Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

10.10.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы:қатырма қағаз жолақтарынан тоқылатын бұйымдар қорап жасау.Жолда жүру ережелері туралы білімін тексеру.

Мақсаты:қатырма қағаз жолақтарынан тоқылатын бұйымдар қорап жасау. Жолда жүру ережелері туралы білімін тексеру.

1.Оқушыларға қатырма қағаздан себет тоқуды үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: тоқылған себет, сандықша.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Себет тоқу жұмысы қағаз таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қорап, себет, сандықша сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді. Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі-түсті қағаздан ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрыш қиып аламыз. Ол қораптың негізі болады.

2.Қағаздың жиектерінен 5 см-ден қалдырып отырып, сызық жүргіземіз. Бұрыштарындағы артық бөлшектерді қиып, алып тастаймыз. Қорап қабырғаларын бүктеу сызықтары бойынша ішке қарай қайырамыз.

3.Ені 1см-ге тең болатын жолақтар сызамыз. Оларды бүктеу сызығына дейін қиямыз.

4. Қорап қабырғаларын 3-суретте көрсетілгендей етіп ені 1см ұзын жолақтардың көмегімен тоқимыз.

Жолда жүру ережесі . Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек. Жолақ жолмен көшеден Өтеді кіл жаяулар. Көліктердің бәрінің Жылдамдығы баяулар. «Қалмасын жұрт жолынан!»- Деп жол берер көліктер. Зебраның жонынан Аумайды өзі, келіп көр! - Көшеде жүру тәртібін не басқарады? Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ Бағдаршам аты Үш көзі бар батыр. Тоқ болғанмен заты, Өзінде көп ақыл.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Жасаған қораптарың әдемі шықты ма?

Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

13.10.14. Еңбекке баулу.

Тақырыбы .Табиғи және жасанды маталар.

Олардың ерекшелігі және қасиеттері.

Мақсаты : табиғи және жасанды маталар.Олардың ерекшелігі және қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

1.Оқушыларды мата түрлерімен таныстыру, матаның қасиеттері мен ерекшеліктері туралы түсіндіру, жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы, жіпті матаға түйінсіз бекітуді үйрету;

2.Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту;

3.Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. .

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: мата түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру

1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Жіпті қалай түйіндейміз ?

Жаңа сабақ

мұғалімнің түсіндірмесі

Мата түрлерімен таныстыру.Матаның қасиеттері мен ерекшеліктеріне тоқталу.Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру, көрсету.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Суретпен, көрнекілікпен жұмыс.

Түсінгендерін тексеру.

Сарамандық кезең.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау.

А) Мата қиындыларын жапсырмалау, үлгісін көрсету.

ә) Жіпті матаға түйінсіз бекіту.

Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Жапсырмалау деген не?

Ұлттық киімдерді матаның қай түрінен тіккен дұрыс?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Оқу. жіпті матаға түйінсіз бекіту тәсілін жаттығып үйрену.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]