Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т 2кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
494.97 Кб
Скачать

II. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?

- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым ».

-Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік,кімнің есінде бар?

1.Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/

2.Атасы мен немересі /С.Көбеев/

3.Шал мен балалар /С.Көбеев/

4.Апаның тілін алса егер… /Ж.Смақов/

5.Ата-әжеме хат /Ы.Алтынсарин/

6.Айтшы, әжетай/Ж.Смақов/

7.Ұшқан ұя/Б.Момышұлы/ т.б.

« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.Ендеше балалар үйге берілген Ы.Алтынсариннің « Шеше мен бала»әңгімесін сахналап келуге тапсырма берген едім. Қанеки, тамашалап көрейік.

Шешесі- Асхатқызы Әйгерім

Үлкен қызы- Самбаева Аружан

Кіші қызы-Алтынбекқызы Бибинұр

Сұрақ қою

1.Осы әңгімеде сендерге қай кейіпкер ұнады?

2.Үлкен қыздың орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?

3.Сонымен балалар « диалог» дегеніміз не екен?

-/ Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуін диалог дейміз/

4.-Осы көріністегі адамдардың әңгімелесуі диалогқа жата ма?

III Жаңа тақырып

М.Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау

 Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?

Естімесеңдер, бұл өлеңді жазған Мұқағали Мақатаев аталарың.Егер Мұқағали атамыз тірі болғанда ертең , яғни 9 –ақпан күні тура 80 жасқа толар еді.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты:Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу,қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем » өлеңімен танысамыз.

Интеракивті тақтадан М.Мақатаевтың портретін , жұбайы Лашынның және балаларымен түскен суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

 ————1931жыл 9-ақпан

Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы

-Атасы-Мақатай, әжесі-Тиын

-Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағиман

-Жан жары – Лашын

-Қазақтың аса дарынды ақыны

-Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған

-Қызы-Алмагүл, ұлдары-Айбар,Жұлдыз

 Мұқағали атамыз әр түрлі тақырыпты жырлаған; туған жер, Отан ,махаббат, достар, аға-қарындас,әке-шеше т.б.Мұқағали атамыз туралы кейінірек толықтай танысамыз.

-Кітаппен жұмыс

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

2.Өзбетімен жартылай дауыспен түсініп оқу/ Таныс емес сөздерді түртіп алу/

3.Сөздікпен жұмыс

мұрагер-

кемеңгер-

дана-

сиреп –

4.Дауыстап, мәнерлеп тізбектей оқыту

5.өлеңнің мазмұнын ашу, талдау

-Балалар, осы өлең кімдер туралы екен?- Қарттар туралы.

IV Ой топтастыру

« Қарт» сөзін естігенде көз алдарыңа кімді елестетесіңдер?Қарт сөзін басқа қандай сөздермен алмастыруға болада?

 

дана кәрі

кемеңгер қария

шежірелі

ата егде

үлкен кісі ақ сақалды

көп білетін адам

 

 -М.Мақатаевтің «Сәби болғым келеді » әнін айтамыз / хор /

-Балалар,бұл өлеңді сендерге кім үйретті? / Қанат ағай /

-Ендеше сөз кезегін музыка пәнінің мұғалімі Қанат ағайларыңа беремін.

1.М.Мақатаев туралы қысқаша мағлұмат беру

2.М.Мақатевтың өлеңін домбырамен орындап беру

VI. Сабақты бекіту

 Шығармашылық тапсырма «Аман-сау жүрші, қарттарым »

Эссе жазу « Менің атам»

Сонымен, балалар біз бүгінгі сабағымызда не өттік?

Сабақ сендерге ұнады ма?

Үйге тапсырма  141-бет, өлеңді жаттау ,эссені аяқтау

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Тақырыбы: Мазмұндама. Зейінді бала

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып,

жаза білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту.

Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.

« Зейінді оқушы » оқып, түсіндіру.

Зейінді оқушы

Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өте зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді. (43)

-Сұрақтарға жауап алу.

-Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

Мазмұндаманы жазу. Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.

Оқушы жұмыстарын жинап алу.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. «Қадірлі әкелерім, аяулы мейірімді аналарым»

бойынша, алған білімін тиянақтау.

2. Сөйлеу ойын жеткізу,есте сақтау қабілетін

дағдыландыру.

3. Ойын қорыту,үлкенді сыйлауға баулу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: қорыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі -Сабаққа әзірлік

ІІ.Өткенді еске түсіру

Қандай бөлімді өттік? Онда қандай тақырыптармен таныстық? (тақырыптарды атау) Қандай ереже, тыйым сөздерді үйрендік?

ІІІ.Қандай өлеңдерді жаттадық?

Ата ақылы, Жылу, Әже, Бесік жыры, Қарттарды сүйемін, Ата-анасын сүю туралы, Апаның тілін алса егер...,

ІҮ.Қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер, жаңылтпаш жаттадық?

  • Ата – асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ

  • Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.

  • Жеті атасын білмеген –жетесіз.

  • Күннің шуағы-жылы, Ананың құшағы –жылы.

  • Шеше, шеше, Неше кесе Сынды кеше?

Ү.Сызба,сөзжұмбақ, суреттермен жұмыс

Сабақты пысықтау, қорыту

1)Ә 4)а 7)Б 10)Б

2)А 5)В 8)В

3)Б 6)ә 9)А,Ә

Мұрагер деген сөзді қалай түсінесің? ұрпақтан -ұрпаққа жалғастырушы

Диалог деген не?

Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.

Суретке қарай не айтар едің?

Үйге тапсырма қайталау

Бағалау

Әдебиеттік оқу . 02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты: Оқушылардың байланыстырып сөйлей білуге, сөйлемді тиянақты

аяқтай білуге үйрету. Сөздік қорларын байыту. Ойлау

қабілеттерін арттыру. Қатесіз, таза жазуға төселдіру. Қарлығашты

қамқорлай білуге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу

Көрнекілігі: диктанттар жинағы, хрестоматия

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Жаңа тақырып

«Балапан» мәтінін оқыр беру. Мазмұнын өз сөздерімен айтқызу.