Мидың дамуының графологиялық сызбасы
І ІІ ІІІ
Prosencephalon Mesencephalon Rhombencephalon
Telencephalon Diencephalon Mesencephalon Metencephalon Муelencephalon
1.үлкен ми 1.таламус 1.ми аяқшалары 1.көпір 1.IV-қарынша
сыңарлары 2.эпиталамус 2.төрт төбешік 2.мишық
2.ромбтәрізді 2.базальды 3.метаталамус 3.ортаңғы ми 3.IV-қарынша шұңқыр
ядролар суқұбыры
3. Бассүйек 3.бүйір 4.гипоталамус 4.ромбтәрізді нервтерінің қарыншалар 5.ІІІ-қарынша шұңқыр ядролары
5.бассүйек
нервтерінің
ядролары
Жұлын
Жұлын, medulla spinalis, омыртқа бағанасы өзегінде орналасқан. Пішіні алдынан артына қарай аздап қысыңқы, цилиндртәрізді болып келеді. Оның мойындық, кеуделік жәнет белдік бөліктерін ажыратады. Ұзындығы еркектерде орта есеппен 45 см,әйелдерде 42 см шамасында,жуандығы 8 мм-ден( кеуделік бөлігінде) 14 мм- ге (мойындық және белдік бөліктерінде) дейін болады . Жоғарғы жағында, шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейінде жұлын сопақша миға жалғасады. Бұл жерде жұлыннан бірінші жұп жұлын нервтері шығады. Жұлынның төменгі шеті сүйірлене милық конус, conus medullaris, түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке соңғы жіпке, filum terminale, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның жуандаған мойындық буылтығы, intumescentia cervicalis және бел – сегізкөздік буылтығы, intumescentia lumbosacralis, бар, олардан қол және аяқ нервтеледі, сондықтан аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның алдыңғы бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, артқы бетінде артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior,орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі. Жұлынның әрбір жартысында алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis және артқы латералды жүлге, sulcus posterolateralis, өтеді. Артқы латералды жүлгеге артқы түбіршік, radix posterior (сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен қосылатын жерінде жұлын түйіні, ganglion spinale, орналасқан, ол жалған бір өсінділі (жалған униполярлы) сезімтал нейрондардан түзілген. Осы нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден алдыңғы түбіршік, radix anterior (қозғалтқыш), шығады. Бұл түбіршік жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін, nervus spinalis,түзеді. Жұлыннан 31 жұп жұлын нервтері шығады.
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі ) жұлынның сегменті, деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақтық (Co1), барлығы 31сегмент бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді. Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа бұлшықеттері енеді.
Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia gris , және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.
Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et columna posterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек , canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы мүйізін, cornu anterius , және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың арасында орталық аралық және бүйір аралық заттар орналасқан. Орталық аралық зат , substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Латералды аралық зат, substantia intermedia lateralis , орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттерінде бүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).Substantia intermedia lateralis – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады.
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік ядроны, nucleus thoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпе тәрізді затты,substantia gelatinosa және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді.
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.
Жұлынның ақ заты,substantia alba, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқы жіпше, funiculus posterior, артқы орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады:
Ассоциативтік будалар, артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын- меншікті будаларды, fasiculi proprii,түзеді.
Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар, нервтік импульсты миға жеткізеді.
Төмендеген ( қозғалтқыш) өткізгіш жолдар, нервтік импульсты мидан жұлынның алдыңғы мүйізіне өткізеді.
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар сегментүстілік өткізгіш аппарат деп аталады.
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты филогенездік даму барысында ерте пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары енеді.
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар орналасады.
Артқы жіпше, артқы аралық жүлге арқылы, медиалды орналасқан жіңішке будаға, fasciculus gracilis, (Голль будасы) және латералды орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, (Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш жолының бір бөлігі өтеді.
Бүйір жіпшеде орналасқан жоғарылаған өткізгіш жолдар:
Жұлын – мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris anterior (Говерс жолы);
Жұлын – мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior (Флексиг жолы), аталған екі жол мишыққа санасыз проприоцептивтік импульстарды жеткізеді.
Жұлын – таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, ауырсыну және температура сезімталдығын өткізеді.
Бүйір жіпшенің төмендеген өткізкіш жолдары :
Қыртыс – жұлындық латералды жол, tractus corticospinalis lateralis, саналы қозғалтқыш импульстарды ми қыртысынан ( орталық алды қатпарынан ) жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.
Қызыл ядро – жұлындық жол, tractus rubrospinalis, ортаңғы мидың қызыл ядросынан басталып ,қарама – қарсы жаққа өтіп , жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады.Бұл жол экстрапирамидалық жүйеге жатады, яғни қаңқалық бұлшықеттердің тонусын және жиырылу реттілігін санасыз түрде қамтамасыз етіп отырады (қимыл – қозғалыстарды «автоматты» басқарады ).
Алдыңғы жіпшенің негізгі өткізгіш жолдары :
Қыртыс – жұлындық алдыңғы жол, tractus corticospinalis anterior, мидың орталықалды қатпарының пирамидалық жасушаларынан басталып ,жұлында ақ дәнекер арқылы қарама - қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға саналы импульстарды жеткізеді.
Жұлын – таламустық алдыңғы жол, tractus spinothalamicus anterior , миға жанасу және қысым ( тактилдік) сезімталдығын өткізеді.
Торлық – жұлындық жол, tractus reticulospinalis, мидың торлы құрылымынан жұлынның қозғалтқыш нейрондарына келеді , басқа жолдар арқылы өтетін импульстардың күшін,кернеуін реттейді және бұлшықеттердің тонусын қамтамасыз етеді.
Жамылғы - жұлындық жол, tractus tectospinalis, ортаңғы мидың жоғарғы төбешігінің (қыртысастылық көру орталығы) және төменгі төбешігінің (қыртысастылық есту орталығы) нейрондарынан басталып, жұлынның алдыңғы мүйізінде аяқталады.Аяқ астынан туындаған дыбыстық,жарықтық жіті ақпараттарға (тітіркендірулерге) қарсы (шартсыз рефлекстік тез қозғалыстар арқылы ) қорғаныстық қызметті қамтамасыз етеді.
Пренаталдық онтогенездің алғашқы үш айында жұлын омыртқа бағанасының өзегін толық алып жатады. Жұлын нервтері жұлыннан горизонталды жазықтықта шығып, сәйкес омыртқааралық тесік арқылы өтеді. Дамудың төртінші айынан бастап жұлынның ұзаруы омыртқа бағанасының өсуінен қала бастайды. Сондықтан, жаңа туған нәрестенің жұлынының төменгі шеті II немесе III бел омыртқаларының деңгейінде орналасады. Осыған байланысты сәйкес омыртқааралық тесіктерден өту үшін бел,сегізкөз және құйымшақ нервтерінің түбіршіктері төмен түседі, олардың жиынтығы ат құйрығы, cauda equina , деп аталады.
