- •Бағалау
- •Игерген өнерлері:
- •Қанатты сөздері
- •II. Үй тапсырмасын тексеру
- •III Жаңа тақырып
- •IV Ой топтастыру
- •VI. Сабақты бекіту
- •Балапан
- •III. Жаңа материалды түсіндіру.
- •IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру.
- •VI. Бағалау
- •Мазмұндама
- •1. Адасқан сөздер ойыны.
- •2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •II. Үй тапсырмасын тексеру:
- •V. Жаңа сабақты қорытындылау.
- •Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
- •V. Сабақты қорытындылау.
Балапан
Ауызғы бөлмеде қарлығаштың ұясы болатын. Бөлмені бұзғалы жатыр. Ұяда жалғыз балапан қалған еді. Шорман дереу ұяны еппен алып қораға апарып орнатты. Сонан соң қораның аузында қарлығашты күтіп отырды. Үй жаққа қарайлаумен болды. Әлден уақытта қарлығаш ұшып келді. Ұяны таба алмады. Шорман балапанға тамақ қалдықтарын берді. Қаңылтыр тостақпен су қойды.
Жоспар:
Қарлығаштың ұясы.
Ұяны апаруы.
Қарлығаштың келуі.
Қарлығашқа тамақ беруі
Сұраққа – жауап
Ауызғы бөлмеде не болатын?
Бөлмені не істеді?
Ұяда не бар?
Шорман ұяны не істеді?
Әлден уақытта не келді?
Ұяны не істеді?
Шорман балапанға не істеді?
Шорманның орнында сен болсаң не істер едің? Ой бөлісу.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІҮ. Үйге тапсырма Ертегі оқу
Әдебиеттік оқу . 02. 2014ж
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин Салақтық
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, түсініп оқу, адамдық қасиеттерге үйрету.
2.Ойлау, сөзжұмбақ, ребустар шешу арқылы
тапқырлыққа баулу
3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: ребус, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Жаңа тақырып
Сөзжұмбақты шеш. Мақал-мәтел жарысы. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.
1. Ғылым таппай … .
2. Асық ойнаған … .
3. … – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
4. Әдепті бала — … бала.
5. … түбі – тірлік.
6. … инемен құдық қазғандай.
7. … бала – арлы бала.
8. … бала талпынған құстай.
9. Тазалық – … кепілі.
10. Ұрлық түбі — … .
Өте жақсы балалар сөзжұмбақты шештік, енді осы мақал – мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?
А) Туған жер, Отан туралы Б) Жақсы, жаман істер туралы
Ә) Еңбек туралы В) Ерлік, батырлық туралы
III. Жаңа материалды түсіндіру.
Ендеше балалар, осы тақырыпқа байланысты біз бүгін Ы. Алтынсаринның Салақтық атты әңгімесімен танысамыз.
- Ең алғаш қазақ даласында қоңырау соққан, мектеп ашқан кім?
- Ы. Алтынсаринның қандай әңгіме, өлеңдерін білесіңдер?
- Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін сызбаға түсіру.
Тұңғыш ұстаз, 1841-1889ж жазушы, мектеп ашқан, өлеңдер «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған
Балалар осы «Салақтық» деген мәтін не туралы болуы мүмкін? деген проблемалық сұрақ қоямын.
Өз ойларыңды бір – екі сөйлеммен дәптерлеріне жазады.
Мәтінмен жұмыс.
• Мәтінді мәнерлеп оқу. • Іштей оқу. • Дауыстап оқу.
• Оқушылар түсінбеген сөздерін қарындашпен белгілеп отырады.
• Тізбектеп оқиды.
• Мағынасын түсіндіру.
Әр топты ынтыландыру мақсатында «Археолог» ойынын ойнату. Бұл ойын арқылы әр топтың түсінбеген сөздерін сөздіктен іздеу дағдысын қалыптастыру. (Кіріңді ағызып- бұл жерде кір – қожалақ болу деген мағынада.
Қожасы – иесі.
Қалыбынша – әдетінше.
Сергіту жаттығуы.
Ал балалар тұрайық
Шапалақты созайық
Бір отырып бір тұрып
Біз демалып алайық
