Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_sheptik_ba_1179_ylau_Mamandy_1179_1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.19 Mб
Скачать

11 Билет

Табиғи газ бен мұнай халық шаруашылығының қандай салаларында пайдаланылады?

Ертеде жер бетінің әp жерінде іркіліп немесе ағып жататын «тас майы» деп «жер қаймағын» адамдар жараны емдеуге, қайық майлауға және т.б. өмір тіршілігінде пайдаланған. Оның жанатын қасиетін білгеннен кейін жарық, жылу көзі есебінде қолданған. Кейінірек гректің ұлы оқымыстысы Гиппократ мұнайдан бірнеше дәрі жасаған. Өздерінің атақты бальзамдарын жасағанда египеттіктер мұнайды кеңінен пайдаланған.

XVIII ғасырдың ортасына дейін көптеген елдерде мұнайдың ең басты қасиеті — оның энергетикалық ролі ашылмай, оны өндірудің өндірістік тәсілі игерілмеді. 1840 жылы Баку мұнайы Петербург Академиясында тексеріліп, ол арба доңғалақтарын майлаудан басқа ештеңеге де жарамсыз деген шешім де болған екен.

Мұнай — өте күрделі жай қоспа, негізгі құрам бөлігі әр түрлі көмірсутектер (90% ке жуығы). Олардан басқа аз-аздай оттекті, күкіртті және азотты қосылыстар болады. Қөмірсутек жанғанда аса көп мөлшерде жылу бөлінуіне байланысты, мұнай жанғанда сапалы көмір жанған кезде бөлінетін жылудан бір жарым есе көп жылу бөлінеді. Оның құрамында су және минералды қосылыстар мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай заттың болса да жылулық қасиетін төмендетеді.

Дүние жүзінде энергетикалық отын қорларын өндіру жыл сайын 5%-ке, оның ішінде мұнай өндіру көлемі 7— 8%-ке өсіп отыр. Егер де үстіміздегі ғасырдың басында дүние жүзінде небәрі 19 мемлекет қана өз жерлерінде мұнай өндірсе, казір 90-ға жуық ел мұнай өндіруде. 1950 жылы 523 млн. т. мұнай алынса, 1960 жылы 1052 млн. т, ал 1980 жылы алынған мұнай көлемі 4 млрд. т-ға жетті. Өйтсе де, 1990 жылдардан бастап мұнай кен орындарында оның қоры азая бастайтыны белгілі болып отырғандықтан, оны өндіру мөлшері де азаятын болады.

Дүние жүзінің көптеген ғылыми мекемелері, белгілі ғалымдар жердегі мұнай қорын, оның орналасуы мен өндіру мәселелерін тиімді шешу мақсатында қыруар іс атқаруда. Жаңа ізденіс жұмыстары негізінде бұрын беймәлім болып келген мұнай қорлары табылуда.

Дүние жүзінде мұнайдың 200 млрд. т геологиялық қоры бар, ал оның негізгі анықталған өндіруге тиімді қоры 53 млрд. т және осы қордың жартысынан көбі Орта және Таяу Шығыста орналасқан деген де ғылыми деректер бар. Өндіруге тиімді мұнай қорының дүние жүзінде орналасуы 2.4 кестеде көрсетілген.

2 .4 кесте

Кейбір ғылыми болжамдарға қарағанда, келешекте дүние жүзі бойынша мұнай өндіру қарқыны 1985 жылғы деңгейде сақталатын болса, онда планетамыздың казіргі кен орындарының мұнай қоры 35 жылға ғана жететін көрінеді. Орыс ғалымы М.К. Калинконың пікірі бойынша, жер шарының геологиялық мұнай қоры шамамен 2250 млрд. т. Бірақ осыншама мұнай қоры болғанымен олар жер қойнауында тиімді кен көздерін түзе бермейді, оның үстіне олардың дені теңіз және мұхит суларының табандарында орналасып, геологтар мен мұнайшылардың назарларынан әзірше тыс қалып отыр.

Академик Н.В. Мельниковтың келтірген деректеріне қарағанда, жер қойнауынан бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып өндіруге болатын мұнай қоры 265—300 млрд. т-ға жуық. 1977 жылы Стамбулда өткен Дүниежүзілік X энергетикалық конференцияда да планетамыздың мұнай қоры 260 млрд. т деп бағаланған. Осыларға қарағанда, таяу жылдарда көптеген елдерде интенсивті түрде жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде жүздеген мұнай көздері ашылып, мұнайдың алдын ала тұрақты қорын жасауға мүмкіндіктер туады.

Қазіргі мұнай өндірісінің технологиясы кен орындарындағы мұнай қорының 50-70%-ін жер қойнауында қалдыруға мәжбүр болып отыр. Келешекте алынатын мұнай өнімін көбейтіп, кен көздерінің тиімділігін арттыру қажет.

Мұнай жер шарында біркелкі орналаспаған. Ең мұнайлы аудандар — Орта және Таяу Шығыс жерлері, Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Оман, Ирак елдерінде барлық капиталистік мемлекеттердің айқындалған мұнай қорының 70%-ке жуығы шоғырланған. Ал екінші мұнайлы аудан — Африка континенті.

Сібір, Тюмень, Маңғыстауда мұнайдың аса бай орындары бар. Бұрынғы одақтың энергетикалық отын балансындағы мұнай мен газдың мөлшері 1958 жылы 32% болса, 1965 жылы 52%-ке, ал 1976 жылы 70%-ке дейін артты. Мұның 40%-тен астамын мұнай кұрайды. Жыл сайын мұнай мен газ өндіру одақта жедел қарқынмен жүргізілді, әсіресе соңғы жылдары өндірілген мұнайдың көлемі едәуір артып, 1990 жылы жер қойнауынан 620 млн. т-дан аса мұнай мен газ конденсаты өндірілді. Одақтағы белгілі мұнай мен газ кен орындары энергетикалық отын қорларының тұрақты қорын жасауға мүмкіндік береді.

Қ а з а қ ж е р і н д е алғашқы мұнай көздері оның батыс аудандарында өткен ғасырдың аяғына қарай белгілі болды, бірақ өндірістік жолмен алғашқы мұнай 1911 жылы Доссор мен Ембіден, ал 1965 жылы Мақат кен орындарынан алынған еді. Жан-жақты жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде, Маңғыстау түбегінен Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас, Бозашы, Тенге, Тасболат сияқты ірі-ірі мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан ірі мұнайлы аймаққа айналды.

Қазіргі белгілі Орал-Ембі мұнайлы алқабы Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерлерін қамтиды, оның жалпы аумағы бес жүз мың шаршы километрден асады. Ақтөбе облысында табылған Жаңажол, Шұбарқұмдық, Жақсымай мұнай кендерінің болашағы зор. Каспий ойпатынан ашылған Кеңқияқ, Прорва кен көздері казірдің өзінде едәуір көлемде мұнай беріп отыр. Шу—Іле және Балқаш — Алакөл аймақтары да мол мұнайлы аудандар қатарына қосылуда. Мұнай Торғай мен Жезқазған облыстарының жерлерінен де табылуда. Сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сексеуіл ойпаты мен Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік жазықтары да мамандардың бағалауынша, мұнайлы аудандардың қатарына жатады. Қорыта айтқанда, Казақстан жері мұнай қорына бай және бүгінгі мүмкіндіктер келешекте оны өндіру жөнінен алдыңғы орындардың бірінде болатынын айқындай түседі.