Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_sheptik_ba_1179_ylau_Mamandy_1179_1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.19 Mб
Скачать

12 Билет

Максималды жүктемені пайдаланудың уақыты.

Табиғи газдың басқа энергетикалық отындарға қарағанда кандай ерекшеліктері

бар?

Бөлек тұтынушылардың электр жүктемесі, олай болса, энергия жүйесінде электрстанциялардың жұмыс режимін анықтайтын олардың қосынды жүктемесі үзіліссіз өзгереді. Бұл жәйтті жүктеме графигімен сипаттау қабылданған, яғни уақыт бойынша электрқондырғы қуатының (тогының) өзгеру диаграммасымен. Тіркелетін параметрдің түрі бойынша электрқондырғының активтік Р, реактивтік Q, толық (елестейтін) S қуаттарының және тогының I графиктерін айырады. Әдетте, графиктер белгілі уақыт аралығындағы жүктеменің өзгеруін көрсетеді. Осы нышан бойынша оларды тәуліктікке (24 сағат), маусымдыққа, жылдыққа және т.б. бөледі.

Зерттеу орны немесе олар жататын энергия жүйесінің элементі бойынша графиктерді келесі топтарға бөлуге болады:

1)қосалқы станциялардың шиналарында анықталатын тұтынушылардың жүктеме графиктері;

2) жүктеменің тораптық графиктері – аудандық және түйінді қосалқы станциялардың шиналарында;

3) энергия жүйесінің нәтижелік жүктемесін сипаттайтын энергия жүйесі жүктемесінің графиктері;

4) электрстанциялар жүктемесінің графиктері.

Жүктеме графиктерін электрқондырғылар жұмысын талдау, электрмен жабдықтау жүйесін жобалау, электртұтыну болжамдарын құрастыру, жабдық жөндеуді жоспарлау және эксплуатация процесінде жұмыстың қалыпты режимін жүргізу үшін пайдаланады.

Жүктеме графигін толықтыру коэффициенті қарастырылатын мерзімде (тәулік, жыл) электрэнергияның өндірілген (тұтынылған) саны, егер қондырғы жүктемесі барлық уақытта максималды болса, сол уақытта өндірілген (тұтынылған) энергияның санынан қанша есе аз болғанын көрсетеді. Әрине, график бірқалыпты болған сайын, кзп мәні бірге жақын.

Қондырғының жүктеме графигін сипаттау үшін максималды жүктемені пайдаланудың шартты ұзақтығын қолдануға болады:

Бұл шама қарастырылатын Т мерзімінде (әдетте жыл) қондырғы сол уақыт мерзімінде электрэнергияның Wп айғақты санын өндіріп (тұтыну) үшін қанша сағат өзгермейтін максималды жүктемемен жұмыс істеу керек екенін көрсетеді.

Іс жүзінде орнатылған қуаттың пайдалану коэффициентін де

немесе орнатылған қуаттың пайдалану ұзақтығын да қолданады

kи анықтағанда Руст деп резервтікті қосқандағы барлық агрегаттардың қосынды орнатылған қуатын түсіну керек.

kи пайдалану коэффициенті агрегаттардың орнатылған қуатын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Әрине, kи < 1, ал Туст < Т. Руст ≥ Рmax қатынасын ескеріп, kи ≤ kзп алады.

ТМД энергия жүйелері үшін орташа алғанда электрстанциялардың орнатылған қуатының пайдалану ұзақтығы жылына 5000 сағат шамасында құрайды.

Табиғи газ химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:

табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;

көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;

химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;

жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "тау жынысы газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.