- •Бағалау
- •Игерген өнерлері:
- •Қанатты сөздері
- •II. Үй тапсырмасын тексеру
- •III Жаңа тақырып
- •IV Ой топтастыру
- •VI. Сабақты бекіту
- •Балапан
- •III. Жаңа материалды түсіндіру.
- •IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру.
- •VI. Бағалау
- •Мазмұндама
- •1. Адасқан сөздер ойыны.
- •2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •II. Үй тапсырмасын тексеру:
- •V. Жаңа сабақты қорытындылау.
- •Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
- •V. Сабақты қорытындылау.
1. Адасқан сөздер ойыны.
Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін көрсет
Секіріп Алақ-жұлақ етіп Қорбаңдап Жүгіріп Ытқып-ытқып Қуанып |
Түлкі Аю Қасқыр Бақа Тышқан Қоян |
2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
Бірлік болмай ,тірлік болмас. Ырыс алды - ынтымақ.
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едің?
Мақал-мәтелдердің ертегідегі оқиғаға қатысты екенін дәлелдеп көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма 175-бет, оқу, мазмұндау, сурет салу
Бағалау
Әдебиеттік оқу 03. 2014ж
Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. « Адам болам десеңіз» бөлімін қайталау,
оқушылардың білімін тексеру. Логикалық ойлау
қабілеттерін арттыру. Зейінділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең. -Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Қайталау сабағы:
1. Оқушылардың алдына бөлімді қайталауға арналған тест жұмыстарын таратып беру.
2. Әр оқушы өз бетімен сұрақты оқып, белгілеп шығады.(20 мин уақыт беріледі.)
Тест сұрақтары
1.Оқиғасы « тазалық- денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата
А) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады? Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық
Б)М.Гумеров Көп кептер В) Ж.Карбозин 20 тиын
2. «Ұйқышылдық- жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?
А) Ж.Карбозин 20тиын Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық
Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады? В) Е.Ерботин Даңғой
3. «Өндірмесе дәнеме
Мақтанғаннан не пайда» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы
А) Е.Ерботин Даңғой. Ә) Ш.Смаханұлы Тәкәппар
Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады? В) Ә.Дүйсенбиев Атай
4. «Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді тап
АҰйқышыл Ә)Еріншек
Б) Салақ В) Тәкәппар
5. «Даңғой » сөзінің мағынасын ашатын сөзді тап
А)Еріншек Ә)салақ
Б) Ұйқышыл В) Мақтаншақ
6. «Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді, Жаман күліп өтеді» деген мақалға қатысы бар шығарманы ата
А) Дүйсенбиев Атай Б) Ж.Карбозин 20 тиын
В) Ы.Алтынсарин Салақтық Ә)Қ.Жұмаділов Ұзын сары
7.М.Гумеровтың әңгімесінде көк кептерді атқан кім?
А)Балалар Ә)Көрші әйел
Б)Аймаған В)Нүсіпбек
8.Наурыздың ұзақ күндері калай аталады?
А)Мамыр Ә)Наурыз
Б)Ұзын сары В)сәуір
9.Жұмбақтың шешуін тап Қырға кілем жайылды.
А)Ағаш Ә)Қызғалдақ
Б)Қозы лақ В)Мал
10. «Көлдің мұзын күн тесті
Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?
А)Қыс Ә)Көктем
Б)Жаз В)Күз
Сергіту сәті
ҮІ Қорыту.Оқушыларға ертегі оқыту. Жұмбақ шешіп,ребус шешу
ҮІІ. Үйге тапсырма: 179-бет, қайталау.
Бағалау
№96. Тақырыбы: Ұзынсары.
Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы
өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Наурыз.Мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Сұрақтар қоя отырып
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұзынсары.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. Ұзынсары. Оқып, мазмұнын ашу .ә/ Сөздік жұмыс Тошала – қыста ет сақтайтын бөлме б/ тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу.Қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал. б/ жұмбақты шешу.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Кара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады /қарлығаш/
ҮІІ.Бекіт:Табиғатты қорғай білуге баулу
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау
№97. Тақырыбы: Наурыз көже
Мақсаты: Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы
суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
көрн: түрлі түсті суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақ бота
Тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау
Түйенің пайдасын айта отырып, қорыту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі, Наурыз.
Ү. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс а/ Наурыз өлеңді оқып, мазмұнын ашу.
б/ Өлеңді оқыту: Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру
а/ сұрақтарға жауап алу.
Өлеңнің ертеректе жазылғанын неден байқауға болады?
Наурыз айындағы өзгерістерді қалай суреттеген?
Наурыз айында далада қандай еңбек басталады?
Наурыз айында қандай мейрам бар?
Мал мен жеміс ағашы туралы не айтылған?
ҮІІ Бекіту.Табиғатты қорғай білуге баулу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
өлеңді мәнерлеп оқу, бағалау.
№98
№99.
№100. Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушщыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау
ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш»1. Мәтінді оқып талдау.
Қуаныш
Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді. Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай 4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.
Келсе гүлі де, көшеттері де аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды.
2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру
ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
№101.
№102. Тақырыбы: Әбілмансұр. М.Әуезов.
Мақсаты: «Өнегелі өмір» тарауы жайлы түсінік бере отырып, М.Әуезовтың«Әбілмансұр» мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Абылай өмірі туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу. Ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Абылайхан, қазақ билерінің суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Өнегелі өмір тарауы жайлы түсінік беру.
«Елдің атын ер шығарады» дегендей әр халықты басқа жұрт ер жүрек батырларынан, ұлы адамдарынан таниды. Мысалы: Абай атамыз арқылы басқа елдер қазақ жұртын біледі. Ендеше елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы оқып, танысайық.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. а/ М.Әуезов - /1897-1961/ жайлы түсінік беру. ә/ Әбілмансұр мәтінін оқып, түсіндіру. Абылай хан қазақ халқының әйгілі ханы. Төле бидің тәрбиесінде болған. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай. б/ Дәптермен жұмыс. Абылай, Төле би, Сабалақ, қанжығалы Бөгенбай, Әбілмансұр.
ІҮ. Білімдерін тексеру.Мәтінді оқу , іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. а/Сұрақтарға жауап алу. Абылай бала кезінде нелдіктен Сабалақ атанған? Төле би оның ел билейтінін қайдан білді? Елін қорғағысы келген Сабалақты Төле би қалай аттандырды?
Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. Мәтінді мына ретте әңгімеле. Бала Сабалақ. Сабалақтың соғысқа аттануы. Батыр Абылай. Абылай кімдерден бата алған.
Мәтіннен Сабалақтың Төле биге өтініш жасаған жерін тауып оқу.
ҮІІ .Қорыту.Абылай хан кім?Патриоттық тәрбие беру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Атан түйе шөккен жер
Мақсаты: Райымбек батыр туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын
түсіндіру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру.
Ержүректікке, батырлыққа баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Әбілмансұр оқу, мазмұндау
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Жаңа тақырып
Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту.
Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша:
1.Қанағат, .........ойлап қой.
2. Бес нәрсеге .... бол.
3. Талап, еңбек, терең .....
4. Бес нәрседен ...бол
5. ....болам десеңіз.
6. .....асыл іс.
7. Талап, еңбек, ....ой.
8. Талап, .....,терең ой.
- Жаудан елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы.
- Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінін дұрыс, түсініп оқып беру. Оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сергіту сәтін өткізу
- Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру.
Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады.
Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию.
Берілген суретке зер сал. - Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс .Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің? Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың? Оны неден аңғардың? Шайқас немен аяқталады деп есептейсің? Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар?
ҮІ. Бекіту. Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?
ҮІІ. Үйге тапсырма. 187-бет, мәтінді оқып, мазмұнын айту. Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел тауып, жазу. Бағалау
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ғ.Қайырбеков Алғашқы қоңырау.
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру. Ы.Алтынсарин
туралы білімдерін толықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Райымбек бастауы. Тізбектей оқыту. Мазмұндату. Ерлік – батырлық туралы жазған мақалдарын тексеру.
Райымбек батырдың өтініші қалай орындалды? Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Алғашқы қоңырау
Ү. Жаңа тақырып
1. Балаларға арнап «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралын жазған кім?
2. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңі бойынша берілген сөзжұмбақты шешіп көр.
- Оқығанды көңілге ..... тоқылық.
- Кел, ... , оқылық.
- ...., балалар.
- Шамнан ... жағылар
- .... көйлек үстіңде.
- Қартайғанда мал .... .
Ақын туралы қысқаша мағлұмат беру.
Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. 1944 жылдан бері қырықтан астам кітап жинақтары жарыққа шыққан. Мысалға «Дала қоңырауы» поэмасы, «Қанатты жылдар» сияқты жинақтары, «Жұлдызды тағдырлар» өлең жинағы және т.б. повестері, мақала, очерктер жарық көрген. Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Есениннің т.б.сөз зергерлерінің туындыларын аударды.
«Алғашқы қоңырау» өлеңін оқу, талдау. Ы. Алтынсарин жайлы деректер .
- іштей оқу, тізбектей оқу , дәптермен жұмыс
ҮІ .Түсінгендерін тексеру:а/ Торғай даласына алғаш қоңырау соққан кім?
ә/ Ақын Ыбырай туралы не айтады? б/ Алтынсарин туралы не білеміз? Ақынның мақтанышқа толы шаттанған көңіл күйі өлеңнің қай жолдарында байқалады?
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік? Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма : 190-бет, өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Бала Абай
Мақсаты: Мәтін мазмұнымен таныстыру,Абайдың балалық шағынан
мағлұмат беру. Жүйелі сөйлеуге өз ойларына қорытынды жасай
білуге дағдыландыру. Дамыта оқыту арқылы оқушылардың
логикалық ойлау дағдысын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген
құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: А. Құнанбаев, М. Әуезов портреті, сөзжұмбақ сызбалар.
Сабақтың барысы:
