- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып: «Созылмалы өкпе-текті жүрек: этиопатогенезі, диагностикасы.»
- •3. Пәннің міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
- •4. Табиғаты инфекциялық емес өкпенің жиі кездесетін гранулематозды ауруы: а. Силикоз
- •5. Өкпе диссеминациясының себебін анықтау үшін қолданылатын негізгі әдіс:
- •7.Ересектерде респираторлы дистресс – синдромы нәтижесінде мембраналық өкпе шемені дамуы мүмкін: а. Травматикалық шок
- •A. Эмпирикалық антибиотикотерапия
- •Ситуациялық есеп:
A. Эмпирикалық антибиотикотерапия
В. ӨЖЖ оң қысымен дем шығару соңында оксигенотерапия қолдану
С. негізгі ауруды емдеу
D.негізгіаурудың қабынуының алдын алу
Е. глюкокортикоидтар
Тақырып: «Созылмалы өкпе-текті жүрек: этиопатогенезі, диагностикасы.»
Дұрыс жауаптар тізімі:
1.D
2.В
3.D
4.В
5.В
6.Е
7.C
8.B
Ситуациялық есеп:
№1 Есеп
Науқас, ұзақ уақыт бойы бронхитпен ауырады, ЭКГ мынандай өзерістер анықталды: II-III тіркемесінде Р тісшесіжоғарлаған, АVFда Гис шоғырының оң жақ аяқ блокадасы.
Қандай асқынудың дамуын ойлауға болады?
№2 Есеп
Науқас 49 жаста созылмалы обтруктивті бронхитпен 12 жыл бойы ауырған.Түскен кездегі шағымдары ентігу, аздаған қақырықпен жөтел, дене қызуының көтерілуі.Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы акроцианоздалған. Пульс 92 рет минутына. АҚҚ 110/80 мм.с.б.Жүрек шекаралары оңға ығысқан, эпигастральды аймақта пульсация анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясының үстінде II тонның акценті естіледі. Кеуде қуысы эмфизематозды, қабырға аралықтар кеңейген. Перкуссияда барлық өкпе бөлігінде қорап тәрізді дыбыс.Аускультативті:өкпе фонында әлсіреген тыныс және массасы құрғақ ысқырықты дыбыс естіледі. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынады. Бауыр шеті доғаланған, қабырға доғасынан 4 см шығыңқы.
Клиникалық диагнозыңыз?
№3 Есеп
Науқас 45 жаста III дәрежелі семіздік бар: бойы 168, салмағы 110 кг. Соңғы жыл ішінде ұйқышылдық, физикалық жүктеме кезінде ентігу, аяғы домбыққан, оң жақ қабырға астының болмашы ауырлау сезімі мазалай бастады. Объективті: Тері жамылғысы цианоздалған, және ерін, қол саусақтарында акроцианоз анықталады. Дәбеті жақсы. Жіліншіктің үштен жоғарғы бөлігі домбыққан.Пульс 88 рет минутына. АҚҚ 130/80 мм.с.б. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 2 см шығыңқы, жоғарғы шеті III қабырғааралықта, сол жақ шеті сол жақ бұғана- орта сызығына сәйкес. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясының үстінде II тонның акценті естіледі. Өкпеде перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультативті оң жақ төменгі бөлігінде бірен-саран құрғақ сырылдар етіледі.Іші үлкейген. Бауыр шекаралары Курлов бойынша: 12 х 10 х 9 см.
ЭКГ – жүректің электр өсі оңға ауытқыған. Оң жақ қарыншаның гипертрофия белгілері бар.
Сіздің диагнозыңыз?
№4 Есеп
Науқас 40 жаста шамалы физикалық күш түсу кезінде ентігу, қан түкіруге шағымданыптерапия бөлімшесіне келіп түсті.
Анамнезінде: Оң жақ сирақ терең тамырларының тромбофлевиті бойынша хирургиялық бөлімшеде бір жыл бұрын ем алған сонан бері өзін аурумын деп санайды.Ем алу кезінде науқаста екі рет талып қалу, қан түкіру, пневмония байқалды.Жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Науқаста бірақ тағыда бір апта бұрынталып қалу, кеуденің оң жақ бөлігінде ауырсыну, үшінші күні қан түкіру пайда болды.
Объективті: Науқас жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты бозарған.Пульс 104 р/минутына. АҚҚ 110/70 мм. с.б. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясының үстінде II тонның акценті естіледі.Эпигастральді пульсация анықталады.Өкпенің оң жағында жауырын бұрышынан төмен және артқы қолтық сызығынанперкуторлыдыбыстың қысқаруы, ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші пальпацияда жұмсақ. Бауыр шеті доғаланған, қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, ауырсынады.
Рентгеноскопия : Өкпе артерия доғасының ісігі,оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегіжайылмалы пневмония.
ЭКГ: Синустық тахикардия. ЖЖС 104 р/мин. Оң жақ қарыншаның гипертрофия белгісі.
Сіздің диагнозыңыз?
Жауаптар эталоны.
№1Есеп.
Науқаста созылмалы өкпе-текті жүрек асқыну белгілері.
№2 Есеп.
Созылмалы обструктивті бронхит, асқыну кезеңі.Тыныс жеткіліксіздігі II ст. Созылмалы өкпе-текті жүрек, декомпенсация сатысы НII – А.
№3Есеп.
Пиквика синдромы. Созылмалы өкпе-текті жүрек, декомпенсация сатысы НII – А.
№4 Есеп.
Тромбоэмболиялықауру, өкпе артериясының ұсақ тармақтарындақайталамалы тромбоэмболиясы.Созылмалы өкпе-текті жүрек, декомпенсация сатысы НII – А.
