Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

24.11.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар жасау.

Аттың бейнесін тігу. Бөлшектерін пішу,біріктіріп тігу.

Мақсаты : оқушыларды тоқыма материалдармен жұмыс жасау кезіндегі қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру;

1.Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін, қол икемін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, қию, тігу, әңгімелеу

Көрнекілігі: ат панносы.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру.

1.Тігістің қандай түрлері бар?

2. Тігіс тізбегі қандай қашықтықта болу керек?

Жаңа сабақ

мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз.

Ол үшін

1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Панно жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

28.11.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар жасау. Күшіктің бейнесін тігу.Бөлшектерін пішу, біріктіріп тігу.

Мақсаты : оқушыларды тоқыма материалдармен жұмыс жасау кезіндегі қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру;

1.Оқушыларға күшік ойыншығын жасауды үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін, қол икемін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: күшіктің панносы.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру.

1.Тігістің қандай түрлері бар?

2. Тігіс тізбегі қандай қашықтықта болу керек?

Жаңа сабақ мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен күшік ойыншығын жасаймыз.

Ол үшін

1. Суретке қарап отырып, күшік кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне күшік кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, басы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, басына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, құлағына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, аяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: басы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, аузы, аяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін өткен сабақта тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі

Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Ойыншық жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]