Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 ПЗ Созылмалы өкпе-текті жүрек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22.98 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар

Мамандығы: «Жалпы медицина»

Пән: «Ішкі аурулар»

Кафедра: «Интернатураның терапевтік бейіні мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі

білім беру кафедрасы»

Курс:6

Модуль:«Пульмонология»

Тақырып: «Созылмалы өкпе-текті жүрек: этиопатогенезі, диагностикасы.»

Құрастырған:Аралбаева Л.С.

Лауазымы: ассистент

____________тегі,аты-жөні

Ақтөбе, 20___

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді:

Хаттама № _____

____ _________ 20___ ж.

Кафедра (курс) жетекшісі __________________________ тегі, аты-жөні (ғылыми дәрежесі, атағы)

1.Тақырып: «Созылмалы өкпе-текті жүрек: этиопатогенезі, диагностикасы.»

2. Мақсаты: интернді өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан зардап шегетін науқастарға тексеру жүргізуге, дәлелдеу медицинасы талаптарына сәйкес және емдеу-тексеру технологиясының қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып көмек көрсетуге, терапиялық пән негізінде науқастарға клиникалақ тексеру жүргізу дағдыларын игеруді үйрету.

3. Пәннің міндеттері:

- созылмалы өкпе-текті жүрек аурумен зардап шегетін науқастарды тексеру барысында науқастың шағымын сұрастыру, ауру тарихын жазуды және тәжірибелік дағдыларды үйренуді қалыптастыру;

- созылмалы өкпе-текті жүрек аурумен зардап шегетін науқастарды тексеру қағидасы бойынша дағдылар қалыптастыру;

- созылмалы өкпе-текті жүрек аурумен зардап шегетін науқастарға қазіргі заманғы лабораторлық және аспаптық әдістер бойынша тексеру және талдау дағдыларын қалыптастыру;

- созылмалы өкпе-текті жүрек ауруындағы белгілерге ұқсас сырқаттармен ажырату диагностикасын жүргізу ептілігін және дағдыларын қалпытастыру;

- созылмалы өкпе-текті жүрек аурумензардап шегетін науқастарға ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- созылмалы өкпе-текті жүрек ауруын анықтау.

- созылмалы өкпе-текті жүрек ауруының даму барысы (ДДҰ жіктелуі).

-созылмалы өкпе-текті жүрек ауруындағы клиникалық көрініс.

-Өкпегипертензиясы инструменталдық диагностикасы, ең тиімді әдіс. (ЭКГ, рентгенография, эхокардиография, допплерометрия).

- СӨЖ-тің диагнозын қоюдағы құрылымдық критерийлері.

- созылмалы өкпе-текті жүрек сатыларын ажырату терапиясы

- өкпе-текті жүрек ауруын дәрі-дәрмексіз емдеу әдісі.

- өкпе-текті жүрек пен созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарға арналған МӘСК .

5.Оқу және оқыту әдістері: (кіші топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұптасып жұмыс жасау, тұсаукесерлер, кейс-стади және т.с.с.)науқастар курациясы, медициналық құжаттарды жазу, емдеу-профилактика мекемесінінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеу, таңертеңгілік дәрігерлік конференцияларға, обходтарға, консилиумдарға, клинических талдауларға, паталого-анатомиялық конференцияларға қатысу, кезекшілікте тұру. Тақырыптық науқастарды талдау, кіші топтарда жұмыс істеу, презентации клиникалық жағдайларды талдау немесе патолого-анатомиялық конференцияларда презентация жасау, сырқатнаманы рецензиялау, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу. Рольдік және командалық ойындарға қатысу. Оқытуды стандартталған пациент тәсілін, TBL, ауызша сұрастыруды, тестілеуді, жағдаяттық есептерді, семинар-тренингтерді қолдану.