Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПТ практикалы нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.66 Кб
Скачать

Семинар сабақ №13

Тақырыбы:" Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау"

1.Жоспары:

1. Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау.

2. Мектеп директорының міндеті.

3.Директордың оку-тәрбие жұмысы жөніндегі орыңбасары.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырудағы жоспары мен кешені; басқарманың тәрбие процессінде көптеп жаңа қатысушыларды тарту арқылы қамтамасыз ету.

3. Қысқаша мәліметі: Басқару міндеті көпмағыналы, бірақ бастысы оның негізінде, басқару жүйесінің жағдайын оқып-үйрену (бұл жағдайда әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру деңгейі, оның нәтижесі, оқушылардың болашақ әскери қызметке және олардың Отан қорғауға дайындығы), және оны жетілдіру туралы шешім қабылдауы.

1. Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау.

Әр түрлі күрделі жүйе сияқты әскери-патриоттық тәрбие де басқаруды қажет етеді. Басқару міндеті көпмағыналы, бірақ бастысы оның негізінде, басқару жүйесінің жағдайын оқып-үйрену (бұл жағдайда әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру деңгейі, оның нәтижесі, оқушылардың болашақ әскери қызметке және олардың Отан қорғауға дайындығы), және оны жетілдіру туралы шешім қабылдау жатыр. Негізгі бұл міндеттерден басқа, әскери-патриоттық тәрбиені болжау мен есепке алу үшін қажет, педагогикалық кадрларды іріктеп алып, оларды орын орына қою, жұмысқа жауапкершілікпен қарауын ынталандыру және тексеріп отыру. Педагогикалық басқарудың маңызды принципіне мыналар жатады: әр түрлі жастағы оқушылардың әскери-патриоттық сана-сезімінің дамуының заңдылығын есепке алуға негізделген ғылымилығы, педагогикалық ұжымның барлығының ісін басқаруға қатысы; әркімнің тапсырылған істі орындаудағы және жауапкершілігі; әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырудағы жоспарлығы мен кешенлігі; басқарманың әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдаструға негізгі бөлімін таңдап ала білу қабілеті және оның үзіліссіз дамуын әскери-патриоттық тәрбие процессінде көптеп жаңа қатысушыларды тарту арқылы қамтамасыз ету.

Басқару қызметі дегеніміз бұл бірінші кезекте мектеп әкімшілігінің әкімшілік-басқару әдістерімен қоса әдістемелік - нұсқау әдістерін кеңінен қолдана отырып атқаратын қызметі, яғни мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің әскери-патриоттық тәрбие өрісінде педагогикалық шеберлігінің өсуіне әсерін тигізу және сонымен қоса оқу орнында еңбектің ақырғы нәтижесіне деген белсенділік пен мүдделікті қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешуде мектеп, кәсіптік-техникалық училище әкімшілігі мектептегі жастар ұйымының көмегіне сүйенеді. Басқару қызметіндегі жетістік педагогикалық ұжым мүшелеріне міндетті қызметтерін айқын бөліп беруге байланысты.

Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің жалпы және типтік функционалды міндеттері орта білім беретін мектептердің жарғысымен және ішкі тәртіп ережелерімен анықталған. Осылардың негізінде (директор қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып) мектеп және кәсіптік-техникалық училищенің шешетін міндетін және жағдайының ерекшелігіне сүйене отырып, сонымен қатар педагогикалық ұжым мүшелерінің мүмкіндіктеріне қарай, мектеп директоры қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әскери-патриоттық тәрбие жұмысына байланысты әр қызметкерлердің нақты міндеттерін анықтайды. Енді осыларды әрбір лауазымға қызметкерлерге үйлестіре қарастырайық.