Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

02.03.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: Қуыршақтың камзолын үлгілеу.

Мақсаты: қуыршақтың камзолын үлгілеуді үйрету.

1.Оқушылардың модельдеу тақырыбында алған біліміне , біліктілігіне және үйренген әдет-дағдысына сүйене отырып ,қуыршаққа киімді модельдеу.

2.Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту,жұмыс істеу дағдыларын дамыту,қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.3. Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.Жұмыс тәртібін сақтау,ңбекті бағалауға үйрету, еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.Әдісі:түсіндірме бейнелеу,практикалық оқыту,сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Қажетті материалдар мен құралдар: таспа, мулине жібі, зер жіп, ПВА желімі, ине, жіп, қайшы, қатты қағаз.интерактивті тақта арқылы слайд көрсету , әр түрлі суреттер, эскиздер.

Сөздік жұмыс:  «модельдеу», «модель» , «нобай» , «стиль».

Барысы:

     Сабаққа қызығушылығын арттыру

Жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына жұмбақты шешейік.

Бөбектердей бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін.

Ол қаз басып жүрмейді,

Сөйлемейді, күлмейді. Қуыршақ.

Бүгін біздер осы қуыршақтың киімін модельдейміз.Осы жерде слайд бойынша  қуыршақ туралы мәлімет беріп кетемін.. Ең қызығы халықаралық қуыршақтар күні бар екен ,

ол-3 наурызда аталып өтеді екен.Сонымен бүгін біздер қуыршағымыздың киімін құрастырамыз.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Модельдеу дегеніміз-бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі.Киімді модельдеуменмодельерсуретші-айналысады.Модальер адамның денебітімінсондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік заңдарын білу керек.Тігін технология- сын жақсы меңгеруі керек.Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің суретші-модельері айналысады.Техникалық модельдеу-нобайлар,суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструктор айналысады.

Модельдеудің үш принціпі бар:

1.       Киімнің адамның ішкі және сыртқы кескініне сәйкес болуы

2.       Арнаулы киімдердің мақсатқа сай,қолдануға ыңғайлы болуы

3.       Киімнің қолданылатын аясына ,түріне пайдалынылатын материалдың сәйкес болуы

Тақтада көріп тұрғандай мына қамзолды модельдейміз.

5.Сарамандық жұмыс.

Мына үлгілерді сызып, оны қиып аламыз.Ол үшін бізге керек құралдарды білу үшін тақтадағы жұмбақтарды шешіп көрейік.

Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,

Матаның күнде жейді басын қыршып.

Матаның жеген сайын басын қыршып,

Артынын түбіт тұрар қыл-қыбыршық.Қайшы

Қысқа таяң діңі бар,

Шиырлаған ізінде,

Сайрап тұрар тілі бар.Қарындаш

Сансыз ойлар бетінде,

Сайрап жатыр бар тілде.

Қажетпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпімде.Қағаз

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.Сызғыш

Тазалап ақ қағаз жүзін,

Жоқ етер қарындаш ізін.Өшіргіш

Еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесін есте сақтайық.

Қайшыны жолдасыңа берерде үшкір жағын өзіңе қаратып бер.

Қайшының жүзін жабық күйінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Инені аузыңа салуға болмайды,киімге түйреуге болмайды.

Инені алушыға сабақтаулы жағымен бер.

Сынған инені жергетастауға болмайды.

Желіммен жұмыс жасап болған соң міндетті түрде қолыңды жу.

Балалар қиып,сызып үлгілерін көрсетеді. Оқушылар қуыршақтың қамзолының суретін салады.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша қатырма қағаздан қуыршақтың кеудесі, жеңі және бетінің қалып үлгісін дайындап аламыз. Матадан үлгілерді қойып, белгі саламыз. Жиегінен тігіске 0,7см қалдырып, бөліктерін қиып аламыз.

2. Қуыршақтың кеудесін жасайтын бөлікті конус тәрізді пішінге келтіріп бүктеп, теріс бетінен тігеміз.

3.Екі жеңін де конус тәрізді пішінге келтіріп тігіп, кеудесінің екі жақ шетіне жалғап, біріктіреміз.

4. Камзолды түрлі ұсақ моншақтармен әшекейлеп, дайындап қоямыз.

5.Қуыршақтың кеуде бөлігіне, жеңіне сәнді таспаны айналдыра жапсыруға болады.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Камзолды қандай бұйыммен әшекейлеуге болады?

Камзол тігуде қандай қол тігістерін қолдандың?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

Үйге тапсырма беру. Камзолды аяқтау.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қуыршақтың камзолын тігу үлгісін үйрету.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша қатырма қағаздан қуыршақтың кеудесі, жеңі және бетінің қалып үлгісін дайындап аламыз. Матадан үлгілерді қойып, белгі саламыз. Жиегінен тігіске 0,7см қалдырып, бөліктерін қиып аламыз.

2. Қуыршақтың кеудесін жасайтын бөлікті конус тәрізді пішінге келтіріп бүктеп, теріс бетінен тігеміз.

3.Екі жеңін де конус тәрізді пішінге келтіріп тігіп, кеудесінің екі жақ шетіне жалғап, біріктіреміз.

4. Камзолды түрлі ұсақ моншақтармен әшекейлеп, дайындап қоямыз.

5.Қуыршақтың кеуде бөлігіне, жеңіне сәнді таспаны айналдыра жапсыруға болады.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Камзолды қандай бұйыммен әшекейлеуге болады?

Камзол тігуде қандай қол тігістерін қолдандың?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

Үйге тапсырма беру. Камзолды аяқтау.

Сабақтың тақырыбы:Қуыршақтың киімін модельдеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу тақырыбында алған біліміне , біліктілігіне және үйренген әдет-дағдысына сүйене отырып ,қуыршаққа киімді модельдеу.

Білімдік: қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету,тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.

Дамытушылық:модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту,жұмыс істеу дағдыларын дамыту,қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге,қиялдай білуге,қиялдай білуге үйрету.

Тәрбиелік:жұмыс тәртібін сақтау,еңбекті бағалауға үйрету,еңбек және тұрмыс гегиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:түсіндірме бейнелеу,практикалық оқыту.

Сөздік жұмыс:  «модельдеу», «модель» , «нобай» , «стиль».

Сабақтың көрнекіліктері : интерактивті тақта арқылы слайд көрсету , әр түрлі суреттер, эскиздер.

Сабақтың барысы :

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]