыбына бірігеді.
Бастауыш сынып оқушыларының Қарулы Күштер құрамы мен түрлеріне, әскери теңіз флотының күштеріне, әскери техникаға, ату қаруының әр түрлеріне қызығушылығы оянады.
Тәрбиешілерге қазіргі заманғы соғыс қимылдарында жеңіске қол жеткізу үшін Отанды ұжымдық қорғаудың қасиеттігін түсінуге көмек, окушыларға көмектесетін әскер түрлері және теңіз флоты күштері арасындағы байланысты көрсету керек.
Бұған оқушылардың самолетті, вертолетті, корабльдерді және сүңгірқайықтарды, пушкалар мен жаяу әскерлердің шабуылдағы сәтін бейнелеген суреттер әсер етеді. Бұндай сабақтарды өткізгенде оқушыларды Қарулы Күштердің кейбір жеке түрлерінің соғыс жағдайындағы тағайындалуымен таныстырған орынды.
Әскери-патриоттық тәрбиесінің барлық формаларының тәрбиелік нәтижелігі, балалардағы Атамкенді қорғау туралы бөлімінің қаншалықты жүйелі түрде қалыптасуына және олардың Отанды қорғауға деген іс-әрекетіндегі өнегелік, жігерлік сезімдеріне байланысты. Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті төменгі сынып оқушыларының жоғары әсерленгіштігіне және зеректігіне сүйене отырып, оларды Қазақстан Қарулы Күштерінің ерлік тарихымен таныстыра отырып, оларда Қазақстан әскерлерімен әскери-теңіз флоты жауынгерлеріне деген тандану сезімін дамытып, болашақта солардың қатарына тұруға деген ынтасын ояту керек.
Бастауыш сыныпты бітіргенде балалар Қарулы Күштер туралы кең көлемді мәліметтерді білетін болады. Дегенмен, оларда Қазақстан сарбаздарының өмірі мен жауынгерлік іс-әрекеті туралы нақты білімдері жетіспейді. Олар Қазақстан жауынгерлерін көбінесе жаяу әскер , танкист, шекарашылар мен теңдестіреді, ал халық шаруашылық және әскери объектілерді жасауға белсенді түрде қатысқан теміржолшылар, құрылысшылар әскери туралы тіптен хабары болмағандықтан осы әскер түрлерінің айтарлықтай санының мемлекеттік марапатқа ие болғанын олар білмейді.
Балалардың Қазақстан әскери мен әскери-теңіз флоты жауынгерлеріне деген жағымды қатынасын біле отырып, мұғалімдер сабақта және оқудан тыс уақытта оқушыларда мынадай жігерлік қасиетін Қазақстан жауынгерлеріне тән, тәртіптілік, батылдық, табандылық, қиындықты жеңуге тырысу, денеге түсетін ауыртпалық пен психологиялық салмақты көтеруге бейімділігі, бірақта оқушының көзқарасы бойынша әрқашанда қызықты емес, мұғалімнің тапсырған қажетті ісін орындауға дайындығын қалыптастырады.
Ұжымдық әскери-патриоттық іс-әрекетін ұйымдастырғанда оқушыларда ұжым және жолдастары алдындағы тапсырылған іске жауапкершілік сезімі тәрбиеленерде, өзара көмектің маңызын сезінуі өзіне және жолдастарына талап қоюы пайда болады.
Кіші мектеп жасында патриоттық сипаттағы ойындық іс-әрекеттердің маңызының жоғары екенін атап өту керек. Бала ойын ережесін қатаң сақтай отырып, ойын атрибутикасын қызыға меңгеріп, командир, старшина, барлаушы, байланысшы, сигналшының т.б. рөлін ойнағаңды жақсы көреді. Бұндай ойындардың ұйымдастырылғанының да, стихиялы түрде пайда болғанының да баға жетпес маңызы бар. Мұғалім тәртіпке тәрбиелеуді өміріне тек қана ойын кезінде ғана ойламайды, сонымен қатар болашақ жауынгердің өз міндетін орындаудағы маңызын ерекше атай отырып оқушылардың күнделікті өміріндегі тәрбиеге де көңіл бөледі.
Ойын әрекетінде қаһармандық жағдайларды қайта жасауды, елестету қалыптасады. Сонымен мұғалім оқушының шығармашылық ынтасын әскери іске қатысты дамыта алады. Келешекте бұл әлдеқайда күрделі жағдайларда әскери іс-әрекеттердің мақсатын шешуге мүмкіндік береді.
Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі өте жоғары. Кіші жастағы оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан, әскер мен теңіз-флотының ардагерлері болған туысқандарының өмір жолымен таныстыру керек, оларда мемлекеттік марапаттарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру қажет. Мектептің педагогикалық ұжымына ата-аналардың, балалардың әскери дайындық әрекеттерін ұйымдастыруға, сонымен қатар балалармен бірге жаяу алыс қашықтықтарға шыққанда, науқан кезінде, немесе балық аулауға қонатын болып шыққанда белсене қатысуын ынталандыру керек. Осы кезде балаларды тұрған жерінде бағдар табуға, кедергілерден өтуге үйрету қажет. Мұғалімдер, ата-аналарда пайда болған кез-келген сұрақтар бойынша кеңес бере алады.
