Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 5 ЭКОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.46 Кб
Скачать

4-дәріс Микроорганизмдердің экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Топырақ, су, ауа микрофлорасы. Санитарлык көрсеткiш микроорганизмдер.

Дәріс жоспары:

1.Кіріспе. Микробтар экологиясы.

2. Симбиоз анықтамасы, түрлері.

3. Адам организмнің қалыпты микрофлорасы.

4. Қалыпты микрофлораның пайдалы және зиянды әсері.

5. Дисбактериоз. Анықтамасы.

6. Дисбактериоз пайда болу себептері.

7. Дисбактериозды анықтау әдістер

8. Дисбактериоз түрлері (классификациясы)

9. Дисбактериоз жағдайында емдеу үшін қолданылатын препараттар.

10.Микробтардың сыртқы ортада таралуы.(топырак, су , ауа).Санитарлық көрсеткiш микроорганизмдерi.

  • Экологиялық микробиология немесе микроэкологиятиісті биотопта бірге тіршілік ететін макро- және микроорганизмдердің өзара қатынасын зерттейтін жалпы микробиологияның бір тарауы.

  • Мұндай түсінікті 1945 ж. академик С.Н Вернадский енгізген.

Экологиялық терминдер:

  • Биотоп – тірі (биотикалық) және өлі (абиотикалық) табиғи компоненттерден тұратын, аумағы шектелген микроорганизмдер мекендейтін орта.

  • Популяция – тиісті бір биотопты шеңберінде тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.

  • Микробиоценоз – бір биотопта тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.

  • Экожүйе (экосистема) - өзара әрекеттесетін биотоп пен микробиоценоздан тұратын жүйе.

  • Экосаңылау (экониша) – микробтар орналасатын (мекендейтін меншікті қуысы (орны).

  • Экологиялық факторлар – микробиоценозға әсер ететін тіршілік ортасының элементтері (жағдайлар).

  • Симбиоз- биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету).

Симбиоздың түрлері:

  • Метабиоз – уақытына қарай ретімен болатын симбиоз. Бір микроб басқа микробтар тіршілік етуіне жағдай жасайды (аэробтар мен анаэробтардың метабиозы)

  • Мутуализм - өзара пайда келтіретін симбиоз (саңырауқұлақтар балдырларға органикалық заттар береді)

  • Комменсализм – микробтың бір түрі екіншісіне зиян келтірмей тіршілік етуі (адам ағзасының қалыпты микрофлорасы).

  • Сателлизм – бір микробтың әсерінен екінші микробтық өсіп -өнуі немесе басқа әрекетінің күшеюі (гемолитикалық стафилококтың әсерінен В тобындағы стрептококктардың гемолиздік факторы күшейеді).

  • Нейтрализм – бір биотоптағы симбионттар бір-біріне ешқандай әсер етпейді.

  • Антагонизм - өзара қатынастың бәсекелестік типі, бұл кезде иесінің есесінен тіршілік етеді, оған зиян келтіруі.

  • Паразитизм – антагонизмнің бір түрі, бұл кезде микроб иесінің есесінен тіршілік етеді, оған зиян келтіруі.

  • Микроорганизмдер тіршілік ететін қоршаған орта обьектілері: су, топырақ, ауа, қоғамдық заттар т.б.

  • Микроорганизмдер тіршілік ортасы болатын тірі организмдер: адам, жануарлар, өсімдіктер, микробтар.

  • Аутохтонды микроорганизмдер: тиісті экологиялық саңылауда тұрақты биоценоз құрайтын микробтар.

  • Аллахтонды микроорганизмдер: биоценоздың тұрақты мүшесіне жатпайтын (кездейсоқ) микроорганизмдер.

Микроорганизмдердің табиғатта зат айналымындағы рөлі.

Олар тірі және өлі табиғаттың өзара байланысына қатысып, тұрақты тепе –теңдікті атқарады:

  • Ақуыздарға ыдыратуға (анаэробты шіріткіш бактериялар, факультативті – анаэробты және кейбір аэробты бактериялар).

  • Азот айналымына қатысады (нитробактериялар, нитрозобактериялар, азотфиксациялайтын бактериялар т.б)

  • Көмірсулар айналымына қатысады –ашытқы қоздырғыштары (май қышқылды таяқшалар, сүт қышқылды стрептококк, ашытқы саңырауқұлақтар т.б.)

Адам организмінің қалыпты микрофлорасы.

Адам организмінде микроорганизмдердің 500-дей түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе-теңдік жағдайда(эубиоз) болады, олардың көпшілігі комменсал- адамға зиян келтірмейді. Қалыпты микрофлора сыртқы қабаттарды (тері) және сыртқы ортамен байланысы бар қуыстардың барлығында мекендейді. Қалыпты жағдайда өкпе тіндерінде, жатырда және ішкі ағзаларда микроорганизмдер болмайды.

Адам организмнің микрофлорасын екі топқа бөледі:

  • Тұрақты (резидентті, индигенді немесе автохтонды) микрофлора – организмде барлық уақытта кездеседі.

Облигатты микрофлора (бифидумбактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшасы, пептосрептококктар т.б) микробиоценоздың негізі болып табылады.

Факультативті микрофлора (стафилококктар, стрептококктар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар т.б) микробиоценоздың шамалы бөлігін құрайды.