Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2ПЗ. соз.бронхит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.84 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар

(әрбір сабаққа қажеттісі таңдап алынады)

Мамандығы: «Жалпы медицина»

Пән: «Ішкі аурулар»

Кафедра: «Интернатураның терапевтік бейіні мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі

білім беру кафедрасы»

Курс: 6

Тақырып №2:

Модуль «Пульмонология»

Тақырып: «Созылмалы бронхит: этиопатагенез, клиникасы, диагностикасы, емі».

Құрастырған: Аралбаева Л.С.

Лауазымы: ассистент

________тегі, аты-жөні

(қолы)

Ақтөбе, 2015 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді:

Хаттама № _____

____ _________ 20___ ж.

Кафедра (курс) жетекшісі доцент, к.м.н. Токбаева К.К.

Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар

1 Тақырыбы: Созылмалы бронхит:этиопатагенез, клиникасы, диагностикасы, емі.

2 Мақсаты: интернді созылмалы бронхит ауруларымен зардап шегетін науқастарға тексеру жүргізуге, дәлелдеу медицинасы талаптарына сәйкес және емдеу-тексеру технологиясының қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып көмек көрсетуге, терапиялық пән негізінде науқастарға клиникалақ тексеру жүргізу дағдыларын игеруді үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- созылмалы бронхит ауруларымен зардап шегетін науқастарды тексеру барысында науқастың шағымын сұрастыру, ауру тарихын жазуды және тәжірибелік дағдыларды үйренуді қалыптастыру;

- созылмалы бронхит ауруларымен зардап шегетін науқастарды тексеру қағидасы бойынша дағдылар қалыптастыру;

- созылмалы бронхит ауруларымен зардап шегетін науқастарға қазіргі заманғы лабораторлық және аспаптық әдістер бойынша тексеру және талдау дағдыларын қалыптастыру;

- ауру белгілері ұқсас сырқаттармен ажырату диагностикасын жүргізу ептілігін және дағдыларын қалыптастыру;

- созылмалы бронхит ауруларымен зардап шегетін науқастарға ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- созылмалы бронхит туралы түсінік.

-созылмалы бронхит этиологиясы мен клиникасы.

- созылмалы бронхит ауыратын науқастарды тексеру және диагноз қою.

-Емдеу. Созылмалы бронхит кезінде антибактериальды терапияға көрсеткіш. Госпитализацияға көрсеткіш.

- созылмалы бронхит асқынуы.

- созылмалы бронхит медициналық-әлеуметтік экспертиза

- созылмалы бронхит профилактикасы.

5. Оқу және оқыту әдістерінде (кіші топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұптасып жұмыс жасау, тұсаукесерлер, кейс-стади және т.с.с.) науқастар курациясы, медициналық құжаттарды жазу, емдеу-профилактика мекемесінінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеу, таңертеңгілік дәрігерлік конференцияларға, обходтарға, консилиумдарға, клинических талдауларға, паталого-анатомиялық конференцияларға қатысу, кезекшілікте тұру. Тақырыптық науқастарды талдау, кіші топтарда жұмыс істеу, презентации клиникалық жағдайларды талдау немесе патолого-анатомиялық конференцияларда презентация жасау, сырқатнаманы рецензиялау, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу. Рольдік және командалық ойындарға қатысу. Оқытуды стандартталған пациент тәсілін, TBL, ауызша сұрастыруды, тестілеуді, жағдаяттық есептерді, семинар-тренингтерді қолдану.