Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

02.02.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: Кәмпит салатын ыдысты аяқтау.

Мақсаты:кәмпит салатын ыдысты аяқтау.

1.Сусыннан босаған пластмасса бөтелкеден кәмпит салатын ыдыс жасауды аяқтау.

2. Ой-өрісін, қиялын дамыту.

3.Үнемшілдікке,еңбек етуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: пластмасса ыдыстан жасалған әр түрлі ыдыстар.

Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса бөтелке, кеңсе пышағы, ермексаз.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен ермексазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен кәмпит салатын ыдыс жасап көрейік. Ол үшін бөтелкенің бас жағы мен түп жағын қайшымен қиып немесе кеңсе пышағымен абайлап кесеміз. Содан кейін бөтелкенің түбін кеңсе пышағымен оямыз. Ойық арқылы бөтелкенің мойнын кіргізіп, оның жан-жағын ермексазбен жапсырып, бекітеміз. Дайын ыдысты әр түрлі тәсілмен безендіруге болады. Жасаған кәмпит салатын ыдыстарын әшекейлеу.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс .

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Кәмпит салатын ыдысты әшекейлеу.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Пластмасса ыдыстан тағы қандай бұйым жасауға болады?

Ыдысты қандай тәсілдермен көркемдеп, әшекейледің?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып бағалау.

06.02.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: «Лего» құрастырғыш бөлшектерден модельдер құрастыру. Құралдармен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың жүк автомобильдерінде тасу.

Мақсаты:«Лего» құрастырғыш бөлшектерден модельдер құрастыру. Құралдармен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың жүк автомобильдерінде тасу.

1. Оқушыларды легоқұрастырғыштармен жұмыс істеуге үйрету.

2. Ой-өрісін, қиялын дамыту.

3.Шыдамдылыққа, ептілікке баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: легоқұрастырғыш.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Легоқұрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастырылады.

Оқулықтарыңдағы суретте көрсетілгендей, екі қабатты әсем үйден бастап, оның ішіндегі ұсақ-түйек үй жиһаздарын құрастыра аласыңдар.

Құрастыру кезінде бөлшектер ең алдымен бір-бірімен тығыз орналасуы керек.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген мәліметті оқу, түсіндіру.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

.Практикалық жұмыс.

Легоқұрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастыру.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Легоқұрастырғыш бөлшектерінен тағы қандай модельдер жасай аласың?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]