- •1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйым жасау жолдарын үйрету;
- •1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
- •2.Білімін, ой-өрісін дамыту;
- •3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
- •3 Қағаздан полиэтилен батпырауығын жасау .
- •2.Білімін, ой-өрісін дамыту.
- •03.10.14. Еңбекке баулу
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •06.10.14. Еңбекке баулу
- •10.10.14. Еңбекке баулу.
- •13.10.14. Еңбекке баулу.
- •17.10.14.Еңбекке баулу.
- •20.10.14. Еңбекке баулу.
- •24.10.14. Еңбекке баулу.
- •27.10.14. Еңбекке баулу.
- •31.10.14. Еңбекке баулу.
- •14.11.14. Еңбекке баулу.
- •17.11.14. Еңбекке баулу.
- •21.11.14. Еңбекке баулу.
- •24.11.14. Еңбекке баулу.
- •28.11.14. Еңбекке баулу.
- •04.12.14. Еңбекке баулу.
- •05.12.14. Еңбекке баулу.
- •08.12.14. Еңбекке баулу.
- •12.12.14. Еңбекке баулу.
- •15.12.14. Еңбекке баулу.
- •19.12.14. Еңбекке баулу.
- •22.12.14. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •26.12.14. Еңбекке баулу.
- •29.12.14. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •09.01.15. Еңбекке баулу.
- •12.01.15. Еңбекке баулу.
- •16.01.15. Еңбекке баулу.
- •19.01.15. Еңбекке баулу.
- •23.01.15. Еңбекке баулу.
- •26.01.15. Еңбекке баулу.
- •30.01.15. Еңбекке баулу.
- •02.02.15. Еңбекке баулу.
- •06.02.15. Еңбекке баулу.
- •09.02.15. Еңбекке баулу.
- •13.02.15. Еңбекке баулу.
- •16.02.15. Еңбекке баулу.
- •20.02.15. Еңбекке баулу.
- •23.02.15. Еңбекке баулу.
- •27.02.15. Еңбекке баулу.
- •02.03.15. Еңбекке баулу.
- •1. Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Үй тапсырмасын тексеру
- •3. Сабаққа қызығушылығын арттыру
- •6.Сабақты бекіту.
- •8 .Сабақты қорытындылау.Бағалау.
- •06.03.15. Еңбекке баулу.
- •10.03.15. Еңбекке баулу.
- •13.03.15. Еңбекке баулу.
- •16.03.15. Еңбекке баулу.
- •03.04.15. Еңбекке баулу.
- •06.04.15. Еңбекке баулу.
- •10.04.15. Еңбекке баулу.
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •13.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •17.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •20.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •24.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •25.04.15. Еңбекке баулу.
- •2.Сұрақ-жауап
- •30.04.15. Еңбекке баулу.
- •IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
- •04.05.15. Еңбекке баулу.
- •08.05.15. Еңбекке баулу.
- •11.05.15. Еңбекке баулу.
- •12.05.15. Еңбекке баулу.
- •15.05.15. Еңбекке баулу.
- •18.05.15. Еңбекке баулу.
- •3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
- •22.05.15. Еңбекке баулу.
19.01.15. Еңбекке баулу.
Карибаева И.А. 4 «а» кл
Тақырыбы: «Аққала» панносын аяқтау.
Мақсаты: «Аққала» панносын жасауды аяқтау.
1.Оқушылармен «Аққала» панносын жасауды аяқтау.
2.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.
3. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: матадан жасалған мүсіндер.
Қажетті материалдар мен құралдар.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
мұғалімнің түсіндірмесі.
Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы матадан жасап көрейік.
Сергіту сәті
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
.Оқулықпен жұмыс
Іштей, тізбектей оқыту. Сұрақ-жауап
Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Мата мен мақтаны аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алу.
2. Маталарды домалақтап тігіп , ішін мақтамен толтырып бітеп тігу. 3 домалақ жасау.
3. Үлкен домалақты астыңғы жағына,ортаншысын ортаңғы жағына, кішісін үстіңгі жағына біріктіріп тігу.
4. Басына түрлі қағаздан қалпақ кигізу.
5. Аққаланың сыпыртқысының сабын шиден немесе кепкен өсімдіктерден жасауға болады.
6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын мақтадан жапсырмалаймыз.
7. аққаланың көзін, аузын , мұрнын өз қалауымызша өзімізге ұнаған заттан жасаймыз..
Бекіту кезеңі.
Қорытындылау. Аққаланы тағы қандай заттан жасауға болады?
Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
23.01.15. Еңбекке баулу.
Карибаева И.А. 4 «а» кл
Тақырыбы: Қатырма қағаз сүт қорабынан қалам салғыш жасау.Қауіпсіздік техникасы ережесі.
Мақсаты:қатырма қағаз сүт қорабынан қалам салғыш жасау. Қауіпсіздік техникасы ережесі.
1.Оқушыларға қатырма қағаздан қалам-қарындаш салатын қорап жасату.
2.Ой-өрісін,шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: сүт қораптары, қайшы, желім.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бірнеше сүт қорабын жуып, тазалап, кептіреді.Үш қораптың ұзындығын әр түрлі етіп түзулеп қияды. Ал қалған үш қорап қысқа етіп, қиғаш кесіледі. Қораптардың сыртын түрлі-түсті қағазбен, жылтыр фольгамен қаптаса ерекше әсем көрінеді. Оларды желімдеп біріктіреді. Сонда қалам салғыш құламайды, ішіндегі заттары да шашылмайды. Биік қораптарға қалам, қарындаш, қайшы, сызғыш сияқты құралдарды салып қоюға болады.Ал аласа қораптар қыстырғыш, өшіргіш және басқа ұсақ-түйек заттар салуға қолайлы.Мұндай қораптың сабақ дайындайтын үстел үстінде тұрғаны дұрыс. Өйткені өздеріңе қажетті құралдардың барлығын бір жерден табасыңдар. Сергіту сәті
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
Оқулықпен жұмыс.
Іштей,тізбектей оқыту.
Сұрақ-жауап
Практикалық жұмыс. Оқушылардың еңбегін қадағалау.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Бекіту кезеңі. Қорытындылау.
Сүт қорабынан тағы қандай заттар жасауға болады?
Жасаған затың ұнады ма?
Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
