- •Жұмыс бөлмелерінде ауа құрамындағы шаңдарды зерттеу және бағалау әдісі.
- •Өндірістік шаңды гигиеналық бағалау мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылады:
- •Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау.
- •Дірілді өлшеу әдістемесі.
- •Жұмыс орындарындағы шуды өлшеу.
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
Жұмыс орындарындағы шуды өлшеу.
Шу – дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал – жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шу шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі. Өндірістегі шудың әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шу кезінде тіке есту қабілеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа деген қабілеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте жағымсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.
Шуды өлшеу I және II дәлділік классты шу өлшегіштермен «Шу өлшегіштер. Жалпы техникалық талаптар және сынақ әдістер» бойынша жүргізіледі. Қажеттілікке қарай қосалқы құралдар да қолданылады: осцилограф, магнитафон, деңгейді өздігінен жазғыш және басқалар.
Физикалық факторларды өлшеуге арналған бірқатар құралдардың негізгі сипаттамалары.
Құралдың, құрылымның аталуы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
Тағайындалуы |
Шығарушы |
|
Өлшеу тізімі, өлшеу бірлігі |
Салмағы, кг |
|||
Азгабаритті шу өлшегіш (ВШМ-201) |
25-130 дБ |
0,5 |
Дыбыс деңгейін өлшеу |
Ресей |
Логарифмдеуші шудіріл интеграторы (ШВИЛ-01) |
20-170 дБ |
1,5 |
Тұрақсыз шу мен жергілікті дірілдің эквивалентті деңгейлерін өлшеу |
Ресей |
Шу және діріл өлшегіш (ВШВ-003-М2) |
22-140 дБ |
|
Шуды, инфрадыбысты, жалпы және жергілікті дірілді өлшеу |
Ресей |
Диагностикалық шу өлшегіш-виброметр (ШВД-001) |
30-140 дБ |
5,0 |
Діріл және шу деңгейлерін өлшеу |
Ресей |
Интегрлеуші шу өлшегіш-виброметр (ШВИ) |
30-140 дБ |
4,0 |
Шу мен дірілдің түзетілген және эквивалентті деңгейлерін өлшеу |
Ресей |
«Брюль және Кьер» фирмасының аппаратурасы |
7-150 дБ |
|
Инфра- және ультра-дыбысты, шуды, жергілікті және жалпы дірілді өлшеу |
Дания |
Шуды өлшеуді тұрақты жұмыс орындарында, ал бекітілген жұмыс орындары болмаған кездерде-жұмысшының ең жиі болатын нүктелерінде жүргізген дұрыс.
Егер жұмыс отырып атқарылатын болса микрофонды еденнен 1,5метр биіктікте немесе басқа қалыптарда бас деңгейінде орналастыру керек; ол шу көзіне бағытталуы тиіс және өлшеу жүргізуші оператордан 0,5 метр кем емес қашықтықта тұруы керек. Зерттеуді жүргізер алдында құралдың электрлік түзетілуін жүргізуі керек.
Тұрақты шуды өлшеуде әрбір нүктеден 3рет жүргізілуі керектігін атап айту керек.
Тұрақсыз шуды өлшеуде уақыттық сипаттама тетігін «баяу» қалпына, жиіліктік тетігін-«А» қалпына қою керек; максимальды дыбыс деңгейін анықтауда- «баяу» тетігін қояды, бірақ дыбыс деңгейі мәндерін тілшіктің максимальды ауытқу сәтінде түсіріп алады. Өлшеу нәтижелері хаттама түрінде берілуі керек.
