Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т 2кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
494.97 Кб
Скачать

Ана тілі

2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу

Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.

3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы

Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты

ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

Әдебиеттік оқу

4. Тақырыбы: Мектеп - біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер

Мақсаты:Ө.Тұрманжановтың Мектеп біздің анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға,Ж.Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық

қой,шіркін , туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру.Тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу. Туған жерін, елін ,жерін сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ж.Аймауытов, Ө.Тұрманжанов суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу,сұрақтарға жауап алу.ІІІ. Өткенді қорыту:Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу

ІY. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық .

Ү Жаңа сабақ:а/Ж.Аймауытов өмірімен таныстыру.ә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқу.б/ сұрақтарға жауап алу.в/ сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс.

тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу 3 .тауып оқу /қуаныш,сүйсініс,өкініш,мақтаныш/. Дәптермен жұмыс , д/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Ж.Аймауытов кім?

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқып келу . 2. Бағалау.

5. А.Байтұрсынұлы .Мен қалай оқуға бардым?

Тақырыбы:А.Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты.

отырып, автордың оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы, ал Екі балық. Ата насихаты. әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А.Байтұрсунов суреті, өмірі жайлы қасқаша түсінк, мақал-мәтелдер.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Жиырма тиын. 1.әңгімені оқыту 2.сұрақтарға жауап алу.3.мазмұнын сұрау

ІІІ.Өткенді пысықтау:әңгімедегі ең басты кейіпкер кім? Алтайдың Қанатқа көмектескенін қалай қарайсыңдар?Алтайға қандай мінездеме берер едіңдңр?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі :А. Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты

Ү. Жаңа сабақ:а/ А.Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын. Қостанай облысы, Торғай атырабында Сартүбек жерінде дүниеге келген. Тұңғыш қазақ әліппесін жазды. ә/ «Мен қалай оқуға бардым» әңгімесін оқи отырып, автордың атынан берңлңп отырғандығы, оның оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы түсінік беру.б/ «Екі балықшы» әңгімесін оқи отырып, кертартпалық жайлы түсіндіру.в/ «Ата насихаты» әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

ҮІІ.Білімдерін тексеру:а/әңгімелерді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ә/ Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі

б/ Сұрақтарға жауап алу.в/ Тапсырмаларды орындау.г/ нақыл сөздерді оқып мағынасын ашу.Керіскеннің кесірі – келесінді кетірер.Тіршіліктің күші – бірлікте.д/ Дәптермен жұмыс.Осы сөздерді жазу.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.бағалау

6.Тақырыбы: Күн шыққанда

Мақсаты: Оқушыларға І.Жансүгіров өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күн шыққанда өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Күз» өлеңін жатқа айту

ІІІ.Өткенді қорыту:Күзгі ауа райы қандай? Бұлт қандай? Тұман қандай? Күз мезгілі саған несімен ұнайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:1.сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. а/І.Жансүгіров 1894-1938/ . Өмірімен таныстыру.ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу,ә/сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу

г/Сергіту сәті

в/ Өлеңді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу /атып келе жатқан таң бейнесі/

ҮІ. Түсінгендерін тексеруТаңғы тіршілік туралы не делінген?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?І.Жансүгіров кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.

7. Оқулық

Мақсаты: Оқушыларға Н.Айтовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, «Оқулық» өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау« Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Н.Айтовтың өмірімен таныстыру.ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу .ә/ сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу .в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?Қандай кітаптар оқығанды ұнатасыңдар?Кітапханадан қандай кітаптар алып оқыдыңдар?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.

8. Кітап оқу

Мақсаты: Оқушыларға Ж.Аймауытовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, « Кітап оқу» мәтінін оқып түсіндіру. Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:« Оқулық» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады? Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Ж.Аймауытовтың өмірін сызба арқылы таныстыру.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Павлодар облысында Атақты жазушы «Қартқожа», «Ақбілек»

туған романдары бар.

ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ:а/ мәтінді мәнерлеп оқу.ә/сөздік жұмыс жүргізу. Роман-көлемді, күрделі шығарма.Дәптермен жұмыс.б/сұрақтарға жауап алу.в/ Мәтінді оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Мәтін не туралы? Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.2.Бағалау.

9 . Сабақтың тақырыбы: Зеректік

Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Уалиханов,С.Бегалин ментаныстыра отырып оқу,түсінігін әңгімелеуге үйрету.2. Өз ойын толық жеткізе алуга,сұраққа толық жауап беруге қалыптастыру.3. Зерек болуга,терең ойлауға тәрбиелеу

Көрнекілік: кітап,сурет,дид.материалдар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Өткенді сұрау

Ж.Аймаутов кім? Еңбектерін ата?Ол қайда туған?Қартқожаға мінездеме бер?

ІІІ. Жаңа сабақ :А) кіріспе:Балалар Ш.Уалиханов кім?1985 ж С.Бегалин туылған.Ол Шоқан туралы деректер жазған.Туған жері-Шығыс Қазақстан өңірі.Оның «Шоқан асулары;» «Сәтжан» деген шығармалыры бар.1983 ж қайтыс болған.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқыту.Тізбектеп оқыту, талдау.Пысықтау: 1.Шоқанның балалық шағы жайлы не жазған? 2.«Зерек» деп кімді айтып отыр? Әкесі не деді? Сөздік жұмыс .Бажайлап – мән беріп қорыту.Шоқанды кім оқытты?Шоқан күнделігіне не жазды?

Бекіту

Үйге тапсырма: 1.Әжесінің сөзін табу,оқу, түсінігін айту2.Бағалау

10. Сабақтың тақырыбы: Ақылшым мұғалім

Мақсаты: 1.Ұстаз мұғалім ұғымын кеңейту,ақылшы екендігі жайлы түсіндіру 2.Сөздік қоры тіл байлығын дамыту 3.Ұстазды сыйлауға тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ . Мақсат қою кезеңі

ІҮ. Жаңа сабақ:Балалық адам баласы білімді ұстаздан алады.Ұстаз мұғалім- бір ұғым.Дана да ақын да,ұшқыш пен жүргізуші,инженер деген мамандық иелері де алдымен мұғалім алдынан өткен.Мұғалім еңбегі зор.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Оқушыларға тізбектеп оқыту.Мағынасын түсіндіту.Дәптермен жұмыс.Менің ұстазым тақырыбына тірек сызбаны өздеріне қорыту,талдау

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Білімді кімнен алады екенбіз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.19 бет Өлеңді жаттау.2.Бағалау

11 .Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз».Ұнатамын күзді мен

Мақсаты: Оқушыларға А.Құнанбаев өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күз өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Өткенді қорыту:Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық. а/Абай Құнанбаев/ 1845-1904/қазақтың ұлы ақыны.Өмірімен таныстыру.ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

ерекшеліктері.

Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу ә/ сөздік жұмыс жүргізу.б/ сұрақтарға жауап алу

г/ Сергіту сәті в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,теріп оқу. /мал жайын жырлаған жерді/

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Күзгі ауа райы қандай?Бұлт қандай?

ҮІІ .Қорыту:Бүгін не өттік? А.Құнанбаев кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау. Бағалау.

12. Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов

Мақсаты: Бидай мен қаңбақ мысалын оқи отырып, Бидайдың қаңбаққа қойған өзіне өзінің берген бағасы туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. «Байлық», «жұмыстың жылуы»тақырыптарын оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу.3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ,Өткенді пысықтау.Денсаулықты не үшін байлық дейміз ?Жұмыс қалай жылу береді ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Бидай мен қаңбақ

Ү. Жаңа сабақ. а/ Бидай мен қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.ә/ мысалды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ. Білімдерін тексеру.а/ сұрақтарға жауап алу.1.Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?

2.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?3.Уф десе ұшасың, суф десе қонасың дегенді қалай түсінесің?4.Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ па? Оны өздерің салмақта...

ә/ тапсырмаларды орындау.1.мәтіннен Бидайдың Қаңбаққа айтқан сөзін тауып оқу.2.Бидайдың өзіне өзінің берген бағасы туралы көзқарасыңды білдір.

б/ Сергіту сәті.в/ жаңылтпаштарды оқып, жаңылмай айту .г/ Жұмбақты шешу.Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. /қанбақ/

ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?Мысалда не туралы айтқан.

ҮІІІ Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу. 2.бағалау.

13 Тақырыбы: Мазмұндама. Аралардың достығы

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.«Аралардың достығы» оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.

Аралардың достығы.

Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Содан балдай тәтті өмір сүріпті.

Сұрақтар:1.Орманда қанша ара тұрыпты?2.Бәрі қандай болыпты?3.Үнемі не теріпті?

4.Өздері қалай тұрыпты?5.Содан қалай өмір сүріпті?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.

14. Тақырыбы: Бөлімді қайталау.

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау. Белсенді, саналы болуға үйрету.Тілін, сөздік қорларын, білімін дамыту.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Кіріспе әңгіме жүргізу

ІІІ. Білімді тексеру.а/ өткен тақырыптарды еске түсіру.Өткен өлеңдерді еске түсіру.

Жатқа айту.Әңгімелерді еске түсіру.Ертегіні баяндау.

Тест сұрақтары.

  1. Ы. Алтынсарин кім?

а/ ақын, б/ ұстаз

  1. Сен ғылымға өлеңін кім жазды?

а/ Ш.Құдайбердиев б/ Абай Құнанбаев

  1. Ертегіні тап?

а/ Ақ бидай б/ Күн шыққанда

  1. Жамбыл Жабаев өлеңі

а/ Отан б/ Шәкірт балаларға

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы берілген тест сұрақтарына жауап алу.

ҮІІ. Қорыту.Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.қайталау.2.бағалау

15. Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.

Мақсаты: Ғылым таппай мақтанба өлеңін мәнерлеп оқу, өлеңді талдау. Ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.Еңбекке талапты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Абай суреті.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Абай. Ғылым таппай мақтанба.

ІІІ. Жаңа сабақ:А.Құнанбаев туралы түсінік. Абай -1845-1904 қазақтың – ұлы ақыны.

Өлеңді оқу.Өлеңді талдау.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақТалап,еңбек, терең ой, қанағат рақым.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?

ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау.

16. Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.2.Оқушылардың ой қиялын дамыту

3.бідімділікке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: портреттер,оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Ана тілі сабағының тақырыбы Білім керек бәріне.Білімнің адам баласына керек екендігін байқаймыз.

ІІІ.Жаңа сабақ

әБілім жүйесі бойынша Ф.Оңғарсынованың кім екенің айтып таныстыру.

2.білім керек бәріне өлеңін түсіндіру 3.Тізбектеп оқыту 4.сурет бойынша жұмыс

5.Дәптермен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

Ү. Қорыту:Оқушыларға білім туралы мақал-мәтерлер айтқызу.Бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

19. Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Мақсаты: 1. Ертегі жайлы толық мағлұмат беру, Атадан қалған асыл мұра, ауыз әдебиет түрімен таныстыру2. Топпен жұмыс істеу, оны тұжырымдап айтуға дағдыландыру.

3. адамгершілікке патриоттыққа тәрбиелеу

Көрнекілік: суреттер, кестелер.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Өткенді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ:Ертегіні оқыдыңдар ма?Аттарын айтыңдаршы?Көбінесе нелер туралы жазылған?Мұғалімнің түсіндірмесіАтадан бізге не қалды? Ертегілер, төрт түлік жырлар, аңыздар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар жаңылтпаш, шешендік сөздер – осылар ауызша жеткен халық шығармалары:Ертегілер:1. Жануарлар 2. Қиял-ғажайып 3. Шыншыл

ІҮ. Пысықтау1.Жұмбақ шешу(Жануарлар жайлы)2.Ертегіні оқу, түсіндіріп өту, тізбектеп оқыту.Сөздік жұмысы: Құлағына басады – қулық.Мұнын шашады – мұңын айту

Ү. Қорыту:Немен таныстық?Ертегілер қалай бөлінеді?Түлкіге мінездеме бер?Арыстан қандай аң?

ҮІ. Үйге тапсырма Ертегіні айту.Бағалау

20. Тақырыбы: Байлық пен ақыл

Мақсаты:Байлық пен ақыл ертегісін оқып түсіндіру.Ертегінің мазмұнын айтуға дағдыландыру.Тілін сөйлеу қабілетін дамыту.Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әйтеке бидің айтқаны. Жігіттің жақсысы.

ІІІ Білімдерін тексеру:Әйтеке би не деп айтты?Үш би туралы не білдік?Билерге келген жігіт не айтты?Жігіттің жампозы не қориды?Жігіттің жаманы не қориды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ

- Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді.Ертегіні оқып түсіндіру.Сөздік жұмысын жүргізу.Әшекей-өрнек, сәнді ою.Мұрагер – орын басушы, дүниеге ие болушы.

Ертегіні оқы:іштей оқу,тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Әкесі ұлдарына не айтты?Үлкен ұлы не айтты?Кіші ұлы не айтты?Шалға қасы ұлының жауабы ұнады?

ҮІІ. Қорыту. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

ҮІІ Үйге тапсырма:1.ертегіні оқу, мазмұны. 2.бағалау.

21. Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге өзіндік пікір айтуға үйрету. 2. Сөздік қорын байыту,қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту. 3. Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік:сурет,плакаттар

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру.«Байлық пен ақыл» мазмұнын сұрау.Саған қай ұлдың жауабы ұнады, неліктен?Ақылды болсаң, бай боласың деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ. Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру.

Белестен шапқан ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдір үзбейді, (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Түлкі)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:Ертегіні рөлге бөліп,мәнерлеп оқуды үйрету.

Ертегі бойынша берілген суретке зер салып «Қасқыр неге ақсап жүре алмай келеді деп ойлайсыңдар? Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттап көріңдер»

Ү.Дәптермен жұмысЕртегіге сүйеніп қасқыр мен түлкі арасында диалог құра.Ертегіден ақыл сөзді тауып,дәптеріңе жазып ал.

ҮІ.Сабақты қорыту. Ертегіден өзіңе қандай әсер алдың?

Үйге тапсырма беру.38-39 бет оқу, мазмұны

22. Сабақтың тақырыбы: Ұр тоқпақ

Мақсаты: Ұр тоқпақ ертегісін оқып, мазмұнын айта білуге үйрету. Түсініп оқуға дағдыландыру.Тілін,сөздік қорын дамыту.Ақылды, білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Байлық пен ақыл.2.Тізбектей оқыту .3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту.Қай бала ақылды?Ол қандай жауап айтты?Саған қай қай ұлдың жауабы ұнады?Неліктен?

ІҮ.Мақсат қою :Ертегі Ұр тоқпақ

Ү. Жаңа сабақ.Ертегіні оқып, әңгімелеу.Талдау .Сөздік жұмыс жүргізу.Ертегіні оқу,іштей оқу,тізбектей оқу.

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру.Сұрақтарға жауап алу, өмірмен байланыстыру,әңгімелету, бөлімдерге ат қою

ҮІІ. Бекіту.Бүгін не өттік?Ертегі не туралы екен?Балаларға мінездеме беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.1.ертегіні оқу. 2.бағалау.

23. Сабақтың тақырыбы:Сақина

Мақсаты: Оқушыларды ертегіні түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету.Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту.Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1.«Ұр, тоқпақ!» ертегісінің мазмұнын сұрау. 2.Топтық жұмыс жүргізу.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сұрақтар мен тапсырмаларды орындату.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ:1.Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді. 2. Ребус шешеу арқылы ертегінің атын табу. «Сақина».3. Ертегіні оқып, түсіндіру.4.Сөздік жұмысын жүргізу.5.Дәптермен жұмыс жүргізу.6.Ертегіні оқыту,7. іштей оқу. 8.тізбектей оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру. Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?/ Оқушылар өз тілектерін айтады/

ҮІІ. Қорыту. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерін

атап айтқызу.

ҮІІІ Үйге тапсырма1.ертегіні оқу, мазмұны 2.бағалау

24 . Сабақтың тақырыбы:Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Мақсаты: 1.Ертегі түрлері туралы түсінік беру.2.Оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту.3.Досытққа ,еңбекке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Сақина ертегісінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

ІҮ.Жаңа сабақ.Сызба бойынша ертегі түрлерімен таныстыру 2.Ертегіні оқып беру,түсіндіру.

Сергіту сәті :Өлеңді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,дәптермен жұмыс

Ү. Қорыту.Ұрлық түбі қорлық деген мақалдықалай түсінесің

ҮІ.Үйге тапсырма. Бағалау

25. Төрт түлік жайлы жырлар.

Тақырыбы: Ботақан,Қошақан. Бұзауқан.

Мақсаты: Төрт түліктің төлдері Ботақан, Қошақан, Бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру. Шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: төрт түлік сурету.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қызғалдақ пен Қарасора. Оқу, әңгімелету.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Осы мысал арқылы қандай жат қылықтарды сынайды?Қарасора не деп мақтанды?Қарсораның әрекеті дұрыс па?Қандай тыйым сөз білдік?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы.

Ү. Жаңа сабақ.а/ автор туралы түсінік Сағи Жиенбаев. ә/ Ботақан өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету.б/ Қошақан оқу, талдау.в/ Бұзауқан өлеңін оқып таныстыру.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,қайталанып тұрған сөздерді табу,Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:өлеңде қандай төлдер жырланған?Қылықтары туралы не дейді?Төлдерді қалай шақырады?

ҮІІ. Бекіту.Төрт түлік туралы мақал-мәтел.Төрт түлікті қалай күтеміз?Төрт түліктің пайдасы.Өлеңдегі сөздерді пайдаланып өлең құрастыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.ұнаған өлеңді жаттау. Суреттерін салу. 2.бағалау.

26 Тақырыбы: Қой

Мақсаты: 1. Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту 3. Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: төрт түлік сурету.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Өлеңде қандай төлдер жырланған?Қылықтары туралы не дейді?Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлік туралы мақал-мәте.лТөрт түлікті қалай күтеміз?

ІІІ Мақсат қою кезеңі.Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы.

ІҮ. Жаңа сабақ.1. Мақал-мәтел талдау

Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын

2. Жырды мәнерлеп оқып беру.3. Оқушыларға мәнерлеп оқып беру.4. Дәптермен жұмыс

Ү. Сабақты қорыту.Қойдың пайдасы қандай?Қойдың жүнінен жасалатын заттарды ата.

ҮІ. Үйге тапсырма:1.Жырды жатқа айту.2. Бағалау

27. Сабақтың тақырыбы: Торы құлын.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің негізгі ойын, идеясын ашу, түсіндіру

2. Білімін ой-өрісін дамыту.3. Еңбек сүйгіштікке, жануарларды күтуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сұрақ-жауап:Қандай үй жануарларын білесіңдер?

Пайдасы қандай?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі1. Мұғалімнің түсіндірмесі.2.Торы құлын оқып талдау.3.Іштей оқыту. 4. Тізбектеп оқыту.5. Суретпен жұмыс.

6. Дәптермен жұмыс.Тұлпар ер қанаты.7. Сергіту сәті

ҮІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңіСұрақ-жауап арқылы тексеру.

ҮІІ. Бекіту кезеңіҚорытындылау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 53-54 бет оқу 2.Бағалау

. 28. Тақырыбы: Сиыр

Мақсаты: Сиыр өлеңдерін мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Төрт түліктің пайдасын білдіру. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: төрт түлік суреті

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Шопанатаға Бөбектің тілегі.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Өлеңде қандай түліктер жырланған?Әр түліктің ерекшеліктері?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.Сиыр өлеңді оқу, талдау.

Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу,Тізбектей оқу.

Сергіту сәті.Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.Сиырдың қандай пайдасы бар? Сиыр сүтінен не жасалады?

ҮІІ. Бекіту. Мақал-мәтелдер.Төрт түлік туралы тыйым сөздер

ҮІІІ . Үйге тапсырма.1.Өлеңді жаттау. 2.бағалау

29. Тақырыбы: Түйе

Мақсаты: 1. Жырды түсініп оқу.2.Сөздік қорын байыту 3.Малды қастерлеуге баулу

Көрнеілігі: төрт түлік суреті

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірленуі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1. Мақалдарды жатқа сұрау 2. Сиыр өлеңін мәнерлеп оқыту 3. Суретпен жұмыс

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.Сабақты мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа сабақ.1. Жұмбақ шешу:

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ашы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады (түйе)

2.Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.А)Нар жолында жүк қалмас Ә) Бақырауық демесің,Бағалы көлік түйе ғой 3. Жырды түсініп оқы 4. Сергіту сәті 5. Суретке зер сал жырға сүйеніп.

Сұрақтарға жауап бер:Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?Шудасы туралы ше? Түйе қандай шөпті жақсы көреді?Түйенің пайдасы қандай?

Ү. Сабақты қорыту.1. Түйе жүнінен істелетін бұйымидар?2. Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар?3. Түйе терісінен істелетін бұйымдар?

ҮІ. Үйге тапсырма.Мақал-мәтелдерді, жұмбақты жаттау, Түйе жырын мәнерлеп оқу

ҮІІ. Бағалау

30. Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Мақсаты: 1. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту.2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. 3. Төрт түлікті бағып – күтуге байланысты еңбек түрлерін атату

Көрнекілігі: төрт түлік суреті

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Түйе өлеңін мәнерлеп оқытуСұрақтарға жауап алу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.Сабақты мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа сабақ:1. Суретке зер сала отырып, мәтіндегі тіркестерді пайдалан Мәтінді мәнерлеп оқып беру, оқушыларға мәтінді рөлге бөліп оқыту 2. Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жаз.1. Тұрмыс жағдайы төмен адам: қоры үзілген қуға бітем.2. Еңбекқор адам:Шаруа қуған басқа бітем.3.Батыл, өжет адам:Найза ұстаған ерге бітем.4. Шаруасы жақсы, бай адам:Ел ішіндегі зорға бітем.

Ү. Сабақты қорыту.Жоғарыдағы мәтінді сахналау

ҮІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

ҮІІ. Бағалау

31. Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен ашқарақ

Мақсаты: 1. Аңыз туралы түсінік беру.2. Білімін есте сақтау, қаілетін дамыту. 3. Қонақжайлылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекілік: мазмұнды суреттер

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру.2. Амандасу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Сиыр» мәнерлеп оқу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. Сұрақ-жауап:Малды жасына қарай қалай атайды?

Қорытындылау.

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. 2. Сурет бойынша жұмыс. 3. Аңыз туралы түсінікӨмірде болған адам басына құрылған әңгімені аңыз дейді.

4. Аңызды оқып беремін, түсіндіремін.5. Іштей оқытамын.6. Тізбектеп оқытамын. . 7.Суретпен жұмыс:Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен?Сурет бойынша әңгіме құра.

ҮІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?

ҮІІ. Бекіту кезеңі.Қорытындылау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Аңызды түсініп оқу.2.Бағалау

32. Тақырыбы: Қожанасыр мен Алдар көсе.

Мақсаты: Оқушыларға аңыз әңгіме туралы түсінік беру. Тақырыптарды түсіндіру. Аңыз әңгімелерді айта білуге дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Белсенділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Түйе. Сиыр жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту.Түйенің сыртқы белгісі?Түйе қандай шөпті жақсмы көреді?Сиырдың қандай пайдасы бар? Сиыр сүтінен не жасалады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а/ Аңыздағы әңгіме тарихта болған адамның төңірегінде құрылады./іс-әркетіне байланысты туады.- Қожанасыр, Алдаркөсе, Жиренше, / Алдаркөсе киносы/ ә/ Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом. Кімнің баласы?Оқып, түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс жүргізу.в/ іштей оқу,тізбектей оқу, рөлге бөліп оқу

г/ Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс.Бақыр – темірден, қаңылтырдан жасаған ақша.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Қожанасыр Алдарға қандай тапсырма берді?Алдаркөсе тапсырманы қалай орындады?Олжалы болған кім?

ҮІІ. Бекіту.Аңыз дегеніміз не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.33- 34 бет оқу. 2.бағалау.

33. Тақырыбы: Үш сом

Мақсаты: Оқушыларға аңыз әңгіме туралы түсінік беру. Тақырыптарды түсіндіру. Аңыз әңгімелерді айта білуге дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Белсенділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Түйе. Сиыр жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту:Түйенің сыртқы белгісі?Түйе қандай шөпті жақсмы көреді?Сиырдың қандай пайдасы бар? Сиыр сүтінен не жасалады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Аңыздағы әңгіме тарихта болған адамның төңірегінде құрылады./іс-әркетіне байланысты туады.- Қожанасыр, Алдаркөсе, Жиренше, / Алдаркөсе киносы/ ә/ Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом. Кімнің баласы?Оқып, түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс жүргізу.в/ іштей оқу,тізбектей оқу,рөлге бөліп оқу

г/ Сергіту сәті:Дәптермен жұмысБақыр – темірден, қаңылтырдан жасаған ақша.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Қожанасыр Алдарға қандай тапсырма берді?Алдаркөсе тапсырманы қалай орындады?Олжалы болған кім?

ҮІІ. Бекіту:Аңыз дегеніміз не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.33- 34 бет оқу. 2.бағалау

34. Тақырыбы: Өтірік өлең

Мақсаты: Оқушыларға тазша бала туралы түсінік беру. Өтірік өлең құрастыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1.Мақал-мәтелдер 2.жаңылтпаштар 3.жұмбақтар.,

ІІІ. Өткенді қорыту:Мақал мәтелдің айырмашылығы қандай?Жаңылтпаштар не үшін қолданылады?Жұмбақтар қандай шығарма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тазша бала. Өтірік өлең.

Ү. Жаңа сабақ: Тазша бала оқу, талдау.Өтірік өлең оқып, түсіндіру.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Тазшаның қандай күлдіргі ертегісін білеміз?Тазша қандай бала?Өтірік өлеңде не туралы айтылған?Дәптермен жұмыс.

ҮІІ. Бекіту.Өтірік өлең құрастыру.

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. 40-41 бет оқу.2. бағалау.

35. Тақырыбы: Үш арыстың үлгілері

Мақсаты: 1. Үш арыстың үлгілерін таныту, шешендік сөздерді түсініп, мәнерлеп оқуға баулу2. Тіл байлығын дамыту.3. Байсалдыққа, ақылдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Үш би суреті, мақалдар, шешендік сөздер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Білімдерін жан-жақты тексеру

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбымен мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Үш арыс дегеніміз кімдер?Мұғалімнің түсіндірмесі.Билердің суреттеріне зер салып қараңдар.Билерддің бейнесінен не байқалады?(Байсалдылылық, сабырлық, ақыл мен парасаттылық т.б.)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс: Үш арыстың өкілдерін рөлдерге бөліп оқытуОқушыларды да билерше сөйлеуге тырыстыру.ҮІІ Дәптермен жұмыс жүргізуШешендік сөздерді жазып алу.

ҮІІІ. Сабақты қорытуАлған білімдерін қайталай отырып, сұрақ-жауап, әңгіме әдісімен бекіту.Үш арыс кімдер?Шешендік сөздерді айтқан кімдер?Билердің бейнесінен не байқадыңдар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.64-65 бет Билер сөзін жаттау. 2.бағалау

36 . Тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырту.2. білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.3. адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекіңігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Мазмұндама «Серке мен түлкі»1. Мәтінді оқып талдау

«Серке мен түлкі»

Серке шөлдеп, су ішкісі келіпті. Су жағалап жүріп, суатқа кезігіпті. Суат тік жарлау екен. Серке төмен түсіп су ішеді. Ашқарақтанып суды өте көп ішеді. Қарны қампиып келеді. Қайтайық деп ойлайды. Қарны тым үлкен болғандықтан өрге шыға алмайды. Маңырап тұрған даусын естіп, қасына түлкі келеді. Түлкі оған ақымақтығын, сақалы ұзын болса да, ақылының қысқа екенін айтады. Қанша шөлдесе де, қайта шығу керектігін ойламағанын бетіне басып, жөніне кетеді.

Жоспар:1. Шөлдеген серке2. Ашқарақ серке3. Түлкінің сөзіМазмұндаманы жазу.2-3 оқушыға оқыту.

Қорытындылау

ІҮ Үйге тапсырма беру кезеңі: Қайталау

37. Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: 1 тоқсан бойынша өтілген тақырыптарды қайталау. Білімдерін тексеру.Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.Білімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрқ-жауап, өзіндік.

Түрі: бекіту.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Қайталау

ІІІ. Бекіту1 тоқсан бойынша өтілген тақырыптардан тест алу

ІҮ. Үйге тапсырма: қайталау

38. Тақырыбы: Бөлімді қайтлау

Мақсаты: 1. «Атадан қалған асыл мұра» бөлімдегі өткенді пысықтау, қайталау, білімін тексеру2. Ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру :Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақ мақсатын хабарлау

ІІІ. Бекіту кезеңі:Бөлімді қайталауға арналған тест

1. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп-жұмыр

Құйрығы шашақтай,

Ерні жып-жымыр» деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

1. Лақ 2. Бұзау 3. Қозы 4. Құлын

2. Қойдың төлін қалай аталады?

1. Лақ 2. Бұзау 3. Қозы 4. Құлын

3. «Мүйізі айдай иілген,

Мұрынын көкке шүйірген» не?

1. Жылқы 2. Сиыр 3. Түйе 4. Қой

4. «Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не?

1. Жылқы 2. Сиыр 3. Түйе 4. Қой

5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?

1. Жұмбақ 2. Жаңылтпаш 3. Аңыз 4. Мысал

6. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата.

1. Қасқыр мен түлкі 2. Аңқау арыстан

3. Ұр, торпақ 4. Байлық пен ақыл

7. Жан-жануарлар, аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні тап.

1. Байлық пен ақыл 2. Аңқау арыстан

3. Ұр, торпақ 4. Қонжық пен көжек

10. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім айтқан?

1. Қазыбек би 2. Әйтеке би 3. Төле би 4. Халық

ІҮ. Қорытындылау

Ү. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Бөлімді қайталау 2. Бағалау

39. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңіТақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.« » оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.

14. 11. 2013жыл

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері

Сабақтың мақсаты:

Ж. Аймауытовтың Қартқожаның туған жері әңгімесін таныту,туған жер, атамекен туралы түсінік беру. 2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.3.Туған өлкеге сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Көлнекілігі: Ж.Аймаутов портреті,суреттер, мақалдар

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өткен марериалды қайталау жұмысы жүргізіледі. 2.Бөлімді қайталауға арналған тестің қорытындысын талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа тақырып:

Балалар естеріңде болса, Қартқожа туралы әңгіме оқығанбыз.Ол қай жазушының әңгімесі еді?- Ж.Аймауытов Ол туралы білетініңді сызбаға түсір.

Жүсіпбек Аймауытов

Павлодар облысында туған.

Атақты жазушы

«Қартқожа»,

«Ақбілек» атты романдары бар.

Ү.Оқулықпен жұмыс.

Сөзжұмбақты шешу:1.Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?

/ Орман/ 2.Отбасындағы әке атауы? / Отағасы/ 3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады? / Халық / 4.Мемлекеттік рәміздердің бірі? /Гимн/

Отан сөзін басқаша тағы қалай атауға болады? Қартқожа туған жерін қалай жақсы көретінін білгің келеді ме? Әңгімені оқушыларға тізбектей оқыту Мазмұнын қысқаша баяндау.

Сөздік жұмысын жүргізу. Қотан - бұл жерде: қой жататын қоршаусыз үй маңы. Үй басы, ашамай, ет бауыр жақын, шерсіз, жетесіз.

ҮІ.Дәптермен жұмыс

ҮІІ.Сабақты қорыту:Алған білімдерін қайталай отырып ,сұрақ жауап әдісімен бекіту.

Сен өзіңнің ауылыңнан алыста жүрсің дейік,көз алдыңа не елестер еді:

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 70 бет оқу,мазмұндау. 2.Бағалау

14.11.2013жыл

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері

Сабақтың мақсаты:

Ж. Аймауытовтың Қартқожаның туған жері әңгімесін таныту,туған жер, атамекен туралы түсінік беру. 2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.3.Туған өлкеге сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Көлнекілігі: Ж.Аймаутов портреті,суреттер, мақалдар

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Қартқожаның туған жері» әңгімесінің мазмұнын сұраут

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа тақырып:

Әдебиеттік оқу 15. 11. 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Отан

Сабақтың мақсаты: 1.Жазушының Отанға деген ыстық сезімін таныту, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу 2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту. 3.Туған өлкеге сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі:аралас

Көрнекілігі:суреттер, мақалдар

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өткен марериалды қайталау жұмысы жүргізіледі. Қартқожаның туған жері мәтінінің мазмұнын сұрау. Білімдерін жан-жақты тексеру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

ІҮ.Жаңа тақырып

Отан деген не? Оқушылардың сұраққа жауаптарын тындау,толықтыру.

№1 тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.

Балалар белгілі ақын Ж.Смақов Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізіді.

Ү. Оқулықпен жұмыс

Өлеңді дұрыс,тез,түсініп, мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқытып шығу. Түсініктерін сұрау. – Өлеңді ақын қандай көңіл күймен жазған деп ойлайсың?

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Көркем сөздерді тауып жазу.1.Қызыл гүлдер 2.Мөп-мөлдір аспан 3.Асқар тау 4. Ұлы Отан

Ү ІІ.Сабақты қорытындылау

Алған білімдерін қайталай отырып , сұрақ жауап әдісімен бекіту.

Отан мөп – мөлдір аспан

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру. 73 –бет, Өлеңді жаттау.

Бағалау

Әдебиеттік оқу 16. 11. 2013ж

Тақырыбы : М.Мақатаев Отан туралы.

Мақсаты: Ақын «Отан» ұғымына нені жатқызатыны, бәрінен биік қоятыны

жайлы түсінік беру, ұғындыру.Тілін сөздік қорларын дамыту.

Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, М.Мақатаев суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ж. Смақов «Отан» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ.Мақсат қою кезеңі: Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

ІҮ. Жаңа тақырып

  1. Мақал – мәтелді түсініп оқып, мәнін түсіндіру, жаттап ал.

а/ автор туралы түсінік

ә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқу

б/ сұрақтарға жауап алу

в/ ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл, құдіретті үн, көркем сөздерді дәптерге жазып алу.

г/ Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу

г/ Сергіту сәті

Ү. Түсінгендерін тексеру

Ақын Отаны үшін неге дайын? Қасиетті тіл деп отырғаны қандай тіл?

ҮІ. Қорыту. Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  3. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

ҮІІ. Үйге тапсырма

74-бет, жаттау, №5 тапсырма

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 19.11. 2013ж

Тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? С.Жүнісов.

Мақсаты: С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесін оқи отырып, әркімнің өз қонысы, өз мекені өзіне жақсы екенін түсіндіру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айта білуге баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер бойынша

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

М. Мақатаев «Отан туралы» өлеңін жатқа сұрау, №3 тапсырма

ІІІ. Өткенді пысықтау

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Кімнің мекені жақсы

Ү. Жаңа тақырып

1. Жұмбақ шешу Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

а/ автор туралы түсінік,

ә/ тақырыпты мәнерлеп оқу,

б/ сұрақтарға жауап алу,

г/ Оқулықпен жұмыс . Тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу 3. рөлге бөліп оқу.

Сергіту сәті

Көкқұтан – Қазақстандағы құстардың ішіндегі ең ірілерінің бірі. Биіктігі – 1метр. Сұр түсті ақшыл мойынында қара жіңішке сызықтар және көзінің артында ұзын қара «бұрымы» бар

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Неге әркімге өз мекені жақсы? Жауынқұртқа батпақты жер несіне ұнайды? Көкқұтанға несімен жер ұнады? Әркім өз қонысына оралған соң қандай сезімде болды?

ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не өттік? Өзің тұрған жер саған несімен ұнайды?

ҮІІІ. Үйге тапсырма 76-бет, мәтінді оқу, түсінік айту

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 26. 11. 2013ж

Тақырыбы: Туған өлкем.

Мақсаты: Туған өлкем өлеңін оқып түсіндіру. Туған өлкенің көркін

ұғындыра білу.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу.Отанын, туған

жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Менің Қазақстаным атты буклет

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Туған тілім» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Өткенді пысықтау:

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

Ү. Жаңа тақырып

а/ автор туралы түсінік

ә/ өлеңді, тақырыпты мәнерлеп оқу,

б/сұрақтарға жауап алу, в/сөздік жұмыс жүргізу, г/ Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу . г/

Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

  • Туған жердің гүлі де, күні де қандай?

  • Туған өлке тағы нелерімен көрікті?

ҮІІ.Қорытындылау

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  3. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1.85- бет, «Туған өлкем» өлеңін жаттау.

2. Бағалау.

Әдебиеттік оқу 28. 11. 2013ж

Тақырыбы: Мазмұндама. «Туған өлкем»

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа тақырып

Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.

«Туған өлкем» оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу. Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІҮ. Білімдерін тексеру.

Мазмұндаманы жазу.

Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

Ү. Сабақты аяқтау.

1.Оқушы жұмыстарын жинап алу. 2.Бағалау.

Әдебиеттік оқу 29. 11. 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. «Неткен сұлу, неткен көркем.Осы менің туған өлкем» бөлімін пысықтау, қайталау, білімін тексеру. 2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілі: тест

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ.Мақсатын қою кезеңі:Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Бекіту кезеңі

Тест сұрақтары

1.«Ыстық қой шіркін туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келт-н?

А)М.Мақатаевтың Б)Ж.Смақовтың

Ә)Ж.Аймауытов В) С.Жүнісовтың

2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата.

А)М.Мақатаев Отан туралы Б)Ж.Аймауытов Қартқожаның туған жері

Ә)Ж.Смақов Отан В) Ө.Тұрманжанов.Туған өлкем

3.Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады;Өйткені ол-Отан....

А)Ұлы Отан Б)Сол Отан

Ә)Жан Отан В) Бұл Отан

4.С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір.Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?

А)құмырсқаның Б)Тышқанның

Ә)құрбақаның В) жауынқұрттың

5. «Кімнің мекені жақсы» мәтініндегі.Өзі жайлы,өзі биік, өзі жұмсақ» ненің мекені? көкқұтанның

6. «Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке» ненің мекені?

А)Көкқұтанның Б)тышқанның

Ә)Құмырсқаның В) құрбақаның

7. Бөлімдегі М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады?

Отан,Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке.....

А)Ұнатамын Б)Сүйіп өтем

Ә)Мақтан етемін В) Жырлап өтем

8.Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?

А)М.Мақатаевтың Б)Ө.Тұрманжановтың

Ә)Ж.Смақовтың В) К.Ахметовтың

9.Астанаға жыр арнаған ақынды ата

А)М.Мақатаев Б)К.Ахметова

Ә)Ж.Смақов В) Ө.Тұрманжанов

10. Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады;

Неткен сұлу, неткен көркем

А)Көгінде күн нұрын төккен

Ә)Жерінде гүл жұпар сепкен

Б)Ел еркіндей бақыт тапқан

В)Осы менің туған өлкем

ІІІ.Жұмыстарын жинау,бағалау

ІҮ.Сабақты қорытындылау

Әдебиеттік оқу 30. 11. 2013ж

Тақырыбы: Міржақып Дулатов. Қыс

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту

2. Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту

3.Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барасы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткенді сұрау:Оқушылардың алған білімдерін қайталай отырып өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Сөзжұмбақ шешу 1. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).

2. Есіктен кіреді еңкейіп, Төрге шығады қампайып.(Аяз) 3. Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз) Жауабы: Қыс

Ал, балалар қандай сөз шықты? Дұрыс айтасыңдар олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Қыс» екен. Балалар, қыс қандай мезгіл? Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? Қыс айларын атаңдар?

ІҮ. Кітаппен жұмыс:

«Қыс» мәтінін тізбектей оқыту.Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу

Ү. Суретпен жұмыс:

1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген оны қайдан байқадың?

2. Адамдар суықтан қалай қорғанады?

3. Сен қыста қалай киінесің?

ҮІ. Сөздік жұмыс:Бапсыз – жайсыз ,Қарыған – үсіген, бек қиын- өте қиын

ҮІІ. Бекіту

Қыс мезгілі тағы тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?

Бағалау

Үйге тапсырма 89-бет, мәтінді оқу, түсінік айту

Әдебиеттік оқу 05. 12. 2013ж

Тақырыбы: Міржақып Дулатов. Мектепке. Мектептен

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту

2. Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту

3.Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барасы:

І .Ұйымдастыру кезеңі - Оқушыларды сабаққа әзірлеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • М. Дулатов «Қыс» мәтінінің мазмұнын сұрау.

  • Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

ІІІ. Жаңа тақырып

  1. Өткен сабақта оқыған мәтіннің соңғы сөйлемін қайталап оқы.

  2. Ақынның «Мектепке», «Мектептен» өлеңін оқушылармен біріге отырып талдау.

  3. Сызбаға сүйеніп, екі өлеңді салыстыру.

  4. Сурет «Мектептен» өлеңіне салынған.

  5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

ІҮ. Кітаппен жұмыс:

Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу

ҮІІ. Бекіту

  • Қыс мезгілі саған ұнай ма?

  • Несімен ұнайды?

Бағалау

Үйге тапсырма 91-бет, қалаған өлеңін жаттау.

Әдебиеттік оқу 06. 12. 2013ж

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты

Сабақтың мақсаты: 1 М.Жұмабаевтың өмірбаянымен таныстыру.

2. Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту.

3. Экологиялық тәрбие беру

Көрнекілігі: М. Жұмабаевтың портреті, мазмұнды суреттер

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • М. Дулатов «Мектепке», «Мектептен» өлеңдерін мәнерлеп оқыту, қалаған өлеңін жатқа сұрау

  • М. Дулатов кім? Ол туралы не білеміз?

ІІІ. Мақсат қою

ІҮ.Жаңа тақырып

  1. Жаңылтпашты түсініп оқу, жаңылмай оқу.

  2. Жаңылтпашқа сүйеніп, қыс мезгілі туралы әңгімелеу.

  3. Сызбаны пайдаланып М.Жұмабаев туралы әңгімелеу. М.Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ол ақын, жазушы, педагог.

  4. .Әңгімені оқып беру, түсіндіру

Ү. Кітаппен жұмыс

- сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру;

- оқушыларға тізбектей оқыту;

-жаңылтпашты жаңылмай жатқа жазу;

ҮІ. Суретпен жұмыс

Сергіту сәті

Сабақты бекіту

  • Балапан неге жылы жаққа кете алмаған. Балапанның хәлі сенде қандай көңіл күй туғызды.

ҮІІ. Үйге тапсырма

92-бет, оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 07. 12. 2013ж

Тақырыбы: Зейнолла Шүкіров. Ақша қар.

Мақсаты: Зейнолла Шүкіровтың Ақша қар өлеңін оқып түсіндіру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Ақша қар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңылтпашты жаңылмай, дұрыс оқы.

  2. Жаңылтпаштан қардың қандай түрлері бар екенін білдің?сұр қар, кір қар, қырбық қар, құрғақ қар.

  3. Тағы қандай қар болатынын білгің келе ме?

Олай болса З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.

а/ автор туралы түсінік

ә/ Ақша қар өлеңін оқып түсіндіру. Өлеңді оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке.

Сергіту сәті.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру.

  • Өлеңде не суреттелген? Ақын бірінші шумақта ақша қарды нелерге теңейді?

  • Ақша қар – ақ мамықтай, ақ жібектей, ақ көрпедей, қалт –құлт еткен көбелектей.

  • Қар жауғанға дейін дала қандай еді? Қар жауғаннан кейін қандай болды?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу мазмұны. 2. бағалау.

Әдебиеттік оқу 10. 12. 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

Қайраттың жазу дәптерінен

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту

2. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды батыл, батыр болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: Қайраттың портреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

З. Шүкіров «Ақша қар» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Жаңа тақырып

  1. Сөзжұмбақты шешу. Тәуелсіздік сөзін түсіндіру. 16-желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.

  2. Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен жұмыс

  3. Қайрат Рысқұлбеков туралы айтып беру. Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

  4. «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін түсндіру.

  5. Оқушыларға мәтінді тізбектете оқыту.

Сұрақтарға жауап беру.

1. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?

2. Қайрат Рысқұлбековтың асыл міндеттеп отырғанын не деп ойлайсың?

3. Қайрат Рысқұлбековты сипаттап бер? «Он алтыншы желтоқсан» бұл қандай мереке күні?

ІҮ. Бекіту.

Алған білімдерін қайталай отырып, қорытындылау

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

97-бет, оқу, түсінік айту.

Әдебиеттік оқу 13. 12. 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Қыс қызығы»

Сабақтың мақсаты: 1. «Қыс қызығы» тақырыбына шығарма жазу.

2. Жазбаша түрде оқушылардың тіл байлығын және сөздік қорларын дамыту. 3. Оқушыларды таза, сауатты, әдемі жазуға төселдіру

Сабақтың түрі: пысықтау

Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе әңгіме жүргізу.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі екенін қайдан білдің?

  • Қыста қандай өзгерістер болады? Қандай қысқы ойындарды білесің?

ІІІ.Сабақты қорыту: Бағалау

Әдебиеттік оқу 14. 12. 2013ж

Тақырыбы: Қатемен жұмыс. Түйе мен тышқан. (моңғол ертегісі)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыра отырып, ертегі мазмұнымен таныстырып түсіндіру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Сабырлыққа, зеректікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: жыл басының суреттері

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезең.

Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Қазақстан өлеңін жатқа сұрау

ІІ. Жаңа тақырып

  1. Жұмбақтарды шешу, жаттап алу. Тышқан мен түйе туралы не білеміз?

  2. Балалар, бүгін біз сендермен Жыл басы неге тышқан болғанын білеміз. Яғни «Түйе мен тышқан» ертегісін өтеміз. Кім маған Жыл басын атап береді? Оқулықпен жұмыс.Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, тізбектете оқытуБұл ертегіде қай жануардың ісі дұрыс екен? Сонымен Түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?

ІІІ.Суретпен жұмыс

Суретке зер салып, Жыл аттарын не артық екенін айтып бер? Қанша жыл басы бар екен?

«Жатқа біл» өлеңін оқыту.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан,

Жатпа қарап мойыма,

Талма, именіп ділмардан (С. Мұқанов)

ІҮ.Кел ойнайық:«Балық» ойынын ойнайық. Балықтың денесіне қазақтың жыл атауын ретімен жазып шық. Қане, кім жылдам екен? Қазақша жыл атаулары: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

Мақалды жалғастырып жазу. Бойыңа сенбе, (ісіңе) сен .

Қарманған қарап (қалмас)

ҮІ. Бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма 99-бет, оқу, түсінік айту

Бағалау

Әдебиеттік оқу 19. 12. 2013ж

Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры. М. Төрежанов. Өз ізі

Мақсаты: 1. Оқушыларды «Шырша жыры» өлеңімен және «Өз ізі»

әңгімесімен таныстыру, мәнерлеп, әуенімен айтуға, , түсініп

оқуға дағдыландыру, жаттықтыру

2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.

3. Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер, шырша.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын сұрау

ІҮ. Жаңа тақырып. 1. Сөзжұмбақты шешу.

Оқулықпен жұмыс. а) «Шырша жыры» өлеңін оқып, таныстыру.

ә) Әнін тыңдатып, қосылып айту.

б) жұмбақты шешу, оны аяқтау

2. Жаңылтпашпен жұмыс.

3. Сурет бойынша әңгімелету.

Оқулықпен жұмыс. «Өз ізі» мәтінін оқып, таныстыру.

Ү. Білімдерін тексеру: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

Сұрақтарға жауап алу.

  • Жаңа жыл қандай мереке? Жаңа жылға дайындығың қандай? Жаңа жылдан не күтесің? Жаңа жылға басқа қандай ән-жырлар білесіңдер?

  • Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың?

  • Қарға қатысты айтылған көркем сөзді дәптеріңе жазып ал. Жер бетін әппақ ұлпа қар басқан.

  • Соңғы сөйлемдегі тілекті қалай түсінесің?

  • Бір-біріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер?

ҮІ. Бекіту. Бүгін не өттік? Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. 102-бет, өлеңді жаттау, әнімен қосып айту.

2. 104-бет, мәтінді оқу, мазмұнын айту.

3. Бағалау

Әдебиеттік оқу 20. 12. 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Алдар көсе мен салт атты.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту

2. Оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: тон, ішіктің суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Өз ізі» мәтінінің мазмұнын сұрау. Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа тақырып

1.Жаңылтпашпен жұмыс

Жаңылтпашты жаңылмай, тез айтуға үйрету. Жаңылтпаштағы киім атауларын ата.Бұл киімдерді қай кезде киеді? Не үшін киеді?

Аңызда өмірде болған адамдар жөнінде әңгімеленеді.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға Алдар көсе мен салт атты тақырыбын түсіндіріп, тізбектете оқыту. Балалар, бұл аңызда Алдар көсе байды қалай алдап кетіпті?

Ү. Суретпен жұмыс:Суретке зер сал.Жерде тұрған кісі қалай киінген?Ат үстіндегі кісі ше?Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?

ҮІ. Бекіту

Алған білімдерін қайталап, сұрақтарға жауап бере отырып, қорыту

ҮІІ. Бағалау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Құлақ пен Тымақ

Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.

Пан-аралық байланыс:

Қазақ тілі, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

- Үйге не берілді?

- Аңыз дегеніміз не?

- Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті?

- Аңызды кім әңгімелеп береді?

Сергіту.

- Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады?

- Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік?

- Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?

III. Жаңа сабақ

Кіріспе :

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»

а) суретпен жұмыс

(сұрақ-жауап) 1.

2.

- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Ол не үшін керек?

- Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

- Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік.

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

- Неге?

- Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал - өлеңін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. Мысал - өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту. - Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

- Осы сөздермен сөйлем құра.

- Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

- Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Әдебиеттік оқу 21. 12. 2013ж

Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға дағдыландыру. Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі. Аралас

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.

Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық

- Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Жаңа тақырып

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар жазушысы әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңін дұрыс, түсініп оқып көрелік ( Б. Соқпақбаевтың өмірі, « Менің атым Қожа » атты кино жайлы бір- екі ауыз әңгімелеп кету.)

3. Оқулықпен жұмыс. - (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. Жұмбақты жатқа жазу.

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Ү. Үйге тапсырма 109-бет, жаттау

45. Тақырыбы Астана.

Мақсаты: Астана өлеңін оқып түсндру. Астананың көркін ұғындыра білу.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Менің Қазқстаным атты буклет..

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Отан туралы тақпақты жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік, ә/ өлеңді ,тақырыпты мәнерлеп оқу,б/ сұрақтарға жауап алу в/сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс .Тақырыпты оқу 1. іштей оқу2. тізбектей оқу г/Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Астана қалас қай кезден бастап Астанасы қаласы аталды?

Бұрынғы аты қандай еді?

ҮІІ. Қорыту:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айт.Туған жер – алтын бесік.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

ҮІІІ.Үйге тапсырма:1. Астана жаттау 2.Бағалау.

46. Сабақтың тақырыбы: Туған тілім

Сабақтың мақсаты:1. оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру 2. Білімін, ой-өрісін дамыту 3. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Астана жаттау.Астана қаласы қай кезден бастап Астанасы қаласы аталды?Бұрынғы аты қандай еді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

ІҮ.Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі 1. Дихан Әбілевтің өмірбаянымен таныстыру 2. «Туған тілім» оқып талдау 3. Сергіту сәті

Ү. Жаңа материалды меңгергенін тексеру:1. Оқушыларға оыту іштей, дауыстап, тізбектей.2. Сұрақ-жауап:1. Өлеңдегі туған тіл деген тіркестін орнына қазақ тілі деген сөзді қойып, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы 2. Бөлім қалай аталады?

ҮІ.Бекіту кезеңі Қорытындылау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру: 1.83 бет жаттау. 2. Бағалау

54.

55. Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: 1.Қ.Аманжолавтың «Қазақстан» өлеңінің мазмұнын таныстыру, түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру 2. Білімін, ой-өрісін сөйлеу тілін дамыту 3.Елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру1. Он алтыншы желтоқсан – оқыту.

ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі :1. Сұрақ-жауап:- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке? - Қ.Рысқұлбеков кім?- Ол туралы басқа не білесің?2. Қорытындылау

ІҮ. Мақсат қою.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Ү. Жаңа білімді түсіндіру:1. Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беріп өту2. «Қазақстан» - оқып, талдау. 3. Сергіту сәті

ҮІ. Жаңа білімді меңгертіп, тексеру:1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей

2. Сөздікпен жұмыс. 3. Сұрақтарға жауап алу: «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады? Ақын неге қуанып, неге шаттанады?Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы .4. Тапсырманы орындау

ҮІІ Бекіту кезеңі.Қорытындылау

ҮІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:1.97-98 беттерді мәнерлеп оқу. 2.Бағалау

62.

63. Тақырыбы: Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли.

Мақсаты: 1. Байлық әңгімесін оқи отырып, бірінші байлық денсаулық екенін, жұмыстың жылуы өлеңін оқып, еңбек жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ. Мырза Әли.

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ Байлық әңгімесін оқып, мазмұынын ашу. Бірінші байлық денсаулық екенін түсіндіру.ә/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып, жұмыспен айналысқан адамның денесі қызып, жылы жүретінін түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс.

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу. Жігіт ұстазын не деп мұңын шақты? Ұстазы жігітке қандай сауалдар қойды? Жігіт қалай жауап берді? б/ Тапсырмаларды орындау. в/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып оқу. 1.хормен оқу 2.жеке-жеке оқу 3.тізбектей оқу.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге:1.әңгіме мен өлеңді мәнерлеп. 2.бағалау

64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест

Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

- Үйге не берілді?

- Жатқа айту, әндету.

- Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

- « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?

2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім

көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң,

мәнерлеп түсініп оқып көрелік.

3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың

өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

65. Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ. Мазмұндама «Камалдың қатесі»1. Мәтінді оқып талдау, мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.

Камалдың қатесі

Камал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Көше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалған еді. Камал аттап өте алмады. Камал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Камал суға күмп етіп түсіп кетті.

2. Тірек сөздерАрық нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.3. Жоспар құру1. Жолдағы арық 2. Іске аспаған әрекет

ІІІ.. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау

66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:Қорытынды саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған

ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қорытындылау сабақ.

1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?

- Кәне, кім айтады?

2. Пысықтау жұмысы.

  • Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.

Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.

  • Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.

- Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.

(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)

Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.

-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?

( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)

Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.

-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.

-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?

Сабақты қорыту.

1. - Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанамен барайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.

Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.

Әйтпесе, бізді қатырып қояр.

- Қысқы ойын түрлерін атаңдар.

  • Қысқы мейрамдарды атаңдар.

  • Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?

2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Әдебиеттік оқу Тақырыбы: С. Мауленов Ата ақылы С. Көбеев. Атасы мен немересі

Мақсаты: С. Көбеев жайлы түсінік беру. Дұрыс оқу,түсінігін айтуға

дағдыландыру. Үлкенді құрметтеуге баулу

Көрнекілігі: суреттер,сызба

Түрі: жаңа сабақ

Сөздік қормен жұмыс: ақыл, аяқ, ұялу, қартаю

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды сабаққа әзірлеу

ІІ. Жаңа тақырып

а/кіріспе жазушы ұстаз С.Көбеев Қостанай облысында туған. Ол кім екенін білесің бе?

Б) Мұғалімнің түсіндірмесі. Сызбамен жұмыс. Пысықтау

1.Кітаппен жұмыс

ә/ Өлеңдерді оқу, талдау. б/ Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

  • Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу. Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?

ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ .Үйге тапсырма

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, бағалау

Әдебиеттік оқу 09. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі.

С. Көбеев. Атасы мен немересі.

Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын

келтіріп оқуға үйрету.

2.Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын

толық баяндап жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық

жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.

Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.

Сабақтың барысы.

І.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

- оқушыларды сабаққа әзірлеу

ІІ. Жаңа тақырып

а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.

-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?

-Кәне жаттап көрелік.

ә) « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы- Спандияр Көбеев

- Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?

3. Оқулықпен жұмыс Рөлмен оқу. Теріп оқу.

4. Сөздік жұмыс. - Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер?

- « Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайлы оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)

ІҮ. Бекіту. Бағалау

- Қандай бөлімді оқыдық?

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

Ү. Үйге тапсырма 115-116 бет, оқу, мазмұнын айту.

Әдебиеттік оқу 10. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев Шал мен балалар

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын

келтіріп оқуға үйрету.

2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын

толық баяндап жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық

жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.

Көрнекілігі: С. Көбеевтің суреті, сөзжұмбақ, тыйым сөз.

Сабақтың барысы:

І.Алғашқы ұйымдастыру

- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Атасы мен немересі» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырып

-Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

- Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?

Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау)

Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?

- Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

- Түсініп, дұрыс оқу. Рөлмен оқу. Тауып оқу.

- Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу.

- Балалар неліктен ұялды?

Ү. Дәптермен жұмыс.

Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа оны қалай түсінесің?

Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай?

Мәтінге басқаша ат қой.

ҮІ. Бекіту.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

ҮІІ. Үйге тапсырма

118-бет, әңгімені оқу, мазмұнын айту.

Әдебиеттік оқу 11. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

2.Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

жеткізуге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы дайындық

- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-«Шал мен балалар» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

-Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

ІІІ. Жаңа тақырып

1. Кіріспе.

-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс

шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.

Мысықтан қорқады,

Түнде жортады. ( тышқан )

Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған. ( мысық )

- Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.

3. Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.

Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?

4. Дәптермен жұмыс. - жұмбақты жатқа жазу.

Сабақты бекіту.

- Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.

- Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

- Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

ІҮ. Үйге тапсырма 119-бет, оқу, мазмұндау

Әдебиеттік оқу 14. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы:

Айтшы, әжетай. Жақан Смақов

Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы?

- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?

- Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?

- « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе :

- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»

- Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?

  1. Мұғалімнің түсіндіруі

-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.

Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

- Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.

- Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.

Сөздік жұмыс

Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?

Ақтабан – жылқының атауы.

Қаракөл қой – қойдың түрі.

Бекіту.

Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.

Туыстық атауы

Мамандығы

А тасы

тәрбиеші

Н ағашысы

монтер

Жеңгесі

жылқышы

Ағасы

сауыншы

Жиен ағасы

құрылысшы

Апасы

егінші

жездесі

қойшы

2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:

а) өлеңге сүйеніп; ( класта)

б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)

Әке жағынан туыс

Шеше жағынан туыс

3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?

4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»

- Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

Үйге тапсырма. 121-бет, өлеңді мәнерлеп оқу

Әдебиеттік оқу 16. 01. 2014ж

Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.

Мақсаты: Апаның тілін алса егер өлеңдерін оқып түсіндіру.

Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру. Тілін, сөздік қорларын

дамыту. Мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ж. Смақов «Айтшы, әжетай» өлеңін мәнерлеп оқыту

ІІІ. Білімдерін тексеру

- Өлеңде қандай мамандық иелері туралы сөз еткен?

-Қай мамандық ұнайды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа тақырып

1. Сөзжұмбақты шешу.

2. Ж. Смақов «Апаның тілін алса егер...» өлеңін оқу, талдау.

3.Сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Апаның тілін алмайтын бала

Апаның тілін алатын бала

Не істейді?

Не болады?

Не істейді?

Не болады?

ҮІІ. Бекіту.

  • Ақын ойын ұқтың ба?

  • Көкейіңе не түйдің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. 124-бет, өлеңдерді мәнерлеп оқу.

  2. Бағалау

Әдебиеттік оқу 17. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Ата - әжеме хат

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету.

2.Оқығанын түсіндіріп айтуға, ойын жеткізе білуге

дағдыландыру.

3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: хат, конверт, суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ж. Смақов «Апаның тілін алса егер...» егер мәнерлеп оқыту. Қандай ой түйдің? сұрағымен бекіту.

ІІІ. Жаңа тақырып

а) Кіріспе. Жұмбақты түсініп оқып шеш. «Хат»

б) Мұғалімнің түсіндіруі. Хат жазуға өнер. Оны жазу үшін алдымен:

1. Хаттың басталуы 2. Назардың оқуы

3. Назарға айтқан атасының ақылы. 4. Хаттың аяқталуы.

ІҮ.Пысықтау

1. Кітаппен жұмыс. Түсініп, дұрыс оқу.

2. Хат жазу 3. Хатты жазып отырған кім? Ол хат кімге арналған?

4. Хатты бөлікке бөліп оқы

Ү.Бекіту

1.Сызбамен ауызша жұмыс. 2. Өзің хат жаза аласың ба?

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сендер де алыстағы достарыңа, туыстарыңа хат жазып жіберіңдер. Олардың қалай қуанатынын білесіңдер ғой?

ҮІ. Үйге тапсырма

126- бет түсініп оқу, мазмұндау. Хат жазу.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 18. 01. 2014ж

Тақырыбы: Ұшқан ұя.

Мақсаты: Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік

беру.Танымдық қабілеттерін дамыту. Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Хат туралы түсініктерін тексеру. Жазған хаттарын оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Ұшқан ұя.

ІҮ. Жаңа тақырып Оқулықпен жұмыс.

  • Мақалмен жұмыс. Мазмұнын ашу.

а/ Ұшқан ұя әңгімесін оқи отырып, Б.Момышұлы туралы түсінік беру.

Игерген өнерлері:

1.Құралайды көзге атқан мерген.

2.Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

3.Ат құлағында ойнаған. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ақбоз аты туралы аңыз әңгіме көп.

4.Генералдарға сабақ берген әскери ұстаз.

5. Кітабы әлемге тараған.Шығармаларын орыс және қазақ тілінде жазған.

6.Көпшілікке белгісіздеу өнері-суретшілігі.

Қанатты сөздері

1.Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындықтың белгісі.

2.Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!

3.Опасызда Отан жоқ..

4.Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық!

5.Тәрбиелі-тәртіптің құлы.

ә/ сөздік жұмысын жүргізу. Ата-тегі- арғы аталары

баппен- асықпай

араз-тату емес, өш

Тақырыпты оқыту.Іштей оқу. Тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті.

Ү. Түсінгендерін тексеру:

а/ сұрақтарға жауап алу.

Сенде ата-аналарыңнан өз ата-тектеріңді біліп алыңдар.

ҮІ. Бекіту. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 127-бет, оқу, мазмұнын айту.

Әдебиеттік оқу 20. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Қайқаус. Ата-ананы құрметтеу туралы

Сабақтың мақсаты: 1. Ата-ананы құрметтеуге, дұрыс түсініп оқуға

үйрету.2. Дұрыс сөйлеу әңгімелей білуге

дағдыландыру 3. Үлкенді сыйлау, құрметтеуге баулу

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бауыржан Момышұлы кім? Оның қандай әңгімесін оқыдық? Одан не білдік? Өзінің ата тегіңді білесің бе?

ІІІ. Жаңа тақырып

а) Кіріспе.- Ата-ананы сыйлау керек пе? б) мұғалімнің түсіндіруі

Қабуснама – ертеде жазылған үгіт-насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.

ІҮ. Пысықтау

1. Кітаппен жұмыс. Түсініп, дұрыс оқу

2. Сөздік жұмыс. Перзент – бала, парасат – сана, қаяу – реніш.

3. Бөлімге бөліп оқу, тегін табу.

4. «Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» қандай оқыдық?

5. Өзің осыған ұқсас әңгіме құрып көр.

Ү. Сабақты бекіту, бағалау

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?

ҮІ. Үйге тапсырма 129-130 беттерді түсініп оқу

Әдебиеттік оқу. 23. 01. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Ата-ананы құрметтеу»

Сабақтың мақсаты: Бөлімге бөліп, оны жеткізе білуге, өз бетінше жұмыс

істеуге үйрету. Өздігінен ойын қорытып, әңгімелеп,

қағаз жүзінде жазуға, жоспарлауға дағдыландыру.

Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: пысықтау

Көрнекіліктер: Мәтінге сай сюжетті суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Жаңа тақырып

а) Кіріспе. Ата-анаңды қалай сыйлайсың?

б) Мұғалімнің көмегімен жоспар құру.

Басы. Ата-анаң жайлы

Негізгі бөлім: Өзіңнің сыйлауың.

Соңы. Не үшін сыйлайсың?

в) оқушы еңбегі

г) мұғалімнің көмегі

ІІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?

ІҮ. Сабақты бағалау: тұжырымдау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру. Қайталау.

Әдебиеттік оқу 24. 01. 2014ж

Тақырыбы: Қатемен жұмыс. Ф. Оңғарсынова Жылу

Мақсаты: Жылу өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын

дамыту. Анасын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық: "Жылу сыйлайық" II. Үй тапсырмасын сұрау Қабуснама – деген не? Қайқаус кім? «Ата - ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу. Үйге берілген "Ата - ананы құрметтеу"тақырыбына жазған шығармаларын оқу. - Міне, өздеріңнің ата - аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны. III. Жаңа тақырып 1. Құт береке – атаң қымбат, Аймалайтын - анаң қымбат. Мейірімді - апаң қымбат... - Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би). - Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?

- Фариза Оңғарсынова. "Жылу" өлеңі - Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»). 1. Фариза Оңғарсынова - Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. (мәлімет беру) 2. Өлеңді мәнерлеп оқу. 3. Өлеңді талдау. (Сұрақ - жауап). Өлең кім туралы айтылған? Ана құшағы, Ана жанары, Ана сүті, Ана жылуы 4. Жалғастыра оқу. (Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей) 5. Сөздік жұмыс.

6. Суретпен жұмыс. (Сұрақ - жауап). "Өлең ұйқастыру"стратегиясы ----------------------------------- сыйлаймын, ----------------------------------- тыңдаймын. ----------------------------------- аламын, ------------------------------------ баламын. ІҮ. Сабақты бекіту. Модель қорғау: Ана – Күн Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал. Ү. Үйге тапсырма 131-бет, жаттау.

Әдебиеттік оқу 25. 01. 2014ж

Тақырыбы: Әже

Мақсаты: Әже өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын

дамыту.Анасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Жылу» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Өткенді бекіту.

Өлеңде кім туралы айтылған? Ана құшағы неліктен жылы?

Ақын анасын тағы неге ұқсатады? Ана сүті неліктен қасиетті?

ІҮ. Мақсат қою: Әже. Сергіту сәті.

Ү. Жаңа тақырып

1. Мақалмен жұмыс

Күннің шуағы-жылы.

Ананың құшағы-жылы

2.Сөзжұмбақты шешу.

3. Автор туралы түсінік

4. Өлеңді дұрыс, түсініп оқу.

5. Ақын қолданған сөздерге назар аудару.

Ақын қолданған көркем сөздер

Мағынасы

....

Ренжіп, ашуланып

....

Мақтап, шаттанып

Сөздік жұмыс жүргізу. Өлеңді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ. Бекіту.

Өлеңде кім туралы айтылған? Ақын әже қамқорлығы туралы не дейді?

ҮІІ. Үйге тапсырма 134-бет, өлеңді жаттау, №7 тапсырма

Бағалау.

Әдебиеттік оқу 28. 01. 2014ж

Тақырыбы: М. Жұмабаев Бесік жыры

Мақсаты: Бесік жыры өлеңін оқып, түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға

дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Мейірімділікке

тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ф. Оңғарсынова «Әже» өлеңін жатқа айту.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа тақырып

Сәбиге сәнді үй

Анаға ән – күй. (Бесік)

-Бесік деген не? Бесік неден жасалған? Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады.

- Ребусты шешу. Жауабы: бесік жыры

Автор туралы мәлімет беру.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді.

- Өлеңді түсіндіру. Мәнерлеп оқыту

- Тізбектеп оқыту

-Суретпен жұмыс

Суретте кім бейнеленген? Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?

Анаң сені қалай атайды?

ҮІІ. Бекіту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

135-бет, өлеңді жаттау

Бағалау

Әдебиеттік оқу 31. 01. 2014ж

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Шеше мен бала.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс, түсініп оқуға, өз ойларын еркін жеткізе білу

дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөздік қорын

дамыту. Мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бесік жырын хормен, жеке айту. Ананың баласына айтатын жылы сөздері

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру:Ана туралы пікірлер

ІҮ. Мақсат қою:Бала, тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Ү. Жаңа тақырып

-Жаңылтпашпен жұмыс

-Ыбырай ата туралы не білеміз?

Жазушы ақын ұстаз Педагог Мектеп ашқан

Мәтінмен жұмыс. Түсіндіру. Кітаппен жұмыс

Сөздік жұмыс Тентек – бұзақы

1. Бөліктермен оқу 2.Түсініп оқу 3.Мазмұнын талдау

«Диалог» сөзінің ережесі

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

Үлкен қыздың орнына сен болсаң не істер едің? Қай кейіпкер саған ұнады?

Алла разы болсын деген сөйлеу үлгісіне мән бер. Осы үлгіні пайдаланып, өзара диалог құрап көр.

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. 136-140 бет түсініп оқу

ҮІІІ. Бағалау.

Әдебиеттік оқу 06. 02. 2014ж

Тақырыбы: М.Мақатаев. Қарттарды сүйем.

Сабақтың мақсаты: Мәнерлеп оқи отырып, түсінігін өз ойымен әңгімелеу

дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, мағыналы

сөздерді табу, сөздік қорын дамыту. Адамгершілік

тәрбиесіне баулу.

Сабақтың типі; Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі : Кіріктірілген сабақ

Көрнекілік: М.Мақатаевтың суреті,сызбалар,

« Аман-сау жүрші, қарттарым »

Сабақтың барысы; I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.