- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •2.9. Табиғи газ
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •35 Билет
- •36 Билет
- •42 Билет
- •5 Қосалқы станция .5-сурет. Резервті автоматты қо- суды қолдану арқылы электрмеп жабдықтау сенімділігін арттыру схемасы
- •43 Билет
- •5 .8 Сурет Тіреулер мен электр энергиясын жеткізетін желілердің сипаттамалары
- •44 Билет
- •45 Билет
- •46 Билет
- •47 Билет
- •48 Билет
- •1 Кг шартты отын деп, ол жанған уақытта 29,3 мДж жылу бөлінетін отын есептелінеді.
- •49 Билет
- •50 Билет
- •51 Билет
8 Билет
Электр станциялары мен қосалқы станциялардағы өзіндік мұқтаж шығындары
Электр тораптарындағы электр энергиясының шығыны олардың жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Шетелдік сарапшылардың бағалаулары бойынша электр тораптарындағы электр энергиясының максималды рұқсат етілген ортақ шығыны 10%-дан аспауы керек. Тораптағы шығындардың деңгейіне әсер ететін жағымсыз үрдістер бар. Оларға: жабдықтардың ескіруі, электр энергиясын есептеу құралдарының физикалық және моральдік тозуы, орнатылған қуат беретін жабдықтардың сәйкес еместігі жатады. Соңғы уақытта шығынды есептеу қиындықтарына және елеулі қателіктерге байланысты электр энергия шығынын нормалау әдістерін өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Электр энергия шығынынан алынған нормалар бойынша электр энергиясына тариф орнатылады. Тарифтерді реттеу мемлекеттік реттеуші ұйымдарға жүктеледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымдар - тарифке қосу орынды деп есептейтін электр энергия шығынының деңгейін негіздеулері керек, ал энергетикалық комиссиялар – осы негіздерді талдау және қабылдау немесе түзетулері керек. Диплом жұмысымның негізгі басты мақсаты электр энергиясының шығынының құрылымдық сараптамасы және де "Атырау жарық" электр тораптарындағы шығынды есептеу, нормалау және талдау сондай-ақ шығынды азайту жолдарын қарастыру болып табылады
Қазақстанда көмір кенінің қанша қоры бар, олар қалай игерілуде?
Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір коры 162 млрд. т-дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің едәуір қоры бар.
Қарағанды бассейнінің алып жатқан аумағы үш мың шаршы километр, ал оның көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен Қазақстан Магниткасы, Магнитогорск, Орск – Халиловск металлургия комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан аумағы аса үлкен болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының құны шахталарда өндірілетін көмірден екі-үш есе арзан.
Екібастұз бен Майкүбі кен орындары толық қуатымен жұмыс жасаған уақытта жылына 170 млн. т көмір өндіреді, ал бұл күніне 465,75 мың т шамасында немесе 6654 вагон көмір алынады деген сөз.
Қазір мұнда екі көмір бассейні жұмысқа қосылған. Оның үлкені — «Батыр». Дүние жүзіндегі көмір алыптары қатарына жататын «Батыр» карьерінің бір жылдық өнімі 60 млн. т-дан асады. Карьердің тереңдігі 220 м, ұзындығы 6 км, ені 2 км.
Екібастұз көмірінің сапасы төмен, оның құрамында күл калдықтары 35—45% шамасында болады, ол металлургиялық процестерге пайдалануға жарамайды. Соған карамастан Екібастұз еліміздегі ең ірі көмір бассейні болып табылады.
Қазақстанда 80-ші жылдарда іске қосылған көмір алыптарының бірі — Майкүбі кені. Бұл кен орны Екібастұзға жақын орналасқан, оның қойнауында он миллиард тонна тас көмір және коңыр көмір бар. Көмірі сапалы, күл қалдығы 7—8%-тен аспайды. Оны ашық карьер әдісімен қазып алуға болады. Бассейннің көмір қабаттары таралған ауданы 1400 км2-тан асады. Майкүбі көмірінің сапасы Екібастұз көмірімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, оны жартылай кокс алуға және химиялық шикізат, энергетикалық отын есебінде пайдалануға болады.
Торғай даласы да көптеген кен көздеріне бай екені белгілі, бұл өңірде ірі-ірі көмір бассейндері бар. Қазіргі жиырмадан астам көмір бассейнінде алпыс миллиард тоннаға жуық көмір қоры анықталып отыр. Мұндағы Обаған, Құсмұрын, Егінсай, Приозерное, Орлов, Харьков, Чернигов сияқты кен орындарынан ашық әдіспен (карьер) жыл сайын жүз миллион тонна көмір өндіруге болады. Мұның өзі келешекте Қостанай, Челябинск, Қазақстан мен Оралдың индустриялы аймақтарын арзан энергетикалық көмірмен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Торғай бассейндерінің көмірі негізінен қоңыр, күлі 18% шамасында, тек оның тиімсіз жағы — дымқылдығы. Оның жылулық қасиеті біршама жоғары (орташа есеппен 5800 ккал), сондықтан оны энергетикалық отын немесе жоғары калориялы жанғыш газ алу үшін өндіру тиімді болмақ.
Ірі-ірі көмір кендері Шу мен Іле алқаптарында да кездеседі (Қолжат т.б.). Олардың жалпы қоры едәуір болғанымен, көмірлерінің сапасы төмен, әрі жер бетінен едәуір терең орналасқан. Бұл кен орындары негізінен болашақтың энергетикалық қорлары болып саналады.
Республиканың басқа да жерлерінде көптеген көмір қабаттары кездеседі. Алда тұрған келелі міндеттердің бірі — жалпы халық шаруашылығының тиімділігін арттыру және қоршаған орта тазалығын белгілі деңгейде сақтау үшін жергілікті жерлердің отын қорларын пайдалану. Мысалы, Қарағандының және ең арзан Екібастұз көмірінің тоннасының өзіндік құны Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарына жеткізілген кезде 5—6 есе артады. Сондықтан, барлық өндіріс орындарының халық шаруашылығы салаларының өндірістік есепке көшкен уақытында республика жеріндегі энергетикалық көмір қорлары тиімді пайдаланылатын болса, онда бұл бір жағынан табиғи қорларды тиімді, ысырапсыз пайдалануға, екінші жағынан олардың өзіндік құнын кемітіп, халық қаржысын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берер еді.
