Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПТ практикалы нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.66 Кб
Скачать

Семинар сабақ №5 Тақырыбы:" Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды Отанды қорғауға дайындау"

1.Жоспары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды

Отанды қорғауға дайындау.

2.Сабақтың мақсаты: Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,көзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.

3. Қысқаша мәліметі: Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығын т.б. қалыптастыру жолдары.

1. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды Отанды қорғауға дайындау.

Жастарды еліміздің тәуелсіздігін қорғауға дайындау жүйесін құруда, оның тиімділігін арттыруда Отан қорғаушылардың дайындықтарының табиғатын ашып көрсететін, жеке тұлғаның күрделі қасиеті мен әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын білу ерекше маңызға ие.

Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығы бөлініп көрінеді. Сонымен бірге Отанды қорғауға дайындық туралы түсініктер осы күрделі сапаның, оның бүтіндік табиғатын толық ашып бере алмайды. Соңғысы өз өміріне қауіп төнсе де Отан қорғауға дайындықты дамытуды, кейбір жекелеген мінездің жағымды белгілерін қалыптастырумен алмастыруға болмайды. Сондықган бүтіндей оқу-тәрбие процесін құру үшін Отанды қорғауға дайындықты қамтамасыз етуді қалыптастыратын түсініктерді толығымен білу қажет. Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырушыларға осыған байланысты жалпы педагогика, психология, сонымен қатар әскери педагогика, психология саласының білімдерін білудің үлкен маңызы бар, яғни Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері болып табылады, оған мынадай касиеттер кіреді: көзқарастар, әсерленушілік, қандай қиын жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.

Бұл қасиетердің барлығы өздігінен өмір сүрмейді, олар бір-бірімен іштей байланысты және өздерінің бірлігімен адамның ең бір басты қасиеті болып есептелетін Отанды қорғауға дайындықтың тұтас құрылымын анықтайды.

Осыған байланысты әскери іске дайындық көрсеткішін мынадай екі топқа: жалпы және арнайы деп бөлген жөн.

Жалпы талаптар - бұлар интегративті белгілер, олар жалпы алғанда Отанды қорғауға дайындықтың қалыптасқандығын анықтайды.

Оларға мыналар жатады:

- Отанды қорғауға деген тұрақты сенім, өздерінің өмірлік жоспарларында отанды қорғауға деген патриоттык және интернационалдық міндетін терең сезінуі;

- Еліміздің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына және олардың Қазақстан Қарулы Күштері мен еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайлау жолында істеген іс-шараларына деген сенім;

- Қазақстан Қарулы Күштер қатарында өз міндетін атқарғанда кездесетін моральдық және денеге түсетін ауыртпалықты қажырлылықпен көтеруге өз бетінше дайындалуы, еліміздің тәуелсіздігіне қол сұққан кез-келген агрессорға қарулы тойтарыс беру, Отанды қорғауға дайындықтағы саналы әлеуметтік жауапкершілік, әскери жарғылар мен басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындауға қабілеттілік, оларды Отанның берген бұйрығы деп қабылдау, өзінің тәртібін өз бетінше өзі реттеу;

- әскери тәртіптің талаптары мен ережелерін қандай жағжайда болмасын орындауға дайындық, оның ішінде стресс, қауіпті жағдайларда т.б. төтенше жағдайларда батыл әрекеттер мен істер істеуге дайындығы;

- әскери-патриоттық тәрбие қызметіндегі практикалық және іштей саналы түрде ұғынған тәжірибесінің әртүрлі формаларының бар болуы;

Арнайы талаптар: Отан қорғауға дайындықтын кейбір жақтары мен компоненттеріне қатысты. Олар, сонымен қатар маңыздылығы жағынан біртекті емес және бірнеше топқа бөлінеді.

Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар:

- Оқушылар соғыстың тұтану қаупін тойтарушы факторы біздің Отанымыздың әскери құдіреті екендігіне, оның әрбір адамның еңбегімен жасалатынында және өзінің одан әрі дамуына терең білімнің, бейімділіктің және шығармашылық қабілеттің, жоғары еңбекқорлықтың және ұйымшылдықтың, тәртіптіліктің талап етілетінін сезінуі тиіс;

- Қазақстан халқының еңбектегі ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлерін сезімталдықпен қабылдау;

- оқушылардың Отан алдыңдағы азаматтық және әскери міндетін орындауға өз бетімен дайындалуын реттейтін жинақтап қорытылған мақсаттарының болуы;

- әлеуметтік сезімнің болуы (патриоттық интернационалистік парыз, жауына деген өшпенділік, отанды қорғауға деген жеке жауапкершілік, жоғары қарғылық), "патриот", "Отан", "әскери міндеті", "жаужүрістік", "батырлық", "қаһармандық" сияқты базистік түсініктер мен категориялардың мазмұнын терең меңгеру.

Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Танымдық психологиялық процестердің жоғары дәрежеде дамуы қалай болса солай есте сақтау, ойлау жылдамдығы, жігерлік қасиеті (табандылық, батылдық, ерлік сезімнің тұрақтылығы, мақсаттылық, орындаушылық, қауіп-қатерге баруға саналы дайындығы және сүйетін Отаны үшін өзін құрбан қылуға дайындығы), сезімдік қасиеттер Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпенділік т.б., әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (ұжымшылдық, жолдастық, өзара жәрдем).

Әскери-техникалық дайындыққа қойылатын арнайы талаптар:

  • Қарулы күрестегі адам мен әскери техниканың қатысатын, ғылыми-техникалық революцияның мәнін және оның әскери доктринасының жаратылыстанулық-ғылыми негізін, жаңа техниканың адамға қоятын талаптарын білу;

  • алғашқы әскери дайындықтың азаматтық қорғаныстың ептіліктері мен дағдыларынан хабарының болуы (тактикалық, ату дайындығынан, саптық даярлықтан, әскери топографиядан);

  • Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы туралы бөлімнің (тарихы, әскерлердің жарғылары), техника мен қаруға деген қызығушылығы, олардың жоғары мүмкіндігіне деген берік сенім, нақты әскери мамандықты игеруге қажетті әскери-техникалық дағдылар мен ептіліктерінің бар болуы; аталған білімдер, дағдылар мен ептіліктерді әскери қызметтің басқа бір түрінде ауыстырып қолдану мүмкіндігі;

  • нақты әскери қолданбады қызметтегі әрекет өрісінен тәжрибесінің болуы (автомобильді, тракторды, мотоциклді жүргізу, мылтық ата білу, парашютпен секіру т.б.), әскери техника мен қаруды, жауынгерлік тапсырманы шешу үшін барынша жұмылдыра білуі.

  • Әскери-техникалық іс-әрекет жағдайларында жалпы техникалық ептіліктер мен дағдыларды ауыстырып қолдана білу қабілеті.

Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Жалпы дене дайындығы сапасын, күшін, жылдамдығын, ептілігін және шыдамдылығын Отан қорғаумен байланысты қызметтерді орындауға қажетті дамыту;

- арнайы дене жағынан даму саласының болуы: тербілеске, тау ауруларына тұрақтылық, ыстық климат жағдайында және су ішуге шектеу қойылған режимдегі іс-әрекеттерге тұрақтылық, типовентиляция (қозғалыс үйлесімдігін сақтауға әсер ететін салалар, шамадан артық жиіленген дем алыс кезіндегі психикалық процестердің өнімділігі) арнайы жабдықтармен әрекет етуге дайын болу т.б.;

- Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасқанын көрсететін жоғарыда ұсынылған көрсеткіштер әскери-патриоттық тәрбие өрісінде және оларды іске асыру құралын іздестіруде ғылыми мақсат қоюдың негізі ретінде қызмет атқарады. Соның ішінде кейбір белгілерінің болуы немесе болмауы Отанды қорғауға дайындықгың қалыптасқандығын түпкілікті куәландыра алмайды.

Жоғарыда айтылғандар әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тәрбие жұмысы берілген бағытының көп жақтылығына және күрделілігіне байланысты. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты, өзіне тәрбие процесінің негізгі бағыттарын жинақтайтын сияқты болып көрінеді.

Тәрбиенің нақты мақсатын анықтау үшін, мұғалім өзінің қарастырып отырған мақсатын өзі оқу тәрбие жұмысын жүргізетін сыныптардағы оқушылардың жас өзгершілігі мен арақатынасын анықтау керек.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар.

2. Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар.

3. Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

4. Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.

5. Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды

Отанды қорғауға дайындау.

7. Үй тапсырмасы:

1.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.

2. Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию. (под. ред. Ф.Е.Штыкало). Москва, «Просвещение» 2000г.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010