Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BS_o_1179_u-_1241_distemelik__1179__1201_ral.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

А.С.Минтасова,

Н.С.Захитдинова

БИОСТАТИСТИКА

Оқу-әдістемелік құрал

Т үркістан, 2015

ӘОЖ 610.7

М 55

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

М.А.Булешов – м.ғ.д., профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі.

И.А.Ишигов – м.ғ.д., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының профессоры.

Минтасова А.С., Захитдинова Н.С. Биостатистика. – Оқу-әдістемелік құрал. – Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2015 – 73 б.

ISBN

Оқу-әдістемелік құралда әдетте медициналық және статистикалық зерттеулерде қолданылатын негізгі анықтамалар, формулалар келтірілген, сонымен қатар, студенттерге биостатистикадан дәріске қосымша материал есебінде пайдалы болып табылады. Өздігінен тексеру үшін оқырмандар тақырып соңындағы сұрақтарды қолдана алады. Оқу-әдістемелік құрал медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған.

ХҚТУ оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және келісілген. № ___ хаттама, «___» _____________ 20__ ж.

ХҚТУ Сенат кеңесімен бекітілген және ұсынылған. № ___ хаттама, «___» _____________ 20__ ж.

ӘОЖ 610.7

М 55

ISBN

© А.С.Минтасова, Н.С.Захитдинова, 2015

© «Тұран» баспасы, 2015

КІРІСПЕ

XXI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен-күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді.

Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан, биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Статистика, ықтималдық үлгілерге негізделе отырып, ықтималдық теориясының дамуына әсерін тигізеді. Қоршаған орта әр түрлі, яғни кездейсоқ құбылыстарды зерттеу барысында пайда болатын міндеттер, бақылаудың нәтижелерін өндеу кезінде, жаңа ықтималдық үлгілерді табуды талап етеді. Статистика және ықтималдық теориясы – бұл бір-біріне әсер тигізетін, бірін-бірі дамытатын, екі бөлінбес байланысқан ғылым.

  1. Статистиканың негізгі түсініктері

Ғылыми білімдердің негізі – бақылау болып табылады. Құбылысқа бағынатын заңдылықты анықтау үшін, осы құбылысты бірнеше рет бақылау керек.

Көптеген құбылыстар бір-бірімен байланысты және бір-біріне әсерін тигізеді. Барлық байланыстарды көру және құбылысқа тигізетін әр фактордың әсерін анықтау әрқашан мүмкін емес. Сол себепті, құбылыстың ағымын анықтайтын, тек негізгі факторлардың әсерлерін зерттеуімен шектеледі. Сонда бақылаудың бірдей шарттары, негізгі факторлардың бірдей дерлік маңыздарын ұстануы болып табылады.

Статистикалық зерттеу келесі кезеңдерден тұрады: бақылау; бақылаудың нәтижелерінің есебі мен топтасуы; алынған жалпылама көрсеткіштердің талдауы.

Барлық кезеңдер бір-бірімен байланысты және әр қайсысында, істеліп жатқан жұмыстың мазмұнымен түсіндірілетін, арнайы әдістер қолданылады.

Статистика – заңдылығы бар, жаппай кездейсоқ құбылыстар бақылауларының нәтижелерін өндеу әдістерін зерттейтін, яғни осы заңдылықты анықтау үшін мақсатталған ғылым.

Статистиканы, ғылым ретінде, сипаттамасына және ерекшелегіне қарай келесідей міндеттерін тұжырымдауға болады: жаппай құбылыстардың және үрдістердің құрылымын, байланысын және өзгерісін зерттеу.

Статистика, ғылым ретінде, бөлек факторларды емес, ол, көптеген бөлек факторлар болатын, жаппай құбылыстар мен үрдістерді зерттейді, бұл факторларда өз кезегінде жеке ғана емес, жалпы қасиеттері болады.

Статистикамен зерттелетін, құбылыстар бағынатын, заңдылықтар туралы тұжырымдамалар, әрқашан бақылаулардың шектеулі, таңдаулы сандарға негізделеді. Көп немесе аз бақылауларда осы тұжырымдамалар басқа болуы мүмкін. Құбылыстардың заңдылықтары туралы анықталған тұжырымдама жасау үшін, статистика ықтималдық теориясына негізделеді.

Статистика кездейсоқ құбылыстар бақылауларының нәтижелерімен байланысты болса, ал ықтималдық теориясы заңдылықтарды логикалық тұрғыда зерттейді және кездейсоқ құбылыстардың үлгілерімен байланысты болады. Бақылаулардың нәтижелерін өндеп, зерттеуші, қарастырылып жатқан құбылысты сол немесе ықтималдық теориясының үлгісімен сипаттауға болатын, болжамдар қатарын алға тартады. Одан кейін, математикалық-статистикалық әдістер қолданып, болжамдардан және үлгілерден қайсысын қабылдау деген сұрағына жауап беруге болады. Дәл осы үлгі зерттеліп жатқан құбылыстың заңдылығы болып табылады. Дұрыстығын, таңдалған үлгінің қолдануының тәжірибесі көрсетеді.

  1. Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу

Биологиялық статистика – биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Статистика деген латынша «stato», ал қазақша «жағдай» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде ғалымдардың көбісі статистикаға мынадай түсінік береді: «Статистика – жеке қоғамдық ғылыми бағыт, ол қоғамдық құбылыстардың сандық және сапалық өзгерістерінің өзара байланысын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Статистиканың негізгі міндеті – зерттелетін көріністердің өзгерістеріне алып келетін себептерді анықтау. Ал оны анықтау үшін зерттелетін көріністердің бақылау саны жеткілікті және көп санды болуы тиіс. Статистиканың салалары өте көп. Мысалы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық статистикасы, т.б. өндірістерге байланысты бөлімдер. Ал медициналық (санитарлық) статистика дегеніміз гигиена және денсаулық сақтау мәселелерін зерттеуде қолданады. Медициналық статистиканың 3 бөлімі бар:

1) денсаулық статистикасы;

2) денсаулықты сақтауды басқару статистикасы;

3) клиникалық және эксперименталдық зерттеулер статистикасы.

Денсаулық статистикасының негізгі тармақтарына:

  • демография статистикасы;

  • аурушаңдық және мүгедектіктің статистикасы;

  • өсу және даму статистикасы жатады.

Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді:

  • емдеу-алдын алу мекемелерінің статистикасы;

  • санитарлық және эпидемияға қарсы күресетін мекемелер статистикасы;

  • әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелердің статистикасы;

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы;

  • медицина қызметкерлерінің статистикасы жатады.

Дәрігерлер және медицина саласының ғылыми қызметкерлері халыққа емдеу жәрдемін жақсартуға, аурудың алдын алу жұмыстарын атқаруға қажетті мәліметтер алу үшін статистикалық зерттеулер жүргізуге мәжбүр болады. Сондықтан дәрігерлер статистикалық зерттеу жүргізу, статистикалық мәліметтерді дұрыс пайдалану, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын талдау әдістерін білу қажет.

Статистикалық зерттеулер 5 кезеңге бөлінеді:

  1. Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;

  2. Мәліметтер жинау;

  3. Мәліметтерді өңдеу және топтастыру;

  4. Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;

  5. Зерттеудің нәтижелерін іс жүзінде енгізу.

Статистикалық зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау – зерттеудің негізгі мақсаты мен қойылған міндеттерді анықтаудан басталады. Ал жоспарда мақсатқа жету үшін қандай міндеттер, жұмыстар атқарылуы керек екені белгіленеді. Біріншіден, зерттеу немесе бақылау объектісі анықталады. Мысалы, халық денсаулығына әсер ететін жағдайларды білу үшін бүкіл республика халқын зерттеу объектісі деп аламыз. Мұны жалпы статистикалық жиынтық дейді. Ал, статистикалық жиынтық дегеніміз белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы. Статистикалық жиынтықтың 2 түрі бар: 1) жалпы; 2) іріктілген немесе таңдамалы.

Бақылау санының мөлшерін білу үшін арнайы есеп жүргізудің 2 жолы бар:

1) Егер зерттеудің нәтижесі орта мөлшермен көрсетілетін болса, онда таңдамалы жиынтықтың көлемі мынадай формуламен анықталады:

(1)

мұндағы n – бақылау саны; t – сенімділік коэффициенті (егер қатесіз болжамды P=95% деп алса, t=2-ге, егерде қатесіз болжам P=99%-ға тең десек, онда t=3-ке деп алынады); - орта квадраттық ауытқу, ол осындай зерттеулердің қорытындысы шығарылған деректерден алынады немесе аз санды бақылауды жүргізу барысында есептеп шығарады. - ең жоғары дәрежеде жіберілетін қателік, ол 5%-дан аспау тиіс.

2) Егер зерттеудің нәтижесі салыстырмалы мөлшермен көрсетілетін болса, онда таңдамалы жиынтықтың көлемі мына формуламен есептеледі:

(2)

Бұл жерде Р – пайызбен берілген көрсеткіштер, q=100%-P болғанда шығады.

Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады, оларды арнайы әдіспен қалыптастырады. Әрбір бақылау бірлігінің бірнеше сипаттамасы болады, алайда тіркеуге тек зерттеудің мақсатына жетуге қажетті белгілері ғана алынады. Тіркелінетін белгілерді 2-ге бөледі:

  1. сапалық немесе атрибутивтік белгілер жазбаша түрде белгіленеді. Оған адамның жынысы, қызметі, аурудың аты мен белгілері, емдеу нәтижесі, тұратын жері, т.б. жатады;

  2. сандық белгілерді цифрлармен көрсетеді. Оған адамның бойының ұзындығы – см, жасы – жылмен, салмағы – кг, емделу ұзақтығы – күнімен есептеу және т.б. жатады.

Әрбір сандық белгілер мөлшерін «варианта» дейді де «V» әріпімен белгілейді. Зерттеулер жүргізілгенде дәрігер зерттелінетін құбылысқа әр түрлі белгілердің әсерін анықтауы қажет. Сондықтан да белгілерді факторлық және нәтижелікдеп бөледі. Факторлық белгілерге басқа белгілердің нәтижесіне әсер ететін белгілер жатады. Мысалы, баланың жасына сәйкес бойы өседі (жасы – факторлық, ал бойы – нәтижелік белгі).

Статистикалық кестелердің 3 түрі бар:

  1. Жай статистикалық кесте – бір статистикалық бастауыштан тұрады, барлық мәліметтер бір белгімен алынады.

1-кесте.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]