Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

17.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

5. Тақырыбы: Былғарыдан әшекей бұйым жасау.

Мақсаты:былғарыдан әшекей бұйым жасауға үйрету.

1. Оқушыларға былғары, одан жасалатын бұйымдар туралы түсінік беру, былғарыдан шашақ жасауды үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.

3.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: былғарыдан жасалған шашақ.

Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, сызғыш, қарындаш, жіп.

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Былғары теріні өңдеу арқылы алынады. Былғары жұмсақ, төзімді, қандай да бір бұйым жасауға ыңғайлы әрі таптырмайтын материал. Былғарыдан аяқ киім, сырт киім, сөмке және әр түрлі сәнді, әшекейлі бұйымдар жасайды. Сондай бұйымдардың бірі – шашақты былғарыдан жасау жеңіл де қарапайым болып келеді.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Шашақ жасайтын былғарының қатпарларын тегістеп жазып, суретте көрсетілгендей көлденең сызық жүргіземіз.

2.Қарындашпен көлденең сызыққа дейін тігінен белгі саламыз.Сонан кейін белгі ізімен қиямыз.

3.Тарамдалған былғары шашақты ширатып ораймыз.

4.Оралған шашақ дайындамасының жоғарғы жағына қосымша жіпті мықтап байлап, ілмек жасаймыз.

5.Ілмекке жіп өткіземіз де, дайын шашақты кез келген бұйымды әшекейлеу үшін пайдаланамыз.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Былғары қандай материал?

Одан қандай бұйымдар жасауға болады?

Былғарыдан жасалған шашақпен қандай бұйымды әшекейлеуге болады?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

.

20.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

6.Тақырыбы:Былғарыдан әшекей бұйым сөмке тігу.

Мақсаты:Былғарыдан әшекей бұйым сөмке тігу.

1. Оқушыларға сөмке тігуді үйрету.

2.Танымдық қасиеттерін дамыту.

3.Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі сөмкелер.

Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, ине, жіп..

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Сөмкенің қолданылуына қарай бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан, былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасы бойынша сөмкені былғарыдан тігеміз. Сөмке тігу үшін материалдың қалыңдығына қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Былғарыдан өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп, түзу тігіспен тігіп шығамыз. 6.Сөмкені әшекейлеу үшін гүл қадаймыз.

Қорытындылау.

Жасаған сөмкелерің ұнады ма?

Мектепке ұстайтын сөмке қандай болуы керек?

Сөмкені қалай безендіруге болады?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]