Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқулықтың түзетілген бөлімдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.8 Кб
Скачать

Нерв жүйесі Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы

Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады.

Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады.

Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон (нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады.Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.

Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп үш түрі ажыратылады.

1.Сезімтал (афференттік, рецепторлық) нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.

1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып -жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.

2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.

3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.

2. Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жеткізеді.

3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв-тердің құрамында ағзаларға барады.

Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.

Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).

Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.

Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.

Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді.

Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға беріледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде орналасқан, үшінші қозғалтқыш нейронға келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.

Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.

Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.

Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық) және автономдық (вегетативтік) болып екіге бөлінеді.

Сомалық нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын нервтендіреді, яғни, қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді.

Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесі ішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және симпатикалық бөліктерге бөлінеді.

Нерв жүйесі

Орталық н.ж. шеткі н.ж.

ми жұлын сомалық автономдық

(анималдық) (вегетативтік)

парасимпатикалық симпатикалық

ішкі ағзалар

Нерв жүйесінің филогенезі

Қарапайым бір жасушалы амебада нерв жүйесі болмайды, олардың сыртқы ортамен арақатынасы гуморалдық жолмен іске асады.

Нерв жүйесі дамуының бірінші сатысында - ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда (гидрада) пайда болып, тортәрізді құрылым түзеді: жасушалар өзара көптеген өсінділер арқылы байланысып тұрады.

Филогенездің келесі сатысында нерв жүйесінің түйіндік түрі пайда болады.Нерв жасушалары жиналып түйіндер түзеді, бұл түйіндер бір – бірімен бойлық және көлденең орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің бұл түрі сегменттік құрылымды организмдерге ( омыртқасыздарға – сақиналы құрттарға) тән. Көлденең орналасқан нервтер бір сегменттің түйіндерін, бойлық нервтер көршілес сегменттердің түйіндерін байланыстырып тұрады.

Нерв жүйесі дамуының үшінші сатысында түтікті нерв жүйесі пайда болады. Нерв жүйесінің бұл түрі хордалылықтарға, соның ішінде адамға да тән. Олардың нерв түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами бастайды (дөңгелекауыздыларда). Барлық бассүйекті жануарлар миында үш: ромбтәрізді (артқы) ,ортаңғы және алдыңғы көпіршіктер түзіледі.Осылардың ішінде ромбтәрізді мидың дамуы басым болады. Себебі (төменгі сатыдағы балықтарды) көпір мен мишықта есту және тепе- теңдік сақтау орталықтары пайда бола бастайды. Эволюция барысында ромбтәрізді ми сопақша ми, myelencephalon, және көпір мен мишықтан тұратын артқы миға, metencephalon, бөлінеді. Сопақша мида өмірлік маңызды тыныс алу, ас қорыту, қанайналымды реттейтін орталықтар пайда болады. Осыған орай сопақша мида X жұп, кезбе нервтің, n.vagus, ядролары дамиды. Сондықтан сопақша мидың зақымдануы өлімге әкеліп соғады.

Көру рецепторының дамуы ортаңғы мидың дамуына әсер етеді, мидың бұл бөлігінде қыртыс астылық көру және есту орталықтары пайда болады.

Құрлықтағы жануарлардың иіс сезу қызметіне байланысты алдыңғы мидың құрамында иіс сезу миы, rhinencephalon , дамиды.

Филогенездік даму барысында алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, telencephalon , және аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесінде, соңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми деп аталатын 5 ми көпіршіктері пайда болады. Кейінгі даму кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, амфибия, рептилий және құстарда қарапайым ми қыртысы қалыптасады. жауып жатады.

Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле, күрделене түседі. Сүтқоректілерде соңғы мидың күшті дамуына байланысты,ол,мидың басқа бөліктерін жамылғы ( pallium) түрінде жауып жатады.Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле,күрделене түседі.Соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлерінің орталықтары пайда болады. Яғни, мидың дамуы барысында, оның төменгі бөліктерінде пайда болған сезімталдықтың орталықтарына сәйкес орталықтар, мидың жоғарғы бөліктерінде де пайда болады. Мысалы, есту орталығы алғаш рет артқы мида дамыса, одан кейін ортаңғы, аралық және соңғы миларда пайда болады. Бұл жағдайда сезімталдықтытың мидың төменгі бөліктерінде орналасқан орталықтары бағынышты қызмет атқарады.

Еңбек ету қызметі мен сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты адамның ми қыртысы дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп,организмнің саналы қызметін қамтамасыз ететін ағзаға айналды.

Нерв жүйесінің филогенезі:

Үш кезең:

1 кезең 2 кезең 3кезең

Тор тәрізді түйін тәрізді түтік тәрізді

гидрада құрттарда хордалықтардан

бастап

адамға дейін

Адамның нерв жүйесінің эмбриогенезі.

Нерв жүйесі ектодермадан дамиды.Тұлғаның арқалық жағында эктодермалық жасушалар нервтік(милық) табақша түзеді.Кейін, нервтік табақша, нервтік( милық) жүлгеге айналады.Нервтік жүлгенің жиектері бір-бірімен тұтасып, нервтік (милық) түтікті түзеді.Осыдан кейін нервтік түтік эктодермадан бөлініп, мезодерманың ішіне еніп , соның ішінде орналасады. Нервтік түтіктің бас жағы жуандап - миға, қалған артқы бөлігі жұлынға айналады.Пренатальдық онтогенездің алғашқы үш айында жұлын омыртқа бағанасы өзегін толығымен алып жатады,яғни екеуінің ұзындығы бірдей болады. Дамудың төртінші айынан бастап жұлынға қарағанда омыртқа бағанасының ұзаруы тезірек жүреді де,жұлынның ұзаруы омыртқа бағанасының өсуінен қала бастайды.Сондықтан, нәрестелерде жұлынның төменгі шеті II-III бел омыртқаларының ,ересектерде I-II бел омыртқаларының деңгейінде орналасады.

Эмбриондық дамудың 4-ші аптасында, ми эмбриогенезінің бірінші кезеңінде - ми үш көпіршіктен: алдыңғы ми, prosencephalon; ортаңғы ми, mesencephalon, және ромбтәрізді ми, rombencephalon, тұрады. Ми эмбриогенезінің екінші кезеніңде (4 аптаның соныңда) бес ми көпіршіктері пайда болады. Алдыңғы ми көпіршігі – соңғы миға, telencephalon, және аралық миға,diencephalon; ромбтәрізді ми көпіршігі – артқы миға,metencephalon, және сопақша миға,myelencephalon,бөлінеді.Ортаңғы ми бөлінбейді.

Нерв түтікшесінің алдымен үш көпіршекке, одан әрі мидың бес бөліктеріне бөлінуі сагиталды жазықтың бойында орналасқан үш иіндер арқылы өтеді.Ми көпіршігінің бірінші иіні шекелік иін деп аталады. Ол басқа иіндерге қарағанда ертерек дамиды. Ол ортаңғы мидың маңында орналасады. Сыртқы пішіні дөңестеу келген. Екініш иіні – шүйделік иін, ол ромбтәрізді көпіршік пен болашақ жұлынның шекарасында орналасады. Бұл иіннің де артқы беті дөңестеу келген. Ми көпіршігінің вентралды орналасқан үшінші – көпірлік иіні, сопақша ми мен артқы мидың аралығында жатады. Бұл иін арқылы ромбтәрізді ми сопақша ми артқы миға бөлінеді.

Нервтік түтіктің бүйір жақтарында орналасқан нервтік қырлардан сезімтал нейрондар орналасқан жұлын түйіндері дамиды.Нервтік қырлар жоғарғы жағында артқы ми көпіршігіне дейін жетеді де, бассүйек нервтерінің сезімтал түйіндерін түзеді.