Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

24.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

7. Тақырыбы:Моншақтан әшекейлер мен бұйымдар жасау.( қалта телефонының қабы, сөмке)

Мақсаты:Моншақтан әшекейлер мен бұйымдар жасауға үйрету

1. Оқушыларға моншақтардан әшекей бұйымдар жасатып үйрету.

2.Ой-өрісін, қиялын дамыту.Танымдық қасиеттерін дамыту.

3.Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: моншақтардан жасалған әр түрлі бұйымдар.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақтар, көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар, қатты қағаз, қарындаш, ПВА желімі, ағылшын түйреуіші.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ұсақ моншақтарды алқа, сырғалар жасап, әр түрлі киімдерді безендіруге қолданады. Сондай-ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып, қалта телефондарының қабын жасауға болады.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.

2.Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып, кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.

3. Гүл мен себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек, жұлдызша, жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.

4.Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз

. - Моншақпен кестелеудің алдында матаны кергішке тартып, оның бетіне сурет салынады, немесе суретке қарамай-ақ әркім өз қиялына сай өрнектеп кестелей беруіне болады - Матаны кестелеп болған соң кергіштен босатып, шетіне орын қалдыра отырып қиып, үтіктейді. Кесте қаттырақ болу үшін астына қалыңырақ матадан астар тігіледі. - Матаны моншақпен кестеленген жағымен үтіктеуге болмайды, моншақ еріп, табанына жабысып қалуы мүмкін. - Кестелердің алдында кестенің нобайын сызып, жобалап көрген дұрыс. Жаңа сабақ сөзжұмбақ арқылы бекітіледі. 1. Ұлттық бас киім (бөрік) 2. Қыз баланың моншақты бас киімі (тақия) 3. сырып тігілетін төсеніш  4. Кесе салатын қалта (кесеқап) 5. Жүнді иіретін құрал (ұршық) Мақал – мәтелдерді аяқтау: 1. Жеті рет өлшеп ... (бір рет кес) 2. Көз қорқақ ... (қол батыр) 3. Ата көрген ... (оқ жанар) Шеше көрген ... (тон пішер) 4. Асыл қайшы пішуге сән, ... қасық ішуге сән (күміс) 5. Өнерден үйрен, өнерсізден ... (жирен) 6. Бүгінгі істі ... (қалдырма ертеңге) 7. Батыр адам қорқақты сүймес, шебер адам ... сүймес (жалқауды) 8. Келісіп пішкен тон ... болмас (келте) 9. Өнерлі болу зейнет, өнерсіз болу ... (бейнет) Сабақты қорытындылау: - су моншақпен (бисермен) кестелеудің технологиясымен таныса отырып, сапалы да сәнді бұйымдар жасап, әрі зерттеп шығармашылық жобамен таныстық. Әрқайсысымыз өзіміздің өнерлі екенімізге көз жеткізуге әдемі кестелер жасауға тырыстық. Оқушылар білімі тест арқылы тексеріледі: 1. Бисер қандай заттан жасалған? а) ағаштан ә) шыныдан 2. Шыны неден алынған? а) табиғи сода ә) тас көмір 3. Бисер түрі: а) шыны ә) стеклярус 4. Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер ә) бисер 5. Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? а) А.С.Пушкин ә) М.Ю.Ломоносов

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]