Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_sheptik_ba_1179_ylau_Mamandy_1179_1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.19 Mб
Скачать

5 .8 Сурет Тіреулер мен электр энергиясын жеткізетін желілердің сипаттамалары

а) тіреулердің жалпы түрлері; ә)желілердің кернеу шамаларының өсуіне байланысты жалпы көрсеткіштердің өзгеруі, мұндағы в — пайдаланылмайтын жердің ені; һ—тіреудің биіктігі; л—тізбектегі оқшаулатқыштардың саны; б) электрэнергиясын жетізудің өзіндік құнының кернеуге тәуелділігі; мұндағы С—электр энергиясын таратудың өзіндік кұны

Келешектің асқан өткізгішті ЭЖЖ моделі іспетті кабельді өткізгіш сынақтан өткізілді. Аса жетілдірілген жылу өткізбейтін қабатпен неше мәрте оралған метал трубаның ішіне әрқайсысы ниобий пленкасымен қапталған көптеген өткізгіштерден тұратын мыс өткізгіш орналастырылған. Трубаның ішінде нағыз ғарыштық салқындық —4,2 К температура сақталады. Мұндай температурада өткізгіштің кедергісі болмауына байланысты электр энергиясының шығыны болмайды. Демек, мұндай өткізгіштің бойымен қандай болмасын электр қуатын беруге болады. Себебі, кедергі болмағаннан кейін, шығын да болмайды.

Электр энергиясын жеткізу үшін Ресей ғалымдары қысымы 3 МПа-ға дейін жететін газ толтырылған кабель жасап шығарды (негізінен, азот қолданылады).

Есептеулер қысымы осынша жоғары газ толтырылған кабельдер арқылы кернеуі 500 кВ-қа дейін жететін электр энергиясын таратуға болатынын көрсетіп отыр. Жер астына салынатын кабельді өткізгіштер адамзатқа қажетті жүздеген мың гектар жерді, әсіресе үлкен қалаларда үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Графикалық бейнелеу. Электр энергиясында қолданылатын барлық қондырғылар, құрылғылар және олардың арасындағы байланыстар конструкторлық құжаттардың біртұтас жүйесінің (единая система конструкторской документации — ЕСКД) стандартына сәйкес бейнеленеді.

Электр энергиясында схемалардың бірнеше түрі қолданылады:

құрылымды, қарапайымдалған принциптік, толық принциптік, оперативті, монтажды схемалар және т.б.

Ең қарапайым схема — құрылымды схема. Онда электр энергетикасының негізгі қондырғылары (генераторлар, трансформаторлар, ЭЖЖ) электр энергиясын қабылдап, оны тарататын қондырғылар ғана көрсетіледі.

Қарапайымдалған принциптік схемада негізгі қондырғылармен бірге электр станциялары мен қосымша станциялардың арасындағы байланыстар да көрсетіледі.

Т олық принциптік схемада жоғары кернеулерде

қолданылатын барлық электр аппараттары көрсетіледі.

Оперативті схемалар электр энергетика жүйелерінің жұмысын басқарып отыру үшін жасалады. Бұл схемалар қай уақытта болмасын электр жүйесінің нақты жағдайларын көрсетіп тұрады.

Монтажды схема монтаждық жұмыстар жүргізу үшін жасалады.

5.9 суретте электр энергетика жүйесінің негізгі элементтерінің графикалық бейнелеуі көрсетілген.

5.10 суретте қуатты энергия жүйесінің бір бөлігінің принципті схемасы көрсетілген. Энергия жүйесінің негізін қуатты жылу, су, атом электр станциялары және жылу электр орталығы құрайды. Энергия жүйелерінің

кэг

арасындағы байланыс 500 кВ кернеу арқылы іске асырылады. Энергия жүйесінде электр энергиясы 35—220 кВ ЭЖЖ арқылы таратылады. Көптеген тұтынушыларға электр энергиялары 6—10 кВ кернеумен жеткізіледі.

Электр энергиясын өте мол тұтынатын қалаларға, жекелеген өндіріс орындарына (мысалы, болат қорыту, алюминий т.б. кәсіпорындар) электр энергиясы 220, 11О, 35 кВ кернеу арқылы беріледі. Осындай әрбір өндіріс орындарында төмендеткішқосалқы станциялар салынады.

Энергия жүйесінің құрамына кіретін барлық электр станциялар ЭЖЖ арқылы немесе қосалқы станциялардың көмегімен бір-бірімен жақсы байланысқан. Бұл энергия жүйесінің сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Әрбір қосалқы станция да энергия көздеріне сенімді қосылады. Барлық электр станциялар мен қосалқы станциялардың осылай тығыз байланыста болуы, барлық тұтынушылардың сенімді түрде электр энергиясымен қамтамасыз етілуіне және энергия жуйесінің техника-экономикалық көрсеткішінің жоғары болуына тиімді әсерін тигізеді.

Суретте қуатты қосалкы электр станция (ҚС(а)) көрсетілген. Осы қосалқы станция арқылы көршілес орналасқан II энергия жүйесімен 500 кВ ЭЖЖ арқылы байланыс жасалады. Сонымен бірге АЭС-ның III энергия жүйесімен байланысатыны да керсетілген. Ол байланыста кернеуі 500 кВ ЭЖЖ арқылы іске асырылады.