Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т 2кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
494.97 Кб
Скачать

IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру.

4 – тапсырма

Балалар, осы мәтінді оқығанда жаңа жазған ойларың бойынша кімнің жазғанында сәйкестік болды?

Салақтық сөзіне қарама – қарсы мағынадағы сөзді тап.

Балалар, осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін мақал-мәтел білесіңдер ме?

Салақтыққа байланысты нақыл сөздер айтқызу.

Әр топтың құрастырған диалогтарын айтқызу, тосын сұрақтар қою.

Енді, мәтіндегі оқиғаның осы айтқан нақыл сөздеріңе байланысты ма, жоқ па екенін дәлелдеңдер.

Ал, балалар, енді мына бейнефильмді тамашалайық.

Салақтыққа байланысты мультфильм көру.

Әр топтың жауабынан кейін, орындарына отырып, рөлдерімен ауысып, өздері тағы бір рет өзара сөйлесуін талап ету.

Бұдан кейін тізбектеп мазмұндап үйрету.

V. Бекіту.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта біз нені білдік?

VI. Бағалау

Үйге тапсырма

146-бет, әңгімені оқу, мазмұндау. Мәтін бойынша сурет салу.

Әдебиеттік оқу .02. 2014ж

Тақырыбы: Оспанхан Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі ойды идеясын ұғындыру. Сөз

тіркестерін пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу

дағдыларын жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Оқулық

Түрі : аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 146-бет, әңгімені оқу, мазмұндау

ІІІ. Өткенді бекіту. Жаман әдеттер, мақтаншақ, өркөкірек, менмендік, ұйқышылдық

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров.

Ү. Жаңа тақырып

«Ой толғау»

  • «Білгірлер» -тобы –малдың пірлерін ата.

  • «ойшылдар»-тобы –малдың адамға берер пайдасын ата.

  • «Алғырлар»-тобы сүттен жасалатын тағамдарды ата.

а/ Мысалды оқу ә/ сүтке байланысты әрекеттер ұйықтап қапты, іріп қапты, оянбапты мән беріп оқу. б/Оқушыларға оқыту. в/Мысалды талдау

г/ оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу, ертегіге қатысты мақалды табу.

Тыйым сөздер

  • Ақты төкпе.

  • Малды теппе.

  • Ақты баспа.

  • Малға теріс мінбе.

  • Малдың басынан ұрма.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Осы ертегіде ақын не айтпақ болды деп ойлайсың?

ҮІІ. Бекіту:Сүттен жасалатын тағамдар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 147-бет, мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.

Бағалау

Әдебиеттік оқу .02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты: 1. Амандасуға, түсінігін оқуға, дұрыс жауап беруге

үйрету.2. Тіл байлығын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Амандасу, адамгершілікке баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі – Оқушыларды сабаққа әзірлеу;

ІІ. Өткенді сұрау: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров. Өлеңін оқыту, мазмұнын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырып

1.Мақалмен жұмыс, мазмұнын ашу. Сендер амандасу деген не деп ойлайсыңдар? 2.Мұғалімнің түсіндіруі. Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? 3.Сөздік. Парыз – міндет, Сәлем – тыныштық, бейбітшілік.

ІҮ. Пысықтау:Кітаппен жұмыс, түсініп оқу. Ассалам – деген не? Ассалаумағалейкум – үлкенге жауап кішіге уағалейкумассалам. Сәлеметсіз бе? Жастардың амандасуы.

Ү. Дәптермен жұмыс. Халық нақылы

Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сәлем береді.

Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

Тибет Жапония Қытай

Кения   билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. 

Ү.Бекіту. Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде? Сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма 149-152 бет, оқу, мазмұнын айту.

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Е. Ерботин. Даңғой. (Мысал)

Сабақтың мақсаты: Түсініп, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға үйрету

Тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге

дағдыландыру. Мәдениетке, мейірімділікке,

түсінушілікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Қалай амандасу керек?Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырып Автор туралы мәлімет беру. Есентай Ерботин (1940 – 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланады. Содан бері «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін біз «Даңғой» деген мысалымен танысамыз. - Сендер қалай ойлайсыңдар, «даңғой» деп қандай адамды айтады? Мұғалімнің түсіндіруі. Пысықтау: Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда?

  1. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп, түсініп оқу.

2.Қияр туралы оқушыларға жаңа мәліметтер беру. Қияр шөптекті, бақшада өсетін дақыл. Асқабақ тұқымдас көкөніс түрі. Қиярдың отызға жуық түрі бар. Жемісі қабақ, тағамға пайдаланады. Қияр +12 жылылықта егіледі. Жылу сүйгіш, топырақ жылынып, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі. 3. Сызбаны толтыру. 4. Қиярдың сөзін тап. Қияр қандай күйге ұшырады? Мысалдың негізгі ойын тап

ІҮ. Бекіту: Мақтаншақтық жаман әдет. Құр мақтанғаннан іспен дәлелдеп көрсеткен жөн. «Сөзден сөз құра» ойыны. Мақтаншақтық Мақтаншақ --- ақша ------ қан -------- ақта мақтану ------- ана --------- ата -------- ақтық қатық ---------- ат ----------- қант ------- ақ тымақ --------- шақа ------- шақ ------- мақта Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма 152- бет, мәнерлеп оқу, №6 тапсырма

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Тәкаппар

Мақсаты: Тәкаппар мысал өлеңді оқып, түсіну, Мәнерлеп оқуға

дағдыландыру. Өлең мағынасын табуға үйрету.

Тілін сөздік қорларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін

дамыту. Жаман әдеттен жиренуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 152- бет, мәнерлеп оқу, №6 тапсырма

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Тәкаппар

ІҮ. Жаңа тақырып

Мысалды оқу, әр сөзіне түсінік беру. Әр шумаққа ат қою.

1.Мақтаншақ 2.Тулаған теңіз 3.Балықтың қиналуы

4. Балықтың зары 5.Балықтың өкініші

-Тапсырмалармен жұмыс.

Қосымша түсініктер.

Қосымша білім «Кімнің мекені не?»  Мұны дәл біліп ал.

Тышқандікі – ін                                Иттікі – үйшік,

Қасқырдікі – апан.                           Құмырсқанікі – илеу.

Сиырдікі – қора,                              Өрмекшінікі – тор,

Аранікі – ұя,                                     Киттікі – мұхит,

Түлкінікі – жым,                              Тиіндікі – қуыс,

Қойдікі – қотан,                                Ұлудікі- қабыршақ,

Тауықтікі – күрке,                            Бақанікі – көл,

Мұны білесің бе?

Қазақстанда 180-дей балықтың түрі тіршілік етеді . Балықтардың адам өмірінде маңызы өте зор. Жылына миллиондаған балықтар ауланады

да,балықтың саны азаюда. Су қоймаларында балықтар қолдан көбейтілуде.

Ү. Бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма 154-бет, мәнерлеп оқу

Әдебиеттік оқу . 02. 2014ж

Тақырыбы: Машқар Гумеров. Көк кептер

Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы

түсінік беру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 154-бет, мәнерлеп оқу, тізбектей оқыту.

Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Балық аулаған баланың көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген? Бала қармағына не деп сөйледі? Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген? Тау етегі неге ұқсайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Көк кептер

Ү. Жаңа тақырып

  1. Жаңылтпашпен жұмыс. Жаңылтпашта қандай құстар аталған?

  • Машқар Гумеров - 1927 жылы 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған.

  • 1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.

  • 1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген.

Оқулықпен жұмыс.

а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру.

ә/ әңгімені оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

а/ сұрақтарға жауап алу.

Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды? Оған ара түскен кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың? Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін? ә/ Тапсырмаларды орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы. б/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.

ҮІІ. Бекіту: Құстар жайлы нақыл сөздер айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 156-бет, оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу .02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбай. Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты: Мейірімділік, қайырымдылық, турашылық жайында

әңгімелей келе дұрыс, түсініп оқуға үйрету. Тауып

оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге

дағдыландыру. Адамгершілікке, сыйластыққа,

тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: кесте, сызба

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Нүсіпбек пен Айғанымның әрекеті саған ұнады ма?

ІІІ. Жаңа тақырып

 Бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.  Жомарттық деген не?  Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.  -Кабуснама деген не? - Оны кім жазды? Қайқауыс туралы түсінік беру. Суретін көрсету.  Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама –қарсы сөз – сараң сөзі.  2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.  3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.  -Диалог деген не ? пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.  ”Кім жомарт? Не жомарт?” дегендегі кім? не? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? .  - Заттың атын білдіретін сөздерге қойылады. 

Сұрақтарға жауап беру. -Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Неге? өз пікірлеріңді айтыңдар.  -Кім жомарт? Не жомарт? деген сұрақтарға өз бетіңше жауап беріп,  Өлеңді жалғастырып көріңдер.  ІV.Бекіту:- Өлеңнің авторы кім?  -Өлеңнен не туралы білдік?  -Негізгі ойларың қандай?  -Жомарттық деген айтқан сөзде тұру,қайырымды болу.  V.Үйге тапсырма:160-бет, өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы

“Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу. 

Бағалау

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Тақырыбы: Ж.Кәрбозин Жиырма тиын

Мақсаты: Ж.Кәрбозиннің әңгімесін жиырма тиын әңгімесін оқи отырып,

Алтайдың тіл алғыш , ақ көңіл, қайырымдылығы жайлы түсінік

беру. Әңгімені мәнерлеп оқи білуге баулу, өз ойларын қорытып

қорытып айтуға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 160-бет, өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы

“Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.  ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. Ж. Кәрбозин Жиырма тиын

ІҮ. Жаңа тақырып

1. Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

  • Дұшпан күлдіріп айтады.

......................................

  • Жүз сом ақшаң болғанша,

.......................................

  1. «Жиырма тиын» әңгімесін оқып, түсіндіру.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Ү. Білімдерін тексеру:

а/ Әңгімені оқыту, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ә/ Сұрақтарға жауап алу.

-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

-Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады.

-Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?

-Алтай Қанатқа қалай көмектесті?

Сергіту сәті.

Тапсырмаларды орындау.

Алтайға мінездеме беру. Тіл алғаш, ақ көңіл, қайырымды сөздерін пайдалану.

Мақалдарды оқып, мағынасын ашу.

Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,

Жаман күліп кетеді.

ҮІ. Бекіту.

Бүгін не өттік?

ҮІІ. Үйге тапсырма:161-бет, оқу, мазмұндау.

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев Атай

Мақсаты: Атай өлеңін оқи отырып, жасы үлкен кісіні қалай құрметтеу

жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқуға, өз ойларын қорытып айтуға

баулу.Адамгершілікке, кішіпейілділікке , ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық. М.Дулатов суреті, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. -Сабаққа әзірлік

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру

Ж. Кәрбозин «Жиырма тиын» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Ә.Дүйсенбиев Атай

ІҮ. Жаңа тақырып

1. Жұмбақтарды шешу. Шешуін қатыстырып сөйлем құрау.

2. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңін түсініп оқып беру.

3. Өлеңді тізбектеп оқушыларға оқыту.

4. Сурет бойынша жұмыс.

5. Сұрақтармен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

1.Үлкенге құрмет, кішіге –ізет.

2.Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.

Сергіту сәті.

Ү. Бекіту. Бүгін не өттік?

ҮІ.Үйге тапсырма

164-бет, өлеңді жаттау.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. Аңқау күшік

Сабақтың мақсаты: Өздігінен түсініп, мазмұнын баяндауға үйрету. Қағаз

бетіне жаза білуге дағдыландыру. Сауатты жазу,

дұрыс сөйлем құруға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.