Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбекке баулу поурочный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.23 Кб
Скачать

29.12.14. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

Тақырыбы: әр түрлі табиғи материалдардан композиция құрастыру.

« Қызғалдақ» ( талдау)

Мақсаты: : әр түрлі табиғи материалдардан композиция құрастыру.

« Қызғалдақ» ( талдау)

1.Оқушыларға тауық жұмыртқасы қабығынан қызғалдақ гүлін жасату.

2.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.

3.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілігі қызғалдақ композициясы.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, ПВА желімі, кескіш, акварель бояуы, қылқалам, қарындаш.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен Қызғалдақ композициясын жасап үйренеміз. Қызғалдақ гүлін 8 наурыз мерекесінде аналарға, ұстаздарға немесе сыныптас қыздарға сыйлық ретінде ұсынуға болады. Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Екі-үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.

2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл,сарғыш, жасыл, көк түстерге бояймыз.

3.Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.

4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі – қызғалдақ гүлін бейнелейміз.

5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл,сарғыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен әр түрлі материалдардан композиция құрастырып үйренеміз.

Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді? Қызғалдақ гүлін жасағанда қандай әдістерді қолдандың?

Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

09.01.15. Еңбекке баулу.

Карибаева И.А. 4 «а» кл

3-тоқсан.

Тақырыбы: тал шыбығынан композиция құрастыру технологиясы. ( ши)

Мақсаты:тал шыбығынан композиция құрастыру технологиясын үйрену . ( ши)

1.Оқушыларға тал шыбығынан шиден гүл композициясын құрастыруды үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін арттыру, қол икемін дамыту.

3.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: шиден жасалған гүл композициясы.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, ши, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ши тоқу ерте заманнан бері халқымыздың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Шиді жаңбырдан кейін, кешке немесе таңертең шық кеппей тұрғанда жинаған жөн. Мұндай кезде шидің түбі жібіп, суырылғыш келеді. Шидің бәрі тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабағын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді. Тоқылған ши сыртқы түріне қарай: ақ ши, орама ши, шым ши болып 3 топқа бөлінеді. Ал біз шиді пайдалана отырып, гүл композициясын орындаймыз.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен әр түрлі материалдардан композиция құрастырып үйренеміз.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатты қағазға гүл композициясын қарындашпен орындаймыз.

2.Шиден гүлдің сабағын,жапырағын, күлтесін дайындап аламыз.

3.Жұмысты гүлдің сабағын желімдеуден бастаймыз. Ол үшін шиге аз ғана желім жағып, ұқыппен жапсырамыз.

Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Шиді қай мезгілде жинайды? Тоқылған шилер сыртқы түріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]