- •1.Ауру қоздырушылар- патогенділер 2. Сапрофиттер-патогенсіздер
- •3.Шартты патогенділер
- •II. Таяқша тәрізділер – пішіні жасушаның орналасуына (диплобактериялар, стрептобактериялар), шетінің пішіні (қалыңдаған, үшкірленген, жұмырланған, тік бөлінген) бойынша ажыратылады.
- •III. Иректелген – саны және иректер сипаты бойынша ажыратылады
- •3.Класс
- •5.Тұқымдастық
- •6.Туыстастық
№ 1
Микробиологияның мақсаты және міндеттері. Дәрігер қызметіндегі микробиологияның маңызы. Бактерия жасушасының морфологиясы,ультрақұрылымы,функциялары және химиялық құрамы. Бактерияларды жүйелеу принциптері
Бұл тақырыптың негізгі мақсаты медициналық микробиология пәні нені зерттейтіні туралы; жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және алдын алу үшін қандай әдістерді пайдаланатыны туралы студенттерде білім қалыптастыру болып табылады.
Микробиологияның ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Микробиология ғылымының салалары
Пәні, мақсаты және міндеттері
Микробиологияның дәрігер қызметіндегі маңызы
Бактерия жасушасының морфологиясы,
ультрақұрылымы,функциялары және химиялық құрамы.
Бактерияларды жүйелеу принциптері
МИКРОБИОЛОГИЯ (грек сөзі «micros» - кіші, «bios» - тіршілік, «logos»-ғылым) –арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін тірі организмдер туралы ғылым (бактериялар микрометмен өлшенеді- мкм, ол миллиметрдің мынан бірі, вирустар нанометрмен өлшенеді- нм, ол мкм-дің мыңнан бірі.
« Микроб» - грекше-microbe-ұзақ өмір сүрмейтін деген ұғымды 1878 жылы Седилло дейтін зерттеуші енгізген.
Микробтарды зерттейтін ғылымды алғашқыда Пастер – кейіннен Дюкло- микробиология деп атауды ұсынған
Микробиологияның ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Микробиология ғылымының даму тарихында негізгі бес кезеңдері:
Эвристік
Морфологиялық
Физиологиялық
Иммунологиялық
Молекулалы-генетикалық.
Микробиологияның даму кезеңдері:
1.Эмпирикалық зерттеудің кезеңі (эвристикалық):
Гиппократ (III-IV б.д.д.) – миазматикалық теория;
Джералимо Фракасторо (1476-1553) – контагия туралы теория ;
2. Морфологиялық кезеңі:
Ганс және Захарий Янсен (1590) – алғашқы микроскоп, 32 есе үлкейтетін;
Галилей (1609) – жай микроскоп;
Дребель (1617) екі линзалы микроскоп
Левенгук (1632-1723) – 160-300 есе үлкейтетін линзалардың ашылуы. «анималкульдің» – «тірі жәндіктердің» суда , қышқылдарда, спермада, тіс жегінде және т.б. табылуы.
Ивановский Д.И. (1892) – вирустардың ашылуы
3. Физиологиялық кезеңі:
Луи Пастер (1822-1895) – өздігінен жұқтыру теориясына қарсы шықты; анаэробиоз және ашыту табиғатын ашты; стерилизация принципінің негізін қалады, құтыруға қарсы вакцина ашты.
Роберт Кох (1843-1910) – бактерияларды бояуын ұсынды, микрофотосъемканы, таза дақылды алу әдістерін ұсынды, туберкулез және тырысқақ қоздырғыштарын ашты.
4. Иммунологиялық кезең:
Э.Дженнер (1749-1823) – сиыр оспасынан адамдарға екпе жүргізу
Луи Пастер – вакцинацияның принциптерін ашты.
Мечников И.И. (1843-1916) – фагоцитарлы теория, иммунитеттің жасушалық теориясының негізін салды.
П.Эрлих (1854-1915) – антидене туралы гипотезаны, иммунитеттің гуморальдық теориясын дамытты.
5. Молекулярлы-генетикалық кезеңі: вирустар мен бактерия гендерінің ашылуы, биотехнологияда кең қолданылатын рекомбинантты штаммдардың құрылуы,
( вакциналарды, дәрілік заттарды, тағамдық ақуыздарды, қанттарды алу және т.б.)
Қазіргі кезде биологиялық ғылымдардың ең маңыздысы – микробиология бірнеше өзіндік пәндерге бөлінген:
Жалпы микробиология
Ветеринариялық микробиология
Ауылшаруашылық микробиологиясы
Өндірістік (техникалық) микробиология
Аса маңызды тарау - биотехнология, гендік инженерия
Ғарыш және теңіз микробиологиясы
Медициналық микробиология
Адамдардың, әртүрлі жануарлардың организмінде, қоршаған ортада болатын, жер бетінде мекендейтін барлық микробтарды үш топқа бөлуге болады
1.Ауру қоздырушылар- патогенділер 2. Сапрофиттер-патогенсіздер
3.Шартты патогенділер
Медициналық микробиология 2 бөлімнен тұрады:
ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ –МИКРОБТАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ТІРШІЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН, ОЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ РӨЛІН ЗЕТТЕЙДІ.
Жалпы микробиология:
бактериялар мен вирустардың морфологиясы, физиологиясы;
микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы/ төзімділігі;
бактериофагтар;
микроорганизмдердің патогенділігі (инфекция);
микроэкология;
иммунитет т.б.)
Жеке микробиологияның тараулары:
бактериология
вирусология
микология
протозология
гельминтология
Жеке микробиология :
қоздырғыштардың жіктелуін, морфологиясын
дақылдандыруын
антигендерін
патогенділігін
жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою әдістерін
емдеуін
алдын алудың негіздерін зерттейді.
Патогенді микрорганизмдерді анықтау эпидемиологилық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Шартты–патогенді микрорганизмдер - әлсіріген организмде іріңді- қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар , олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.
Клиникалық микробиология :
терапиялық
онкологиялық
хирургиялық
гинекологиялық
урологиялық т.б. бөлімшелерде соматикалық науқастарда пайда болатын микробтар қоздыратын жұқпалы емес аурулардың этиологиясын, патогенезін, иммунитетін, зертханалық диагноз қою негіздерін зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы
Клиникалық микробиология:
шартты-патогенді микроорганизмдерді, олардың адам патологиясындағы рөлін;
микробиологиялық диагноз қою принциптерін;
қалыпты микрофлораны, адамдарда болатын дисбактериоздарды және оған микробиологиялық диагноз қоюды;
госпитальдық инфекцияларға диагноз қою және алдын-алу принциптерін зерттейді;
Мұндай ауруларды әртүрлі атайды:
шартты – патогенді індеттер инфекциялары (ШПИ)
эпидемиялық емес микробтық аурулар (ЭМА)
оппортунистік індеттер (ОІ)
іріңді – қабыну аурулары (ІҚА)
Клиникалық микробиологияның мақсаты:
ШПИ қоздырғышын және оның этиологиялық рөлін анықтау
Микробтар қоздыратын жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын бөліп алу, идентификациялау және биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Бөлініп алынған микробтардың этиологиялық маңыздылығының критерияларын жасау
ШПИ қоздырғыштарының антибиотиктерге төзімділік дәрежесін зерделеу.
Шартты – патогенді инфекцялардың (эпидемиялық емес аурулардың ) негізгі белгілері:
Полиэтиологиялылығы шартты – патогенді микробтардың бірнеше түрі қоздыруы мүмкін.
ШПИ көпшілік жағдайда аралас инфекция түрінде өтеді
Кесел дамуы барысында қоздырғыштары ауысып отырады, соның нәтижесінде процесс асқына түседі.
Қоздырғыштарының айқын спецификалығы және органдық тропизмі болмайды.
Зертханалық зерттеу әдістерінің ең информативтілерін таңдап алу және жетілдіру; оларды жүргізуді бірегейлеу және зерттеу нәтижелерін тиімді бағалауды жасау.
Дисбактериоздардың микробиологиялық және медициналық аспектлерін зерделеу.
Соматикалық стационарларда аурухана ішілік (АІИ) инфекциаларға микробиологиялық диагноз қою.
Ауруханалық мекемелерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін микробиологиялық мониторинг жасау және пайдалану.
ШПИ кезінде антибиотикпен емдеу тиімділігі өте төмен
Сонымен ШПИ – ға диагноз қоюда микробиологиялық зерттеулер шешуші рөл атқарады.
Санитариялық микробиология – адамдардың тіршілік ету ортасы нысандарының (су, ауа, топырақ, өсімдіктер, ас тағамдары т.б.) санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерін зерттейді.
Санитарлық-микробиологияның міндеттері:
Адамның денсаулығына әсер ететін экология сапасын бағалау үшін санитариялық көрсеткіш микробтардың қалыптылық шегін анықтау.
Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек.
Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.
Санитарлық – микробиологиялық тәжірибеде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының (су, топырақ , тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және т.б.) белгілі көлеміндегі немесе мөлшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады.
Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі.
Қоршаған орта обьектілерінде патогенді, шартты- патогенді және санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау.
қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормативтердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасау.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдерді бөліп алу. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді.
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:
Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек.
Топырақ пен суда мекендеп, көбеймеуі керек.
Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек.
Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек.
Оларды анықтау және бір-бірінен ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.
Зерттеу әдістері:
Микроскопиялық әдіс
Бактериологиялық (вирусологиялық, микологиялық) әдіс - қоздырғышын бөліп алу негізінде диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Иммунологиялық (серологиялық) диагноз қою әдістерінің көптеген түрлері бар.
Эксперименттік
Аллергологиялық
Иммуногендік әдістер.
Дәрігер қызметіндегі микробиологияның мәні:
Кез келген мамандықтағы дәрігерге микробиология, вирусология және иммунология ғылымының негізін игеру, оның практикалық қызметінде қолдана білуге мүмкіндік береді:
Жұқпалы ауруларды, ауруханаішілік (оппортуникалық, госпиталді) және басқа да табиғаты микробты ауруға уақытылы, дұрыс диагноз қою;
Қалыпты микрофлораның бұзылуы (дисбактериоз), иммунодефицитті, аутоиммунды және аллергиялық қалыпты негізгі емдеу кезінде ескеру;
Реципиент пен донор, ана мен бала арасындағы иммундық сәйкестіктің қиыншылықтарын жеңу;
Экологиялық және санитарлық микробиологияның қиыншылықтарын білу;
Емдеу және алдын алу жұмыстарында иммунобиологиялық және микробқа қарсы препаратты дайындау және қолдану тәсілдерін білу.
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МИКРООРГАНИЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
. Шар тәріздес (коктар):
монококтар (микрококтар);
диплококтар;
тетракоктар;
сарциналар;
стрептококтар;
стафилококтар;
