Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т 2кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
494.97 Кб
Скачать

V. Сабақты қорытындылау.

Әлияға қатысты қасиеттерді алып, жат қылықтарды қоқыс жәшігіне салайық.

Еңбекқор, білімді, ұялшақ, өнерлі, кішіпейіл, мақтаншақ.

  • Барлық балалардың тілегі не?

VІ. Үйге тапсырма 214-бет, өлеңді жаттау.

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Қ. Әбдіқадыров Алып бала

Мақсаты: Білімділігі: Алып бала туралы әңгімені түсініп оқуға, негізгі ойды

таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, тіл

байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: еңбек етуге баулу, епті, батыл болуға, өнерді

құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сағи Жиенбаев «Әлия» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Алып бала.

ІҮ. Жаңа тақырып

«Балық » ойынын ойнау, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу арқылы жеңіске жету.

Бүгінгі сабағымызда балуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы әңгімелелейміз.

  • Палуан деген сөзге қалай түсінесің?

  • Автор туралы қысқаша мағлұмат беру.

Әбдіқадыров Қалмақан (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[

Ү. Оқулықпен жұмыс.

  • мәтін мазмұнын түсіндіру;

  • мәтінді мәнерлеп оқып беру;

  • сыр сандықпен жұмыс, оқыра тиіп, құзар жар, торығып

  • сұрақтарға жауап беру;

  • мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту;

  • Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов жіберген ақшаға ұшақ жасалды.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды? Бала жігіт неге тарығып жылады?

ҮІІ. Бекіту. Әңгіме неге Алып бала деп аталған?

ҮІІІ. Үйге тапсырма 216-бет, оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Батылдық

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру, түсініктерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2.Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

3. Еңбек етуге баулу, епті, батыл болуға, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа деген дайындықтарын тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Қажымұқан туралы не біліп келдіңдер? ІІІ.Мақсат қою кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. «Батылдық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? Батылдық - жүректілік, тайынбаушылық. - Бүгінгі өтетін мәтін «Батылдық» авторы Сәбит Мұқанов. - Осы жазушы туралы не білесің? - Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1900 жылғы 22 апрельде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сәбит Мұқанов атындағы совхозда кедей шаруа семьясында дүниеге келген. - Ата-анасынан жастай жетім қалып, Октябрь революциясына дейін ауыл байлары мен деревня кулактарында жалшылықта болды. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап алып, мақамдап айтып үйренді. Сәбит Мұқанов — халық жазушысы. Сәбит Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды. 2) «Батылдық»мәтіннін оқу. Әңгімені қысқаша баяндау.Балуан Шолақтың балалық шағынан ұзінді. Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864—1916) — атақты қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. 3)Әңгімені оқушыларға тізбектеп оқыту. ІҮ.Түсінгенін тексеру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап. -Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? -Ол неліктен «батыл бала», «балуан бала» атанған? -Нұрмағамбет қандай тәуекелге барды? -Ол қасқырды енмен түртті? -Айқас немен аяқталды? Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу. -Осы сөзге мәндес сөздерді ата.(ер жүрек, күшті, қорықпайтын, батыл, қайсар) -Біздің кейіпкерді солай атауға бола ма?

-Әңгімедегі кейіпкер сөздері қандай? -Әңгімеде кімдер сөйлейді? - Ол мәтіннің қай жерінен көрінеді? -Әңгімені кім баяндап тұр? -Бұл әңгімені автор өзі көргендей жазған,баяндап қана жеткізеді автор. -Әңгіме хабарлау түрінде жазылған.Нұрмағамбеттің жанында ешкім болмаған, ол өзімен-өзі сөйлеп, өз ойымен болғандықтан, оның әрекеті мен автор соның жанында болап, бақылаған кісіше білдіреді.

Жоспар бойынша әңгімелеу. 1-бөлік «Қамбардағы қасқыр» а)Қамбаға кім келді? ә) Нұрмағамбет қамба ішінен нені байқады? б)Қасқыр қандай еді? 2-бөлік «Батылдық» 3-бөлік «Бала мен қасқыр арасындағы айқас» а)Нұрмағамбет қасқырға не істеді? ә)Қасқыр қандай айбар көрсетті? б) Ол қасқырды немен нұқыды? 4-бөлік «Бауан баланың жеңісі» «Балуан бала» мен қасқырдың айқасы немен бітті? 2)Дәптермен жұмыс. Көркем сөздерді дәптерге жазу.

Ү. Бекіту

Әңгіме кім туралы екен? Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер

ҮІ. Үйге тапсырма 219-бет, оқу, мазмұнын айту

Бағалау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Н. Жүсіп Гиннес кітабына кірген қазақ

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ғарышкерлер туралы мағлұмат  беру арқылы оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру. Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, дауыс ырғағымен мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету. Дамытушылық: Т.Әубәкіров өмірі туралы ұғымдарын , сөздік қор- ларын,Тоқтардың ерен еңбегі туралы білімдерін дамыту; Тәрбиелік: ғарышкерлер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. 

Түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекілігі: Зымыран макеті, интерактивті тақта,үлестірмелі жұлдызшалар,үнтаспа. Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.«Батылдық» әңгімесінен түсінік сұрау. 2.Талдау: а/Балуан Шолақтың шын есімі кім екен? ә/ Ол неліктен «Батыл бала», «балуан бала» атанған. б/Мәтіннен Нұрмағамбеттің күштілігін көрсететін тұстарды тауып,дауыстап оқыту. 3. Біздер осы тарауда батырлар,ұлы адамдар туралы өттік. Қандай Ұлы адамдарды оқып білдік? (Абай, Мұхтар, Тұрар,Біржан) Қандай батыр аға-апаларымыз туралы өттік? (Әлия,Мәншүк,Қажымұқан,Бауыржан) 4.Осы батырларымыздың қандай ерліктерін білеміз? (Қажымұқан өз ақшасына ұшақ жасатқан.Бауыржан тапқырлығымен жауынгерлерді алып қалған.

ІІІ. Жаңа тақырып Сөздік жұмысы: Гиннес кітабы- алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап. Рекорд-еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғары табыс. Сөзжұмбақ: Ерлік туралы мақал-мәтелді шешу арқылы зымыран макетіне жазу. Мұғалім: Ғарыш әлеміне ұшқан бірнеше ғарышкерлер бар. Қазақстандық Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев, В.Жәнібеков, В.Шаталов, Ю.Лончаков, В.Степанович, біздің Алғалық жерлесіміз В.Пацаевты айтуға болады. Қазақтың ұлы Тоқтар Әубәкіров ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ. Адам баласынан бұдан бұрын 1961 жылы Ю.А.Гагарин ұшты. Ол күннен бастап 12-сәуір Ғарышкерлер күні деп аталып келеді. Ғарышкерлердің ұшатын алаңы жер кіндігі- Қазақстанның Байқоңыр қаласы.  Ендеше, біз бүгін сабақта ғарышкермен бірге жер шарын аралап шығамыз. Бәріміз мына зымыранға мініп төркүл дүниені аралап шығамыз. Бірінші Тоқтардың туған жері Қарағанды облысы болғандықтан Шығыстан бастаймыз. (Зымыранды картаның шығысына қою) Н.Жүсіп туралы түсінік. • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде ҚызылОрда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Қазақ. • Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1921-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш есіруші болған. • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984), журналист. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан). • «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы. ІҮ. Кітаппен жұмыс. Аспан әлеміне саяхат: Жаңа сабақты оқып,талдау: 1.«Тбилиси»ұшағымен жаңа әдіспен ұшақты көтеру оқиғасына бүкіл әлем қалай қабылдады? (көз тікті) 2. Бұл ерлікті Тоқтар сынақшы-ұшқыш ретінде қандай ұшағымен жасады? (МИГ-29) 3. Кеңес ұшағы қалай ұшады?Егер дұрыс ұша алмаса суға құлап түсетін болды. (лып етіп)  4. Бұл сәт қанша уақытта орындалу керек? (секундтар) 5.Бұл әдісті ғаламат ерлікпен кім жасады?(Тоқтар) 6.Тоқтардың осы ерлігі қалай бағаланды? (Гиннес кітабына кірді) 7. Тоқтар ғарышта қанша уақыт болды? (7 тәулік, 22 сағат,12 минут 40 секунд). 8. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің? Ү. Бағалау. Ғарышкер болғысы келетіндерге: Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.  Армандаудан қорықпаңдар! Жалқаулыққа салынбаңдар! Сәттілік тілеймін! ҮІ. Үйге тапсырма 223-бет, оқу, мазмұнын айту.

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қадырбек Рысбекұлы Бекзат

Сабақтың мақсаты: 1. Бекзат туралы мағлұмат беру. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 2.Сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын дамыту. 3. Спортқа,салауатты өмір салтына сақтауға тәрбиелеу

Типі:Жаңа білімді қалыптастыру

Түрі: аралас

Көрнекілігі:суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Гинес кітабына кірген қазақ» мазмұнын айту. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

ІІІ. Жан-жақты білімін тексеру

Ерлік, Отан туралы ұлағатты сөздерді, мақалдарды еске түсіру.

ІҮ. Мақсат қою Спорт туралы пікірлер

Ү. Жаңа тақырып

1. Тоқтар Әубәкіров туралы оқыған мәтіннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді теріп жаз.

Нағыз қазақ!

Қыран қазақ!

Қанатың талмасын!

2. Тағы қандай қазақ ғарышкерін білесің?

3. Кіріспе спорт туралы білетінімізді еске түсіру.Түрлерін ерекшелік -терін,чемпиондар туралы айту.

4. Мәтінмен жұмыс.

5. Сөздікпен жұмыс. Баһадүр – батыр деген ұғым

6.Кітаппен жұмыс. Оқушылардың оқуы,іштей оқу,тізбектей оқу.

Мазмұнын талдап түсіну.

  • Бекзаттың қарсыласының осал емес екендігі туралы айтылған жерін тауып оқы.

  • Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.

ҮІ. Бекіту.

Бекзат Саттарханов туралы алған білімді бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма 225-бет, мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, спорт жеңімпаздары туралы мәлімет жинау

Бағалау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. Батыр болғым келеді

Сабақтың мақсаты: Оқылған батырлар туралы шығармаларды қорытындылай келе, оқушылардың батыр туралы ойларын өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету. Сөздік қорларын байыту, сөйлемді жүйелі жазуға баулу. Таза, қатесіз жазуға, батыр болуға тәрбиелеу.

Түрі: шығарма жазу

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық

- оқушыларды сабаққа әзірлеу;

ІІ. Өткенді еске түсіру.

  • Қай батырлар туралы мағлұмат алдық?

  • Қандай ерлік жасады?

  • Қандай құрмет көрсетіледі?

ІІІ. Жаңа тақырып

Шығармаға даярлық

Жоспар

1. Батыр, батырлық, батылдық - егіз сөздер...

2. Батыр деп кімді санаймын?

3. Заманауи өмірдің батырлары.

Шығарманы жазу.

а/ Оқушыларға өз ойларын қорытып жаздыру.

ә/ Жекелеген оқушыларға көмек көрсету.

б/ Әдемі, көркем жазуға баулу.

Батырсыз Отан жоқ. Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді. Балалық шақтан кішкентай балаға отанды құрметтеуге тәрбиелеу керек. Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік.

Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиеледі. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Олар соғыстты, еңбектенді. Біздің ұрпақтарымыз бұл адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анам. Ол өмірді сыйлады. Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, ал Туған Жер үшін өмір сүруге тиіспіз.

ІҮ. Бекіту

Бағалау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. Алатау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру Көрнекілік: Сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: а) Амандасу. Психологиялық дайындық. Мағынаны ашу. Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру Сөзжұмбақты шеш. 1. Үлкен - үлкен түйені Тастапты атам шөгеріп, Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп. 2. Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап, Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. 3. Сылдыр қағып, Таудан құлап, Жатыр ағып Мөлдір... 4. Үлкен балық суда жүзген Таба алмас тұрақ жерден 5. Жарқ етсе сабау қамшы, Нөсерлетіп жауар тамшы. 6. Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта - ақ. 7. Қанаты бар тышқан Жасырынып күндіз Қараңғыда ұшқан.

Жұмбақтардың шешуін пайдаланып, табиғатқа не жататынын әңгімелеу.

-Жамбыл Жабаев туралы сызбамен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. «Алатау» Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту. - Мәнерлеп оқып беру. - Мазмұнын түсіндіру. - Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту. - Дәптермен жұмыс: Ну – қалың Мұнар – бұлыңғыр Кептес – тілдесу, сөйлесу. 1. Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.

Берілген сөз

Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су Таудағы жемістер:

Таудағы аңдар:

Тау суындағы жәндік:

дыбысы, қимылы

олардың дәмі... олардың қимыл - қозғалысы... оның қимылы...

Сергіту сәті. Шығармашылықпен жұмыс. 1. Берілген суретке зер сал. Суретпен жұмыс: – Суреттен не көріп тұрсың? – Таудан су қалай ағады? – Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен? – Жемістің дәмі қандай? – Таудан аққан бұлақта не кездеседі? – Оның қимылы туралы не айтар едің? 2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра. 3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды? 4. Ойланып жауап бер. Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің? 6. Өз ауылыңның ( қалаңның ) табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел. Үйге тапсырма: 233-бет, өлеңді мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу. Оқушыларды мадақтау.

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

Сабақтың мақсаты: «Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» тарауы бойынша өтілген тақырыптарды қорытындылап, бекіту. Сөздік қорларын байыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ – жауап, талдау

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық

- Оқушыларды сабаққа әзірлеу;

ІІ. Өткенді бекіту.

Тест тапсырмасын талдау.

1в, 2б, 3ә, 4в, 5а, 6ә, 7б, 8ә, 9в, 10б, 11а, 12ә, 13б, 14в, 15а, 16б, 17ә

ІІІ. Жаңа тақырып

Тақырыптар:

Әбілмансұр, Атан түйе шөккен жер, алғашқы қоңырау, Бала Абай, Бала Абай мен Барлас ақын, Қоңыр қозы, Бала мұхтар мен Абай, Бала Тұрар, Біржан, Батырдың мінезі, Мәншүк, Әлия, Алып бала, Батылдық, Гиннес кітабына кірген қазақ, Бекзат,

Өтілген тақырыптағы сөздік жұмыстарын еске түсіру.

Атан түйе, қоныстанады, мінәжат ету, сал, қаһар, қатуланған, жасымаған, қауіп, мәрмәр, оқыра тиіп, құзар жар, торығып,құрық, жәукемдеп, Гиннес кітабы, рекорд, баһадүр.

Қандай сөз жұмбақтар шештік? (Абылай, Райымбек, Ыбырай)

-Әр оқушы өзіне ұнаған тақырып бойынша әңгімелейді.

-Суреттер бойынша мәтін құрайды.

ІҮ. Бекіту.

Ү. Бағалау.

Үйге тапсырма қайталау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:С. Ванчели Дельфин

Сабақтың мақсаты:1. Дельфин туралы мағлұмат беру, мәтінді мәнерлеп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру. 2. Тілін,сөздік қорын дамыту. 3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру

Алатау өлеңін мәнерлеп оқу. Өз қалаңның табиғатын қалай қорғап, аялайтыны туралы пікірлерін тыңдау.

ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру

1.Табиғат адамға не береді? 2.Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа тақырып

1. Өлең жолдарын түсініп оқы. Ол кімнің өлеңінен келтірілген?

2. Мөлдір суым, мекенім,

Енді қайтсем жетемін?!

Қадіріңді білмедім,

Неге шалқып жүрмедім- деп өкінген не? Неліктен солай деді?

3. Мақал – мәтелмен жұмыс.

  • Сулы жер – нулы жер.

  • Су – тіршілік көзі.

4. Судың пайдасы туралы ойыңды қорытындыла.

5. Балықтан басқа суда тағы нелер өмір сүреді?

6. Жаңылтпашпен жұмыс. Жаңылтпашты жаңылтпай айтуға жаттығу.

Жел тынды.

Жел тынды,

Дельфин желпінді,

Дельфин желпінді.

7. Молдаван жазушысы Спиридон Ванчелидің «Дельфин» әңгімесін оқып беру. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу.

8. Дәптермен жұмыс.

Тыйым сөздерді дәптерге жазу.

9.Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.

ҮІ. Бекіту.

ҮІІ.Үйге тапсырма 237- бет түсініп оқу, дельфиннің суретін салу

ҮІІІ. Бағалау

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Бұлбұл мен тоқылдақ

Мақсаты: а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту. б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: ой қозғау, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ (жұмсақ ойыншық). Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1. «Дельфин» С. Ванчели Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. Тыйым сөздерді жатқа жазу. ІІІ. Жаңа тақырып 1. Қызығушылығын ояту Құстардың даусын тыңдау. - Балалар құстардың қандай даусы естіледі? - Қай құстардың даусы ұнайды? - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу ) - Балалар біз қандай мысалдармен таныс едік? - Мысалда не туралы айтылады екен? 2. Мағынаны тану а) Оқулықпен жұмыс 1. Мұғалімнің оқуы. 2. Оқушылардың іштей оқуы. 3. Дауыстап оқу. 4. Сұрақтармен жұмыс. - мысалда қандай кейіпкерлер бар? - бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты? - тоқылдақ не деп жауап берді? - мысалдан не түсіндік? Сергіту сәті б) Дәптермен жұмыс Бұлбұл - әнші құс Тоқылдақ - орман емшісі в) Рөлдерге бөліп оқу ІV. Қорытынды.

Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі дұрыс па? Қорытынды немесе шешім, тоқтам. V. Үйге тапсырма: 1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау. 2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу. 1) Өлең ұйқасын табу. Тоқылдақ Еңбек сүйгіш тоқылдақ, Құрт - құмырсқа шоқып ап. Айналаны тазартып,

Жүреді ылғи тоқылдап.

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Еліктің лағы

Мақсаты: Еліктің лағы мәтінін оқып, түсіндіру.жануарларға деген қамқорлық жайлы түсінік беру. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бұлбұл мен тоқылдақ. Мысалды оқу

ІІІ. Өткенді пысықтау:Бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты? Тоқылдақ не деп жауап берді? Оның жауабы жөнін.де не ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. а/ Еліктің лағы мәтінін оқып, түсіндіру.ә/ Сөздік жұмыс жүргізу: Шоқы – тік, биік төбе. Нысана – көздеп ататын жер. Қарауыл – күзет

б/ мәтінді оқу: 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу 1. ауа райы қандай еді? 2. Жалғыз аяқ жолмен кім келе жатты? 3. Ол қайда бет алды? 4. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды? 5. Ол неге ызаланды? 6. Түймебай нені көріп қалды? 7. аңшы неліктен елікті атуға батылы бармады? ә/ тапсырмаларды орындау.

1. Мәтіннен сол күнгі ауа райын суреттеген жерді тауып оқу. 2. Аңшының сыртық бейнесін сипатта 3. Аңшының суретін сал.

ҮІІ Бекіту:Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны 2. бағалау.

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Түлкі мен Қырғауыл.

Мақсаты: С.Көбеевтың «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқып, түсіндіру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін,сөздік қорларын дамыту. Шығарманың негізгі ойын түсінуге, жүйелі баяндауға үйрету. Оқушының ой өрісін, тілін дамыту, мәтінді саналы, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: С.Көбеев.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Лев. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер». Оқыту, мазмұндату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Түлкі мен Қырғауыл

ІҮ. Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс. Жұмбақты шешу.

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы.

Бір топ жыңғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл. Шешуі: түлкі

а/ С.Көбеев туралы түсінік беру.

Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.  Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. 1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

ә/ Түлкі мен Қырғауыл мысалын оқып, мазмұнын ашу.

Мысалды оқу: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу. Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды? Түлкі қырғауылды не деп алдады? Қырғауыл қандай тапқырлық жасады? Қырғауыл қалайша аман қалды?

Сергіту сәті.

ҮІІ. Бекіту Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма 251-бет, оқу, мазмұны. Бағалау.

114. Тақырыбы: Мазмұндама. Аңшы балалар.

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың жоспары:1.Аңшы қандай жерде мекен еткен? 2.Аңшының балалары қандай?

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру, оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.

Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу. Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.

123. Бөлімді қайталау. Тест

Мақсаты: 1.Тарауды қайталай отырып сөздік қорын жетілдіру.2. Жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.3. Әдептілікке инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: тест

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, тест

Сабақтың көрнекіліктері: кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Досыма хат» мәтінің сұрау.2. Топпен жұмыс

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Көп түктенің орнына тиісті сөздерді қой.Сылдыр қағып, Таудан құлап . Жатыр ағып Мөлдір ....

А) құрақ Ә) бұлақ Б)арық В)теңіз

2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.

А) Ж.Жабаев «Алатау» Б) С.Венчели «Дельфин»

Ә) С.Сейфуллин «Көлде» В) Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»

3. Балықтың

А) Бақырып Ә) Ақырып Б) Жүгіріп В) Шоршып

4. Ауызынан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта:

А) өте ащы Ә) өте тұщы Б) өте дәмді В) өте жұмсақ

5. Мақал-мәтелді дұрыс аяқта:

Сулы жер - .....

А) құнарлы жер Ә) нулы жер Б) таулы жер В) қорлы жер

6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.

А) жасын Ә) жалын Б) бұршақ В) жаңбыр

7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.

А) Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) С. Көбеев «Түлкі мен қырғауыл» В) Ж.Жабаев «Алатау»

8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.

А) Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) Ш. Айтматов «Жау шапқанда» В) Л. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер»

ІҮ. Қорытындылау

126.

128. Тақырыбы: Түлкі мен тиін

Мақсаты: Түлкі мен тиін мысалын оқи отырып, өлең мазмұнын ашу. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сөйлеу дағдысын дамыту. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Түрі: аралас

Көрекілігі: Түлкі, тиін, қасқыр суреттері.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Сүт қалай ұйықтады? мәнерлеп оқу

ІІІ. Өткенді пысықтау. ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Сергіту сәті

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Түлкі мен тиін.

Ү. Жаңа сабақ:Автор туралы түсінік. Түлкі мен тиін мысалын оқыту. Талдау. Іс-әрекеттері. Сөздік жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқыту. Тізбектей оқыту Ролге бөліп оқыту

ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Дәптермен ж ұмыс.Түлкі тиінге кездескенде не деді? Тиін не деп жауап қатты? Сол сәтте не болды? Қай аңның айласы басым болды?

ҮІІ. Бекіту.Түлкіге мінездеме Тиінге мінездеме Мақал-мәтелдер

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқу,бағалау

129. Д. Қасенов. Найзағай

Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту. Адамгершілікке, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Түрі: аралас

Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Түлкі мен тиін» ертегісін оқыту. Мазмұндату.

ІІІ. Өткенді пысықтау.ертегі не туралы? Түлкінің ісін құптайсың ба? Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.Сергіту сәті

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ү. Жаңа сабақ:1.Автор туралы түсінік беру. 2. Мұғалім түсіндірмесі. /Найзағай қалай пайда болады?/. 3.Мәтінді оқып, таныстыру,талдау. Сөздік жұмыс. Жаны түршіккен- шошып кеткен, қатты қорыққан. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқыту. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.

ҮІ. Түсінгендерін сұрау:Мәтіннен жаңбыр құйған сәтті тауып оқы. Найзағай жарқылдаған тұсты тауып оқы. Әңгімеден жаңбырдан кейінгі әст суреттелген тұсты тауып оқы.

ҮІІ. Бекіту.Суретпен жұмыс жүргізу.«Өрт-тілсіз жау» тақырыбына ойша сурет салдыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұндау. Бағалау

130. Сабақтың тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер

Мақсаты: 1.Жаңа материалды меңгерту. 2.оқу техникасын жақсарту. 3.Адамгершілікке тәрбиелеу

Типі:аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Найзағай мазмұнын сұрау

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1.сұрақ-жауап . 2.Қорытындылау

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ү. Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. Автордың өмір баянымен таныстыру. «Өрттен құтқарушы иттер» оқып талдау .Сергіту сәті: Жаңа материалды меңгергені туралы тексеру кезеңі. 1.Оқушыларға оқыту. 2.Сұрақ-жауап . Кесте бойынша жұмыс. Суретпен жұмыс

ҮІ. Бекіту кезеңі ҮІІ. Қорыту

ҮІІІ .Үйге тапсырма:247-250 бет оқу. Бағалау

131.

132. Сабақтың тақырыбы: Көлде

Сабақтың мақсаты: 1. Мәнерлеп оқуға,түсінігін толық жеткізуге 2. Ребусты ойлап шешу. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: С.Сейфуллин портреті,суреттер, ребус, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жұмбақты шеш:1.Ай астында ақ мамық , Жатыр суды жастанып. 2.Түсініп оқы. Аққу – құс төресі. Аққу-киелі құс. Аққуды атуға болмайды. 3.Аққу туралы не білетініңді жаз

ІҮ.Аққу туралы мәтінді түсініп оқы 253 бет

Ү.Сергіту сәті:Сұрақ бай.жұмыс . 1.Мәтіннің сипаттауға құралғанына мән бер. 2.Жасыл ала қамыс; айнадай жалтыраған; Күміс су; нәзік, сұлу үн тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал. Керек болғанда қолдануды ескер.

ҮІ.Суретпен жұмыс: Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, суреттегі аққуларды сипатта.

Үйге:оқу мәтінді әңгімелеу 253-254 бет

ҮІІ.Қорыту: Бүгін сабақта не өттік?

133. Сабақтың тақырыбы: Жау шапқанда

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Шыңыс Айтматовтың әңгімесімен таныстыру 2. мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Шыңыс Айтматовтың портреті, сөзжұмбақ, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жұмбақты шеш:Таусыла ма, қараңдар, Табиғаттың қызығы? Суық жақтағы жануар-Бұтақ-бұтақ мүйізі .2.Бұғы туралы аңызды түсініп оқы. Аңызды жазған Шыңыс Айтматов 3.Аңыз дегеніміз не еді? Есіңе түсіріп айтып көр.

ІҮ.Сергіту сәті:Сұрақ жауап беру. 1.Енесай өзені қайда орналасқан? Ол неге солай аталған екен? 2.Қырғыз халқы неліктен қырылып қалды? 3.Бала мен қыз қалайша тірі қалды?4.Мәтіннен халық бұйрығын тауып оқы.

Үйге: оқу,әңгімелеу

Қорытынды:Бүгін сабақта не істедік?

134. Тақырыбы: Бұғы ана туралы аңыз.

Мақсаты: Бұғы ана туралы аңызды оқи отырып, бұғы ананың балаларды құтқаруы жайлы түсінік беру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: арнайы суреттер

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс: а/ Бұғы ана туралы аңызды оқып, түсіндіру. Мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмыс жүргізу Оймақтай – кішкентай. Құрдым – терең, тұңғиық, Қолқа – тілек, өтініш. б/ тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу.Қырғыздар қандай өзеннің жағасын жайлапты? Енисей бойындағы қырғыздар неліктен қырылып қалды? Бір ұл мен қыз қалай аман қалады? Тапсырмаларды орындау. Дәптермен жұмыс. Мәтіннен су аттарын тауып жазу.Бұғы анаға мінездеме беру.

Ү. Бекіту.Бүгін не өттік?Қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.

ҮІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны2. бағалау.

135. Тақырыбы: Бұғы ана туралы аңыз.

Мақсаты: Бұғы ана туралы аңызды оқи отырып, бұғы ананың балаларды құтқаруы жайлы түсінгендерін тексеру. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: арнайы суреттер Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бұғы ана туралы аңыз Тізбектей оқыту.

ІІІ. Білімдерін тексеру:қырғыздар қандай өзеннің жағасын жайлапты? Енисей бойындағы қырғыздар неліктен қырылып қалды? Бір ұл мен қыз қалай аман қалады? Балалар неге жауға жақын барды? Жаулар неге шулап қоя берді? Хан не деп бұйырды? Ақсақ кемпірдің ойы не болды? Ол Енисей өзеніне не дер тіл қатты? Балаларды не аман алып қалды? Бұғы анаға балалар не үшін керек болды Балалар неге қуанды? Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру. / жау шапты, қаралы күн, өқұзар жартас, кең-байтақ жер, киелі, кемеңгер әйел, мұң, қайғы, таң атпай/. Сабақты қорыту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны 2. бағалау.

136. Сабақтың тақырыбы: Досыма хат

Мақсаты: 1. Оқушыларға жазғы демалыс туралы түсінік беру 2. Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру. 3. Эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктері: суреттер, сызба

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру:Міне, жазғы демалыс жақындап келеді. Қайда, қалай демалатынынды жоспарладың ба?

ІҮ. Сурет бойынша жұмыс:А) Мәтінді түсініп оқы Ә) Сергіту сәті

Ү. Жан-жақты білімдерін тексеру:Хатты кім жазған? Назар бұл хатты кімге жазған ?Назар жазғы демалысын қайда, қалай өткізбекші? Мәтіннен жаз айының көрінісін білдіретін сөздерді теріп жаз. .... шалғын Желкілдеген ..... ..... жайылған . Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра. Назардың хаты неше бөліктен тұрады?Әр бөлікті тауып оқы.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:259-260 бет оқу, мазмұнын айту

ҮІІ. Бағалау