Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

17.11.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы: Қажетті құрал-жабдықтар.Қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау.

Мақсаты:: оқушыларды «күнбағыс » панносын жасауға, әшекейлеуге жаттықтыру.

1.Оқушыларды тоқыма материалдармен жұмыс жасау кезіндегі қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру;

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі:қарау, түсіндіру, тігу, әңгімелеу

Көрнекілігі: әр түрлі паннолар.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру

1.Панно деген не?

2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен тоқыма материалдармен жұмыс жасағанда қолданатын қажетті

құрал-жабдықтармен танысамыз.

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

Қажетті құрал-жабдықтар.

Мата, қатырма қағаз, мақта,паралон, желім, қайшы,ілгек.

Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтап санитарлық-гигиеналық ережелерді еске түсіріп отыру керек.

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.

2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.

3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.

4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.

5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

Бекіту кезеңі Қорытындылау.

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

21.11.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар тігу. Материал таңдап,оны жұмысқа дайындау.

Мақсаты: оқушыларды тоқыма материалдармен жұмыс жасау кезіндегі қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру;

1.Оқушыларға жұмсақ ойыншықтар тігуді үйрету;

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Жұмсақ ойыншықтың қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға ойыншықтың сызбасын қарындашпен сызып, қиып алуға үйрету.

3.Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі:үлгі қию, тігу, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: әр түрлі паннолар.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру

1.Жұмсақ ойыншық деген не?

2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен жұмсақ ойыншық тігеміз. Жұмсақ ойыншықты қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Жұмсақ ойыншықтың қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға ойыншықтың сызбасын қарындашпен сызып, қиып аламыз.

2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

3. Матадан түрлі бөлшектерін қосу.

4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.

5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.

Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Ойыншығың қандай бөлшектерден тұрады?

Өз қолыңмен жасаған ойыншығыңды кімге сыйлар едің?

Ойыншыққа қандай тігіс қолдандың?

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]