Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

08.05.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

11.Тақырыбы: Қатырма қағаздан тұрмыстық бұйымдарды құру.

( сандық, кебеже)

Мақсаты:Қатырма қағаздан тұрмыстық бұйымдарды құру.

1.Оқушыларға сандық,кебеже туралы түсінік бере отырып, оны қатырма қағаздан жасап үйрету.

2.Танымдық касиеттерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер,қатырма қағаздан жасалған сандықтар.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, желім.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Сандық – киім-кешек және т.б. заттарды салып, сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі. Сандықтың бірнеше түрі бар. Олар: абажа, әбдіре, қобдиша. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Олар екі жағы өңделген жұқа тақтайдан жасалады. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады. Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді. Алтын, күміс сияқты қымбат металдармен зерленіп, асыл тастармен безендірілген, әр түрлі ойма сүйектермен әрленген қазақ сандықтарын қазір мұражайдан көруге болады.

Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық-түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады. Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан-жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді. Асадал – асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс-аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды. Қазіргі заманда ыдыс-аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Қатырма қағаздан кебеже жасау. Оны әшекейлеу. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Жасаған кебежелерің ұнады ма? Кебежені тұрмыста не үшін қолданады?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

11.05.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

12.Тақырыбы:Сандық жасау.

Мақсаты:Сандық жасау.

1. Оқушыларғасандық, жүкаяқ туралы түсінік бере отырып, оны қатырма қағаздан жасауды үйрету.

2.Ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз,қайшы,желім.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Сандық – киім-кешек және т.б. заттарды салып, сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі. Сандықтың бірнеше түрі бар. Олар: абажа, әбдіре, қобдиша. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Олар екі жағы өңделген жұқа тақтайдан жасалады. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады. Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді. Алтын, күміс сияқты қымбат металдармен зерленіп, асыл тастармен безендірілген, әр түрлі ойма сүйектермен әрленген қазақ сандықтарын қазір мұражайдан көруге болады.

Жүкаяқ – сандықтың астына қойылатын жиһаз. Оны өңделген қатты ағаштан жасайды. Жүкаяқ төрт бөліктен тұрады. Олар: алдыңғы және артқы жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4-5 шабақ ағаш және тіреуіштер. Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.Қайқы бас жүкаяқтың төсек ағаш тәріздес екі жақ басы жоғары қарай көтеріңкі болып келеді. Оған тек төсек-орын жинайды.Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады. Шеберлер жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді. Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.Еңбек қауіпсіздігін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Сандық пішінін жасайтын қатырма қағазды дайындаймыз.Сандықтың өлшемі қалауынша алынады.

2.Сандықтың бөліктерін таспа түрінде дайындаймыз.

а)Сандықтың жақтауы (2бөлшек) ә) Сандықтың аяғы (4бөлшек)

б) сандықтың үстіңгі қақпағы

3.Өлшеп, қиып алынған дайын таспалар.

4.Дайын таспалардан сандық пішінін құрастырамыз.

а) Сандықтың жақтауларына аяқтарын желіммен жапсырамыз.

б)Сандықтың жақтауына желімделген аяқтарын іш жағына қаратып, дайын болған шабақшалармен екі жақтауды бір-біріне жалғастырып, құрастырамыз. Ол үшін шабақтардың ұшына аз ғана желім жағып, арақашықтықтарын бірдей етіп, жақтауға жапсырамыз. Шабақтарды алдымен бірінші жақтауға жапсырып, желімін кептіреміз.

в) Бірінше жақтаудың желімі кепкеннен кейін екінші жақтауды кептіреміз.

5.Жүкаяқтың аяқтары қозғалмас үшін тіреуіштерін жапсырамыз. Содан кейін сандықты ою-өрнектермен көркемдейміз.

Бекіту кезеңі.Қорытындылау

.Сандық қанша бөліктен тұрады?

Қандай мақсаттарда қолданылады? Сандықты көркемдеу үшін қандай ою-өрнектерді пайдалануға болады?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]