- •Бағалау
- •Игерген өнерлері:
- •Қанатты сөздері
- •II. Үй тапсырмасын тексеру
- •III Жаңа тақырып
- •IV Ой топтастыру
- •VI. Сабақты бекіту
- •Балапан
- •III. Жаңа материалды түсіндіру.
- •IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру.
- •VI. Бағалау
- •Мазмұндама
- •1. Адасқан сөздер ойыны.
- •2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •II. Үй тапсырмасын тексеру:
- •V. Жаңа сабақты қорытындылау.
- •Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
- •V. Сабақты қорытындылау.
Мазмұндама
Аңқау күшік
Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп оған оқтай атылды. Сөйтіп, Мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.
Мазмұндаманы 2 рет оқып беру;
Мазмұнын түсіндіру;
Мазмұнын оқушылардан сұрау;
Сұрақ – жауап түрінде сұрау;
Тірек сөздер: қарғып өтпек, шеңберден қарғымады, жапсырдық, тірі мысық деп оқтай, үйренді
ІІ. Үйге тапсырма беру. қайталау
Әдебиеттік оқу 02. 2014ж
Тақырыбы: Қатемен жұмыс. М. Әлімбай. Көктем келді.
Мақсаты: Өлеңдерді оқып көктем белгілері мен көріністері жайлы түсінік
беру. Өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге баулу.
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: оқулық, көктем мезгілі түрлі-түсті суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ә. Дүйсенбиев «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Көктем келді.
Ү. Жаңа тақырып
Оқулықпен жұмыс.
- М. Жаманбалиновтың өлеңінен үзінді оқу. Өлеңге ат қою.
а/ Көктем жайлы кіріспе әңгіме жүргізу. Көктем белгілері, көріністері жайлы айту.
ә/ Көктем келді. Көктем өлеңдерін оқып мазмұнын ашу.
б/ Сөздік жұмыс. Суат – су алабы, мал суаратын жер Ебелек – шөптің түрі. в/ Дәптермен жұмыс
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
а/ Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке.
ә/ сұрақтарға жауап алу . Жұмбақты шешу.
ҮІІ. Бекіту. Бүгін не өттік?
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 166-бет, жаттау
Бағалау.
Әдебиеттік оқу 02. 2014ж
Сабақтың тақырыбы: Еркіннің еңбегі
Сабақтың мақсаты: Еркіннің еңбек етуін айта отырып, еңбек етуге, дұрыс
түсініп оқуға үйрету. Ойын қорыта білуге
дағдыландыру. Адамгершілікке, сыйластыққа,
тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, сызба
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Өткенді сұрау:1. Жатқа айту 2. Көктем белгілерін ата
ІІІ. Жаңа тақырып
-Ал енді тақтаға қарап, мына мақал - мәтелдерді оқиық.
Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін.
Еңбек түбі - қуаныш. Осы мақал - мәтелдерді қалай түсінесіңдер? Еңбек еткен адамның қарны тоқ болады. Себебі ол өз нанын өзі тауып жейді. Еңбек еткен адам түбі қуанышқа, бақытқа жетеді. Еңбек еткенде ғана нағыз бай боласың. Себебі өз еңбегіңмен тапқан байлығын – өз байлығын, тек адал еңбек еткен адамның досы да, заты да көп болады. Тағы да еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? Топтарға бөлінеміз. Әр қатар бір топ болып есептелінеді. 1. Бейнет - бейнет түбі зейнет 2. Еңбексіз өмір – сөнген көмір. 3. Ердің атын еңбек шығарады. 4. Кім еңбек етсе, сол тоқ. Сонымен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді түсініп оқу .Жалғастырып оқу
2. а) Еркіннің атасының шөп шапқаны жайлы тауып оқу.
б) Еркіннің шөп шабуын тап.
в) Ең соңғы азат, жолды тауып оқы, не жайлы айтылған.
Ү. Бекіту «Еңбектің наны тәтті» нақыл сөзінің мәнін түсіндір, мәтінге қатысы бар ма?
ҮІ. Үйге тапсырма 167-бет, түсініп оқу, мазмұндау
Әдебиеттік оқу 03. 2014ж
Тақырыбы: Ө. Ақыпбеков. Наурыз- жыл басы.
Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі,
табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын
дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер
түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Наурыз көже» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қою
Ү. Мақсат қою кезеңі. Наурыз -жыл басы.
Ү. Жаңа тақырып
Наурыз –парсы сөзі жаңа басы деген мағына береді. Жаңа жыл түркі елі үшін қыс қыстағынан шығып,мал ауызы көкке тиетін кез, күн мен түннің теңелетін уақыты адам баласына үміт әкелетін, адам көңілін көтеретін, елеңдетіп жаңаша серпін беретін керемет бір қасиеті бар ерекше уақыт. Сондықтан Наурыз жайлы жырламаған ақын жоқ. Соның бірі Ө. Ақыпбеков
Ақыпбеков Өтепберген 1950 жылы Алматы облысы Қапал ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Қазір Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің басқарма бастығы. Алғашқы өлеңдері 1973 жылдан жариялана бастады. Балаларға арналған көптеген шығармалары бар. Шығармалары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Қызықты әліппе», «Керек кітап», «Жылдың төрт мезгілі».
Оқулықпен жұмыс. Наурыз - жыл басы. Оқып, мазмұнын ашу.
тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу
ҮІ Түсінгендерін тексеру
а/ сұрақтарға жауап алу: қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата
1-бөлік – көктем мезгілі
2-бөлік – Наурыз мейрамы
ҮІІ Бекіту
ҮІІІ. Үйге тапсырма 174-бет, өлеңді мәнерлеп оқу
Бағалау
Әдебиеттік оқу 13. 03. 2014ж
Тақырыбы: Үйшік. (орыс ертегісі)
Мақсаты: 1.Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегіні
сахналау. Қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Ө.Ақыпбековтың «Наурыз жыл басы.» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Жан-жақты білімін тексеру.
1. Қандай орыс ертегілерін білесің? (Бауырсақ).2. Сызбаны толтыр. Ертегілердің қандай түрлері бар
Ү. Жаңа тақырып
1. Сюжетті суреттер бойынша «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.
2. Ертегінің мәтінің 4-5 оқушыға дауыстап оқыту. 3. Іштей оқыту
ІҮ. Сергіту сәті
Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диолог) құрап, ертегіні сахналап көру.
1-топ Тышқан мен бақа 2-топ Қоян және басқа аңдар 3-топ Түлкі және басқа аңдар 4-топ Қасқыр және басқа аңдар 5-топ Аю және басқа аңдар
ҮІ. Сабақты бекіту
