Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

16.03.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы:Фольгадан әшекей бұйымдар жасау.

Мақсаты:фольгадан әшекей бұйымдар жасауға үйрету.

1.Оқушыларға фольгадан қапсырма жасап үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: әшекейлі бұйымдар, қапсырма.

Қажетті материалдар мен құралдар:

жұқа азық-түлік фольгасы, қатырма қағаз, қарындаш ,қайшы..

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Зергерлік бұйымдардың ішінде қыз-келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек .Кез-келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатып, ою-өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрі де көп. Олар: гауһар, ақық, маржан, інжу, меруерт және т.б. Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма – қыз-келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

Іштей, тізбектей оқыту

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.2-суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де, қиып аламыз.

Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан-жағын сызамыз .Бүктеу үшін 1см-дей артықтау алып, оны қиып аламыз.

.Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.

Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз .Қапсырманың екі бөлігі бірдей болуы шарт. Қапсырманың бетіне қарындашпен өрнек салғанда, фольганың тесіліп, жыртылып қалмауын қадағала.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

03.04.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

4-тоқсан.

1. Тақырыбы:Қағаздан кілем- сырмақ жасау.

Жолдағы жағдайларды макетте талдау. Арнайы автоалаңдағы практикалық сабақ.

Мақсаты:қағаздан кілем- сырмақ жасауға үйрету.

Жолдағы жағдайларды макетте талдау. Арнайы автоалаңдағы практикалық сабақ.

1.Оқушыларға сырмақ туралы түсінік бере отырып, оны қағаздан жасауды үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін, қиялын дамыту. Шығармашылыққа баулу.

3. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу. Жолдағы оқиғаларға көңіл бөлуді үйрету

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік, қию, жасау.

Көрнекілігі: сырмақтар.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, желім.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Оны түрлі түсті киізден ойып, өрнек салып та, шымқай ақ киіздің бетіне ақ, қызыл, сары маталардан ою бастырып та тігеді. Сырмақ сыру өнерінде «қошқармүйіз» оюы көп қолданылады. Ол үшін алдымен ою-өрнек салынған үлгі дайындалады. Үлгіні жасауға қалың қатырма қағаз, жұқа пластмассалар қажет. Пластмассадан жасалған үлгілерді бірнеше рет пайдалануға болады.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі-түсті қағаздың дәл ортасынан көлденең және тік сызық жүргіземіз.

2.Оны төртке бүктеп, бір бөлігіне қарындашпен оюды сызамыз.

3.Сызық бойынша оюды қиып аламыз.

4.Дайын оюға желім жағып, түрлі түсті қатырма қағаз бетіне желімдейміз.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Жасаған сырмақтарың ұнады ма?

Сырмақтан басқа тағы қандай ұлттық төсеніш түрлерін білесіңдер?

Жолдағы жағдайларды арнайы авто алаңдарда макеттер арқылы жүргізіп, жол ережелерін еске түсіру және практика бойынша қорытынды жасау.

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]