Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
электротехника конспект лекции на казахском_.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Үлестік және ондық бірліктер үшін көбейткіштер меи косымшалар

Көбейткіш

Косымша

Халықаралық

Орысша

1018

экса

E

Э

1015

пета

P

П

1012

тера

T

Т

109

гига

G

Г

106

мега

M

М

103

кило

k

к

102

гекто

h

г

101

дека

da

да

10-1

деци

d

д

10-2

санти

c

с

10-3

милли

m

м

10-6

микро

µ

мк

10-9

нано

n

н

10-12

пико

p

п

10-15

фемто

f

ф

10-18

атто

a

а

Негізгі электрлік шамалардын өлшем бірліктері

АМПЕР. Халықаралық өлшем бірліктер жүйесінде (СИ) негізгі электр бірлігі ампер (А) болып табылады. Ампердің эталондық мәнінің анықталуы тоғы бар екі өткізгіштің электродинамикалык күштерін өлшеу негізінде анықталған. ГЕНРИ. Өздік индукцияның немесе өзара индукцияның өлшем бірлігі, (Гн). ФАРАД. Электрлік сыйымдылықтын өлшем бірлігі, (Ф).

ОМ. Электрлік кедергінің өлшем бірлігі, (Ом).

ВОЛЬТ. Электр тізбектің екі нүктесінің арасындагы кернеудің (потенциалдар айырымының) өлшем бірлігі, (В).

ВАТТ. Электр тізбегінде тоқ өткенде бөлінетін қуаттың өлшем бірлігі, (Вт). Үлкен қуаттарды өлшеу үшін еселік бірліктер қолданылады: киловатт (1 кВт = 1000 Вт) және мегаватт (1 МВт = 1 000 000 Вт = 106 Вт).

Қуатты өлшейтін прибор ваттметр деп аталады. Ол екі өлшеуіш тізбектен (екі катушкадан) тұрады, оның біреуі (тоқ катушкасы) амперметр сияқты объектімен тізбектей қосылады, ал екіншісі (кернеу катушкасы) вольтметр сияқты парелелль жалғанады.

ДЖОУЛЬ, КИЛОВАТТ-САҒ. СИ жүйесінде энергия мен жұмыстын негізгі өлшем бірлігі джоульмен есептеледі, ол кішкентей шама,

электроэнергетикалық тізбектерде электр тоғымен жүзеге асырылатын жұмыстың практикалық бірлігі ретінде әдетте одан да ірі бірлік — киловатг- сағ (кВт-caғ) қолданылады. Бір сагаттың ішінде үздіксіз өтетін, сол уақыт аралығында 1 кВт қуат бөлінетін жұмыс 1 кВт-сағ тең. Сондықтан, 1 кВт-сағ = 3 600 000 Дж.

КУЛОН. Электр мөлшерінің, электр зарядының өлшем бірлігі, (Q, q). СИМЕНС. Электр өткізгіштігінің өлшем бірлігі, (См).

ТЕСЛА. Магнит индукциясының өлшем бірлігі, (Т).

ВЕБЕР. Магнит индукциясы ағынының өлшем бірлігі, (Вб).

ГЕРЦ. Периодты процестің жиілігінің өлшем бірлігі, (Гц).

Электротехниканың негізгі заңдары

ОМ ЗАҢЫ - кернеудің түсуі кедергі арқылы ететін токтың көбейтіндісіне тең.

Frame1 Frame2 Frame3

ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫ- электр тоғының жылу әрекетін сипаттайтын заң. Бұл заңға сәйкес, өткізгіште тұрақты тоқ өткенде бөлінетін жылу мөлшері Q (джоуль) тоқ күшінен I (ампер), өткізгіш кедергісінен R (ом) және оның өтетін уақытынан t (секунд) тәуелді:

Frame4

КИРХГОФ ЗАҢДАРЫ

Бірінші заңы тізбектің түйініне бағыталған тоқтардың қосындысы (оң) мен түйінінен шығатын тоқтардың қосындысы (теріс) арасындағы байланысты анықтайды, яғни ∑I = 0.

Сурет 1 - Тоқ түйіні

Тізбектің кез келген нүктелерінде (түйінде) топтасатын тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең. Мысалы, мына түйін үшін (сурет 1) былай жазуға болады: I1 + I2 + I3= I5 + I4 немесе I1 + I2 + I3 – I4 – I5 = 0.

Екінші заңы электр қозгаушы күштердің қосындысы мен электр тізбектің тұйык контурының кедергілеріне түсетін кернеулерінің қосындысы арасындағы байланысты анықтайды ±∑U = ±∑E. Контурды айналудың еркін бағытымен сәйкес келетін тоқтар оң деп, ал сәйкеспейтіндері - теріс деп есептеледі.

Сурет 2 - Ток контуры

Сызба үшін (сурет 2) Кирхгофтың 2 заңы келесідей:

(R1+R2+R3+R4)I = E1 – E2

ТОЛЫҚ ТОҚ ЗАҢЫ электромагнитті өрістің негізгі заңдарының бірі. Ол беттік арқылы өтетін магнитті күштер мен тоқ шамасының арасындағы байланысты айқындайды. Толық тоқ дегеніміз тұйық контурмен шектелген беттікті тесіп өтетін тоқтардың алгебралық қосындысын білдіреді.

Контур бойындағы магниттеуші күш осы контурмен шектелген беттік арқылы өтетін тоққа тең. Жалпы жағдайда магнитті сызықтың әр түрлі участоктарындағы өрістің кернеулігі әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін, онда магниттеуші күш әр сызыктың магниттеуші күштерінің косындысына тең.

ЛЕНЦ ЗАҢЫ - электромагнитті индукцияның барлык жағдайын қамтитын негізгі ереже және индукцияның пайда болатын ЭҚК бағытын аныктайды.

Ленц заңына сәйкес бұл бағыт барлық жағдайларда ЭҚК- н пайда болған тоқ индукцияның ЭҚК пайда болуы өзгерісіне қарсыласады деп алынады. Бұл заң электромагнитті индукцияға энергияның сақталу заңын сапалы қалыптасуы заңы болып табылады.

ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ЗАҢЫ, Фарадей заңы - магнитті және электр құбылыстары арасындағы байланысты айкындайтын заң. Контурдағы электромагнитті индукцияның ЭҚК сандық түрде тең және осы контурмен шектелген беттік арқылы өтетін магнит ағынының жылдамдығының таңбасы бойынша қарама - қарсы. Өрістің ЭҚК шамасы магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді.