Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дәрілік қалыптар технологиясы 3 курс фармация қазақ тобы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.45 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ФАРМАЦЕВТ-ТЕХНОЛОГ» МОДУЛі

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Бекітемін»

ОТЖ жөнідегі проектор,

профессор Тулебаев К.А.

_________________________

«____»____________2015 ж.

Жұмыс бағдарламасы

Пән«Фармацевтикалық технологияның негіздері»

Мамандығы5В480700 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Курс– 3

Семестр – 5

Сағат саны – 90 сағат (2 кредит)

Бақылау түрі – емтихан

Алматы, 2015

Жұмыс бағдарламасы модул отырысында «____»______________2015 жыл қарастырылып, мақұлданды. Хаттама № ____.

Кафедра меңгерушісі З.Б. Сакипова

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» білім беру бағдарламаларының Комитеті отырысында талқыланды «____»______________2015, хаттама № ____.

ББК (КОП) төрайымы Г.М. Кадырбаева

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды «____» __________ 2015, хаттама № ____.

Әдістемелік кеңес төрағасы, профессор K.A. Тулебаев

1. Жалпы мағлұматтар

ЖОО атауы

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

Кафедра

«Фармацевт - технолог» модулі

Пәні

«Дәрілік қалыптар технологиясы»

Мамандығы

5В110300 - «Фармация»

Оқыту сабағының саны

3 кредит (135 сағат)

Курс

3

Оқу семестрі

6

Дәрістер

15 с

Тәжірибелік сабақтар

30 с

Оқытушының жетекшілігімен студенттік өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

-

21 с

69 с

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Дәрілер технологиясы басқа да фармацевтикалық пәндермен бірге фармацевттің қалыптасуында және түлектерді әлеуметтік технологиялық дайындықпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Оқу бағдарламасында фармацевтикалық ғылымдар мен тәжірибелердің болашаққа деген негізгі концепциялары көрсетілген, сондай-ақ қазіргі заманғы практикалық фармацияға теориялық білім, дағдының қажеттігіне негізделген.

Бағдарламада бастапқы шикізаттың тазалығына, экология шарттарына қойылатын, дәрілік препараттар өндірісіндегі қазіргі заманғы БДСҰ (ВОЗ) талаптары баяндалған, дәріханалық және өндірістік өнеркәсіптердің өнімдерінің сапасы мен технологиясын нормалайтын нұсқаулықтар мен бұйрықтарға көп көңіл бөлінген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестріндегі дайын дәрілік препараттар номенклатурасының үздіксіз жаңаруына байланысты кафедраларға олардың жеке технологияларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік туындауда.

2.2 Пәннің мақсаты – дәрілік қалыптар технологиясы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағды қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • Дәрілік қалыптар технологиясының теориялық негіздерін меңгеру;

  • Дәрілік қалыптар дайындауда профессионалдық дайындық пен дағдылар алу;

  • Дәріханада дайындалатын дәрілік қалыптардың дәріханаішілік бақылауды жүзеге асыру;

  • Дәрілік заттар дайындауда нормативтік құжаттарды (ҚР бұйрықтары, нқсқаулықтары, фармакопеялық баптары) қолдануды үйрену