Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқулықтың түзетілген бөлімдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.8 Кб
Скачать

Төртінші қарынша

Төртінші қарынша, ventriculus quartus, ромбтәрізді мидың қуысы болып табылады, алдыңғы жағынан көпір мен сопақша мидың, артқы жағынан мишықтың арасында орналасқан. Пішіні түбі мен төбесі бар шатыртәрізді болып келеді. Төбенің жоғарғы және төменгі қабырғалары дорсалды және бүйір жақтарынан қосылып, латералды қалталар, recessus lateralis, түзеді.

Төртінші қарыншаның түбі - ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhomboidea, деп аталады. Оны көпір мен сопақша мидың артқы беттері құрайды. Ол бүйір жақтарынан мишықтың жоғарғы және төменгі аяқшаларымен шектелген. Шұңқырды орталық сызық бойымен бөлетін орталық жүлгенің, sulcus medianus, екі жағында медиалды томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Әр томпақты латералды жағында шекаралық сызық, sulcus limitans, шектейді.Жүлге жоғарғы және төменгі шеттерінде жоғарғы және төменгі шұңқыршаларға жалғасады. Медиалды томпақтың жоғарғы бөлігінде бет нервінің төмпешігі, colliculus facialis, көрінеді, ол әкететін нерв ядросын иін түрінде қоршай орналасатын бет нервінің талшықтарынан түзілген. Медиалды томпақ төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нерві үшбұрышына, trigonum n.hypogllossi, ауысады. Оның латералды жағында кезбе нерв үшбұрышы, trigonum n.vagi, орналасады.

Төртінші қарыншаның латералды қалтасының аймағында, ромбтәрізді шұңқырда вестибулярлық алаңды, area vestibularis, ажыратады.Осы алаңнан көлденең бағытта милық жолақтар, striae medullares, өтеді. Олар көпір мен сопақша мидың арасындағы дорсалды шекара болып табылады және есту жолдарына жатады.

Ромбтәрізді шұңқыр аймағында келесі: үшкіл, әкететін, бет, кіреберіс-ұлу және тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты бассүйек нервтерінің ядролары орналасады.

Төртінші қарынша төбесі, tegmen ventriculi quarti, жоғарғы және төменгі қабырғалардан тұрады. Жоғарғы қабырғасын тақ жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, және мишықтың жоғарғы аяқшаларының бөлігі құрайды. Мишықтың жоғарғы аяқшаларының арасында тартылып тұратын, қалыңдығы 0,5 мм-дей болатын ми табақшасы - жоғарғы ми желкені деп аталады. Оның ішінде жұлын-мишықтық алдыңғы жол талшықтарының қиылысы өтеді. Төртінші қарынша төбесінің төменгі қабырғасын төменгі ми желкені түзеді. Төменгі ми желкені, velum medullare inferius, эмбриогенездік артқы ми көпіршігінің қалдығы - жұқа ми табақшасынан тұрады. Бұл табақша ішкі жағымен IV қарыншаның тамырлық негізін, tela choroidea ventriculi quarti, түзетін мидың жұмсақ қабығымен тығыз бітіседі. Тамырлық негіз IV қарыншаның қуысына қараған жағын жауып жатқан эпителийлік табақшамен бірігіп – IV қарыншаның тамырлық өрімін, plexus choroideus ventriculi quatri, түзеді. Бұл қарыншаның төменгі қабырғасында үш тесік: орталық тесік, apertura mediana (Можанди тесігі, foramen Мagendi) және жұп латералды тесік, aperturа lateralis (Люшка тесігі, aperturа Luschka) ажыратылады. Бұл тесіктер арқылы IV қарынша қуысы мидың торлы қабықастылық кеңістігімен жалғасады, яғни ми – жұлын сұйықтығы IV қарыншадан торлы қабықасты кеңістікке (мишық – ми цистернасына) өтеді. IV қарынша қуысы жоғарғы жағында – ортаңғы мидың суқұбырына, ал төменгі жағында – жұлынның орталық өзегіне жалғасады.

Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтерінің ядролары.

Ромбтәрізді шұңқыр аймағында: үшкіл, әкететін, бет, кіреберіс-ұлу және тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты бассүйек нервтерінің ядролары орналасады. Бұл шұңқырдың жоғарғы бөлігінде (көпірде) V, VI, VII және VIII, ал төменгі бөлігінде ( сопақша мида ) IX, X, XI және XII жұп бассүйек нервтерінің ядролары жатады.

Бассүйек нервтерінің V жұбы, үштік нервтің n.trigeminus, төрт ядросы бар, олардың үшеуі- сезімтал, біреуі- қозғалтқыш. Сезімтал ядролары:

1.Үштік нервтің көпірлік ядросы, nucleus pontinus nervi trigeminalis, көпірдің артқы ( дорсалды) бөлігінде орналасқан;

2.Үштік нервтің ортанғы милық ядросы, nucleus mesencephalicus nervus trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдан ортанғы миға жалғасып , суқұбырдың жанында орналасады ;

3. Үштік нервтің жұлындық ядросы, nucleus spinalis nervi trigeminalis, көпірден басталып , сопақша ми арқылы өтеді де жұлынның жоғарғы сегменттерінде аяқталады ;

4. Үштік нервтің қозғалтқыш ядросы, nucleus motorius nervi trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдың ( көпірдің) жоғарғы болігінде жатады.

VI жұп, әкететін невтің, abducens, nucleus nervi abducentis, деп аталатын қозғалтқыш ядросы беттік төбешіктің тереңінде орналасады.

VII жұп, бет нервінің, n. facialis, үш : сезімтал, парасимпатмикалық, қозғалтқыш ядролары бар.

1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болып, көпірде және сопақша мида орналасады. Бұл ядрода дәм сезімін өткізетін аксондар аяқталады .

2. Парасимпатикалық ядросы: жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior, деп аталады .

3. Қорзғалтқыш ядросы: бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, көпірде терең орналасады . Бұл ядродан шығатын нерв талшықтары жоғары (дорсалды) жүріп VI жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді.

VIII жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulocochlearis, 6 ядросы бар : 2 ұлулық, 4 кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік алаңында орналасқан.

Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода , nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады.

Кіреберістік ядролар: кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior, ішкі құлақтың жартылай дөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршалары және жатырша (эллипстік қапша, utriculus ) мен дөңгелек қапшаның (sacculus) дақтары арқылы келетін дене қапының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импульсті) қабылдайды .

IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossapharyngeus, сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. Сезімталы - жеке ядро , nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болады. 2. Парасимпатикалық ядросы - төменгі сілекей бөлетін ядро, nucleus solivatorius inferior,- деп аталады. 3. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді .

X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus , үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар .

1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады .

2. Парасимпатикалық ядросы : кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,- trigonum nervi vagi, аймағында жатады .

XI жұп қосымша нервтің , n. accessorius, қосымша нервтің ядросы, nucleus nervi accessorii, деп аталатын қозғалтқыш ядросы, жұлынның жоғарғы 5-6 сегменттері деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасады.

XII жұп, тіласты нервінің, n. hypoglossus, тіласты нервінің үшбұрышында жататын тіласты нервінің ядросы, nucleus nervi hypoglossi деп аталатын бір қозғалтқыш ядросы бар .