Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

26.01.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: Қалам салғыш жасауды аяқтау.

Мақсаты: қалам салғыш жасауды аяқтау.

1.Сүт қорабынан жасалған қалам салғыш қорабын әшекейлеуді үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

3.Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: сүт қораптары, қайшы, желім.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Өткен сабақта әзірлеген сүт қорабынан жасалған қалам салғыш қорабын бүгінгі сабақта әшекейлейтіндерін айту.

Әр оқушы өз қалам салғыш қорабын өз қалауынша өзі әшекейлейтінінде ескертеді. Түрлі түсті қағазбен желімдеуге немесе ою- өрнекпен әсемдеуге де болатынын айтады.

Сергіту сәті.

Бой жазу жаттығуын жүргізу.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы қалам салғыштың әшекейлену әдісін байқап көріп,әңгімелеп шығу.

Сұрақ-жауап арқылы талқылау.

Практикалық жұмыс.

Оқушылар өз қалауларынша өз қалам сағыштарын әшекейлеуге кіріседі.

Қажетті құралдарды үстелдің үстіне ыңғайластыра орналастырған жөн.

Түрлі қағаздардың түрлерін дұрыс таңдай біл және дұрыс композиция құрастыр.

Оқушылардың еңбегін қадағалау.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Сүт қорабынан тағы қандай заттар жасауға болады?

Қалам салғышыңның әшекейленгеннен кейінгі түрі ұнады ма?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

30.01.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: Пластмасса қорабынан дайындалатын бұйымдар.Кәмпит салатын ыдыс жасау.

Мақсаты:пластмасса қорабынан дайындалатын бұйымдар.Кәмпит салатын ыдыс жасау.

1.Сусыннан босаған пластмасса бөтелкеден кәмпит салатын ыдыс жасауды үйрету.

2. Ой-өрісін, қиялын дамыту.

3.Үнемшілдікке, еңбек етуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: пластмасса ыдыстан жасалған әр түрлі ыдыстар.

Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса бөтелке, кеңсе пышағы, ермексаз.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен ермексазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен кәмпит салатын ыдыс жасап көрейік. Ол үшін бөтелкенің бас жағы мен түп жағын қайшымен қиып немесе кеңсе пышағымен абайлап кесеміз. Содан кейін бөтелкенің түбін кеңсе пышағымен оямыз. Ойық арқылы бөтелкенің мойнын кіргізіп, оның жан-жағын ермексазбен жапсырып, бекітеміз. Дайын ыдысты әр түрлі тәсілмен безендіруге болады.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс .

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Пластмасса ыдыстан тағы қандай бұйым жасауға болады?

Ыдысты қандай тәсілдермен көркемдеп, әшекейледің?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]