- •1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.
- •1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
- •1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер, қазіргі ұрпақ, патриоттық тәрбие бергені үшін ата-бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек.Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезінде анық байқалып отырды. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына , оның өркендеп жетілуіне, ұлттық салт-дәстүрлерінің сақталуына атсалысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға карайды. Бұны олардың іс-әрекеттерінен байқау киын емес. Сонымен қатар, ең ауыры-нашақорлыққа үйреніп, бұл жолға түсіп жатқан жастардың саны күннен-күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіні мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптаскан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба?
Ұлттық генофондтық бұзылы, ұлтымызды жоғалтуға дейін апаруы мүмкін екендігін ұмытпауымыз керек.
Біз бұл еңбегімізде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді жолдарын, осы мәселенің шешулі жолдарын қарастырдық. Әрине бұл бір жылда шешіле кететін мәселе емес. Оны шешу үшін, яғни жастардың бойында патриоттық сезімді ояту үшін бүкіл қоғам болып еңбек ету керек.
Біздің негізгі қарастырып отырған мәселеміз қазіргі жастарды патриоттық се зімге тәрбиелеу болғандықтан, жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу жүйесіне патриоттыққа байланысты сынып сағаттарының және осыған орай жарыстардың өткізілуі, қазақ зиялылары мен батырларының мұражайына апару, мектептерде сабақ басталарда әнұранның айтылуы енгізілуі тиіс.
Патриотизмнің мәнін ашу барысында, ең алдымен, осы патриотизм идеяларының ерте замандарда туып, қалыптасқанын айта кеткен жөн.
Патриотизм туралы идеялар.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель. Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері - адамгершілік, т.б. дәстүрлері Аристотель : «Адамның қалыптасуфына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиететр» - деп қарастырады.
Цицеронның пайымдауынша, Отан деген ұғымға ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен байланысты бар адамдар бірлестігіг және мемлекет кіреді.
Патриотизм туралы идеялары кезінде өздерінің шағармаларында екінші Аристотель атанған Әбу-Насыр ә-Фараби, Махмуд Қашқари, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Доспанбет жырау Аймауытұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. /2,3,4/ Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын – Махамбет өз өлеңдерінде шаруалар көтерілісіне, әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білген. Ол өзінің жалынды өлеңдерімен халықты озбырлыққа қарсы күресуге шақырады.
ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай-талай заман тақыметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Мәселен, академик М.Қ.Қозыбай дерегі бойынша қазақ жерінде XVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер болған. Осының өзі ата-бабаларымызыдыңе елге деген, туып өскен жерге деген патриоттық сезімдерінің шынайы үлгілері бола алады./5/
Сонымен қатар елді, туған жерді қорғауға ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, наурызбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Есет, т.б. ұлы адамдар шықты /6/ Ешбір қиындықтың алдында басын имеген ата-бабаларымыз осы заманға дейін мәдени мұралар ғұн, сақ, сәмби, жужан, қыпшақ, оғыз дәуірінен бері келе жатқан мұралар.
Қазыбек бидің жоңғар қонтайшысына айтқан сөзін қазақтардың патриоттық сезімінің айқын белгісі дер едік: «Біз- қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзага үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбағанелміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт»/7/
Әлихан Бөкейхан – дара тұлға, ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп кіріскен адам. Бұл кезде қазақ халқының бостандығын, егемендігін, тыныштығын аңсаған қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, тоқтамас қуатты күшке айналды.
1917 жылы болған Алаш құрылтайларында төмендегідей қаулы қарарлар қабылданды:
1/250 молданың қарсылығына қарамастан «мұсылман әйелдері саяси құқықтары жағынанда, азаматтық құқықтары жағынанда еркектермен тең құқылы болуға тиіс»
2/8 сағаттық жұмыс күні енгізілсін.
3/ апта сайынғы үздіксіз мерекелік демалыс 2 сағат болып белгіленсін.
4/ Мектепте оқыту ана тілінде жүргізілсін, тегін және міндетті бірдей бастауыш білім беру енгізілсін.
Арада көп уақыт өтпей, Алаш автономиясы кеңестік, коммунисттік зорлықтың құрбаны болды. Тәуелсіздік тапталып, ұлттық сана қанға боялғанымен Алаш Орда азаматтарының ісі өлген жоқ. Қазіргі тәуелсіздік сол жылдардағы бастаманың жалғасы деп қарастырамыз.
Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары – Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтансарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да көптеп табамыз.
Қашқариядағы саяхаты арқылы дүние жүзіне әйгілі болған Шоқан, Қазақстан халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинай отырып, сонымен қатар қырғыз елдің зерттеу экспедициясына қатысады. Орыстың прогресшіл – демократтарының еңбектерін оқып, үлгі етіп, ол : «елдер өздерінің экономикалық және мәдени жетістіктерімен алмасуы керек, егер олар өздерінің ұлттық өмірінің тар шеңберінен шыға алмаса, онда дамулары нашарлайды, мұның өзі қоғамдық прогресті ұзақ уақытқа тоқтатып тастауы мүмкін» - деп жазған. «Еуропаның, жалпы адамзаттың оғартушылығын игеру және осы мақсатқа жетуге бөгет болатын барлық қиындықтармен күресу, дамуға және мәдениетке ұмтылған әрбір халықтың көздеген мақсаты болса керек» - деген Шоқан Шығысұлы, жақын жолдасы Потанин үшін «Еуропаға ашқан терезе » сияқты болды. Шоқан Шығысұлы өз жолын халықты ағарту, оны бостандыққа, ғылым мен білімге жетелеу деп білген.
Қазақ ағартушы педагогі, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өз халқының болашағына сенімі мол болды. Ол патриоттық сезім үлкейген кезде емес, жастайынан әрбір баланың бойында қалыптасатын сезім деген болатын. Сондықтан да ол алғашқы оқулық жазды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» кітабы жарық көрді. Ағартушы әділетсіздікке, заңсыздыққа қарсы болды, халықтың сауатын ашып, өркениетті елдер деңгейінде көруді армандады.
Абай болса өз халқы, өз жерінің жақсы тұрмысына бөгет болатын жағдайларды жеңуге, ғылымды зерттеп, білім алуға қазақ жастарын шақырды. Өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінген. Оның шығармалары бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Абай бүкіл қазақ халқын басқа халықтармен достыққа өмір сүруге, олардың жетістіктерін үлгі етіп, содан үйренуге шақырды.
Қазақ халқының білімпазда да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт байқалды: бір жағынан – олар туған жеріне, туып өскен еліне, Отанына деген сүйіспеншілік болса, екінші жағынан олар қазақ халқын басқа халықтармен достыққа шақырды.
Ізгілікті, өркениетті патриотизм әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болуы тиіс.
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік негізінде Алаш Орда қайраткерлері көп іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білді. Егер Мыржақып Дулатұлы : «Оян қазақ» - деп, ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, бүкіл алаш жұртын тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт орашылдық бұғаудан құтылатын күнді аңсады, туған жұртының отаншылдық сезімін тәрбиеледі.
Орыс революционер – демократтарды да бұл мәселе жөнінде көптеген құнды идеялар көтерген. Мысалға В.Г. Белинскийді алайық. Ол: «Отанға деген сүйіспеншілік жалпы адамзатқа деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген болса, Чернышевский оның бұл ойын жалғастыра отырып былай дейді: «Отан деген, ең алдымен, халық. Белгілі бір жерде тарихи қалыптасқан халық, сол жерге тер төгіп, өз еңбегімен түрлендіретін халық, сол жердің бостандығы мен тәуелсіздігін қан төгіп нығайтатын халық, тек сол халық қана жерді әлеуметтік мағынада толтырып,Отан деп аталатын ұғымға айналдырады.»
Қазақ халқынын бертіндегі тарихында патриоттық тәрбие жүйесі бірқатар кемшіліктерге бой алдырды. Біріншіден, жат жұрттың әр түрлі қыспағында болғанымыздан, екіншіден кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік саяси идеологиялық тұрғыдан басқарған тоталитарлық жүйенің жеке адамның Отанына, бабалар мұраты мен халық дәстүріне сүйенген патриоттық тәрбие көздерін жалған идеология арқылы жоюынан да байқалады. Соның нәтижесінде елі, жеі үшін жанын берген, халқына үлкен сүйіспеншілікпен қараған, қазақ елінің нағыз патриоттары қуғынға ұшыраған. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Міржақып.Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Омарханұлы сияқты ірі тұлғалар бар.
Ж. Молдағалиев өзінің
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп
Жырлаған «Мен қазақпын» поэмасы үшін қуғынға және әкімшілік қысымға ұшырады.
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты!»- деп басталатын Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!» атты өлеңі, озбырлыққа, әділетсіздікке күресуге шақырған ұрандай болса, Ахмет Байтұрсынұлының:
Қазағым, елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қашауда жаның,
Аш көзіңді оянып!
Деген жалынды үндеуі түйсігі бар қазақты дүр сілкіндірді.
Қазақ халқының алдыңғы қатарлы өкілдері де өз қызметінде екі бағыт ұстады. Біріншіден, Отанға деген сүйіспеншілік, терең патриотизм болса, екіншіден, халықтар достығы идеясы. Себебі, адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы заңды болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Патриоттық сезімнің қалыптасуы.
2.Патриотизм туралы идеялар.
3.Ұлттық патриотизмнің мәні.
4.Патриотизм идеясының дамуы.
5.Ұлттық сезімнің қалыптасуы.
Лекциялық сабақ №7.
Тақырыбы:« Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірізділігінің қалыптасуы».
Жоспары:
1.Мемлекеттіліктің модельдері
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттіліктің модельдері туралы;
Қысқаша мәтіні: Мемлекеттіліктің модельдері туралы;
1.Мемлекеттіліктің модельдері
Қазіргі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің мынадай негізгі бағыттарына ықпал етуі қажет.
Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа идеологиясын жасау.
Республика азаматтарының осы жаңа идеологияны терең түсініп, меңгеруі. Қазақстан Республикасын Өз Отаны деп түсінуі.
Қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік және мемлекеттік құрылымдар тарапынан патриоттық тәрбиеге байланысты жұмыстардың нәтижелілігін тексеру және жүйелі түрде жоспарлап отыру.
Республика бойынша біртұтас халықтық-шаруашылық кешен жасау, Қазақстандағы ұлттық қоғамдастықтар арсындағы өзара байланысты жетілдіру.
Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.
Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар, партиялар, мемлекеттік құрылымдар, электрондық техника, баспаның рөлін дамыту.
Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.
Азаматтардың Қазақстан Респуликасының экономикалық, мәдени және әскери күшін нығайту, оның мүдделерін қорғау тәрізді патриоттық парыз сезіміне жауапкершілігін калыптастыру.
Елдің барлық азаматтарын ұлтшылдыққа, шовинистікке, экстремизм мен сепаратизмге төзбестік рухта тәрбиелеу.
Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызды рөл атқарады. Оған дәлел ретінде Н.С.Сарсенбаевтің сөзін келтіруге болады: "ұлттық дәстүрлер дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлері не құндылық көзқарасын көрсететін тұрақты, қайталанып тұратын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін бұқаралық нормалар, принциптер, қызметтер, сезімдер, идеялар түрінде берілген қоғамдық қатынастардың өмір сүруінің арнайы формалары".
Кәдімгі жанұяны мысалға алайық. Әрбір ұлттың өз дәстүрі бар. Бұл жанұяға нәресте келді делік. Осы жанұя баланың жастайынан бастап барлық дәстүрлерді сақтап, орындап жүрсе онда бұл баланың бойында ерекше бір сезім қалыптаса бастайды.
Ол істеліп жатқан дәстүрлерге үйреніп, олардың ата тегінен бастап келе жатқанын сезінеді. Сөйтіп, оның бойына ата-бабасынан келе жатқан ұлттық дәстүрлер қалыптасып, ол оны келешекте келер ұрпаққа жеткізетін болады.
Әрбір халықты өзінің тарихы, мәдениеті мен тілінің дамуына тікелей байланысты туған өлкесіне деген үлкен махаббат пен қимастық сезім бар.
Тарихты халық жасайды. Тарих қоғамның даму заңдылықтары негізінде жасалады, оны кері жүргізуге болмайды. Егер қандай да бір елдің экономикасы нашар болса, онда бұл елдің азаматтары барлық өзгерістерге, жаңалықтарға немқұрайлы болады. Себебі әрбір адам тек өз қамын ойлай бастайды. Бірақ біздің пайымдауымызша, ұйымшылдық жоқ жерде нәтиже де, прогресс те, нақты шешім де жоқ.
Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі - ерлік. Ерлік жасаған адам сөзсіз патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл сөзге, ұғымға тоқталмас бұрын біз "ер" сөзіне түсінік беруге тырысайық. В.Дальдың түсіндірме сөздігінде "Ер" деген сөз "ержүрек, жауынгер, күрескер, батыр, ғажайып-жауынгер, жалпы соғыста да, бейбіт өмірде де жәрдемші деп түсіндіріледі".
Ерлік деген ұғымға тоқталмас бұрын біз осы сөздің түбірі болып келетін "ер" сөзіне әр түрлі мағынасын бердік, бірақ бәрінің негізінде ержүректік, батылдық, табандылық деген ұғым жатыр.
Сонымен, "ер" деген сөзбен осы түбірден жасалатын басқа да сөздер мен анықтамалар патриотизмнің төмендегідей категорияларымен санадан тыс-ақ үйлесе қолданылады: ержүрек, батылдық, жасампаздық, шешімділік, табандылық, шыдамдылық, берілгендік.
Ғылыми әдебиетте бұл құбылыс жеткілікті зерттелген. Біз қарастырып отырған әлеуметтік - психологиялық феноменге мынадай анықтама берілген: "Ерлік дегеніміз - халықтың, топтың, жеке адамдардың прогрессивті қоғам үшін күресіндегі жанкештілігі, табандылығы, жаужүректігі".
Белгілі ғалым Қ.Жарықбаев "Бауыржан Момышұлы" атты еңбегінде былай дейді: "Адам бойындағы бүкіл жақсы - жаман қасиетте алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік, қорқақтық пен қоян жүректіліктің нағыз сынға түсер жері осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. Тек ұрыста ғана, - дейді Бауыржан Момышұлы, - адамның барлық қасиеті сынға түседі..." . "Бауыржан Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға аса назар аударып, әр түрлі этностар қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, украин, беларусь, орыс, т.б. бойындағы жақсы қасиеттерді көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуте үнемі зор мән беріп отырады" - деп ерліктің мағынасына терең талдау жасайды. "Психология" атты еңбегінде автор: "Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатқа шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдік рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет" - деп, ерлік ұғымына терең анықтама берген.
