Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
testy_IGA_aralas.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

10 Ед инсулин семилент//

Еміне бигуанидтерді қосу

***

Науқас 19 жаста қызба, анасарка түрдегі ісік, олигурия, терісінде уртикарлы бөртпе. 3 айдан бері ауырады. Зәрінде белок 3,3 г/л, көп мөлшерде эритроцит және белок, қанда мочевина25 ммоль/л. АҚ 200/120 мм сын.бағ. Бүйрек биопсиясы – капилляр қабырғасының қалыңдауы, базальды мембранасының дистрофиясы. Көрсетілген симптомды-комплекске нақты себепкерді көрсет.//

Түйінді периартрит//

+Жүйелі қызыл жегі//

Біріншілік гломерулонефрит//

Пиелонефрит//

Бүйрек ісігі

***

Әйел 50 жаста артық дене салмақ, аш қарында екі ретгликемия мөлшері жоғарылаған 6,9 и 7,2 ммоль/л. Төмендегі диагноздың қайсысы нақтырақ//

Семіздік//

Қант диабет 1 тип//

+Қант диабет 2 тип//

Аш қарында гликемия бқзылысы//

Глюкозаға толеранттылық бұзылысы

***

Қабылдауда 4 айлық сәби. Жедел ауырған, таңғы уақытта дене қызуы 38,7°С-қа дейін жоғарылаған, әлсіз болып, тәбеті төмендеген, мұрын жұтқыншақтан катаральді өзгерістер, тұмау және жөтел пайда болған. Емізулі, дамуы қалыпты. Өкпесінде қатаң тыныс. Диагноз қойыңыз және екпеге медициналық бұру парағын толтырыңыз://

+ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-4 аптаға//

Гипертермия, медициналық бұру 3-6 күнге//

Катаральді баспа, медициналық бұру 1-2 аптаға//

ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-3 аптаға//

ЖРА, ауыр дәрежесі, медициналық бұру 1 айға

***

Ұл бала 7 жаста, суықтаудан кейін жедел ауырған, дене қызуының жоғарылауы 39,0 С-қа дейін, құрғақ жөтел пайда болған, бас ауруы.Тексеру кезінде оң жақты пневмония анықталып, стационарға жолданды. Жазылғаннан кейін емханада қанша уақыт емханада бақылау қажет?//

+1 жыл//

6 ай//

2 жыл//

5 жыл//

15 жас

***

3 айлық нәресте, дене салмағы 5,0 кг, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С жедел респираторлы аурумен ауруына байланысты. Дене қызуын төмендету үшін қандай дәрі тағайындау қажет?//

+Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,05г//

Сұйықтық ішу, парацетамол - 0,01г//

Денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,025г//

Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і физиологиялық ерітінді 0,9%, парацетамол - 0,1г//

Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г

***

14 күндік жаңа туылған нәресте дене қызуы 37,8°С-қа дейін жоғарылаған. Аталған дене қызуы кезінде тыныс алу жиілігі мен жүрек соғуы қатынасы://

28/140//

20/130//

+44/160//

36/150//

52/170

***

Ұл бала 14 жаста. Тамақатанудан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, эпигасрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: әкесі асқазан ойық жарасымен ауырады. ФГДС-да: асқазан антральді бөлімінде жаралы ақау анықталды. Бірінші емдеу кестесіне тән://

+Омепразол 20 мг тәулігіне 2рет әр 12 сағ., кларитромицин 15 мг/кг 2 рет қабылдауға, метронидазол 20 мг/кг 2 рет қабылдау 14 күн көлемінде//

Субцитрат висмуты 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 рет қабылдауға, фуразолидон 10 мг/кг 3рет қабылдауға//

Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан 3-4 рет тәулігіне//

Пантопразол 20 мг 1 рет тәулігіне, кларитромицин 30 мг/кг 3рет қабылдауға, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет//

Омепразол 50 мг 2 рет күніне, әр 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3рет қабылдауға, тетрациклин 25 мг/кг 4рет қабылдауға

***

19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз? және қандай асқынуы байқалады?//

+Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі//

Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит//

Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит//

Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді ми абсцессі//

Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді мишық абсцессі

***

Жедел жәрдем машинасымен 16 жастағы науқас ауруханаға әкелінген. Шағымдары: мұрын ауруына, тыныс алуы қиындауына, мұрыннан қан кетуіне, бас ауруына. Науқастын сөзінен: соққыны төбелес нәтижесінде алған. Қарғанда: беті ассиметриялық, мұрын сүйектері оңға ысырылған. Сіздің қандай көмегіңіз?//

Мұрын сүйектеріне репозиция жасау, антибиотиктер, анальгетиктер//

Невропатолог, окулист қарау, мұрын сүйегінің репозициясы, анальгетиктер//

Стационарда 24 сағат бақылау, анальгетиктер, антибиотиктер//

+Мұрын сүйектеріне жанынан рентген жасау, неврологиялык симптоматиканы шығару, мұрын сүйектеріне репозиция жасау, анальгетиктер//

Мұрын сүйектеріне тікелей рентген жасау, анальгетиктер, мұрын сүйегіне репозиция жасау

***

Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу , ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз://

Митралды қақпашаның ревматикалық стенозы//

Рестриктивті кардиомиопатия//

+Гипертрофиялық кардиомиопатия//

Дилатациялық кардиомиопатия//

ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті

***

Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі://

Жүктіліктің бірінші триместрінде//

+Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін//

Жүктіліктің екінші триместрінде//

Босанғанға дейінгі кез келген уақытта//

Жүктіліктің соңғы триместрінде

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің Өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, созылмалы ағымы,ауыр, НК2Б» диагнозы анықталды. Қанайналым жетіспеушілігінің қандай белгілері балада бар?//

Бетінде ісік, асцит, жөтел, ентікпе, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард//

Асцит, жөтел, бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, гидроперикард//

+Жөтел, ентікпе, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі калибрлы сырылдар, бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы//

Аяғында ісік, ентікпе, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар//

Асцит, жөтел, ентікпе,бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы,

гидроперикард

***

Бала М., 12 жаста, тез шаршағыштыққа шағымданады, физикалық жүктеме кезінде ентікпеге. Қаралудан 2 күн бұрын баспамен ауырған.Қарау кезінде бозарған, көз асты көгерген. Жүректің оң жақ шекарасының кеңейгені анықталды, жүрек ұшында II тон әлсіреген , систолиялық шу естіледі. Басқа жүйелермен ағзалары өзгеріссіз. Кандай клиникалық симптомдар жүректің зақымдалуының ревматикалық емес екенін білдіреді?//

Бозарған, көз асты көгеруі//

Жүректің сол жақ шекарасының ұлғаюы//

Жүрек ұшында II тонның тынықталуы//

+Анамнезінде баспаны бастан кешіру//

Митральды қақпақша шамасыздығы

***

Карина, 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ – мен ауырған. Тәбетінің төмендігіне, әлсіздікке, қызбаға, бұлшықеттегі, буындағы, сүйектегі ауырсынуға шағымданады. Қыз бала 5 кг – ға арықтаған. Бетте, мойында, кеудеде, аяқ – қолда эритематозды бөртпе. Жарыққа сезімталдығы байқалады. Шаштары қатты, сынғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфааденопатия. Қанда қабыну реакциясы, зәрде нефритке тән әлсіз көріністер. Дәрігер жүйелі қызыл жегіге күмәнданады. Нақты диагнозды қою үшін мына лабораториялық көріністердің қайсысы спецификалық?//

Гемолитикалық комплемент//

Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер//

Аминотрансфераза, альдолаза//

+Антинуклеарлы антиденелер//

Холестерин, фибриноген

***

Бала 4 жаста, ауырғанына 2 күн, дене қызуы 37,7є С, мұрны бітелген, жөтел, араны қызарған, ТАЖ 25 р/ 1 мин, ЖСЖ -115 р/ мин. Өкпеде қатты тыныс, біркелкі естіледі, сырыл жоқ, перкуторлы дыбыс Өзгермеген. БЖАИЖ бойынша сіздің емдеу тактикаңыз?://

Антибиотиктер + қақырық түсіретін препараттар//

Анальгетиктер + сульфаниламидтер//

+Жылы сұйық ішу, қақырық түсіретін препараттар//

Эуфиллин, сульфаниламидтер//

Антигистаминдер, қақырық түсіретін препараттар

***

Балада біріншілік екпеде АКДС вакцинасынан кейін 2 күні аллергиялық бөртпе, құрысулар, температура 39°С жоғары, «мозговой крик». Вакцина жасауға ары қарайғы сіздің іс – әрекетіңіз://

Күнтізбемен индивидуальды егу//

Қалыпты уақытта егу//

АКДС вакцинасын жасау қарсы көрсетілген //

Иммунизация АДС – М анатоксинімен жалғастырылуы мүмкін//

+Абсолютты медbициналық қарсы көрсетпе

***

Аталған симптомдардың қайсысы сезімталдық бұзылысына жатады?//

Афазия//

Анартрия//

+Дизестезия//

Прозоплегия//

Апраксия

***

Бұлшық ет тонусының спастикалық түрі бойынша жоғарылауына тән://

«Тісті доңғалақ» симптомы//

Аяқ-қолдардың берілген кейіпінде қатайып қалуы//

+«Бүктемелі пышақ»симптомы//

Аяқ-қолдардың жазғыш бұлшық еттерінің гипертонусы//

Аяқ-қолдардың бүккіш бұлшық еттерінің гипертонусы

***

Науқас А. қосарлана көрінуіне шағымданады. Объективті түрде қарағанда ішке қарай қитарлану, көз алмасын сыртқа қарай әкету қызметі бұзылған. Бас сүйек нервтердің қайсысы зақымдаоған?//

+Әкеткіш//

Көзқозғалтқыш//

Үшкіл//

Бет//

Шығыр

***

Н. науқаста объективті түрде қараған кезде гиперакузия анықталады. Қандай бас сүйек нервтің зақымдануына бұл симптом тән болып келеді?//

Кезбе нерві//

Тілжұтқыншақ нерві//

Кіреберіс-ұлу нерві//

+Бет нерві//

Үшкіл нерві

***

Науқаста сол жақты орталық гемипарез анықталалды. Бұл синдромға қандай патологиялық рефлекс тән болып келеді?//

Мацкевич симптомы//

Нери симптомы//

Васссерман симптомы//

Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі//

+Россолимо симптомы

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]