Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

25.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

8.Тақырыбы: Қалта телефонының қабы. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Мақсаты: Қалта телефонының қабы. Реттелмейтін көше қиылыстары туралы білімдерін тиянақтау.

1. Оқушыларға қалта телефонының қабын тігуді үйрету.

2.Танымдық қасиеттерін дамыту.

3.Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі сөмкелер.

Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, ине, жіп..

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қалта телефондарының қабы көлеміне қарай бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан, былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасы бойынша былғарыдан тігеміз. Қалта телефонының қабын тігу үшін материалдың қалыңдығына қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Былғарыдан өлшемі 30см х 10см болатын қалта телефонының қабының негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен қалта телефонының қабының негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп, түзу тігіспен тігіп шығамыз.

6.Қалта телефонының қабын әшекейлеу үшін түрлі моншақтарды әсемдеп қадаймыз.

Қорытындылау.

Жасаған қалта телефондарыңның қабы ұнады ма?

Қалта телефондарыңның қабын тағы қалай безендіруге болады?

Реттелмейтін көше қиылыстары туралы мәлімет беру, әңгімелесу.

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

30.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

9.Тақырыбы:Сымнан тұмар жасау.

Мақсаты: Сымнан тұмар жасауға үйрету.

1.Оқушыларға сымтемір туралы түсінік беру. Олардың тұрмыстағы пайдасы, оларды түзетудің тәсілдерін үйрету.

2. Ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.

3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: сымтемірлер.

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Сымтемір – диаметрі 10мм-ге жетпейтін металдан жасалған ұзын жіңішке материал. Зауытта сымтемірді балқытылған металды арнайы қондырғымен жіңішкерте созу арқылы дайындайды. Зауытта сымды темір, болат, мыс, алюминийден жасайды. Олардың жуандықтары әр алуан болады. Болат сымнан шеге, бұранда, бұрамашеге және тұрмысқа қажетті заттар жасаса, алюминий, мыстан дайындалған сымдар жұмсақ, пайдалануға ыңғайлы болғандықтан радио, телефон-телеграф байланысы мен жарық беру үшін қолданылады. Сымтемірлерді жуан-жіңішкелігіне қарай әр түрлі жолмен түзетеді. Оларды түзетудің қарапайым және күрделі тәсілі бар. Қарапайым тәсілмен жіңішке сымтемірді әр түрлі құралдардың көмегімен түзетеді.Сергіту сәті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]