- •1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйым жасау жолдарын үйрету;
- •1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
- •2.Білімін, ой-өрісін дамыту;
- •3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
- •3 Қағаздан полиэтилен батпырауығын жасау .
- •2.Білімін, ой-өрісін дамыту.
- •03.10.14. Еңбекке баулу
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •06.10.14. Еңбекке баулу
- •10.10.14. Еңбекке баулу.
- •13.10.14. Еңбекке баулу.
- •17.10.14.Еңбекке баулу.
- •20.10.14. Еңбекке баулу.
- •24.10.14. Еңбекке баулу.
- •27.10.14. Еңбекке баулу.
- •31.10.14. Еңбекке баулу.
- •14.11.14. Еңбекке баулу.
- •17.11.14. Еңбекке баулу.
- •21.11.14. Еңбекке баулу.
- •24.11.14. Еңбекке баулу.
- •28.11.14. Еңбекке баулу.
- •04.12.14. Еңбекке баулу.
- •05.12.14. Еңбекке баулу.
- •08.12.14. Еңбекке баулу.
- •12.12.14. Еңбекке баулу.
- •15.12.14. Еңбекке баулу.
- •19.12.14. Еңбекке баулу.
- •22.12.14. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •26.12.14. Еңбекке баулу.
- •29.12.14. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •09.01.15. Еңбекке баулу.
- •12.01.15. Еңбекке баулу.
- •16.01.15. Еңбекке баулу.
- •19.01.15. Еңбекке баулу.
- •23.01.15. Еңбекке баулу.
- •26.01.15. Еңбекке баулу.
- •30.01.15. Еңбекке баулу.
- •02.02.15. Еңбекке баулу.
- •06.02.15. Еңбекке баулу.
- •09.02.15. Еңбекке баулу.
- •13.02.15. Еңбекке баулу.
- •16.02.15. Еңбекке баулу.
- •20.02.15. Еңбекке баулу.
- •23.02.15. Еңбекке баулу.
- •27.02.15. Еңбекке баулу.
- •02.03.15. Еңбекке баулу.
- •1. Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Үй тапсырмасын тексеру
- •3. Сабаққа қызығушылығын арттыру
- •6.Сабақты бекіту.
- •8 .Сабақты қорытындылау.Бағалау.
- •06.03.15. Еңбекке баулу.
- •10.03.15. Еңбекке баулу.
- •13.03.15. Еңбекке баулу.
- •16.03.15. Еңбекке баулу.
- •03.04.15. Еңбекке баулу.
- •06.04.15. Еңбекке баулу.
- •10.04.15. Еңбекке баулу.
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •13.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •17.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •20.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •24.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •25.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •30.04.15. Еңбекке баулу.
- •IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
- •04.05.15. Еңбекке баулу.
- •08.05.15. Еңбекке баулу.
- •11.05.15. Еңбекке баулу.
- •12.05.15. Еңбекке баулу.
- •15.05.15. Еңбекке баулу.
- •18.05.15. Еңбекке баулу.
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •22.05.15. Еңбекке баулу.
17.10.14.Еңбекке баулу.
Тақырыбы:қол тігісі түрлері.
Мақсаты : қол тігісі түрлері туралы түсіндіру
1.Оқушыларды тігіс түрлерімен таныстыру. Олардың бір-бірінен айырмашылығын ұғындыру.
2.Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: тігіс түрлері көрсетілген мата қиындылары.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : мата қиындылары, ине, жіп, қайшы.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Білімдерін тексеру
1. Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
Жаңа сабақ
мұғалімнің түсіндірмесі.
Қолмен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.
Тігіс түрлері: қиғаш тігіс – бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымының арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай (төменнен жоғары), келесі тігіс солдан оңға (жоғарыдан төмен) қарай айқасады.
Ілмек тігісі матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей оқыту.
Түсінгендерін тексеру
Сарамандық кезең.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау.
Тігіс түрлері матаға орындап, альбомға жапсыру.
Бекіту кезеңі
Қорытындылау.
Қандай тігіс түрлерімен таныстық?
Олардың бір-бірінен айырмашылығын айту.
Бағалау.
20.10.14. Еңбекке баулу.
Тақырыбы: тігін құралдарын салатын бұйым.
Мақсаты :тігін құралдарын салатын бұйым жасауға үйрету.
1.Оқушыларға тігін құралдарын салатын бұйым жасауды үйрету.
2. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3.Жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Тігін құралдарын салатын бұйым.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: үш түсті мата, ине, жіп, қайшы, қатырма .
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Білімдерін тексеру
1. Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
Жаңа сабақ
мұғалімнің түсіндірмесі.
Бүгін сендермен тігін құралдарын салатын бұйым жасаймыз. Әрбір үйде тігін ісіне қажетті ине, жіп, түйме, қайшы, өлшегіш және т.б. құралдар бар. Оларды шашылып қалмас үшін арнайы орында сақтайды. Ондай бұйымды қобдиша түрінде жасайды немесе іліп қоюға ыңғайлы етіп матадан, былғарыдан тігеді.
Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей.
Практикалық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Ұзындығы 30 см, ені 12 см болатын мата қиып ал. 2. Оны тігінен дәл ортасынан теріс бетіне бүкте. 3. Матаның теріс бетінің жоғарғы және төменгі жағына жүрек пішінін белгілеп алып, матаны белгі бойынша қи.
4. Көлемі 7 см х 7 см және 4 см х 4 см екі түсті матадан шаршы пішінді бөлшек қиып ал.
5. Жүрек пішінді матаның оң бетінің төменгі жағына үлкен көлемдегі шаршы матаны айқас тігіспен тігіп шық. 6. Екінші шаршы матаға қиғаш тігісін қолдан. 7. Жүрек пішінді бұйымды екіге бүктеп, жиегін ілмек тігіспен тігіп шық. 8. Жасаған бұйымыңа ілгек жаса және шашақпен безендір.
Бекіту кезеңі
Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Бұйым жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар? Жасаған бұйымдарыңа қандай заттар салуға болады?
Бағалау
Үйге тапсырма. Бұйымды өз бетіңше әшекейле.
