- •Бағалау
- •Игерген өнерлері:
- •Қанатты сөздері
- •II. Үй тапсырмасын тексеру
- •III Жаңа тақырып
- •IV Ой топтастыру
- •VI. Сабақты бекіту
- •Балапан
- •III. Жаңа материалды түсіндіру.
- •IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру.
- •VI. Бағалау
- •Мазмұндама
- •1. Адасқан сөздер ойыны.
- •2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •II. Үй тапсырмасын тексеру:
- •V. Жаңа сабақты қорытындылау.
- •Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
- •V. Сабақты қорытындылау.
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Мақсаты: Білімділігі: С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру. Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау, іздену
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы дайындық
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
205-бет, «Бала Тұрар» әңгімесін оқыту, мазмұнын айту.
ІІІ. Жаңа тақырып С. Сейфуллин. “Біржан” С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен – қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты. Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды. Біржан сал Қожағұлұлы Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ, “Әнші, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Сөздік жұмыс Нарқын - сөздің бағасы, құны. Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам. Тапсырманы талдау “Нарқын” сөзін басқа сөзбен алмастырып көр. “Ағызған қызыл тілден шекер балды” жолдарының мағынасын қалай түсінгеніңді әңгімеле. Сөзге шешен, тілге жүйрік, суырып салма
Жыр жазамын жүрегіммен Кім білмейді Біржан салды, ............... шешен тілді. ............... шырқағанда, ............... жеңілмейді.
ІҮ. Дәптермен жұмыс
Мақалды жазу
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
Ү. Бекіту Сұрақтар 1. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген? 2. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған? 3. Біржанның қандай әндерін тыңдадық? Проблемалық сұрақ Не себепті халық Біржанды дәріптеген? Біржан ↓ Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, “Ләйлім шырақ”, “Теміртас” Үйге тапсырма: 210-бет, өлеңді жаттау
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Н. Ғабдуллин. Батырдың мінезі
Мақсаты: Б.Момышұлы туралы толық мағлұмат беру. Ауызекі сөйлеу
тілдерін дамыту. Батырлыққа, ержүректікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру С.Сейфуллин «Біржан» өлеңін жатқа сұрау
ІІІ. Мақсат қою кезеңі Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа тақырып
1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқы жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекі жазушысы. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көкбастау ауылында туылған. Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі болды. Кейін гвардиялық дивизияны басқарды. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналды.
Момышұлына соғыс біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
2. Мәтіннің авторы – Нығмет Ғабдуллин Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлы «Батырдың мінезі» мазмұнын түсіндіру.
3. Сергіту сәті
4. Мәтіннен қолданған нақыл сөзді тауып, дәптеріне жазып ал.
Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.
5. Оқушыларға іштей оқыту, тізбектей оқыту
Ү. Бекіту.
Осы әңгіме бойынша қандай сурет салар едің?
Ұлы Отан соғысы кезінде болған ерлікке қатысты сөздерді дұрыс, түсініп оқы. Осы нақыл сөздердің мәтінге қатысын айт. Кімге қатысты? Неліктен?
Осы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып Бауыржан Момышұлын сипатта. Мысалы: Б.Момышұлы тәуекелшіл, ....
ҮІ. Үйге тапсырма
1. 211-бет, мәтінді түсініп оқы, мазмұнын айту 2. Нақыл сөзді жаттау
Әңгіме бойынша сурет сал .
Бағалау.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: С. Машақов «Мәншүк» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Мәншүк туралы білетіндерін жаңа
мағлұматтармен кеңейте түсу. Өлеңді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға
түсіндіру. Өлеңнің мазмұнын ашып, талдауға үйрету. Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, ержүректікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Типі: жаңа білім беру. Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік. Көрнекілігі: Мәншүк суреті, сызбалар, автордың суреті Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! ІІ. Өткен сабақты бекіту. - Өткен сабақта кіммен таныстыңдар? - Ендеше «Бауыржан» туралы не білеміз? Бауыржан ↓ өжет қайсар батыр тәуекелшіл Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Әлия, Мәншүк, т.б)
Жаңа тақырып 1. Автормен таныстыру. Сәду Машақов 27 қараша 1906ж туған «Отан үшін» Семей обл. Жаңа Семей ауд. «Сапарда» қазақ ақыны «Жылдар жыры» «Жастық өмір жырлары» Кешкі Самал,
Мәншүк Мәнсия Невель қаласында азат етті, пулеметші, 1992ж Орал қаласы Орда ауд. 19 жасында майданға аттанды, 5 жасында жетім қалған, Әмина тәтесі тәрбиелеген.
Оқулықпен жұмыс 1. Өлеңді жатқа мәнерлеп оқып беру 2. Тізбектеп оқыту. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт екенін аңғарыңдар? 2. Мәншүктің қолында қандай құрал бар? 3. Оның аты қалай? 4. Мәншүк – кім? 5. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ер жүректілігін суреттеген жолдарын тауып оқы. ------------------- Өлім қаупінен жасымаған ------------------- Отан үшін шайқасқан Мәншүк ------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған ------------------- Жаудан тайсалмаған. Сөздікпен жұмыс: Қаһарман – ашу, ыза. Қатуланған – ызаланған, кектенген Жасымаған – көңілі босамаған Қауіп – қорқыныш, қатер. Сергіту сәті: «Мәншүк» әнін тыңдау Дәптермен жұмыс: 1 - тапсырманы жазу. Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз. «Кім мерген» ойыны. Сабақты бекіту. 1. Мәншүк кім? 2. Қай жылы туған? 3. Неше жасында майданға аттанды? 4. Оның шын есімі кім? 5. Биыл неше жасқа толды? Бағалау Үйге тапсырма: 213-бет, «Мәншүк» өлеңін жаттау.
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Мазмұндама. Шілде
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып,
жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.
Мазмұндама тақырыбымен таныстыру. «Шілде» оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу. Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.
Шілде
Жаз өтіп шілде жетті. Шілдеде күн ұзақ, түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті, құм да, тас та қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. Қымыз мол, қозы піскен.
Шөп шабатын мезгілде жетті. Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Оқудағы балалар да жаздай қымыз ішіп, тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр. ( 55сөз)
Шілдедегі өзгеріс. Күннің ыстығы қандай? Не семіреді, не жүдейді? Нелер піскен? Қазақ шөпті немен шабады? Балалар не істеді? Түсіндіру.
ІҮ. Сабақты аяқтау.
Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сағи Жиенбаев «Әлия»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға соғыс қиыншылықтарын жете түсіндіру,
Әлия сияқты батыр қыздардың өмірін үлгі ету, ол арқылы
ізеттілікке, еңбексүйгіштікке, елінің патриоты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды сабаққа әзірлеу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мәншүк өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа тақырып
А) Жаңа тақырып бастамас бұрын отты жылдары ерлермен бірге от кешкен аруларды еске түсіру
Әлия Молдағұлова 1924 – 1944жж аралығында өмір сүрген. Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Мергендер мектебін үздік бітірді. 26-атқыштар девизиясында болды.
- Соғыс туралы ойларын айтқызу
- «Нысана» ойыны арқылы Әлия туралы білетіндерін еске түсіру
-Өлеңмен таныстыру, мәнерлеп оқыту
-Өлеңді тізбектей оқытып, мазмұнын қалай түсінгенін айтқызу
Сөздік жұмыс, дәптерге жазу
Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас.
ІV. Дәптермен жұмыс.
Мақал – мәтелдермен жұмыс. Мағынасын ашу.
