Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 5 ЭКОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.46 Кб
Скачать

Емдеу үшін қолданылады:

Қалыпты микрофлора құрамына кіретін антогонист микробтардың биологиялық белсенді штамдарынан дайындалатын препараттар (коли бактерин, бифидумбактерин, лактобактерин, бификол т.б

Ішек микробтарының балансын жақсарту арқылы микроорганизмге қолайлы жағдай туғызу үшін кез –келген пайдалы тірі микроорганизмдерден дайындалған тағамдық қоспалар (биологиялық активті қоспалар –БАҚ-БАД). Мысалы ашытқы саңырауқұлақтар, эшерихиялар, бациллалар т.б.

Қалыпты микрофлораның өсіп өнуін және белсенділігін арттыру арқылы иесінің организміне қолайлы әсер ететін, қорытылмайтын (сіңірілмейтін) тағамдық препарат. Мысалы: инулин,олигофруктоза т.б

Микробтарға әсер ететін сыртқы орта факторлары:

  • Физикалық (температура, кептіру, иондамайтын (УКС, инфрақызыл) және иондаушы (радиация) сәулелер, ультрадыбыс, қысым т.б)

  • Химиялық (дезинфектанттар, антисептиктер, химиопрепараттар т.б)

  • Биологиялық (антибиотиктер, бактериоциндер, микроциндер, эубиотиктер (пробиотиктер), бактериофагтар).

Олар әсер етеді: қолайлы, зиянды (бактериостатикалық, -цидтік, -литикалық, қасиетін өзгергіштік) жіне индиферентті (зиянсыз) болады.

Сыртқы орта факторларының әсер етуі нәтижесіне ықпал жасайтын жағдайлар:

  • әсер ету мерзімі (экспозиция).

  • Фактор күші (дозасы, концентрациясы).

  • Микробтың биологиялық қасиеті (спора түзуі, қышқылға төзімділігі).

  • Фактор әсер ететін сәттегі микроорганизмнің физиологиялық жағдайы (бөліну, өсу кезеңі, дақыл жасы, спора түзу кезеңі).

  • Әртүрлі факторлардың бірлескен әсері (температура, қысым, ылғалдылық).

Сыртқы орта факторларының микроорганизмдерге тигізетін әсері:

Сыртқы орта объектілерін зерттеудің негізгі микробиологиялық әдістері:

  • Қоздырғышты тікелей табу (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табуға қолданылатын микробиологиялық дәстүрлі әдістер).

  • Қоздырғышты индикациялаудың жанама әдістері – оған-ЖМС(ОМЧ) – жалпы микробтар санын және СКМ(СПМ) – санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау жатады.

Тиісті объектілерден сынама (проба) алып, физиологиялық ерітіндімен 10-еселеп сұйылтып, зерттелген заттың 1г. (топырақ), 1мл. (су, басқа сұйықтар), және 100 см2 (беткейлер) және 1 см3 (ауа) дағы тиісті микробтар санын анықтайды.

СКМ (СПМ)- адамдар мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілдері, организммен патогенді микробтармен бірге шығады. Олар - ортаның санитарлық- гигиеналық жағдайының нашарлағанын көрсететін индикатор.

Санитарлық микробиология негіздері

Санитарлық микробиология адамдардың денсаулығына қолайсыз әсер ете алу мүмкіндігі бар қоршаған орта микроорганизмдерін (оның ішінде патогенділерін де) зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы.

Міндеті:

  • Қоршаған орта объектілеріне микробилогиялыұ зерттеу жүргізу

  • Микробиологияқ көрсеткіштер нормативін жасау

  • Сыртқы орта объектілерін сауықтандыру шараларын жасау және олардың орындалуына бақылау жүргізу.

Суды, топырақты, ауаны т.б объектілерді санитарлық – микробиологиялық зерттеудің мақсаты;

  • Эпидемия кезінде жұқпалы аурулардың қоздырғыш көзін, таралу жолдарын, және де патогенді микробтардың сыртқы ортада сақталу мерзімін анықтау.

  • Өндірістік орындардың, мектеп, бала-бақша,мәдени және медициналық мекемелер салатын орындардың, тағамдық өнімдердің, су көздерінің, тұрмыстық заттардың (ыдыс-аяқ, жиһаз, киім-кешек, ойыншықтар т.б) микробтық ластануын анықтау.

Қолданылатын зерттеу әдістері:

Ауа Седиментациялық әдіс (Кох әдісі)

Аспирациялық (арнайы аспаппен)

Фильтрациялық (ауаны су немесе фильтр арқылы өткізу)

Топырақ Сериялық сұйылту әдісі.

Үш фазалық ашыту әдісі.

Су Мембрандық фильтрлеу әдісі.

Микробиологиялық зерттеу көрсеткіштері.

Топырақ:

  • Тиісті концентрацияда Е.coli және Str. Faecalis табылуы нәжіспен жаңадан ластанғанын; Citrobacier және Enterobacter –біршама бұрын;Cl. Perfringens –бұрыннан бері ластанғанын көрсетеді. Негізгі көрсеткіштер: коли индекс -1г топырақтағы ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ-БГКП) саны.

  • Топырақ арқылы таралуы мүмкін патогенді микробтар: Salmonella,Shigella, Cl tetani, Cl botulinum, Bac. Anthracis, Enteroviridae т.б.

Су

  • ЖМС -1мл судағы мезофильді бактериялар саны (құбыр суында МЕСТ-ГОСТ бойынша 50-ден көп емес)

  • Коли –индекс (коли-титр) –мл судағы ІТТБ саны (ІТТБ табылатын судың ең аз көлемі) –МЕСТ бойынша ІТТБ болмауы керек.

  • Су арқылы таралуы мүмкін микробтар таксоны: Salmonella, Enteroviridae, Enterococcus, Vibrio cholerae т.б.

Ауа:

  • ЖМС -1м3 ауадағы жалпы микробтар саны (операция жасайтын бөлмеде 500-ден артық болмауы керек)

  • Индекс СКМ -1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк және алтынша стафилококк саны.