Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

31.10.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы:Тоқу үлгілерімен таныстыру.

Мақсаты:тоқу үлгілерімен таныстыру.

1.Оқушыларды тоқу үлгілерімен таныстыру.

2. Танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: тоқылған заттар, тоқыма жіптер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті тоқыма жіптер, тоқитын инелер, қайшы.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Тоқу жұмысының бірінші түрі таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қолғап,кеудеше, сөмке сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі-түсті тоқыма жіптен ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрышты тоқудың бірінші түрі бойынша тіктеп тоқып үйренеміз.

2.Түрлі – түсті тоқыма жіптен ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрышты тоқудың екінші түрі бойынша қиғаштап тоқып үйренеміз.

3.Тоқылған екі түрлі бұйымды біріктіре тігіп шығу. ( 2суретке қарап)

4. 3-суретте көрсетілгендей етіп ,тоқыма жіптерден бау жасап әсемдеу.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Тоқыған тоқымаларың әдемі шықты ма?

Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау

2-тоқсан. ( 14- сағат)

14.11.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы: Бұйымдарды жіппен әшекейлеу.

Мақсаты:оқушыларды «күнбағыс » панносын жасауға, әшекейлеуге жаттықтыру.

1.Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жіппен әшекейлеуді үйрету.

2. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.

3.Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:үлгіге қарау, жасау, тігу, сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: дайын панно.

Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту. Сұрақ-жауап.

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.

2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.

3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.

4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.

5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Күнбағыс қай жерлерде өседі?

Одан қандай шикізаттар алынады?

Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]